kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока па музыке 4 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

тема урока  Зарубежны композиторы.Бах,Бетховен,Моцарт и симфонический пройзведение

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока па музыке 4 класс»

Күні 15.02.16ж

Сабақтың тақырыбы: Әлем композиторларының симфониялық музыкасы .

Сабақтың мақсаты: Симфониялық музыка туралы жан- жақты оқушыларға мағлұматтар беру.

1.Білімділік: Оқушыларға Әлем композиторларының симфониялық музыкасы туралы мәлімет бере отырып білімнен хабардар етіп қана қоймай,оқушыларды тың мәліметтермен білімдерін ұштастыру 2. Дамытушылығы: Симфониялық шығармалар арқылы халық өмірі, тарихи шындықты, баяндайтын шығарма екендігін жеткізе білу.

3. Тәрбиелік мәні : Оқушыларды өнерге ,адамгершілікке жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .

Пән аралық байланысы: Музыка ,тарих.

I.Ұйымдастыру кезеңі.:Амандасу, сыныпты түгендеу.

II.Үй тапсырмасы: Эстрадалық симфониялық оркестрдегі ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптарды жіктеу. Музыкалық шығармалар өзінің құрылымына, мазмұнына, орындалу ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді. Оларды музыка тілінде музыка жанры немесе түрі дейді. Сондай ақ симфониялық музыка деп аталатын жанр бар. Симфониялық музыка симфониялық оркестр орындайтын музыка. Симфониялық оркестр ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптардан түратын оркестрдің жетілдірілген түрі. 1.Ұрмалы аспаптарға: Литавра барабан,ксилофон ,тарелка аспаптары жатады. 2.Жезді аспаптар: Труба,тромбон, валторна, гобой,флейта,кларнет. 3. Ішекті ыспалы аспаптар Скрипка, виолончель, альт, контрабас аспаптары жатады. Симфония дегеніміз-кең көлемді музыкалық шығарма. Симфония 4-бөлімнен тұрады. Симфониялық оркестрде 40-қа жуық адамдардан құралған музыканттар тобы.

III. Жаңа сабақты түсіндіру: Әлем композиторларының симфониялық музыкасы . Вена классикалық мектебінің көрнекті өкілі — Вольфганг Амадей Моцарт. Өзінің көркем шығармаларымен әлемге танылған аса талантты дарын иесі барлық жанрларда еңбек етіп, артында мол музыкалық мұра қалдырған. Моцарт алты жасынан Еуропаны аралап, Италия, Франция, Германия елдерінде концерт қояды. Оның шығармаларынан дәуір тынысы көрініп, олар өзара бірлікте танылады. Жаңашыл Моцарт өзіне дейінгі музыка мәдениетін дамыта отырып, Гайдн ізімен оны классикалық деңгейге көтере білді. Өз замандастарынан озып, Л. Бетховен шығармашылығы мен XIX ғасырдағы романтизм ағымының тууына ықпал етті. Вольфганг 1756 жылы Зальцбург қаласында дүниеге келген. Әкесі Леопольд композитор әрі капельмейстер болғандықтан бастапқы музыкалық білімді өз әкесінен алады. Вольфганг өзінің музыкалық қабілетін өте ерте байқатқан. Үш-төрт жасар кезінде клавесинде импровизация жасап, төрт жасында осы аспапқа арнап концерт жазған. Алты жасында Германия мен Австрияның көптеген қалаларына гастрольдік сапарға шығады. Осының бәрі оның шығармашылық өнерінің жетілуіне елеулі ықпап еткен. Жеті жасар Моцарттың клавирге арналған төрт сонатасы алғаш Париж қаласында жарық көрген. Лондонда Иоганн Кристоф Бахпен кездесіп, алғашқы симфониясын соның ықпалымен жазады. Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады.Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Көптеген зингшпильдер және опералар, өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховенның ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сараймаңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып атаққа ие болады. Бірақ провинциялық өмірден жалығып ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. Сол ауыр жылдары Елена фон Брейнинг үйіне барып, ол тынығып, шығармашылық жігер алғандай болатын. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады. Балалық шағы Иоганн Себастьян Германиядағы атақты музыканттар отбасында дүниеге келген. Тіпті оның аталары да ерекше музыкалық қабілетке ие болған. Мысалы, Фейт Бах, Иоганнес Бах секілді адамдар музыкалық қабілетімен руының абыройын асқақтатып жүрді. Олардың отбасыларының танымалдығы сонша, «Bach» сөзі қалада "қала музыканты" деген ұғымда қолданылды. Бахтың әкесі Иоганн Амвройский қаладағы танымал музыканттардың бірі болған. Иоганн Себастьянның ағасы Иоганн Кристоф органшы ретінде халыққа танымал болды. Осылардың әсері болса керек, Бах жастайынан көркем дыбыстарды құлағына сіңіріп өсті. Жасөспірім кезі 1693 жылы Бах шіркеу мектебіне оқуға түседі. 1695 жылы Иоганн Себастьян ата- анасынан айырылады. Осылайша ол Ордфурдағы ағасының қолына өтеді. 1695 – 1700 жылдары Ордфурда мектеп оқи жүріп, музыкамен де айналысты. Түнде ай жарығымен ағасының дәптерінен ноталарды көшіріп жүріп, ақыры көзінің көруі қатты нашарлайды. Осыдан соң, мектептегі мұғалімі оған Люнебургке ауысуға кеңес береді. Бах сонда ауысып, органшы Георг Бёмнен тәлім алады. 1702 жылы мектепті бітірген соң, университетке түсуге мүмкіндік алады.

