?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік Гимні орындалады.
М??алімні? кіріспе с?зі:
С?леметсіздер ме, ??рметті о?ушылар мен ?стаздар! Биыл ?аза? поэзиясыны? м?збала?ы атан?ан М??а?али Ма?атаевты? ту?анына 85 жыл толып отыр. М??а?алиды? 50,60,70,80 жылды? мерейтойларын былай ?ой?анда, ?р жыл?ы ту?ан к?ні о?ырман ?шін т?ра?ты мереке. Оны? т?сіне ?лы уа?ытты? ?зі м??гілік лауреатты?ты? белгісін ?адады. ?аламгер ?абдеш Ж?маділов «Елі азат болып еді, М??а?али да азат болды» деген с?зді бекер айт?ан жо?. ?азір М??а?али жырлары ?лтты? идеологияны? бір міндетін ат?арып отыр. Асыл с?зі т?уелсіздікті? ны?аюына к?мектесіп жатыр.
2-ж?ргізуші:
Домбыра, ж?регіммен ?ндес еді?,
?зі?мен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан ?ал?ан м?ра сен болмаса?,
?мірді? не екенін білмес едім.
?н: «Саржайлау» (слайд 20)
1-ж?ргізуші:
К?н б?лттанды. А? ??сым ауырлауда,
Бара алмай ?алдым талай ауылдар?а
?иыр шетте ?ызылжар ?алып ?ойды,
Д??ай-д??ай с?лем де бауырлар?а.
Аяулым, А?мола?а ??сы?ды б?р,
М?рсат бер жерде біраз дамылдау?а!
Жап-жалпа? жауырыны, жатыр дала,
А?ын дала, алапат батыр дала.
А?мола мен ?останай арасында
Д?н ?скен татыр?а да, та?ыр?а да,
Ерекше-ау, жаралысы?, заты?, дала!
?останай, жеткізе алман ма?тауы?ды,
Да??ы?ды д?йім ?аза? жат?а білді.
Н?р?анны? де?гейіне к?терілсем,
Т?пеп-т?пеп жіберіп а?па жырды.
Ыбырай ал?аш рет мектеп ашып,
Ту алып Амангелді ат?а мінді,
Тор?айды ке? Ар?а?а ?а?па ?ылды.
Ата жерін ?ор?а?ан ?ара ?аза?
Амангелді ??ра?ан сап?а кірді.
Айналайын А?моланы, ?имай барам,
Аман бол, айналайын мидай далам!
Атамны? ?жіміндей жолдар, жолдар.
Ма?дайын А?моланы? шимайла?ан,
?обалжып ?зіме ?зім симай барам,
Аман бол, айналайын мидай далам! (слайд 21)
- О?ушылар, б?рын?ы А?мола – ?азіргі Астана екені б?рімізге м?лім. Ендеше, Астана туралы не білеміз? Ол ?андай ?ала? (Астана — ?аза?стан Республикасыны? Елордасы. 1997 ж. егемен ?аза?станны? Президенті Н. Назарбаев Жарлы?ымен елорданы Алматыдан А?мола?а к?шіру туралы шешім ?абылдады.
1998 ж. 6 мамырда жа?а елорданы? атауы Астана болып ?згертілді.) (слайд 22,23,24)
2-ж?ргізуші:
.?ш?ыш досым,
Жа?ылма ба?ыты?нан!
Дала,дала.
Басы?да ба?ы т?н?ан,
?аза?стан – ?зінше бір материк,
Жер кіндігі осында а?ытыл?ан.
О, ?ажап! ?зі?бісі? К?кше деген?
Тастарын жи?ан ж?ктей текшелеген.
Бурабай, О?жетпесті ?кшелеген,
О, ?ажап!
?зі?бісі? К?кше деген?!
Б?лттары? – А?ын айт?ан к?шпелі ?ле?,
Біржан ба тас?а барып ?скен емен?
К?лкіген сынаптайын к?лдері? бе?
С?кенні? а??улары кестелеген.
А?аны? арда? еді ?скен ерен,
Біржаны? алмас еді кеспе берен.
К?кшетау – ?н отауы, жыр отауы,
Алтайдан Атырау?а к?шкен ?ле?,
О,?ажап! Осы екен ?ой К?кше деген! (слайд 25,26,27,28)
1-ж?ргізуші:
Ей, ?ш?ыш, ?кінбеспіз жайлат?аннан,
??т т?р ?ой мына ?лкеде ?айма?тан?ан.
Аялдап ?ш, арылып жай ма?таннан,
Болаша? дастаныма н?р алайын,
А?ын ая? баспа?ан айма?тардан.
Армысы?, Атырауым, боза? далам!
Каспий мен Жайы?тан к?з алма?ан.
?мытты? ба сонау бір кездері?ді,
??лан жортса, ??мы?ды кезе алма?ан,
Жылан жайлап, аптап?а т?зе алма?ан?
Армысы?, Атырауым, боза? далам!
?айда кеткен са?ымы? к?з алда?ан?
Арманменен, елеспен ажарлан?ан?
Амансы? ба, от далам, ожар далам!
Т?йе орнына б?л к?нде а? ?алалар,
М?наралар мойынын созар ма?ан.
?оныстайтын бабалар ??м?а барып,
??ілетін ??ды??а ??м?ан алып.
??м?а оранып ?мірді ашатын да,
Жабат??ын ?мірді ??м?а оранып. (слайд 29,30,31)
2-ж?ргізуші:
?ажыды? ба?
?ажыса?, ?она?тай бер,
?адірменді ?зі?ді ?она?тай к?р.
Бізді? ?ала ?ашанда аэродром,
?она?тай бер, к?дікті жо?алтпай кел. (слайд 32)
1-ж?ргізуші:
К??іліме н?р, бой?а к?ш таратылып,
??с?а мініп ?штым мен жа?а туып.
?гейі? емеспін мен, ?з бала?мын,
?зі?мен м??гілікке ?алат??ын.
Кеудемде кереметтер жаратылып,
Думандатып жатырмын жа?а туып, – дей отырып, б?гінгі саба?ымызды ая?таймыз. Келіп тамашала?андары?ыз?а к?п рахмет айтамыз. (слайд 33)
Просмотр содержимого документа
«Алатау-Алтай-Атырау»
Тақырыбы: «Алатау – Алтай - Атырау»
Мақсаты:
Білімділік:Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойының қарсаңында оқушыларды ақынның «Алатау – Алтай - Атырау» поэмасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Ақын өлеңдері арқылы өз халқына, тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін , Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Дамытушылық: оқушының сөйлеу және тыңдау мәдениетін дамыту.
Көрнекілік құралдар: ақындардың портреттері, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, Қазақстанның саяси картасы
Сабақтың әдісі: поэзиялық кеш, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Биыл қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толып отыр. Мұқағалидың 50,60,70,80 жылдық мерейтойларын былай қойғанда, әр жылғы туған күні оқырман үшін тұрақты мереке. Оның төсіне ұлы уақыттың өзі мәңгілік лауреаттықтың белгісін қадады. Қаламгер Қабдеш Жұмаділов «Елі азат болып еді, Мұқағали да азат болды» деген сөзді бекер айтқан жоқ. Қазір Мұқағали жырлары ұлттық идеологияның бір міндетін атқарып отыр. Асыл сөзі тәуелсіздіктің нығаюына көмектесіп жатыр.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ақын өлеңдері арқылы сіздердің бойларыңызда өз халқыңа, тіліңе деген сүйіспеншілік сезімдерін, Отанға деген патриоттық сезімдеріңізді ояту мақсатында болғалы тұр.
1-жүргізуші: Құрметті, жолаушылар! Біздің әуе жолдарымызды таңдағандарыңызға көп рахмет! Қош келдіңіздер! (слайд 1,2)
2-жүргізуші:
Самға, ұшқыш!
Өлкеммен таныстырам,
Танымайтын жаныңмен табыстырам.
Бауырыңдай жандармен қауыштырам,
Көз алдыңда әртүсті экрандай,
Бір бояудан бір бояу ауыстырам.
Самға, ұшқыш!
Қазақтың көгіменен,
Жүруші едім кездеспей көбіменен.
Мынау ақ құстың қанатымен,
Кең өлкеме кетейін сеуіп өлең. (слайд 3)
О, Жетісу!
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы өсіп, жал бітіп, жанданды елің,
Күнім туды көгіңде самғар менің,
Алатаудан биікпін демеуші едім,
Әттең шіркін, ғарышпен жалғар ма едім!
Жетісуым - жеті құт, ырыс маған,
Барша халық баурында тыныстаған.
Араласып әрбір ұлт достасып жүр,
Аралассын, Адамдар туыс маған,
Алакөз боп, құстана ұрыспаған.
Байлықты айтып несіне мақтанамын,
Балақ, қойнын несіне ақтарамын.
Жетісудың байлығын білмек болсаң,
Бір уыс топырағын ап қарағын.
Екі құлақ, естісем керең болсын,
Егіншінің бұл жерді даттағанын,
Айналайын, Жетісу – аппақ арым! (слайд 4,5,6,7,8,9)
Оқушылар, бұл жерді неліктен Жетісу деп атайды? (жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген)
1-жүргізуші:
Құсыңды бұр, ұшқышым, Шығысыма,
Сәлем берем Алтайда туысыма.
Шығысыма, тарт менің ырысыма!
Ақ құсыңды, аяулым, қондыр жерге,
Баяғыда бабамыз жол жүргенде.
Алатын-ды Ертістен қанып ішіп,
Ақ айдынмен ақсақал шағылысып.
Мынау жатқан Марқакөл, Зайсаным ба?
Шығыстағы кішкене Байкалым ба?
Қос жанары Шығыстың сияқты-ау бір,
Қос жанарды, ұшқышым, байқадың ба?
Айдынына мәңгілік ескерткіш қып,
Қаламымды тастармын қайтарымда,
Қаласа, алсын Марқакөл, Зайсаным да.
Уа, шығыс! Жеріңде емес, көгіңде мен,
Үңіліп Бұқтармаңа көңілденем.
Аспаныңа жыр сызып өтіп барам,
Құс болып сенен ұшқан темірменен,
Керемет, керемет қой өмір деген!!! (слайд 10,11,12,13)
Ақын өлеңінде аталған Қаныш Сатпаев деген кім? (Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты)
1-жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында, Жүрегімнің, жүрегінің дүрсілі Күмбірлеген домбырасы барында
2-жүргізуші: Домбыра, жүрегіммен үндес едің, Өзіңмен сырласымдай тілдесемін, Бабамнан қалған мұра сен болмасаң, Өмірдің не екенін білмес едім.
Ән: «Саржайлау» (слайд 20)
1-жүргізуші:
Күн бұлттанды. Ақ құсым ауырлауда,
Бара алмай қалдым талай ауылдарға
Қиыр шетте Қызылжар қалып қойды,
Дұғай-дұғай сәлем де бауырларға.
Аяулым, Ақмолаға құсыңды бұр,
Мұрсат бер жерде біраз дамылдауға!
Жап-жалпақ жауырыны, жатыр дала,
Ақын дала, алапат батыр дала.
Ақмола мен Қостанай арасында
Дән өскен татырға да, тақырға да,
Ерекше-ау, жаралысың, затың, дала!
Қостанай, жеткізе алман мақтауыңды,
Даңқыңды дүйім қазақ жатқа білді.
Нұрқанның деңгейіне көтерілсем,
Төпеп-төпеп жіберіп ақпа жырды.
Ыбырай алғаш рет мектеп ашып,
Ту алып Амангелді атқа мінді,
Торғайды кең Арқаға қақпа қылды.
Ата жерін қорғаған қара қазақ
Амангелді құраған сапқа кірді.
Айналайын Ақмоланы, қимай барам,
Аман бол, айналайын мидай далам!
Атамның әжіміндей жолдар, жолдар.
Маңдайын Ақмоланың шимайлаған,
Қобалжып өзіме өзім симай барам,
Аман бол, айналайын мидай далам! (слайд 21)
- Оқушылар, бұрынғы Ақмола – қазіргі Астана екені бәрімізге мәлім. Ендеше, Астана туралы не білеміз? Ол қандай қала? (Астана — Қазақстан Республикасының Елордасы. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамырда жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.) (слайд 22,23,24)
2-жүргізуші:
...Ұшқыш досым,
Жаңылма бағытыңнан!
Дала,дала...
Басыңда бағы тұнған,
Қазақстан – өзінше бір материк,
Жер кіндігі осында ағытылған.
О, ғажап! Өзіңбісің Көкше деген?
Тастарын жиған жүктей текшелеген.
Бурабай, Оқжетпесті өкшелеген,
О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Бұлттарың – Ақын айтқан көшпелі өлең,
Біржан ба тасқа барып өскен емен?
Көлкіген сынаптайын көлдерің бе?
Сәкеннің аққулары кестелеген.
Ақаның ардақ еді өскен ерен,
Біржаның алмас еді кеспе берен.
Көкшетау – ән отауы, жыр отауы,
Алтайдан Атырауға көшкен өлең,
О,ғажап! Осы екен ғой Көкше деген! (слайд 25,26,27,28)
1-жүргізуші:
Ей, ұшқыш, өкінбеспіз жайлатқаннан,
Құт тұр ғой мына өлкеде қаймақтанған.
Аялдап ұш, арылып жай мақтаннан,
Болашақ дастаныма нәр алайын,
Ақын аяқ баспаған аймақтардан.
Армысың, Атырауым, бозаң далам!
Каспий мен Жайықтан көз алмаған.
Ұмыттың ба сонау бір кездеріңді,
Құлан жортса, құмыңды кезе алмаған,
Жылан жайлап, аптапқа төзе алмаған?
Армысың, Атырауым, бозаң далам!
Қайда кеткен сағымың көз алдаған?
Арманменен, елеспен ажарланған?
Амансың ба, от далам, ожар далам!
Түйе орнына бұл күнде ақ қалалар,
Мұнаралар мойынын созар маған.
Қоныстайтын бабалар құмға барып,
Үңілетін құдыққа құмған алып.
Құмға оранып өмірді ашатын да,
Жабатұғын өмірді құмға оранып. (слайд 29,30,31)
2-жүргізуші:
Қажыдың ба?
Қажысаң, қонақтай бер,
Қадірменді өзіңді қонақтай көр.
Біздің қала қашанда аэродром,
Қонақтай бер, күдікті жоғалтпай кел. (слайд 32)
1-жүргізуші:
Көңіліме нұр, бойға күш таратылып,
Құсқа мініп ұштым мен жаңа туып.
Өгейің емеспін мен, өз балаңмын,
Өзіңмен мәңгілікке қалатұғын.
Кеудемде кереметтер жаратылып,
Думандатып жатырмын жаңа туып, – дей отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет айтамыз. (слайд 33)
2-жүргізуші:
Мұқағали ақынның жырлары -тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың , яғни біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.