Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін
арттыру.
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген
ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты
айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні : Ақбұлақ әнінің шығу тарихымен таныстыру көмегімен оқушыларға тәрбие беру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы:Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақтың барысы:
Ақбұлақ- бұлақ деп жер астынан шығып жатқан су көзі- бастауды айтады.Бұлақ таулы жерде де,жазық жерде де кездеседі. Бұлақ суын халқымыз тазалықтыңбелгісі, шипалы су деп жоғары бағалайды.
Ақбұлақ
Күндіз-түні бір тыңбай дала кезген шапқылап,
Құмар едім өзіне бала кезден, Ақбұлақ.
Әнге бөлеп,манайды асып- тасып жатасын.
Ақ моншақтан аспанға шашу шашып жатасын.
Сенің келіп жағаңа анам талай су алған,
Сенің келіп жағаңа әкем атын суарған.
Айналайын,Ақбұлақ, асыр салған жағаңда,
Сенен артық өлкені бұл әлемнен табам ба.
Музыка тыңдау ережелері:
* Музыканы ден қойып тыңда
* Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.