Просмотр содержимого документа
«Қорқыт күйлерімен жұмыс»
Миялы балалар өнер мектебі филиалы
Ашық сабақ
Тақырыбы :
«Қорқыт күйлерімен жұмыс»
Пән мұғалімі : Муканова Шарбану
2017ж
Ашық сабақ
Қатысатын оқушы :
Сабақ тақырыбы : «Қорқыт күйлерімен жұмыс»
Сабақтын мақсаты : Халқымыз қадір тұтып, атын анызға айналдырган Қорқыт бабамыздың өмірі мен тарихын оқушылардың өз ізденістері арқылы меңгерту.
Сабақтың откізу әдісі : Түсіндіру, сұрақ - жауап6 баяндау бағалау.
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Сөзжұмбақ
4. Жаңа сабақ
5. Сергіту сәті
6. Сөзжұмбақ
7. Семантикалық карта
8. Венн диаграммасы
9. Білімдерін тиянақтау, сызба жұмысы
10. Қорытынды
Сабақтың көрнекілігі : Сөзжұмбақ жазылған плакаттар, музыкалық материал, қоркыт күйлері, бетшелер.
Сабақтың техникалық құралдары : Д.Тезекбаев «Қобыз үйрену мектебі», Қиятай Ахметова «Қобыз үйрену мектебі», М.Жарқынбаев «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері» Музыкалық аспап.
Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі :
Жаңа сабақ бастамас бұрын өткен сабақты қысқаша шолып өту үшін «Кубик» ойыны арқылы мынадай сұрақ қойылады.
Ықылас кім ?
Ол нешінші жылы дүниеге келді ?
Қай аспапта ойнаған ?
Оның атасы кім?
Әкесі кім ?
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :
Ықылас Дүкенұлы туралы қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, Ықыластың «Кертолғау» күйін орындау. Бұл күйде композитор өзі өмір сүрген ортаның, қоғамның көріністерін бейнелеген. Басқа қандай күйлері бар ? «Жезкиік», «Ерден», «Айрауықтың ащы күйі», «Қазан», «Шыңырау», «Қамбар батыр» т.б. Қамбар батыр күйінде батырлық жырдың желісін бейнелеген. «Қамбар батыр» күйін орындау.
ІІІ. Сөзжұмбақ
1
Ы
2
Қ
3
Ы
4
6
Л
5
А
С
Ықылас қай облыста дүниеге келді ?
Құс жайында көне аңызды бейнелеп шығарған күйі ?
Ол кімнің өнерін жалғастырушы?
Өзі өмір сүрген ортаның, қоғамның көріністерін бейнелейтін күй?
Ықыластың атасы ?
Ықыластың ғажайып мұрасын бүгінгі күнге жеткізген ғажайып күйші?
ІV. Жаңа сабақ «Қорқыт күйлерімен жұмыс»
Қорқыт ата
Қорқыт ата туралы баяндаймыз. Қорқыт атаның туған жері - Қараспан таулары. Ол дүниеге келер алдында анасы Қорқытты құрсағында үш жыл, тоғыз күн көтеріп жүріпті. Осылайша үш жыл ішінде бейшара әйел үш мәрте толғақ азабын бастан кешіп, тек үшінші ретте ғана босаныпты. Қорқыт туатын күні аспанды бұлт басып, күн күркіреп, найзағай жарқылдап, қара дауыл соғып, төңірек астан – кестен, алай дүлей болады. Ел жұртты қорқыныш бейнелейді. Қорқыт туа салысымен соққан жел саябырлап, бұлт тарқап, дүние нұр шуаққа малынады. Осы оқиға жайында ел ішінде мынадай өлең жолдары сақталған.
Қорқыт туар кезінде,
Қараспанды су алған.
Қара жерді күл алған,
Ол туарда ел қорқып,
Туғаннан соң қуанған
Жиналған жұрт «Бұл бала бізді қорқытып туылған үшін аты Қорқыт болсын » - деп ұйғарып «Сенің атын Қорқыт» - деп үш рет айқайлайды. Ол VIII - IX ғасырда өмір сүрген. Бірде Қорқыт жасы 20 ға келгенде оған түсінде бір ақ сақалды қария аян береді. Қария саған қырық жыл ғана ғұмыр берген, одан артық өмір сүрмейсің дейді. Қорқыт қатты мазасызданып өлімнен құтылудыңжолын ойлайды. Өзінің Желмаясына мініп алып,ажалдан қашып жүреді.Бірақ қайда барса да жер қазып жатқан қабіршілерден « Қорқыттың көрін қазып жатырмыз» деген жауап алады.Қайда барсаң Қорқыттың көрі деген көне мәтел содан қалған.Қорқыт өмірінің соңына дейін « өлмейтін нәрсе жоқ
Деген пікірге келеді.Бір күні түсінде ақ сақалды аулие қария келіп аян береді « Ей, Қорқыт, тұр орныңнан ! Менің айтқанымдай қобыз аспабын жаса ,осы қобыз сенің сапар шексең, жолыңа жарық түсіріп пәле-жәледен сақтайды,серігің болады »- дейді. Қорқыт қарағайдан қобыз жасап өмірінің соңына дейін күй толғап өтеді.Қорқыт ажалдан қашып жүріп, Сырдарияның басында қобызын күні-түні тастамай күй тартып отыратын.Қобыздың үні оны ажалдан қорғайды. Ол өлмейтін сөзді де қобыз айтады,өшпейтін күйді де қобыз тартады,өлмейтін мәңгілік ғұмырды қобыздың сарынынан таптым.дейді. Оның « Қорқыт» ,«Әуіппай »,
« Елім –ай », « Сарын», « Тарғыл тана », «Байлаулы киіктің зары» т.б күйлері бар. Өзінің желдей ескен сүйікті түйесі –желмаясына арналған күйлерінің бірі « Желмая » деп аталады. Бір күні Қорқыт Желмаясымен ел аралап келе жатып, мал бағып жүрген жас балаға кезігеді. Қорқыттан үркіп бір тарғыл тана тобынана бөлініп тұра қалыпты.Оны қайтарам деп қуа жөнелген баланың аяғына шөгір кіріп ,танаға жете алмай жылар отыра кетеді.Баланың аяғын Қорқыт оны өзі қайтармақшы болады. Бірақ қанша қуса да тана жеткізбейді.Әбден ыза болған. Қорқыт «Өлсемде жетемін » деп өршелене қуады.Мұны естіген тәңірі тарғыл тананы тасқа айналдырып жібереді. Денесі тасқа айналып , жаны шығарда танаға тіл бітіп
Менің өзім қара едім
Қарадан туған ала едім
Туған жерім-Қазалым
Мына тау болды –ау ажалым ,- деп ызаланады. Тананың жарық дүниемен қоштасқанын көріп Қорқыт сол жерде қобызын қолына алып « Тарғыл тана» күйін шығарған.
Бүгінгі жаңа сабағымыз « Тарғыл тананың » шығу тарихы осы.
Күйді талдау.
Күйді ойнау.
V- Сергіту сәті.
Рамазан Таймановтың «Қорқыт » әнін айтып үйрету.
1. Қорқыт бабамыздан қалған.
Қорқыт аруағы қозған
Қ-сы Шежіре жыр дастаны
Өнердің алды аспаны
О-о-о-ой
2. Қобыз өкініш пен арман
Қорқыт қиялынан озған
Қ-сы Тыңдасам сыр айтады
Мөлтілдеп мұң айтады
О-о-о-ой
3. Оғыз-ұрпақтары тірі
Қобыз заманымның үні.
Қ-сы Мәрттігің мақұлдатқан
өлместің оты жаққан.
О-о-о-ой
4. Қобыз –дүниенің шегі,
Қорқыт тәңірімнің шегі
Қ-сы Бозінген боздағаны
Жүректерді қозғағаны.
О-о-о-ой
VI . Сөзжұмбақ
1
2
Қ
О
3
Р
4
Қ
5
6
Ы
т
Сөзжұмбақ сұрақтары :
1.Қорқыттың шешесінің руы
2.Қорқыт қай тайпадан шыққан?
3.Қобыз жасайтын ағаш.
4.Қобыздың теріден жасалатын жері.
5. Дыбыс шығаратын құрал
6.Шектерін іліп тұратын зат
Жауабы
1.Қыпшақ
2.Оғыз
3.Қарағай
4.Шанақ
5.Ысқыш
6.Тиек
VII.Семантикалық карта
Алтынбек
Сым
ысқыш
Қамбар батыр
күйші
1843 ж
қыл
VIII-IX
Қобызды қалай ойнаймыз?
Қорқыт кім?
Ықыластың атасы кім?
Ықылас күйі
Қылқобыздың ішегі неден жасалады?
Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?
Ықылас қай жылы дүниеге келді
Прима қобыздың ішегі неден жасалған?
VIII. Білім тиянақтау ,сызба жұмысы.
Қобыз аспабының бөлшектерімен таныстыру.
IX. Қорытынды.
-Міне ,балалар ,Қорқыт атамыздың есімі халықтың жүрегі мен қобыздың ішегінде мәңгілік сақталған. Қорқыт атаның күйлері бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.Қобызшы Ықылас Дүкенұлы атақты өмір иесінің өмірінің жалғасы болса , Дәулет Мықтыбаев ,Жаппас Қаланбаев, Болат Сарыбаев, Бекболат Тілеуханов сынды ағаларымыз қобыз үнін жаңғыртып , Қорқыт күйлерін халық жүрегіне ұялатыпжүр.Олай болса,өткен ұрпақтың жырларын келер ұрпақ жырласа ,Қорқыт атамыздың есімі мәңгілік сақталады демекпіз.