Шығармалары: В. А .Моцарт 1. Рондо ,сиқырлы орфей, скрипкаға арналған концерт Л.В.Бетховен шығармалары. 1.№ 5-симфония,Лунная соната№14,К Элизе, Аве Мария

И.С.Бахтың шығармалары.1. Органная прелюдие,санотина,хор акапелла.

ІV. Нота сауатымен жұмыс жасау Ноталарды тізбектеп орналастыр? Скрипка кілті немесе қандай кілт деп айтамыз? До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си -ноталардың орналасу тәртібі









V. Дауыс жаттығулары:

1. Тыныс алу жаттығуы

2. Ли-ли-ли-ли 3. Ма,ме ми,мо,му. .Ән жаттау: Абайдың әні «Көзімнің қарасы»

1. Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы

2.Қазақтың данасы

Жасы үлкен ағасы

"Бар" демес сендей бір

Адамның баласы

3.Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келегнде

Қалқама сөз дайын

4. Жүректен козғайын

Әдептен озбайын

Өзі де білмей ме

Көп сөйлеп созбайын

Әннің мазмұнымен жұмыс

1. Әннің мазмұны қандай екен?

2. Құрлысы қандай?

3.Әннің әуенімен жұмыс

4.Әннің екпіні қандай екен?

  1. Музыкамен қосылып орындау

Жұмбақ

Бес жолменен жүреді. Бар әуенді біледі.

(нота)

Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,

Сахна толған оркестр әнге басар.

Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,

Ендеше кім, білсең айт,

Ол...дирежор

Кепкен жарғақ,

Шеңберге керілген,

Соқсаң сарнап,

Үн шығады төгілген. Барабан

Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,

Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.

Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,

Оқыса үйренеді оқыған қол. Нота

VІІ. Қорытынды, бекіту. 1.И.С.Бах қай ұлттың композиторы? 2. И.С.Бах қандай аспапта ойнаған? 3.Л.В.Бетховеннің шығармаларын ата? 4.В.А.Моцарттың туған жері? 5.Классик композиторлар деп кімдерді айтамыз? 6.Симфония дегеніміз не? 7.Абайдың әндерін ата? 8.Музыкада неше нота бар?
VІІ.Үйге тапсырма: . Әлем композиторларының симфониялық музыкасыжайында мәлімет және іздену. .





























































































Иоганн Себастьян Бах слайд

1. Иоганн Себастьян Бах Иоганн Себастьян Бах (21.3.1685, Эйзенах, Германия - 28.7.1750, Лейпциг, сонда) - ұлы немістер композиторы, органшы.

2. Балалық шағы Иоганн Себастьян Германиядағы атақты музыканттар отбасында дүниеге келген. Тіпті оның аталары да ерекше музыкалық қабілетке ие болған. Мысалы, Фейт Бах, Иоганнес Бах секілді адамдар музыкалық қабілетімен руының абыройын асқақтатып жүрді. Олардың отбасыларының танымалдығы сонша, «Bach» сөзі қалада "қала музыканты" деген ұғымда қолданылды. Бахтың әкесі Иоганн Амвройский қаладағы танымал музыканттардың бірі болған. Иоганн Себастьянның ағасы Иоганн Кристоф органшы ретінде халыққа танымал болды. Осылардың әсері болса керек, Бах жастайынан көркем дыбыстарды құлағына сіңіріп өсті.

3. Жасөспірім кезі • 1693 жылы Бах шіркеу мектебіне оқуға түседі. • 1695 жылы Иоганн Себастьян ата- анасынан айырылады. Осылайша ол Ордфурдағы ағасының қолына өтеді. • 1695 – 1700 жылдары Ордфурда мектеп оқи жүріп, музыкамен де айналысты. Түнде ай жарығымен ағасының дәптерінен ноталарды көшіріп жүріп, ақыры көзінің көруі қатты нашарлайды. Осыдан соң, мектептегі мұғалімі оған Люнебургке ауысуға кеңес береді. Бах сонда ауысып, органшы Георг Бёмнен тәлім алады. • 1702 жылы мектепті бітірген соң, университетке түсуге мүмкіндік алады. Дегенмен қаражат жеткіліксіздігінің себебінен, туған ауылы Тюрингияға оралады. Осында ханзада Иоганна Эрнеста Саксонскийдің жеке капелласында скрипкашы болып қызмет атқарады. Кейінірек Арнштадтқа көшіп, сол жақта 4 жыл өмірін өткізеді.

4. 1703-1708 аралығындағы өмір жолы • 1703 – 1707 жылдар. Арнштадт. Бах шіркеуде органшы болып қызмет атқара жүріп, танымал музыканттардың техникасын зерттейді. • 1707 жылы Бахты Мюльхаузендегі қасиетті Власия атындағы шіркеуге органшы қызметіне шақырады. Композитор осы жерде алғашқы кантаталарын жазады. Сонымен қатар, қосымша табыс көзі ретінде орган жөндеумен де айналысады. Осылайша Мюльхаузенде бір жыл өмірін өткізеді. • 1708 жылы Иоганн Себастьян Бах өзінің туыс қарындасына үйленіп, отбасын құрады. Әйелі Мария Барбара да өзі секілді жетім еді. Барбарадан туған 7 баланың төртеуі ғана тірі қалып, өмірін жалғастырады. • Осы жылы Бах Веймарға қоныс аударады. Бұл жерде біршама тұрақтаған ол өзінің композиторлық шығармашылығына шындап кіріседі. Орган мен клавесинге арнап, біршама пьеса жазып шығады.

5. Шығармашылығы Бахтың шығармашылығында діни тақырып қана емес, ол тек қатал ғана емес, қарапайым, ақкөңіл әзілді бағалай білген, ол достар мен табиғатпен қарым – қатынастың бақытын білген – осының барлығы шығармашылық жолда сәулеленді.Бахтың дәстүрлік қасиеті оның көне хорлық музыканы жиі қолдануында олар музыканттың үлкен ойларына сәйкес келеді.Бірақ, Бах тек көне жанрлар мен формаларды өңдеп қоймай, сонымен қатар жаңа әндердің нақтылығы мен квадраттылығына сүйенген. Бах музыкасында маңызы «пластты » протестандық хоралдар әуендері құрайды. Ол бұл әндерді өңдеп, күрделілендіріп, кейде оның алғашқы қаталдығын сақтайды. Бірақ әр уақытты оған, яғни протестандық хоралға болған экспрессиясын қайтарып отырған.Бах үшін хорал – халық ойларының тірі сақтаушылары болды.

6. Германиядағы Бах монуенті • Лейпництегі ескерткіш 1843 жылдың 23 сәуірінде Герман Кнаур орнатты.

7. Бах музыкасының тағдыры o 18 ғ. аяғына қарай Бахтың шығармашылығы ұмытыла бастады. 19ғ. ұлы музыканттың өнерін баяу, бірақ өзекті зерттеу басталды. И. Н. Форкель жазған композитордың алғашқы биографиясы ұлы шеберге көпшілік көңілін аударды. Жас Мендельсонның басқаруымен «Страсти по Матфею» шығармасының жазылғанынан 100 жыл өткесін, яғни 1829 ж. орындалғаны аса маңызды оқиға болып табылады. 1850 ж. пайда болған «Бах қоғамы» Бахтың қолжазбаларын жинап баспадан алғашқы жинақтарды шығара бастайды. Бұл жұмыс 1900 ж. ғана аяқталды.

8. Иоганн Себастьян Бах Өткен замандардың композиторлары арасында Бах – ерекше құбылыс. Бұл суретші өзінің тереңдігімен және шығармашылық жолының кеңдігімен әлікүнге дейін таң қалдырады.











Людвиг ван Бетховен (нем. Ludwig van Beethoven, 17 желтоқсан, 1770 жыл, Бонн, Алмания — 26 Наурыз, 1827 жыл, Вена, Аустрия) — немістің ұлы композиторы, дирижері және пианисі, үш Вена классиктерінің бірі.



Бетховен өнердің мақсатын, мәнін барлық қауымға өзінің кеудесіндегі ыстық жалынымен күйдіріп бара жатқан пендеге және бостандыққа деген махаббатын жеткізуде көрген. Бірақ оның өнерінің бүкіл адамзатқа қызмет етуі, ақиқатта зиялы қауымдағы жеке адамдар шеңберіне қызметке айналды. Бұл Бетховен өміріне азапты әсер етті.



Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады.



Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.



Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Көптеген зингшпильдер және опералар, өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховенның ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сараймаңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып атаққа ие болады. Бірақ провинциялық өмірден жалығып ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. Сол ауыр жылдары Елена фон Брейнинг үйіне барып, ол тынығып, шығармашылық жігер алғандай болатын. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады.



Бонндық кезең Бетховенның идеялық-көркемдік қалыптасунды маңызды рөл атқарды деуге болады. Оның динамизммен, бағыттылықпен, жігерлікпен көзге түсе бастаған. 1792 жылдың күзінде беховен жастықпен қоштасып Венаға бет алады. Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттың тамсандырарлық сәті Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда өз шығармаларын басып шығарар алдында Бетховен Гайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті.

1795 жылы басылған оркестрлік 1. фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аударды.

1795-1802 жж. аралығындағы он шақты шығарманың ішінде 12 фортепианолық соната, 3 фортепиано мен оркестрге арналған концерт,екі симфония, 6 ішектік квартет оркестр 18, фортепианолық және ішекті аспаптық трио, және т. б.



Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйеді. Вегелерге жазған хаттарында өмірге қуанышты екенін айтып, тағдырдың қаталдығына мойымайтынын ұрандады. Бірақ жаңа соққы дайын тұрады, Дж. Гвиччарди ортасында Бетховен тек кедей музыкант болып саналды. Және есту қабілетінен айырылуы жақындап, біліне бастады. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ емдеу көмектеспей Бетховен өте қатты қайғыға батады. Ол трагедиялық әсері үлкен Гейлигенштадтық ақыр хат (завещание) деп аталатын ескерткішті сол ауыр күндері жазады.



