kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка өнерінің құдіреті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіршілікті музыкасыз елестету мүмкін емес. Музыка – адам санасын еріксіз билеп алатын құдіретті күш.

А.Сейдімбек "Қазақтың күй өнері", атты еңбегінде "Егер әрбір жеке әріптің дыбыс екені рас болса, сол дыбыстардың бірігуі арқылы сөздердің туындайтыны рас болса, әрбір сөздің ойға, санаға, зердеге (мысль, сознание, разум) ұласып жататыны рас болса, адамды адам еткен дыбыс деп тұжырым жасауға негіз мол. Мұның өзі музыканың да этникалық тілінің болатынын аңғартады "- деп ой тұжырымдайды. [Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері, 73 б. Астана, Күлтегін, 2002.]

«Адамды адам еткен дыбыс», деген  А. Сейдімбектің пайымдауына сүйенер болсақ, дыбыстан сөз және музыка құралады. Сөз сана арқылы қабылданады, ал, музыка бірден түпкі санаға өтеді.Санада ойлау операциялары жүргізіледі. Адам қандай да бір ақпаратты қабылдаған кезде оны талдайды, саралайды. Түпкі санада ойлау операциялары жүргізілмейді. Түпкі санаға өткен ақпарат адамды сол ақпараттың мазмұныны сай өзгертеді. Музыканың құдіреттілігі де осында. Музыка бірден түпкі санаға өтіп кететін болғандықтан да өте құдіретті күшке ие. Музыканың бұл қасиеті құпия емес, біздің дәуірімізге дейінгі уақытта өмір сүрген адамдардың өзі бұл құдіретті күшті шебер пайдалана білген.

Платонның пікірі бойынша, мемлекеттің күштілігі, құдіреттілігі – ондағы айтылатын ән ырғағы мен оның музыкалық ладына тікелей байланысты. Платон – мемлекеттегі адамгершілік әдепті, адамаралық қатынасты бұзудың ең сұрқия жолы - әдепті, арлы музыкадан ауытқу деп есептеді. Дарақы әуен мен ырғақтарды тыңдау арқылы адамдардың ішкі жан дүниесінде дарақылық, бұзақылық, азғындық орнығып бастау алады. Платон және оның ізбасарлары, музыка адамға мемлекеттік талап деңгейіне көтеріліуге сол қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезінуіне көмектесетін болуы керек деп есептеген.

Музыканы адамды қоғамдық өмірмен үйлесімде дамуына ықпал жасаушы құрал ретінде пайдалануды Платоннан кейін Аристотель дамытты. Аристотель өз еңбектерінде мимесис жайындағы ілімін жасап шықты. Бұнда адамның ішкі жан-дүниесі жайында ашып көрсетті және оған өнердің көмегімен ықпал ету жайында айтылады. Аристотель мимесис теориясында катарсис тұжырымдамасын жасады. Бұл тұжырымдама бойынша ежелгі грек трагедиясында көрерменнің,  тыңдаушының  жандүниесінде  зиянды аффектілерден  босатылу жүріп отырған. Аристотелдің пікірі бойынша адам қандай да бір зиянды күйзеліске түсіп қиналғанда, оның жандүниесі қоғамдық өмірден ерекшеленіп жалғызсырайды. Ал терең сезіну процесін бастан өткізген жағдайда ол аффекті жағдайынан арылады, жандүниесі өзінің жеке жалғыздық күйінен жалпы қоғамдық деңгейге көтеріледі. Адам психикасын қалыптандырудың бұндай принципі бүгінгі күнге дейін сақталған. Бүгінгі таңда адамды адамгершілік, психикалық тұрғыда сауықтыратын әдістемелер көптеп саналады.

Аристотель адам психикасын музыкалық ладтардың қайсысы қай бағытқа өзгертетінін дәл жүйелеп баяндап берді. Бір ладтағы музыка адамды мүсәпір, бейшара күйге түсірсе, енді бір ладтағы музыка адамның  делебесін қоздырады, еліртеді.

Антикалық еңбектерден музыканың адам психикасына ықпалы жайында баяндайтын оқыйғаларды көптеп-ақ кездестіре аламыз. Мысалы, Спартаның қатал, қатыгез патшаларының бірі Ликург, өз әскері үшін музыканы өзі шығарған және сол музыканы труба мен барабандардың үнінен тыңдап, қанығып әскери рухы ұшталмай әскерді соғыс алаңына еш уақытта шығармаған.

Белгілі грек философы Демокрит, жұқпалы ауру кезінде музыка тыңдауды ұсынған. Платон өз ауруларына дәрі-дәрмек бергенде, керемет дуалы ән тыңдау міндетті болған   -   олай етпеген жағдайда дәрінің әсері болмайды деп есептеген.

Ежелгі Қытайда музыка, тәрбиенің маңызды бір элементі болып саналған және міндетті түрде оқытылатын ғылымның саласына кірген.

Әбу Насыр әл-Фараби музыка туралы трактатында муыканың адамның жандүниесіне ықпалы, яғни жағымды немесе жағымсыз көңіл-күйді қалай тудыратыны,  адамның  сұлулық  талғамы,  яғни  әсемдік  пен  ұсқынсыздықты,  көріксіздікті  бағалай  алуы,  музыканың  адам  организмін  бір  қалыпты  күйге  келтіруі  жайлы  сөз  қозғайды,  эстетикалық  талғам  мен  этикалық  түсініктің  тығыз  байланыстылығын  айтады.  Әбу Насыр әл-Фараби– «Бұл  ғылым  (музыка, ән), – өзінің  байсалдылығынан  айрылған  адамды  түзетуге,  қызба  адамды  бірқалыпты  ұстауға  құдіреті  әбден  жетеді»деп  жазды.

Бұл ақпараттар музыканың жәй ғана көркемдеуші ғана емес, одан әлде қайда жоғары, құдіретті күш екенін дәлелдейді.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемдік танымалдыққа ие болған кино өнерінің жұлдызы Жерар Депардьенің бір кездерде кекеш және өзіне сенімді емес болғанын біреу білсе біреу білмейді. Оны осы аурудан музыкалық терапияның көмегімен емдеген белгілі психотерапевт, Альфред Томатис. Ж.Депардье «А. Томатиспен кездескенге дейін бірде-бір ойымды толық жеткізе алмаушы едім.Маған ол және Моцарт көмектесті», дейді. Бұл естеліктен психотерапевттің  актерді Моцарттың шығармалары арқылы емдегенін байқаймыз.

Музыканың ғажайып құдіреті туралы көп мысалдар келтіре беруге болады. Мәселе, осы ғажайып өнерді білім беру жүйесінде біз қалай қолданып жүрміз? осы жөнінде болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка өнерінің құдіреті»

Жумагулов Корганбек Бибитович

Музыка өнерінің құдіреті


Ойдың сарқылмас құдіретті көзі – музыка.Музыкалы тәрбиесіз ақыл-ойдың кемелдене дамуы мүмкін емес.

В. А. Сухомлинский 


Тіршілікті музыкасыз елестету мүмкін емес. Музыка – адам санасын еріксіз билеп алатын құдіретті күш.

А.Сейдімбек "Қазақтың күй өнері", атты еңбегінде "Егер әрбір жеке әріптің дыбыс екені рас болса, сол дыбыстардың бірігуі арқылы сөздердің туындайтыны рас болса, әрбір сөздің ойға, санаға, зердеге (мысль, сознание, разум) ұласып жататыны рас болса, адамды адам еткен дыбыс деп тұжырым жасауға негіз мол. Мұның өзі музыканың да этникалық тілінің болатынын аңғартады "- деп ой тұжырымдайды. [Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері, 73 б. Астана, Күлтегін, 2002.]

«Адамды адам еткен дыбыс», деген А. Сейдімбектің пайымдауына сүйенер болсақ, дыбыстан сөз және музыка құралады. Сөз сана арқылы қабылданады, ал, музыка бірден түпкі санаға өтеді.Санада ойлау операциялары жүргізіледі. Адам қандай да бір ақпаратты қабылдаған кезде оны талдайды, саралайды. Түпкі санада ойлау операциялары жүргізілмейді. Түпкі санаға өткен ақпарат адамды сол ақпараттың мазмұныны сай өзгертеді. Музыканың құдіреттілігі де осында. Музыка бірден түпкі санаға өтіп кететін болғандықтан да өте құдіретті күшке ие. Музыканың бұл қасиеті құпия емес, біздің дәуірімізге дейінгі уақытта өмір сүрген адамдардың өзі бұл құдіретті күшті шебер пайдалана білген.

