Тәрбиелілігі: Домбыра аспабында шебер, сауатты орындайтын, ұлттық өнерді қадірлейтін жас ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Музыканы тыңдау, есту, уйрену, ойнау.Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту. Сезімін,көркемдік талғамын жетілдіре отырып, ойнау қабілетін жандандыру, жігерлендіру, рухани даму арқылы қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, уйрету,ойнату.
Сабақтың жүрісі
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып журналы, оқушының жеке жоспары күнделік оқу құралдары.Аспаптың құлақ күйін келтіру. Оқушының қолын жүргізу үшін «соль» мажор гаммасын ойнату.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1.Жаяу Муса «Ақ сиса»
2.Дәулеткерей «Қосалқа»
Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуінде жатқа ойнау.Шығармада кездесетін әр түрлі қағыстарды нақтылау.Күйлерді нақышына келтіріп жатқа ойнау.
III.Жаңа сабақ.
Күй – құдірет, күй – ұран.Күй – қазақтың жаны.
Күй қазақтың елдігін, көңілінің кеңдігін білдіреді.
Күй жалпы төкпе және шертпе болып екіге бөлінеді. Шертпе күй құрылымы жағынан адамның ішкі сезімін тербейтін әуендері күйдің атына сай екі ішекті алма кезек сұқ саусақпен шертіп орындалады.
Ал төкпе күй музыкалық образы жағынан
симфониялық сипатты көбіне тез қарқында орындалады.
Қазақтың күй өнерінің негізін салып, бүгінгі күнге жеткізіп кеткен күйші бабаларымыз аз емес. Қазақ даласының әр өңірінде туған олардың әрқайсысы өзіндік стилімен ерекшеленеді. Құрманғазының, Тәттімбеттің, Сүгірдің, Динаның, Абылдың, Дәулеткерейдің өздеріне ғана тән күйшілік дәстүрі болған. Сондай дербес мектептің негізін қалап кеткен халық күйшісі – Қазанғап Тілепбергенұлы. Мұны академик Ахмет Жұбанов та “Қазақ домбыра өнеріндегі жеті мектептің бірі – Қазанғап дәстүрі” деп атап көрсеткен.
Тақырыбы:«Оқушының орындаушылық шеберлігін
жетілдіру» Қазанғап Тілепбергенұлы «Шынаяқ»
Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы,өнер қайраткері,ұлағатты ұстаз,өз дәстүрлі мектебін қалыптастырған дәулескер күйші. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері.
Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқыл.
Қазанғап күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізушілер:Мәжит Бейсенбаев, Жәлекеш Айпақов,Абдулхамит Райымбергенов.т.б.
Шынаяқ күйінің шығу тарихы
Қазанғап Үсен төренің ауылына атының басын бұрып,сол ауылда Үсен төренің сұрауымен қонақтап қалады.Үсен төре Қазанғаптың домбырашылық шеберлігіне қайран қалып,оның күйлерін тыңдап,өзі де күйлер орындап,екеуі күй тартысып мауықтарын басады.Сол үйде Қазанғап «Көкіл», «Ысырма» деген күйлер шығарады.Қазанғап ертеңінде ұйқыдан тұрып, таңғы шайға отырады. Үсен төренің өнеріне, адамгершілігіне риза болған ол, бір күй шығарғысы келеді.Домбыраны қалына алып күйін тарта бастайды.Үсеннің келіні Қазанғаптың күйіне ұйып,шай құюды ұмытып кетеді.Қазанғап шайдың құйылмай тұрып қалғанын көреді.Алайда,ойға оралған жаңа күйдің желісін бұзбай, тек қағыс қағатын қолымен шынаяқты нұсқап, домбырасын тарта береді.Бірақ та күйдің әсем әуеніне берілген келіншек Қазанғапқа шай құюды ұмытып кетеді.Қазанғап күйді аяқтап, домбырасын сүйей бергенде Үсен төре:
Қазанғап, бұл қандай күй? – деп сұрайды.
Аға маған деген ыстық ықыласыңызға риза болып, осы күйімді сізге арнадым, – дейді сонда Қазанғап.
Маған арнаған күйің болса, атын мен табайын. Күйдің аты «Шынаяқ тастаған күй» болсын – дейді төре. Сол кезде астарлы сөзді түсініп, күйдің жапсарын ұғып, өз қылығына ұялған Үсен төренің келіні шайды қайта ысытып, Қазанғаптың алдына қойған екен. Бұл күй ел арасында «Шынаяқ» деген атпен таралып кеткен.
Сабақты қортындылау . Қазанғап «Шынаяқ» “берілген жерге дейін санап ойнау. Ондағы дыбыс сапасына,кағыстарға, лигалы ноталарға,саусақ қойлымдарына көңіл бөлу.Өткен тапсырмаларды қайталау.