Вольфганг Амадей Иоанн Хризостом Теофиль Моцарт родился 27 января 1756 года в Австрии, в городе Зальцбург на берегу реки Зальцах. В XVIII веке город считался центром музыкальной жизни. Маленький Моцарт рано познакомился с музыкой, звучавшей в резиденции архиепископа, с домашними концертами у зажиточных горожан и с миром народной музыки. Вена классикалық мектебінің көрнекті өкілі — Вольфганг Амадей Моцарт. Өзінің көркем шығармаларымен әлемге танылған аса талантты дарын иесі барлық жанрларда еңбек етіп, артында мол музыкалық мұра қалдырған. Моцарт алты жасынан Еуропаны аралап, Италия, Франция, Германия елдерінде концерт қояды. Оның шығармаларынан дәуір тынысы көрініп, олар өзара бірлікте танылады. Жаңашыл Моцарт өзіне дейінгі музыка мәдениетін дамыта отырып, Гайдн ізімен оны классикалық деңгейге көтере білді. Өз замандастарынан озып, Л. Бетховен шығармашылығы мен XIX ғасырдағы романтизм ағымының тууына ықпал етті. Вольфганг 1756 жылы Зальцбург қаласында дүниеге келген. Әкесі Леопольд композитор әрі капельмейстер болғандықтан бастапқы музыкалық білімді өз әкесінен алады. Вольфганг өзінің музыкалық қабілетін өте ерте байқатқан. Үш-төрт жасар кезінде клавесинде импровизация жасап, төрт жасында осы аспапқа арнап концерт жазған. Алты жасында Германия мен Австрияның көптеген қалаларына гастрольдік сапарға шығады. Осының бәрі оның шығармашылық өнерінің жетілуіне елеулі ықпап еткен. Жеті жасар Моцарттың клавирге арналған төрт сонатасы алғаш Париж қаласында жарық көрген. Лондонда Иоганн Кристоф Бахпен кездесіп, алғашқы симфониясын соның ықпалымен жазады. Алпысыншы жылдары симфония, месса, оркестрге арналған сюиталарын, итальян операларына еліктеп «Аполлон мен Гиацинт» (1767) операсын жазды. Ол студенттердің орындауына арналған шығарма еді. Келесі жылы 12 жасар Моцарт Венадағы опера буффа театрының тапсырысы бойынша «Алдамшы қарапайым қыз» («Мнимая простушка») атты шығармасын, сонымен бірге «Бастиан мен Бастианна» деп аталатын бір актілі зингипилін жазды.

Моцарт опера сериа жанрын да меңгеріп алды. 1769 жылы әкесімен бірге Италияның біраз қалаларын аралап, концерттер берген кезде «Митридат» атты сериа операсын жазуға тапсырыс алады. Оның сюжеті көне тарихтан алынып, пантиялық Митридат патшаның Рим билігіне қарсы күресін суреттейді. Бұл тарихи трагедия махаббат драмасымен күрделеніп, сериа опера дәстүрінде жазылғанды. Операның апғашқы қойылымы 1770 жылы Миланда өткен. Сөйтіп, небәрі 15 жасында Моцарт түрлі жанрлардағы көптеген аспаптық шығармапар мен төрт операның авторы болды. Италия кезеңі (1769-1772) Моцарт өміріндегі жарқын сәттердің бірі болды. Бірақ 70-жылдары Залцбург архиепископы қайтыс болған соң, оның орнына граф Иероним Колоредо келеді. Ол қатал, өркөкіректеу адам болатын. Бұрынғы архиепископ Моцарттың демалуына көмек беріп тұрса, кейінгісі кедергі келтіре берді. Жаңа архиепископ опера жанрының жауы болғандықтан Моцарт аспаптық музыка саласында еңбек етіп, симфония, серенада, дивертисмент, концерт, камералық ансамбльдер жазды.

Жұмбақ

Бес жолменен жүреді.