Платонның пікірі бойынша, мемлекеттің күштілігі, құдіреттілігі – ондағы айтылатын ән ырғағы мен оның музыкалық ладына тікелей байланысты. Платон – мемлекеттегі адамгершілік әдепті, адамаралық қатынасты бұзудың ең сұрқия жолы - әдепті, арлы музыкадан ауытқу деп есептеді. Дарақы әуен мен ырғақтарды тыңдау арқылы адамдардың ішкі жан дүниесінде дарақылық, бұзақылық, азғындық орнығып бастау алады. Платон және оның ізбасарлары, музыка адамға мемлекеттік талап деңгейіне көтеріліуге сол қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезінуіне көмектесетін болуы керек деп есептеген.

Музыканы адамды қоғамдық өмірмен үйлесімде дамуына ықпал жасаушы құрал ретінде пайдалануды Платоннан кейін Аристотель дамытты. Аристотель өз еңбектерінде мимесис жайындағы ілімін жасап шықты. Бұнда адамның ішкі жан-дүниесі жайында ашып көрсетті және оған өнердің көмегімен ықпал ету жайында айтылады. Аристотель мимесис теориясында катарсис тұжырымдамасын жасады. Бұл тұжырымдама бойынша ежелгі грек трагедиясында көрерменнің, тыңдаушының жандүниесінде зиянды аффектілерден босатылу жүріп отырған. Аристотелдің пікірі бойынша адам қандай да бір зиянды күйзеліске түсіп қиналғанда, оның жандүниесі қоғамдық өмірден ерекшеленіп жалғызсырайды. Ал терең сезіну процесін бастан өткізген жағдайда ол аффекті жағдайынан арылады, жандүниесі өзінің жеке жалғыздық күйінен жалпы қоғамдық деңгейге көтеріледі. Адам психикасын қалыптандырудың бұндай принципі бүгінгі күнге дейін сақталған. Бүгінгі таңда адамды адамгершілік, психикалық тұрғыда сауықтыратын әдістемелер көптеп саналады.

Аристотель адам психикасын музыкалық ладтардың қайсысы қай бағытқа өзгертетінін дәл жүйелеп баяндап берді. Бір ладтағы музыка адамды мүсәпір, бейшара күйге түсірсе, енді бір ладтағы музыка адамның делебесін қоздырады, еліртеді.

Антикалық еңбектерден музыканың адам психикасына ықпалы жайында баяндайтын оқыйғаларды көптеп-ақ кездестіре аламыз. Мысалы, Спартаның қатал, қатыгез патшаларының бірі Ликург, өз әскері үшін музыканы өзі шығарған және сол музыканы труба мен барабандардың үнінен тыңдап, қанығып әскери рухы ұшталмай әскерді соғыс алаңына еш уақытта шығармаған.

Белгілі грек философы Демокрит, жұқпалы ауру кезінде музыка тыңдауды ұсынған. Платон өз ауруларына дәрі-дәрмек бергенде, керемет дуалы ән тыңдау міндетті болған - олай етпеген жағдайда дәрінің әсері болмайды деп есептеген.

Ежелгі Қытайда музыка, тәрбиенің маңызды бір элементі болып саналған және міндетті түрде оқытылатын ғылымның саласына кірген.

Әбу Насыр әл-Фараби музыка туралы трактатында муыканың адамның жандүниесіне ықпалы, яғни жағымды немесе жағымсыз көңіл-күйді қалай тудыратыны, адамның сұлулық талғамы, яғни әсемдік пен ұсқынсыздықты, көріксіздікті бағалай алуы, музыканың адам организмін бір қалыпты күйге келтіруі жайлы сөз қозғайды, эстетикалық талғам мен этикалық түсініктің тығыз байланыстылығын айтады. Әбу Насыр әл-Фараби– «Бұл ғылым (музыка, ән), – өзінің байсалдылығынан айрылған адамды түзетуге, қызба адамды бірқалыпты ұстауға құдіреті әбден жетеді»деп жазды.

Бұл ақпараттар музыканың жәй ғана көркемдеуші ғана емес, одан әлде қайда жоғары, құдіретті күш екенін дәлелдейді.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемдік танымалдыққа ие болған кино өнерінің жұлдызы Жерар Депардьенің бір кездерде кекеш және өзіне сенімді емес болғанын біреу білсе біреу білмейді. Оны осы аурудан музыкалық терапияның көмегімен емдеген белгілі психотерапевт, Альфред Томатис. Ж.Депардье «А. Томатиспен кездескенге дейін бірде-бір ойымды толық жеткізе алмаушы едім.Маған ол және Моцарт көмектесті», дейді. Бұл естеліктен психотерапевттің актерді Моцарттың шығармалары арқылы емдегенін байқаймыз.

Музыканың ғажайып құдіреті туралы көп мысалдар келтіре беруге болады. Мәселе, осы ғажайып өнерді білім беру жүйесінде біз қалай қолданып жүрміз? осы жөнінде болып отыр.

Бүгінгі таңда Платонның айтқанындай елімізге еш бөгетсіз ағылып кіріп жатқан дарақы музыкалар ұлттық санамызды улап бара жатқаны көз алдымызда өтіп жатыр. Бұл үдерісті тоқтату мүмкін емес. Бұл үдеріске қарсы тұру үшін, кезінде «Егер адамдардың бейбіт өмір сүргенін қаласаң, балалардан бастау керек», деп М.Ганди айтқандай мектепке ораламыз. Мектеп жасындағы балаларды бүгінгі техникалық прогресс жағдайында тыйым салу арқылы дарақы музыкадан бас тартқыза алмаймыз. «Ит – қорыған жерге өш», дегендей адамның табиғатындағы әуестік тыйым салған нәрсеге одан әрі күшейіп кетеді. Ұлттық санамызды шетелдік арсыз, дарақы музыкадан тазартудың, болмысымызды сақтаудың асыл жолы – ұлттық музыкамызды, өнерімізді мемлекеттік деңгейде дәріптеу, оның қолдану аясын перзентханадан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі аралықта қамти отырып кешенді бағдарлама әзірлеу деп есептейміз.

Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі формасы – музыка сабағы. Музыка сабағында бағдарламада қарастырылған әндерді орындау, музыкалық шығармаларды тыңдау және мәтіндерді оқып мазмұнын түсіну жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген 5, 6 сыныптарға арналғанмузыка пәнінің оқу бағдарламасында пәнді меңгеру нәтижесінде оқушы халықтық және әлемдік мәдениеттің мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады делінген. Ал,пәннің оқыту мақсаты: «1) білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;2) тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту;3) әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру.» деп көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілгендей рухани толысқан тұлғаны қалыптастыруға бағдарламаның пәрмені жетпейді. Ол осы бағдарламаны жүзеге асырушы мұғалімнің рухани және кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Сол себепті музыка пәнінің мұғалімдерін дайындау барысында оның музыкалық психологияны терең меңгеруі назардан тыс қалмауы керек.

«Қаз болам деген қарға оңбайды, қарға болам деген қаз да оңбайды» деп, бұрынғы дана бабаларымыз текке айтпаса керек. Бүгінгі қарқыны күшті жаһандану үдерісінің соққысына төтеп беріп, өз болмысымызды сақтап, әлемдік өркениетте өз орнымызды алу үшін ұлттық музыкамызды ұлықтап, оның құдіретті күшін ұлттық рухымызды біріктіріп, болмысымызды сақтап, тұтастығымызды нығайту жолынды пайдаланудың барлық амалдарын жасауымыз керек.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Музыка өнерінің құдіреті

Автор: Жумагулов Корганбек Бибитович

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394625

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "19 ?асырда?ы к?сіби музыка ?нері"
    ["seo_title"] => string(28) "19gasyrdagyksibimuzykaonieri"
    ["file_id"] => string(6) "265286"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449902190"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "19 ?асырда?ы к?сіби музыка ?нері"
    ["seo_title"] => string(29) "19gasyrdagyksibimuzykaonieri1"
    ["file_id"] => string(6) "265287"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449902197"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "?аза? музыка ?неріні? шебері- Н?р?иса Атабай?лы Тілендиев"
    ["seo_title"] => string(56) "kazakmuzykaonierininshiebierinurgisaatabaiulytiliendiiev"
    ["file_id"] => string(6) "281578"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453551946"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза? поэзиясы мен музыка ?нері "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-poeziiasy-mien-muzyka-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "228922"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441549671"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Музыка п?нінен ашык сабак «К?сіби ?нні? шебері – Б.Бай?адамов»"
    ["seo_title"] => string(63) "muzyka-p-ninien-ashyk-sabak-k-sibi-nnin-shiebieri-b-baik-adamov"
    ["file_id"] => string(6) "210165"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431369819"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства