9. Екі құлақ - домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілген жері.
III.Жаңа сабақты түсіндіру: Домбыра -қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байлаыысты домбыра аспабының бірыеше түрі бар. Олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның Батыс өңірі, Арқа мен Солтүстік-Шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Шертер - шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптары даұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.
Шертердің түрлері:
Ең көне түрі:
Көне түрі:
Жаңа түрі:
Бір ішекті
Екі ішекті
Үш ішекті
Бір құлақты
Бір (екі) кұлақты
Үш құлақты
Қақпақсыз
Қақпақсыз
(қақпақты)
Мойынтиексіз
(қақпақты)
Пернелі
Ортантиексіз
Мойынтиексіз
Мойынтиекті
Ортантиексіз
Ортантиекті
Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін сілкімелі аспаптар қолданылған.
Қоңырау
Тұяқтас Соқпан
Шартылдақ
Шаңқобыз - көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады.
Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады.
Сыбызғы - қү.райдан, ағаштан, кейде жезден салатын көне үрмелі
музыкалық аспап.
Сазсырнай - үрмелі аспаптар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқакүйдіріледі.
Мүйіз сырнай - мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі.
Үскүрік - саздан жасалынған музыкалық аспап. Үскіріктің үні құстың
даусына ұқсас. Бұл аспапта халық әндері орындалған.
Үран - үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Ұзындықтары әр түрлі екі
түтіктің әрқайсында үш-үштен тесігі бар.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Сөзжұмбақты дұрыс, шешкенде, «қобыз» сөзі шығады.
1. Сілкіп ойналатын аспап түрі.
2. Қазақтың ұлттық аспабы.
3. Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланатыы ұрмалы аспап.
4. Бақташылардың қурайдан жасалынатын ең сүйікті аспабы.
5.Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап. Ү. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұндау, нотамен жұмыс.