Бар әуенді біледі.

Темір тілді.

Күміс үнді.

Мен “Соль”- мын, тұз деме

Төменнен де іздеме.

(нота)



Иiр-иiр құбыр,

Үрлесең бұлбұл.













Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,

Сахна толған оркестр әнге басар.

Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,

Ендеше кім, білсең айт,

Ол...дирежор







Ұзын мойны,

Екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Домбыра









Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,

Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.

Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,

Оқыса үйренеді оқыған қол.нота









Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған. Домбыра











Кепкен жарғақ,

Шеңберге керілген,

Соқсаң сарнап,

Үн шығады төгілген. Барабан





қаласында дүниеге келді. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры – атақты скрипкашы, Қазақстан республикасының халық әртісі, профессор. Дарынды музыканттың шығармашылық өнері К. Байсейітова атындығы республикалық музыка мектебінде профессор Н. М. Патрушеваның сыныбында басталып, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында КСРО халық әртісі, профессор В. А. Климовтың сыныбында шыңдалды.



А. Қ. Мұсақожаева – көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, олардың ішінде Югославияда өткен халықаралық конкурс (Белград, 1976), Н. Паганини атындағы халықаралық конкурс (Генуя, 1981), Жапонияда өткен халықаралық конкурс (Токио, 1983), Я. Сибелиус атындағы халықаралық конкурс (Хельсинки, 1985), П. И. Чайковский атындағы VΙΙΙ халықаралық конкурстары (Мәскеу, 1989) бар.



Орындаушылық өнерде әртүрлі стильдерді меңгеріп, аса шебер техниканы қолдануы ең қиын шығармаларды жете түсініп, әлемге әйгілі сахналарда абыроймен орындап шығуына мол мүмкіндік туғызды. Скрипкашының концерттік бағдарламаларында Бах, Гайдн, Моцарт, Бетховен, Паганини, Брамс, Чайковский, Сибелиус, қазіргі заман композиторлары мен Қазақстан композиторларының шығармаларынан тұратын скрипкаға арналған бай репертуар жинақталды. 1992 жылы ол «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрін құрып, оның көркемдік жетекшісі болды. Оркестрдің репертуарына классика мен қазіргі заман композиторларының шығармалары кірген. Оркестр Ресей, Америка, Жапония, Германия, Австрия елдерінде концерттер қойып, өз жетістіктерін халықаралық деңгейде көрсете алды.









Жаңа сабақты түсіндіру: Симфониялық оркестр қалай пайда болды?

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Конспект урока па музыке 4 класс

Автор: Смайлова Гулсим Сабитбековна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 376725

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Конспект урока музыки "Симфония огненных лет""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekturokamuzykisimfoniiaoghniennykhliet"
    ["file_id"] => string(6) "281782"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453577955"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Конспект урока музыки Кантата "Александр Невский" С.С.Прокофьева"
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekturokamuzykikantataalieksandrnievskiissprokofieva"
    ["file_id"] => string(6) "281804"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453583132"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Конспект урока музыки "Японские песни в произведениях Д.Б.Кабалевского""
    ["seo_title"] => string(70) "konspiekturokamuzykiiaponskiiepiesnivproizviedieniiakhdbkabalievskogho"
    ["file_id"] => string(6) "264693"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449758160"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Конспект урока музыки по теме: "Вокальная музыка. Россия, Россия нет слова красивей..." "
    ["seo_title"] => string(87) "konspiekt-uroka-muzyki-po-tiemie-vokal-naia-muzyka-rossiia-rossiia-niet-slova-krasiviei"
    ["file_id"] => string(6) "160680"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422101209"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Конспект урока музыки "Колокольность в музыке и изобразительном искусстве" "
    ["seo_title"] => string(75) "konspiekt-uroka-muzyki-kolokol-nost-v-muzykie-i-izobrazitiel-nom-iskusstvie"
    ["file_id"] => string(6) "183291"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425813226"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства