Сабақтың мақсаты: Алатау тарихының мән-мағынасын аша білу
Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін
арттыру.латау әнінің шығу тарихымен оқушыларды таныстыру
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген
ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты
айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні : Күйші композиторларының музыкалық
шығармалары арқылы халық
музыканың тәрбиелік мәнін
тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы:Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақтың барысы:
Қазақ жерінің әсем табиғаты мен сұлу көркіне ақындар жыр арнаса, суретшілер сырлы бояуымен суретін салады. Балалар,қиял әлеміне еріп, табиғат аясында саяхатқа аттанайық!
Алматы қаласы-Алатаудың етегінде орналасқан. Таудың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жатыр.Алатау жас тау болғандықтан, заңғар биік, құздары бар.
Алатау
Алып тұлға байсалды,
Манаураған Алатау.
Қызыл,жасыл, гүлдері
Алаулаған Алатау.
Манаураған Алатау,
Алаулаған Алатау.
Қайырмасы:
Шынына,көз жетпес,
Көркіне сөз жетпес.
Басынан қар кетпес
Өзіне тау жетпес.
Музыка тыңдау ережелері:
* Музыканы ден қойып тыңда
* Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.
Музыкалық сауат ашу:
Күй- музыкалық аспапта орындалатын шығарма.
Күйші- күйді орындайтын адам.
Күйші-композитор күйді шығарушы.
Қорытындылау :
*Алатау әнімен Алатау күйіндегі музыкалық бейнені салыстыр.