Просмотр содержимого документа
««Ән сабағында қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары»»
«Ән сабағында қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары»
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жыл сайын халыққа жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. Сондықтан бала денсаулығын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыру және оның насихаттау шараларын белсендірек жүргізу балабақшадан басталады.
Мектепке дейінгі мекеменің ең маңызды міндеттерінің бірі - балалар денсаулығын сақтау сақтау және байыту
Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтарыдң негізгі міндеті: әдіс – тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке түлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.
Денсаулық сақтау технологияларын музыкалық тәрбиеде қолдану жаңа бағыт есептелінедi. Оқыту және тәрбиелеу міндеттерімен қатар, мынандай сауықтыру міндеттер атқарылады:
1. Физикалық және психикалық денсаулықтарын сақтап нығайту.
2. Әр баланы эмоционалды көңілін көтеретін жағдай жасау.
3. Денсаулық сақтау технологиялары арқылы балабақшаға бейімдеушілік қабілеттерін жоғарлату (ауруларға қарсы тосқауыл қасиеттерін жақсарту).
4. Гигиеналық дағдылармен дұрыс келбетті қалыптастыру.
Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ән сабағын жүргізудің алгоритмі (ортаңғы тобы).
Кіріспе (жүру) (1 мин)
Логопедиялық жаттығулар, әндетулер (2 мин)
Музыкалық - логоритмикалық жаттығулар (2 мин)
Пассивті музыка тыңдау, ритмопластика (2 мин)
тыныс алу гимнастикасы (2 мин)
артикуляциялық гимнастика (1 мин)
Ән айту, ән өнері (сергіту сәті ретінде – саусақтар ойыны) (2 мин)
Белсенді музыка тыңдау ( би шығармашылығы) (2 мин)
Әуендік ойындар, хороводтар (2 мин)
Денсаулық сақтау технологияларын қолдану сюжетіне, музыкалық қызметіне, міндеттеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Денсаулық сақтау технологияларының баланың мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі оқу кезеңінде денсаулығын сақтайтынын, оның салауатты өмір салтының қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыратындығын, алған білімін өмірде пайдаланатынын ескере отырып, барлық сәбилер бақшасында кеңінен қолдану ұсынылады.
Музыкалық және сауықтыру жұмыстарының жүйесі ән сабағында мынандай денсаулық сақтау технологияларын пайдалануды көздейді :
вокалотерапиясы,
тыныс алу гимнастикасы,
артикуляциялық гимнастика,
сауықтыру және фонопедикалық жаттығулар,
ойын терапиясы,
музыкотерапиясы,
битерапиясы,
саусақ жаттығулары,
логоритмикалық жаттығулар,
логопедиялық жаттығулар,
күлкітерапиясы,
фольклорлық арттерапия,
ертегітерапия,
мерекеліктерапия.
Бұл технологияларды қолдану нәтижелері мынадай :
- Балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттіліктерінің
деңгейі жоғарлануы;
- Баланың эмоционалды әл-ауқатын тұрақтылығы;
- Баланың сөйлеу деңгейін жоғарлату;
- Ауру-сырқаулар деңгейінің төмендеуі
- Балалардың тұмау ауруларына төзімділігі.
Жоғарыда аталған денсаулық сақтау технологияларын ән сабағында қолдануда қойылатын ең басты талаптардың бірі - функционалды музыканы; жоғары және төменгі қозғалыс белсенділігін кезектестіре отырып, сабақта аудиоматериалдарды пайдалану, кең көлемдегі сауықтыру шараларын, спорттық-сауықтыру мерекелері түрінде өткізу. Денсаулық сақтау технологияларын сабақ барысында қолдану балаларды ғана сауықтырмай, үлкендерге де әсерін тигізеді.
Қорытындылай келе, денсаулықтарын арттыруда, қазіргі талап – жан-жақты үйлесімді, жетілген жаңа адамды тәрбиелеу. Балабақша мен ата –аналар ынтымақтастықта жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл болып, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдң арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.
Ұлы Абай атамыз "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дегендей сауатты да білімді бүлдіршін тәрбиелеу мақсатында үнемі ізденісте болайық.