Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по музыки»
Күні:
Сыныбы: 2 «А, 2 «Ә»,2 «Б», 2 «В»
Тақырыбы: Шертпе күйдің өкілі -Сүгір
Мақсаты: Сүгір шығармашылығы туралы білімдерін арттыру. Музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.
Білімділік:Музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға үйрету арқылы ой- өрісін жетілдіру.
Дамытушылық: Ырғақты сезіну, музыкалық қабілеттерін, сауатын ашу, дамыту.
Тәрбиелік: Өнерсүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, музыкалық шығармаларды тыңдау, талдау.
Сабақтың өту барысы:
Ән тыңдау
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Жаттығу
Ән жаттау
Үйге тапсырма
Қорытынды
2. Үй тапсырмасы: «Мұғалім» - жатқа орындау.
Жаңа сабақ: Шертпе күйдің өкілі –Сүгір.
Шертпе күйлерімен исі қазаққа мәлім дарабоз күйші Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Дегенмен зерттеушілерге ашылмаған дүние көп-ақ. Соның бірі - күйшінің үш қызы және олардан тараған ұрпақтары. Бұл жөнінде «Күйші Сүгір» дастанын жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ескермес Жақсымбетұлы төмендегіше әңгімелейді:
Сүгір Әлиұлы 1882 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының Кеңшар деген жерінде дүниеге келді. 1961 жылы көзін жұмды. Қаратау күй мектебінің туын тіккен. Шертпе күйінің жалғастырушысы болып саналады
Сүгір Әлиұлы (1882-1961) - қазақтың атақты күйші сазгері (Сүгір жыраумен шатыстырмаңыз). 1882 жылы Шымкент өңірінде дүниеге келген. Оның алғашқы ұстаздарының бірі - Ықылас Дүкенұлы. Міне, талантты бала Сүгірдің өнерпаз болып өсуіне көшіп-қонған сауыққой ел тұрмысы игі әсерін тигізеді. Сүгір алғаш рет күйді нағашысы, атақты қобызшы Ықыластан, одан кейін Сатыбалдыдан үйренеді.Сүгір шығармаларының басым көпшілігі "шертпе күй" дәстүрінде жазылған.
Шығармалары:
"Кертолғау", "Шалқыма", "Жолаушының жолды қоңыры", "Ыңғайтөк", "Аққу", "Бес жорға" атты күйлері белгілі. Шығармалары Телқоңыр.
Шәкірттері:
Сүгір мектебінің шәкірттері Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров, Ергентай Борсабаев сонды домбырашылар өнерін бүгінде Жанғали Жүзбай, Рүстем Күлшебаев сияқты өнерпаздар жалғастырып жүр.