Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақ №__21__
Күні: 16.02.2017 жыл
Сынып: 3 «б»
Сабақтың тақырыбы: Кино және музыка
Сабақтың мақсаты:
Ең алғашқыкинолардың дыбыссыз болғанын біледі.
Дыбысталатын кинолардың қалай пайда болғаны туралы біледі.
Қазір музыка кинофильмдердің басты көркемдеуші құралы екенін түсінеді.
Алғашқы қазақ кинофильмдерімен танысады және аттарын біліп ажырата алады.
«Менің атым Қожа», «Қыз Жібек»кинофильмдерінің композиторы кім екенін біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интертақта, слайдтар, электронды оқулық, баян, колонка т.б.
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, топтық жұмыс, ассосация, ойын, ән айту,
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиеттік оқу, сурет сабағы т.б.
Сабақтың барысы:
І кезең
І. Ұйымдастыру.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :
(Суретке қарап үрлемелі аспаптардың атын табу)
А) Бір саппен жүруді қалыптастыратын жанр.
Ә) Джаз дегеніміз не ?
Б) Импровизация деп нені айтамыз ?
(Суретке қарап әр елдің қуыршағын тану)
ІІ кезең
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
( Миға шабуыл әдісі.)
А) «Біз бақытты баламыз»
Ә) «Күміс қар»
Б) «Аяулы мектебім»
В) «Менің атым қожа»
Г) «Мен ауылға барамын»
І топ
Киноны музыкасыз елестетіп көрейікші !? Әрине елестету өте қиын.
Алайда, ең алғашқы фильмдердің дыбысы болмайтын. Сөздерін экранға жазып шығаратын. Ал, пианист болса, экранның жанында отырып, фильм аяқталғанша бүкіл көріністерді сүйемелдейтін. Музыка экрандағы кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге қайғыратын.
ІІ топ
Қазір музыка кинофильмдердің басты көркемдеуші құралына айналып отыр. Фильмдегі музыканың алғашқы дыбысынан – ақ фильмнің мазмұнын анықтауға болады. Егер үрейлі, ауыр музыка ойналса, фильмнің қорқынышты немесе «атыс - шабыс» екендігін түсінеміз. Ал егер ойнақы, жеңіл музыкадан басталса, онда комедия, яғни күлкілі немесе балаларға арналған фильм екендігін білеміз.
ІІІ топ
«Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады», «Қыз Жібек», «Амангелді» сынды қазақ кинолары экранға шықты. «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек» фильмдерін белгілі композитор Нұрғиса Тілендиев музыкамен көркемдеген. Бұл фильмдерге арнайы жазылған «Сарыжайлау», «Ақ Жайық» әндері ел ішіне кеңінен тарап кеткен. Бұл фильмдерде қазақтың күйлерін де пайдаланды.
ІҮ. Сабақты бекіту : Балаларға арналған «Томпақ» фильмінің саундтрегін тыңдату арқылы тапсырма беру.
ІІІ кезең
«Томпақ» берген тапсырма
Алғашқы қазақ киноларын жаз
Н.Тілендиев киноларды қандай музыкамен көркемдеген ?
Саған қандай кинолар ұнайды ?
Ү. Сабақты қорытындылау :
А) Біліп ал ! тапсырмасын оқып, түсініп келу.
Ә) Балаларға арналған кинофильмдердің атын жазып келу.
Б)Үйренген әнді жатқа орындап келу.
VI. Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?----------------------------------------------------------
Сыныптағы ахуал қандай болды? ---------------------------------------------------------
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? -----------------------------------------------------
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? --------------------------------------------------------
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? ------------------------------------------------------
«Томпақ» берген тапсырма
Алғашқы қазақ киноларын жаз
Н.Тілендиев киноларды қандай музыкамен көркемдеген ?
Саған қандай кинолар ұнайды ?
«Томпақ» берген тапсырма
Алғашқы қазақ киноларын жаз
Н.Тілендиев киноларды қандай музыкамен көркемдеген ?
Саған қандай кинолар ұнайды ?
Киноны музыкасыз елестетіп көрейікші !? Әрине елестету өте қиын. Алайда, ең алғашқы фильмдердің дыбысы болмайтын. Сөздерін экранға жазып шығаратын. Ал, пианист болса, экранның жанында отырып, фильм аяқталғанша бүкіл көріністерді сүйемелдейтін. Музыка экрандағы кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге қайғыратын.
Қазір музыка кинофильмдердің басты көркемдеуші құралына айналып отыр. Фильмдегі музыканың алғашқы дыбысынан – ақ фильмнің мазмұнын анықтауға болады. Егер үрейлі, ауыр музыка ойналса, фильмнің қорқынышты немесе «атыс - шабыс» екендігін түсінеміз. Ал егер ойнақы, жеңіл музыкадан басталса, онда комедия, яғни күлкілі немесе балаларға арналған фильм екендігін білеміз.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт