kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Шөжелерім" әнін үйрену

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ "Шөжелерім" әнін үйрену

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Шөжелерім" әнін үйрену»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің

«Глубокое кентінің балалар музыка мектебі» КМҚК.









Домбыра бөлімінің даярлық сыныбының оқушысы

Ағзам Нүртілеумен

Ашық сабақ

«Шөжелерім» әнін үйрену.



Жоғарғы санатты домбыра сыныбының оқытушысы Жилкайдарова Г. Б.



















22.02.2021ж.







Оқытушының аты-жөні: Жилкайдарова Гульжанат Базылбековна.

Оқушы: Ағзам Нұртілеу.

Сыныбы: Даярлық сыныбы.

Өткізілген күні: 22 ақпан 2021 жыл.

Мамандығы: Домбыра.

Сабақтың тақырыбы: «Шөжелерім» әнін үйрену.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың ұзақтығы: (оқу жоспары бойынша) - 40 мин.

Сабақтың мақсаты: Үйге берілген тапсырманың орындалуын қадағалау. Оқушыға заманауи техниканы қолдана отырып, бейнені көріп , есту арқылы шығарманың әуенін құлағына сіңдіру тәсілін қолдана отырып, домбыра аспабында ойнап уйрету. Ән туралы анықтама беру. Оның ойналу әдісін көрсетіп, оқушының түйсік санасына сіңіры.

Білімділігі: Оқушыға сабақ мазмұнын түсіндіріп ашу арқылы, білім деңгейін кәсіби түрде көтеру. Шығармада кездесетін тыныс алу(пауза) белгісін меңгеру.

Дамытушылығы: Оқушының музыкалық есту, есте сақтау, көру арқылы есте сақтау және ырғақты қабылдау қабілетін дамыту. Аспапта ойнау шеберлігін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру, құстар мен жан-жануарларды жақсы көріп оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерді сүйіп қастерлей білуге тәрбиелеу. Өзге халықтардың музыкасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоспарланған нәтижелер:

1. Пәндік:

  • Оқушы музыкалық шығарманы талдайды және синтездей алады.

  • Оның музыкалық бейнесі бар.

  • Оқушы орындаушылық штрихтар мен ноталарды жақсы меңгерген.

2. Тұлғалық:

  • Оқушы шығармашылыққа ынталы.

  • Алған білімі мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алады.

3. Әдістемелік:

  • Оқушы оқытушының көмегімен шығарма мен жұмыс жасай алады және мақсатқа қол жеткізе алады.

  • іс-қимыл әректін айқындайды, бақылайды жүзеге асырады.

  • Сөйлейтін сөздерін саналы және еркін құрастыра алады.

  • Өз ойын, пікірін білідіре алады.

Сабақтың әдіс - тәсілдері:

  • Түсіндіру.

  • Аспапта ойнап көрсету.

  • Сұрақ – жауап.

  • Бейнекөрініс.

  • Оқушының қабылдау қабілетін бақылау.

Сабаққа қажетті техникалық құрал – жабдықтары:

  • Домбыра аспабы.

  • Ноутбук.

  • Шығарманың нотасы.

Педагогикалық технологияларды қолдану:

1. Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық жағдайларды шешу.

2. Дамыта оқыту технологиясы.

3. Аспапта ойнауға деген ынтаны қалыптастыру техналогиясы.

4. Денсаулық сақтау технологиясы.

Сабақтың негізгі кезеңдері:

1. Ұйымдастыру-1 минут

2. Бейімделу кезеңі. Сабақтың тақырыбын ашу, мақсаты мен міндеттерін қою – 1 минут

3. Жаттығулар мен гаммаларды ойнау - 5 минут

4. Үй тапсырмасын тексеру – 10 минут

5. Дене шынықтыру-2 минут

6. «Шөжелерім» әнін үйрену – 20 минут

7. Үй тапсырмасы туралы ақпарат-2 минут

Сабақтың репертуарлық жоспары:

1. Гаммалар мен жаттығуларды ойнау.

2. Үйге берілген тапсырманы орындау.

3. «Шөжелерім» әнін үйрену.

Оқушыға сипаттама: Ағзам Нүртілеу жасы 7 де домбыра даярлық сыныбында оқиды. Музыкалық дайындығы жоқ. Оның музыкаға деген қызығушылығы өте жоғары. Түйсігі, сезімі, есту, есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған. Жасына қарамастан оның ішкі мәдениеті мен ақыл-ой өрісі өте жақсы қалыптасқан. Өтірік айтпайды, сабаққа өз уақытында кешікпей келеді. Жауапкершілігі жоғары, жақсы тәрбиеленген. Жалпы білім беретін мектеп пен музыка мектебіндегі барлық сабақтарда үлгерімі жақсы.

Сабақ барысы.

1. Оқатушының сәлемдесуі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2. Аспапты алып орындыққа дүрыс отырып, гамма мен жаттығуларды орындау.

Сабақтың басында қолды аспапта ойнауға дайындаған жөн. Ол үшін біз техниканың гамма және әртүрлі бірнеше жаттығулар ойнаймыз. Гаммалар мен жаттығулар домбырашының біреклкілікті, дыбыстың тазалығын, саусақтың пернені таза басуын, жылдамырақ ойнауына, оң қолдың қағыстарының дүрыс қағылуын техникалық шеберлігін қалыптастыруға ықпал етеді. Аспапты ойнау кезінде екі қолдық жұмысын қадағалап отыру.

3. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қазақтың халық әні «Әлди-әлди» жатқа сөзімен орындау.

Бесік жыры туралы сөйлесеміз. Бесік тербетілгенде «оңға-солға» бағыттарында бірқалыпты және ырғақты қозғалыстар жасайды. Дауыс жоғары - төмен қозғалыс жасайды. Бесік жыры бесіктің тербелісімен бір-біріне сәйкес бір уақытта орындалады. Сонымен қатар, бесік жырының өлшемі тыныс алуымен сәйкес келеді, бұл баланың тынышталуына әсер етеді. Шығарманың өлшемі 2/4, нота ұзақтықтары сегіздік пен төртік. Ырғағы баяу, тербете бірқалыпты бас буында орындалады. Халық әні деген не? Деген сұраққа жауап береді.

2. Қазақтың халық әні «Торғай» жатқа сөзімен орындау. Сурет салу. Торғай туралы әңгімелесу. Балаға тақырыпқа байланысты әртүрлі сүрақтар қойылады (құстарды жақсы көресң бе? олардың пайдасы? оларға қалай қамқор боласың?), оқушы жауап қайтарады. Шығарманың өлшемі 2/4 орташа екпінде жазылған. Нота ұзақтықтары сегіздіктер мен төртік ноталар. Шығарманы оқушы еш қиындықсыз орындай алады. Шығарма оқушының ойнау деңгейіне сай келеді. Оқушы әнді бір мезетте сүйемелдеп әндетіп орындау оңайға түспейді. Баланы өзін-өзі сүйемелдеуге машықтандыру керек. Сөзі мен іс қимыл қозғалысын бір уақытта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, сол арқылы есту, есте сақтау, сезімі, ойын ,ырғақты тұрақты ұстауын дамыту керек.

4. Сергіту жаттығуы: Бала аспапта ойнағанда қолдары, аяқтары талып, арқасы ауырып кетеді. Шаршағанын басу үшін түзу түрамыз, екі қолымызды көтереміз де арқамызды созамыз. Қолымызды жанымызға қоямыз оңға, солға таразы боламыз, 1ге, 2ге ,3ке, 4ке, түзу тұрып оңға, солға бұрыламыз, 1ге, 2ге ,3ке, 4ке, қолымызды түсіріп оң иығымызды артқа айландырамыз, 1ге, 2ге, сол иығымызды айландырамыз, 3ке, 4ке. Екі қолымызды көтеремізде арқамызды созамыз 1ге, 2ге, еңкейіп қолдарымызды салбыратып демалдырамыз,1ге, 2ге,3ке, 4ке. Сонда оқушының денесіне қан жүгүріп жақсы демалып қалады.

5. «Шөжелерім» әнін үйрену:

Әнді талдамас бүрын ноутбуктан бейнебаян көреді. Шожелерім деген не екен? Ән қалай орындалды? Бейне баянан соң осы тақырыпта әңгімелесу. Домбыра аспабында әнімен орындап көрсету. Әннің ырғағын ұқтың ба? Енді нотасымен жұмыс жасайық.

Нотамен жұмыс. Әнің авторы кім екенін, орындалуын, өлшемін, қағыстарын, нота ұзақтықтарын анықтаймыз. Әнді Азербайжан композиторы Гамбар Гусейнли жазған. Бұл ән қазақ халқының әні емес Азербайжан балаларының әні. Бірақта бұл әнді азербайжан балалары ғана емес, бүкіл әлем халықтарының балалары орындайды. Сондықтан біз барлық халықтардың музыкасына құрметпен қарап, нақышына келтіріп орындауға үйренуіміз керек. Бірінші нотаға қарап шығамыз, екпіні, өлшемі қандай? Қандай ұзақтық ноталарда орындалады? Реприза белгісі бар екен. Ол қандай белгі? Соңында құстыңң қанатына ұқсас иретілген сегіздік паузасы тұр. Пауза дегеніміз не? Пауза дегеніміз уақытша демалу. Ары қарай оқушы ноталардың аттарын атап шығады. Қағысына қарайық, екі төмен бір жоғары П ПV қағыс. Бұл қағыс түрі бұрын кездеспеген. Себебі алдыңғы шығармаларда алмакезек қағыстар болғандықтан бұл қағыс түрін меңгергенше оған қиындау болады. Сондықтан қағыстарды дауыстап санап отырып, шапалақтап ырғағын үйренеміз. Аспапты алып осы қағысты ашық ішекте бірнеше рет қайталап ойнап, қағысты қалыптастырамыз. Қағысты қалыптастырған соң бірінші тактіні қағысына мән беріп асықпай санап ойнаймыз. Екінші тактісі алмакезек қағыстар, бұл оған қиындық туғызбайды, бірақ бұл жерде саусақ қойылымын дұрыс қою керек, бірінші саусақтан кейін үшінші саусақты пернеге дәл қоюды қадағалау керек (асппапта көрсету). Бұны да бірнеше рет қайталау. Бірінші мен екінші тактіні қосып орындау.Үшінші тактісі жеңіл бірдей соль ноталары алмакезек қағыстармен орындалады.Төртінші тактісі де жеңіл болады өйткені онда екінші такт қайталанып тұр. Енді төрт тактіні қосып ойнау. Шығарманың бір бөлімін үйрендік.

Келесі бесінші тактісі жеңіл, ля нотасы төрт рет алмакезек қағыстармен орындалады. Алтыншы такт қағысы жеңіл болған мен саусақ қойылымдары қиындайды. Себебі 3,4,3 саусақтардың кезектесуі арқылы 1 саусаққа келуі. Бұл жерде саусақ қойылымдарын аспапта көрсетіп, саусақтарымыз қалыптасқанша бірнеше рет қайталап ойнаймыз. Жетінші такт бас буынан орта буынға ля нотасынан ре нотасына секіріп нотаны таза басу керек, до мен си ноталарын бас бармақтың үстіңгі ішектің соль нотасын басу арқылы орындалады, саусақ қойылымдары өзгереді (асппапта көрсету). Бұл жерге де біраз жұмыс жасаймыз. Енді алтыншы мен жетінші тактілерді қосып ойнаймыз, бірнеше рет қайталау арқылы. Сегізінші такт екінші тактіні қайталау. Тоғызыншы такт бас бармақпен үстіңгі ішекті басып, соль нотасы екі рет қайталануы, төрттік ноталарды созып ұстап ойнауды қажет етеді(асппапта көрсету). Оныншы такт соль нотасы жалғыз төмен қағылып, төртік паузаға демаламыз.Оқушыға пауза не екенін біледі. Екінші бөлімін үйрендік.

Енді бірінші мен екінші бөлімді қосып әнді толық орындаймыз. Енді репризамен жұмыс. Реприза дегеніміз қайталау, бірінші белгіден екінші белгі аралықты қайталау. Оқушы шығарманы басындағы репризадан бастап, соңғы репризаға дейін ойнап қайтадан басынан қайталап соңғы бөлігін жалғастырып ойнап шығарманы аяқтайды.

6. Қорытынды. Сабақ барысында Нұртілеу белсенді қатысты. Өз ойын жақсы жеткізді. Аспапта жақсы ойнады. Берілген шығарманы жақсы талдап орындайалды. Оқушыға өзіңе қандай баға бересің? Оқушы өзінің жасаған жұмысын бағалай білуі.

Жұмыс оң бағаланды, оқушы сабаққа жақсы жұмыс жасағаны үшін өте жақсы баға алды.Сабақ қойылған міндеттерге жетті. Жұмыстың барлық кезеңдері өзара байланысты болды.

7. Үй тапсырмасы: «Шөжелерім» әнін жатқа орындап келу. Тақырыпқа байланысты сурет салу. Әннің мәтінін интернеттен алып жатқа орындау.











Пайдаланылған әдебиеттер:

«Домбыра үйрену мектебі» /А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов./-Алматы: Өнер, 1992-240 бет.

«Өнер-бұлақ, білім-шырақ» / У. Жүнісов/- Өскемен: Шығыс Полиграф, 2011-120 бет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ "Шөжелерім" әнін үйрену

Автор: Жилкайдарова Гульжанат Базылбековна

Дата: 23.02.2021

Номер свидетельства: 573944

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Б?гінгі білім- ерте?гі болаша?ым ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(51) "bughinghi-bilim-iertien-ghi-bolashag-ym-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "202466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429260311"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы "Адамгершілік - асыл ?асиет!""
    ["seo_title"] => string(74) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-ashyk-sabak-tak-yryby-adamghiershilik-asyl-k-asiiet"
    ["file_id"] => string(6) "291652"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455175573"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Шай ішу" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(21) "shai-ishu-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "179912"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425098882"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""??ра? т?рлері" технология п?нінен ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(52) "k-u-rak-turlieri-tiekhnologhiia-p-ninien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "296790"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456078374"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашы? саба? "Хал?ым мені? ?она?жай""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-khalk-ym-mienin-k-onak-zhai"
    ["file_id"] => string(6) "316435"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460093921"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства