kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыкалы? жанр

Нажмите, чтобы узнать подробности

  ?лкен арман керек адам?а» -  деп М.Шаханов жырла?андай, алды?а ?ой?ан ма?саты?а жету ?шін – арман, оны іске асыру ?шін к?ресу керек.

     Арманым орындалып-?олыма дипломымды ал?анымды ал?ан кезім, мектеп табалдыры?ын аттап, ?стаз-педагог болып аттан?аным есімде!.

    К?здері ?ара?аттай м?лдіреген балаларды? мені? саба?ыма ?ызы?ушылы?ын бірден бай?адым.?йренуге, жа?сы н?рсені ?абылдау?а дайын екендіктеріне сендім. Білуге, ?йренуге ??штар балаларды к?ргенде мені? де шабытым артып, та?ы да бір арман пайда болды.Бал?ын балалар!., болаша? ?здік ш?кірттерімді ?алай ?алыптастырамын, отанын с?йетін азамат т?рбиелеуге  ?зіндік ?лесімді ?оса аламын ба? – деген с?ра?тар к?кейімде т?ра?тап, жа?а жоспарларымны? д?ниеге келуіне жол ашты. Баланы? бойында имандылы?, к?ркем ?асиеттерді сі?іру басты ма?сатым болды. Осы?ан орай, хал?ымызды? рухани ?азынасы – ?лтты? ?ол?неріні? тарихын, салт-д?ст?рін ?адірлейтін жас ?рпа? т?рбиелеудей ?лы іске ?з білімім мен т?жірибемді аямауды азаматты?, к?сіби борышым деп санадым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«музыкалы? жанр»

Музыка 1-сынып

Сабақтың тақырыбы : Музыкалық жанрлар жайлы түсінік:ән,би,марш

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды музыкалық жанрлармен таныс-

тыру, музыкалық танымдарын дамыту

Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізу қабілеттерін

арттыру

Тәрбиелік мәні : Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық, суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең

Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонацация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы тағы басқа болып айқындалады. Халқымыздың ән шығармашылығы негізінен домбыра аспабының сүйемелдеуімен дамыған. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Қазақстанның кәсіпқой композиторларының әндеріне өмірдегі сан-алуан тақырып арқау болған. Отандық ән жанрының дамуына Абай, Ақан сері, Мұхит, Біржан, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, К. Әзірбаев, Н. Бекежанов, Л. Хамиди, Б. Байқадамов, С. Мұхамеджанов, С. Кәрімбаев,Ә. Еспаев, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, М. Маңғытаев,Т. Базарбаев, Е. Хасанғалиев т.б. елеулі үлес қосқан.

Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады.

Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді.

Марш (фр. marche, marsch, итал. marcіa) — әуен-ырғағы, өлшемі жігерлі муз. шығарма (жанр). М-тың өлшемі 2/4, 4/4 және 6/8. Әскери М., жорық М-ы, парад М-ы, жерлеу немесе қаралы М. болып бөлінеді. Сонымен қатар М. жанры опералық симф., фортепьянолық, аспаптық музыкада, балет пен театр музыкасында да кездеседі. Қазақстанда М. жанрының тууы Құрманғазының есімімен (“Перовский марш” күйі) байланысты. Қазақстан композиторлары А.В. Затаевич “Қазақ маршы” (1925), Р.Елебаев “Жолдастар” (1930), Л.Хамиди “Қызыл әскерлер жыры” (1939), М.Төлебаев“Шахтер әні” (1947), т.б. Марштық шығармалар жазды. Ш.Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әні — көпшіліктің сүйіп айтатын мемлекеттік әнұран

Музыка тыңдау: «ән,би,марш»

Қорытындылау : Жаңа сабақты сұрақтар арқылы бекіту

Бағалау : Оқушыларға тиісті бағаларын қою

Үйге тапсырма : Тақырыпты оқу

Название документа Менің сүйікті мерекем.doc

Сабақтың тақырыбы Менің сүйікті мерекем

Сабақтың мақсаты Оқушыларға мереке әндері туралы түсінік беру, ән сөздерімен ,ноталармен таныстыру

Дамытушылық Оқушылардың жалпы өмірге деген дүние-танымын қалыптастыра дамыту

Тәрбиелік мәні Әндерді үйреніп ,жаттығуға білуге дағдыландыру

Көрнекіліктер Оқулық, суреттер, үнтаспа

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Сабақтың барысы Оқушылардың сабаққа қатынасуын,оқу құралдарын тексеру, зейінін тиянақтау

Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызында тойланады.

1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады. Х. ә. к-н жыл сайын мерекелеу туралы шешім 1910 ж. Копенгагенде социалист әйелдердің халықар. конгресінде қабылданған. Бірқатар Еуропа елдерінде тұңғыш рет 1911 ж., ал Ресейде 1913 ж. өткізілді. Қазақстанда Х. ә. к-н мерекелеу кеңес өкіметі орнағаннан кейін басталды.

Сонымен қатар келесі ТМД елдерінде де бұл күн демалыс күні боп бекітілген:

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады

Музыка тыңдау:

Қорытындылау : Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.

Бағалау : Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын, жаңа

сабаққа қатысуына баға қою.

Үйге тапсырма: Жаңа тақырыпты үйде пысықтау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
музыкалы? жанр

Автор: Же?іс Сапарг?л Шамшмд

Дата: 12.11.2015

Номер свидетельства: 251804

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Таби?ат ж?не музыка"
    ["seo_title"] => string(22) "tabig-at-zh-nie-muzyka"
    ["file_id"] => string(6) "304465"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457716917"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Таби?атта?ы музыка бейнесі"
    ["seo_title"] => string(26) "tabigattagymuzykabieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "305642"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457970316"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(189) "Бинарный  урок (физкультура + музыка)  «Марш – один из основных музыкальных жанров.   Строевые движения» "
    ["seo_title"] => string(100) "binarnyi-urok-fizkul-tura-muzyka-marsh-odin-iz-osnovnykh-muzykal-nykh-zhanrov-stroievyie-dvizhieniia"
    ["file_id"] => string(6) "101822"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402457237"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Халық музыкасының интерпретациясы"
    ["seo_title"] => string(36) "khalyk_muzykasynyn_interpretatsiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "530544"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1575625442"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?н романс жанры "
    ["seo_title"] => string(15) "n-romans-zhanry"
    ["file_id"] => string(6) "230394"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442131361"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства