kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Эстрадалық-симфониялық музыка»

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Оқушыларға эстрадалық-симфониялық музыка, оркестр, аспаптары туралы жан-жақты ақпарат беріп, онымен жұмыс ұйымдастыру арқылы ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру;

  2. Өнерге қызығушылығын арттыру, топ алдында баяндама жасап, шағын аудиториямен жұмыс жүргізу негізінде коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдіру;

Жас ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени дамуына бағыт беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Эстрадалық-симфониялық музыка»»













Ашық сабақ



«Эстрадалық-симфониялық музыка»


3 «Б» класс








Дайындаған: музыка пәні мұғалімі

Рсымбетова Шолпан Умирзаковна
















Ақтөбе қаласы, 2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Эстрадалық-симфониялық музыка

Сабақтың құзыреттілікке жеткізетін мақсаттары:

  1. Оқушыларға эстрадалық-симфониялық музыка, оркестр, аспаптары туралы жан-жақты ақпарат беріп, онымен жұмыс ұйымдастыру арқылы ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру;

  2. Өнерге қызығушылығын арттыру, топ алдында баяндама жасап, шағын аудиториямен жұмыс жүргізу негізінде коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдіру;

  3. Жас ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени дамуына бағыт беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар әлем, қазақстан эстрадалық-симфониялық шығармашылығын, әндерін біледі, алдын ала берген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды, терминдерді меңгерген, алған білімдерін практикалық тұрғыдан қолдана алады, әндерін орындайды.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, ойын, проблемалық, тыңдату, демонстрация, талдау, сұрақ-жауап, алдын-ала тапсырма беру

Құрал-жабдықтары: тақырып бойынша презентация, компьютер, мультимедиалық проектор, эстрадалық-симониялық оркестр орындауындағы, аспаптардың аудиодыбыстары, видео «Маша и медведь. 19 серия. Репетиция оркестра»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Джаз музыкасы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Сабақ мақсаттарымен таныстыру

ІV. Жаңа материалды меңгерту

V. Жаңа материалды бекіту

VІ. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Музыкамен амандасу

ІІ. «Джаз музыкасы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын тексеру.

І. Сұрақтарға жауап беру Өткен сабақтарда шығармашылығымен танысқан композиторлар есімдерін атаңыздар.

  • Джаз музыкасы дегеніміз не?

  • Джаз оркестрінің құрамында қандай аспаптар бар?

  • Қазақстандағы джаз музыкасын орындайтын топтарды атаңдар?

ІІ. «Ре» нотасын салу

ІІІ. «Мектеп полькасы» әнін орындау

Музыкасы: И.Нүсіпбаев

Сөзі: Т.Молдағалиев

1. Біз - бейбіт ел ұланы,

Өнер-білім – ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.

Қ-сы: Біз - батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.

2. Тербетіліп алтын дән

Теңіздейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.

Қ-сы: Біз - батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.

3. Күш–қайраты қаулаған,

Келешекке арналған.

Алтын айдың төрінде

Көгілдір ту қадаған.

Қ-сы: Біз - батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.

ІІІ. Сабақ мақсаттарымен таныстыру

- Енді, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін назарларыңызға өздеріңе таныс мультфильмнен үзінді ұсынамын. Мұқият қарап, негізгі тақырыбы қандай екенін ойланып, айтыңдар.


- Маша қандай аспаптарда ойнайды?

- Көп аспаптарда ойналатын музыка қалай аталады?

- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда эстрадалық-симфониялық музыка туралы, оның аспаптары, дыбыстары туралы білетін боламыз.


ІV. Жаңа материалды меңгерту

Эстрадалық-симфониялық музыка

Эстрадалық-симфониялық музыка - эстрадалық-симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалық шығарма.

(Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар баяндамалар жасайды, мұғалім тыңдап, жүйелеп, қорытындылап отырады)


Эстрадалық-симфониялық оркестр алғаш рет 1945 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Мәскеу қаласындағы бүкілодақтық радио жанынан құрылған. Ол кездері халық жаппай көшелер мен алаңдарда орнатылған радио торабының маңына мыңдап жиналып, радио тыңдайтын. Жаңалықтардан кейін міндетті түрде жаңадан өңделген музыка жіберіліп отырды.

Кейінен эстрадалық-симфониялық оркестр «Радио және телевизия оркестрі» деп аталды. Оны кинохроника, киножурналдарды музыкамен көркемдеуде, телевизиялық және көркем фильмдердің музыкасын жазуда пайдаланды.

Эстрадалық-симфониялық музыка Қазақстанда

1956 жылы Қазақстанда алғаш эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды.

Қазір мұндай оркестрлер республикамыздың көптеген қалаларында бар. Олар мерекелік концерттерде, телевизиялық байқаулар мен мәдени ім-шараларда өнер көрсетіп, көрермендерге қуаныш сыйлап келеді.

(«Музыка» оқулығының 57-58 беті)


(Әр аспап жеке көрсетіліп, дыбыстарының аудиожазбалары ойнатылады.)


Музыка тыңдау –

Эстрадалық-симфониялық оркестр сүйемелдеуімен Р.Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әні

  • Қандай аспаптардың дыбыстарын естідіңіздер?

  • Ән нені жырлайды?

  • Әлия туралы не білесіздер?

  • Осыған байланысты биылғы жылы қандай мереке таяп келеді?

  • Өте дұрыс, балалар, осы жылы біздер Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Әлия сынды көптеген батырларымыз жанын қиып, қасық қанын сарп етіп әперген жеңіс, азаттық, бостандықты біз әрқашан қадір тұтып, бағалауымыз керек, олардың ерлігін мәңгі есте сақтап, үлгі тұтуымыз қажеттігін ұмытпаңыздар.

«Ми» нотасын салу

Ән айту

«Егемен ел - Қазақстан»

Музыкасы, сөзі: Н.Алғашбаев

1. Ата-бабам арман еткен,

Егеменді қазақ жерім.

Қуаныштың көптен күткен

Құтты болсын, дарқан елім.

Қ-сы: Сен дегенде, Қазақстан,

Жүректен от лаулап ұшқан.

Гүлдей жайнап, құлпыра бер,

Егемен ел – Қазақстан.

2. Бүгін, міне, таныды әлем,

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді,

Ән етемін, жыр етемін.


V. Жаңа материалды бекіту

1. Артығын сызып тастаңдар

Гобой

Кларнет

Виолончель

Қобыз

Скрипка

сазсырнай

балалайка

Арфа

Ксилофон

Шертер

Флейта

Тромбон

Литавра

гармонь



  1. Тест тапсырмалары

1. Қазақстанда эстрадалық-симфониялық оркестр құрылған жыл

А) 1946 жыл

В) 1945 жыл

С) 1956 жыл

D) 1986 жыл

Е) 1955 жыл

2. Эстрадалық-симфониялық музыканы орындайды

А) Вокалдық-аспаптық ансамбль

В) Ұлт аспаптар оркестрі

С) Эстрадалық-симфониялық оркестр

D) Джаз оркестрі

Е) Үрмелі аспаптар оркестрі





3. «Ми» нотасының орналасуы

А) Қосымша сызықта

В) Бірінші сызықтың астында

С) Бірінші сызықтың бойында

D) Бірінші сызықтың үстінде

Е) Екінші сызықтың бойында


4. Алғаш эстрадалық-симфониялық оркестрдің құрылған жылы

А) 1946 жыл

В) 1956 жыл

С) 1945 жыл

D) 1955 жыл

Е) 1845 жыл



5. «Әлия» әнін эстрадалық-симфониялық оркестр сүйемелдеуімен орындаған қазақстандық әнші


А) Ермек Серкебаев

В) Нағима Есқалиева

С) Роза Рымбаева

D) Нұрғали Нүсіпжанов

Е) Әлібек Дінішев


VІ. Қорытындылау. Бағалау.

Кілт:

  1. С

  2. С

  3. С

  4. С

  5. С


Тест тапсырмаларын орындау нәтижесі мен сабақ бойынша жалпы қорытынды сигналдық карталар көмегімен автоматтандырылған жүйеге енгізіліп, қорытындыланады, мысалы,

Үйге тапсырма:

1. Өзің танысқан аспаптардан ұнағанын бейнелеп сал.
2. Дәптерге «ми» нотасын салып үйрен.


Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Эстрадалық-симфониялық музыка»

Автор: Рсымбетова Шолпан Умирзаковна

Дата: 15.10.2016

Номер свидетельства: 349333

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Конспект урока на тему "Эстрадалы? - симфониялы? оркестрі""
    ["seo_title"] => string(52) "konspiekturokanatiemuestradalyksimfoniialykorkiestri"
    ["file_id"] => string(6) "283343"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453820979"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Эстрадалы? симфониялы? оркестр"    ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(40) "estradalyksimfoniialykorkiestrashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "315708"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459943127"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Симфониялы? оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар"
    ["seo_title"] => string(54) "simfoniialyk-orkiestrdieghi-ishiekti-yspaly-aspaptar-1"
    ["file_id"] => string(6) "306851"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458209495"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ескендір Хасан?алиев "
    ["seo_title"] => string(25) "ieskiendir-khasang-aliiev"
    ["file_id"] => string(6) "180968"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425286280"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Өнерін өрлеткен топ ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(34) "onierin_orlietkien_top_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "409902"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492496658"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства