kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока па музыке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Казахский композитор,дирижер,академик  Ахмет Жубанов. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока па музыке»


Күні: 04.02.16ж

Сыныбы: 6 «А»сынып

Сабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен дирижер.

Сабақтың мақсаты: Оркестр және дирижер ұғымы туралы білім бере отырып, қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оркестр және дирижер ұғымы туралы білім беру;

Дамытушылық: ән иірімдерін дұрыс ести білу, әнді дұрыс орындауға машықтандыру;

Тәрбиелілік: өнерсүйгіш, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту.

Сабақтың пән аралық байланысы: тарих, өнер, әдебиет

Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, саз аспатары,бейне баян,слайт, синтезатор.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру;

  • Дауыс жаттығуы;

  • Үй тапсырмасы;

  • Оркестрдің орындауында күй тыңдау;

  • Жаңа сабақты меңгерту;

  • Күй тыңдау;

  • Топтармен жұмыс;

  • Бейне баян көру;

  • Дирижерлік жасау;

  • Ән тыңдау;

  • Ән үйрену;

  • Қорытынды тест;

  • Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.

2. Жаттығу: Дауыс ашу жаттығулары

  • Тыныс алу жаттығуы

  • Ма,ме,ми,мо,му;

  • До-до-ре-до, до-ре-до, до-ре-до-ре-до-ре-до;

  • До-ре-ми-фа-соль.

3. Үйтапсырмасын тексеру.

Қойылатын сұрақтар:

  • Нұрмұқасан ансамблі қай жылы құрылған?

  • Оның құрамындағы студенттердің музыкалық білімдері болған ба?

  • Қандай байқауларға қатысты?

  • Неліктен топ атына «Нұрмұқасан» - деген ат қойылды?

  • Топ мүшелері неше рет ауысты?

  • Биылғы жылы бұл топқа неше жыл болады?

  • «Нұрмұқасан» тобын қандай музыкалық топқа жатқызуға болады?

  • Репертуарындағы әндерді ата.


«Жан досым» - әнін жатқа орындау.

4. Жаңа материалды меңгерту.

5. Күй тыңдау: «Балбырауын» - Құрманғазының күйін тыңдату.

Сұрақ-жауап:

  • Оркестр дегеніміз не?

  • Оркестрдің қандай түрлері болады?

  • Бұл күйді қандай оркестрдің орындауында тыңдадыңдар?

«Оркестр» атауы мәдениеті ертедегі ғасырлардан бастау алған грек елінен шыққан. Грек халқында ежелден - ақ театрда спектакль көрсеткен кезде сахна алдындағы кішкене алаңшаға бір топ әншілер орналасып хор айтады екен. Оны әуелде «оркестр» деп атапты. ХVІ ғасырда опера жанрының тууымен байланысты бұрынғы хор тұратын сахна мен көрермендер аралығындағы бос жерге енді операда музыка ойнайтын музыканттар орналасатын болған. Оларды да сол «оркестр» атауымен атаған.

  • Ал бұл оркестрдің алдында қолын сермеп тұрған адамды кім деп атаймыз?

  • Дирижер деген кім?

Дирижер (фр. dіrіger – бағыттау, басқару) – музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші. Ол музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы, қас-қабақ, көзқарасы мен ым, қол қимылдары, яғни қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасайды.

Қазақстандағы ұлттық дирижерлік өнердің туып, қалыптасу тарихы Қазақ ұлт аспаптары оркестрін құрып (1934), алғашқы дирижері болған А.Жұбанов  есімімен байланысты.

Ал ендеше, Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білу үшін мынадай топтық жұмыс ұсынамын.

6. Топтармен жұмыс:

І топ:

Ахмет өміріне шолу жасау.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе облысында туды. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ.Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды.Он үш жасында әкесінен айырылған Ахметтің саналы тәрбие, сапалы білім алуына ағасы Құдайберген Жұбанов өте үлкен ықпал етеді. Құдайберген Жұбановтың өзі де кейін ғылымның асқар биігіне шығып, қазақтың тұңғыш лингвист профессоры ретінде танылады. 1929 жылы оқуға жіберілген Құдайберген, Ленинградқа інісі Ахмет Жұбановпен бірге аттанады. Әлемдік білім мен ғылымның орталығы болған бұл қалада Ахмет танымал музыкатанушылардың, филологтардың, этнографтардың дәрістерін тыңдайды, Ленинград консерваториясының студенті атанады, кейіннен Өнер академиясының аспирантурасына түседі. Алматыда музыкалық драма техникумының ашылуына байланысты Ахмет Қуанұлы оқу бөлімінің бастығы қызметіне шақырылады. Бұл кезде Ахмет Жұбанов тек қазақ музыкалық фольклорын ғана емес, өзінің ең бірінші музыкалық–теориялық еңбегі "Музыка әліппесін" жаза бастаған еді. Техникумда А. Жұбанов қазақ музыкасы тарихындағы бірінші ғылыми шаңырақ – халық музыкасын үйрету кабинетін, халық аспаптарын жетілдіруші музыкалық шеберханасын ашады, музыкалық–драмалық театрдың 11 домбрашы–студентінен құралған ансамбльді ұйымдастырады. Осы ансамбльдің Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрін құруда негізгі творчестволық ұйтқы болғаны бәрімізге аян. Дәстүрлі қазақ музыкасының Европаның, орыстың музыка мәдениетімен жақындасуының өзара ықпалдасуының басы осылай басталған еді. Соның нәтижесі – Қазақстанның қазіргі музыка өнері. А. Жұбанов өзінің шығармашылық дарындылығы, кемел білімі, ғажайып ұйымдастырушылық қабілеті арқылы қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырған дарын иесі. .

ІІ топ:

Шығармашылығы.

"Қазақ музыка өнерінің Гималайы - Ахмет Қуанұлы Жұбанов

(1906-1968) - композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы,

ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген.

1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты.

1934 ж. Қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол Республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды. Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылық пен музыкалық ғылымның іргетасын қалады. Академик - композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көш басында тұр. Ол Л.Хамиди мен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жезкиік” симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. менXXғ. Басындағы қазақ халық композиторларының өмір імен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.

ІІІ топ:

Әндері.

А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң әнші, күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдесіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды. 

Сазгердің "Отаным", "Ақ шолпан", "Біздің ел", "Жылқышы", Лирикалық ән" деген сияқты біршама әндері,  "Тәжік биі", "Қазақ билері", "Төлеген Тоқтаров", "Ария", "Вокалдық сюита",  "Абай сюитасы"  симфониялық шығармалары және  "Абай", "Төлеген Тоқтаров", опералары мен "Құрманғазы" радиооперасы секілді көптеген туындылары Қазақ халқының ұлттық музыка  мәдениетіне жаңа өрнек қосты.

(Әр топқа қағазбен Ахмет Жұбанов туралы мәліметті таратып беремін, танысуға 3 минут уақыт беріледі. Уақыт межесіне жеткен кезде, әр топтан 1-2 бала шығып берілген тапсырма бойынша жұмыстарын көрсетеді)


7. Бейне баян: «Ахмет Жұбанов» - деректі фильм көру.

8. Дирижерлік жасау:

Балалар қалай ойлайсыңдар дирижер болып оркестрді басқару оңай ма?

Қанекей онда біз оркестр басқарып көрейік.

Ең алдымен орындалатын шығарманың белгіленген өлшемі болады,соған сәйкес дирижерлік жасауға болады

мысалы: 2/4, 2/3 немесе 4/4 т.с.с

(Дирижерлік іс-қимылды көрсетемін)

Оқушылар біздің арамызда домбыра ойнайтын оқушылар бар және бізде мынадай ұрмалы аспаптар бар осылардың көмегімен біз оркестр құрып көрелік. Ал ортамыздан бір оқушы шығып дирижерлік жасасын.

9. Ән тыңдау: «Көгершін» - тыңдау, орын-Ерке тобы.

Ән талдау:

  • Әннің мазмұны қандай?

  • Музыкасының ырғағы қандай?

10. Ән жаттау: «Көгершін» - әнін үйрену.

«Ақ көгершін» әнінде бейбітшілік, бақыт, көктемдегі күн сияқты жарқын сәттерді суреттейді

ө. Н. Баймұхамедов 
ә. А. Жұбанов 
1.Ақ көгершін, көгершін, 
Қолғанат құс сен едің. 
Бар, кезіп қайт ел үшін, 
Кең дүниенің көлемін. 
Әділеттің құсы деп, 
Көз алмастан жолыңнан. 
Бақыт болып қоншы деп, 
Ұшырамын қолымнан. 
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш 
Мұхиттың арғы жағына. 
2.Сенен көзін алмайды 
Ақ ниетті бар адам. 
Ақ қанатың талмайды 
Әділеттен жаралған. 
Тыныш-бейбіт өмірдің 
Белгісі боп қанат қақ. 
Әлемге ортақ көңілдің 
Қайт шыңына қонақтап. 
11. Сабақты қорытындылау.

Тест:

1.Оркестрдің қандай түрлері болады?

а) Үлмелі аспаптар, симфониялық оркестр, қаз.ұлт-аспаптар оркестрі;

б) Ұрмалы оркестр, шертпелі оркестр;

в) Камералық оркестр, ұрмалы оркестр;

г) Ұрмалы оркестр, Симфониялық оркестр.

2.Қазақтың ұлттық аспаптар оркестрі қай қалада құрылды?

а) Талдықорған;

б) Атырау;

в) Қостанай;

г) Алматы.

3.Алғашқы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі неше адамнан құралды?

а) 15-20 адам;

б) 20-30адам

в) 9-10 адам”;

г) 7-8 адам.

4.Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім?

а) Е. Брусиловский;

б) А. Жұбанов;

в) А. Затаевич;

г) Б. Ерзакович.

5. А. Жұбанов музыка тану ғылымындағы жазған еңбегін көрсет:

а) “Қазақ – ұлтаспаптары”;

б) “Ән өнері және уақыт”;

в) “Замана бұлбұлдары”;

г) “Саз теориясы”.

6. Ұлы Отан соғысына арналған вокалдық шығармаларын ата

а) «Майданға хат»;

б) «Ария»;

в) «Тәжік биі»;

г) «Қазақ билері».

7. А.Жұбановтың туған күні.

а) 4 мамыр;

б) 11 ақпан;

в) 20 қаңтар;

г) 29 сәуір.

8. А.Жұбановтың туған жері.

а) Алматы облысы;

б) Ақтөбе облысы;

в) Қызылорда облысы;

г) Атырау облысы.

Оқушылардыңалғанбілімдерінтексереотырып, сабақтықорытындылаймын.

12. Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын ескере отырып бағалаймын.

13. Үйтапсырмасы.

14. Үйге тапсырма: Композитор шығармашылығын оқу, әнді жаттау. 









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Конспект урока па музыке

Автор: Омарова Гульжихан Кайрбековна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375859

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Конспект урока музыки "Симфония огненных лет""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekturokamuzykisimfoniiaoghniennykhliet"
    ["file_id"] => string(6) "281782"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453577955"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Конспект урока музыки "Колокольность в музыке и изобразительном искусстве" "
    ["seo_title"] => string(75) "konspiekt-uroka-muzyki-kolokol-nost-v-muzykie-i-izobrazitiel-nom-iskusstvie"
    ["file_id"] => string(6) "183291"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425813226"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Конспект урока музыки "Импрессионизм в музыке и живописи" "
    ["seo_title"] => string(59) "konspiekt-uroka-muzyki-impriessionizm-v-muzykie-i-zhivopisi"
    ["file_id"] => string(6) "205912"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430054958"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Конспект урока музыки по теме: "Вокальная музыка. Россия, Россия нет слова красивей..." "
    ["seo_title"] => string(87) "konspiekt-uroka-muzyki-po-tiemie-vokal-naia-muzyka-rossiia-rossiia-niet-slova-krasiviei"
    ["file_id"] => string(6) "160680"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422101209"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Конспект урока музыки: "Портрет в музыке и изобразительном искусстве". "
    ["seo_title"] => string(71) "konspiekt-uroka-muzyki-portriet-v-muzykie-i-izobrazitiel-nom-iskusstvie"
    ["file_id"] => string(6) "188139"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426614805"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства