Қазактың күйшілік дәстүрінде аттары аңызға айналған біртуар ірі дарындардын есімдері өнер тарихында алтын әріптермен жазылып қала бермек. Күй — тарихтың өткені мен бүгінін көз алдына әкелетін ерекше қаcиеттерімен сипатталады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының күй өнері»
Қазактың күйшілік дәстүрінде аттары аңызға айналған біртуар ірі дарындардын есімдері өнер тарихында алтын әріптермен жазылып қала бермек. Күй — тарихтың өткені мен бүгінін көз алдына әкелетін ерекше қаcиеттерімен сипатталады. Бұл — өнерді өмір салты еткен елдің ортасында болатын табиғи жағдай. Көшпелілер өмір салтында өнер, тек қана эстетикалық — эмоциялык әсер берумен шектелмейді. Ол сонымен бірге адалдар арасындағы карым — қатынасқа дәнекер болып, салт — дәстүрлерді орнықтырып, қоғамдык өмірді реттеп отыруға тікелей араласады. Кешпелі қоғамдагы қазак өнері жеке адамдар денгейіқце өмір сүрумен әсте шектелмеген. Өнердің кез келгені бүкіл халыктық денгейде көрініс тауып отырған. Өйткені, өнер көшпелілердің бір-бірімен қарым — қатынасының тілі өмірлік мұқтаждарының айғағы. Олар өз өмірлерін әсем сазды бесік жырымен бастап, эпикалық жоктаулармен аяқтап отырған. Сондыктан да, мұндай талғампаз ортада мойындалатын өнерпаздардың дарыны мейлінше тегеруінді болып келеді. Ондай дарынды өзінің айналасына қанатты өнердің шапағаты мол шуағын шашып, өзінен кейінгі өкше басар ұрпактың рухын мейлінше шыңдай кетіп отырған. Мұндай дәстүрдің айғағын әйгілі күйшілер Мүсірәлі, Дәулеткерей, Құрманғазы, Мәмен, Сейтек, Дина, Науша, Қали, Окантардан көруге болады.
Күй өнері — шексіз өнер. Күйдің өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер кауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде. Қазак күйлері казір өз отаны Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың, шырайлы Шығыс елдерінің салтанатты сахналарынан да естілуде.
Казақ халқы өзінің мыңнан жылдар бойы тарихында жасалған баға жетпес қоршанған мұралық музыкалық мәдениеті мен дәстүрлерін күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Тарихтың ұзақ көшінде казақ халқы ғана тудыра алатын аса ерекше асқақ есімде дамыған өнердін бірі де, бірегейі бұл — күй өнері. Ұлы дала салтында халық, он саусағынан қүй төгілген күйшілерін ел ханымен қатар қойып, елдің ең құрметті азаматтарына бадаған. Осы орайда, өнер тарихында баға жетпес құнды шығармалары мен елдің өткші мен келешегін -күй тілімен жеткізе білген, аттары аңызға айналған һас өнер шеберлерінің, сирек орындалатын күйлерін ел арасында кеңінен насихаттау максатында «Бабалар мұрасы» атты Батыс өніріндегі ұлы күйшілердін күй топтамалары жарық көріп отыр. Бұл кітап сан ғасырлар көшінде халықтың музыкалық казына байлықтарын одан әрі дамытын, келер ұрпаққа әр күйшінің өмір сүрген ортасы мен туындыларын сол қалпында жеткізуге септігін тигізетініне сенім білдіремін. Кітапқа ұлы күйшілер Мүсірапі, Дәулеткерей, Кұрманғазы, Момен, Сейтек, Дина сынды ұлылардың сирек орындалатын күй туындылары, және сол мұраны кейінгі ұрпакқа сол қалпында жеткізе білген дарабоз домбырашылар Қали Жантілеуов пен Науша Бөкейхановтардын өмір — өнер жолдары еніп отыр. Жоғарыда айтылғандай қазақ халық композиторларының күйлері қазіргі таңда сахна төрлерінде сирек ойнатып жүр. Орындалатын болса тыңдаушысы домбыра шертпейтін болса да күйдің не жөнінде, немесе мәнін айтпай-ақ та түсінері сөзсіз. Әр күйдің өзіндік тарихы бар. Бірі қуанышты, көңілді болса, бірі қайғылы мұңды болады. Ал кейбір күйлерді тыңдағанда көз алдынызға бишінің мың бұралған биін елестетсеңіз, кейбір күйлер мысалы: — Дәулеткерейдің «Салық өлген», Құрманғазының «Сары көл самар» күйлері атына байланысты түсіндіруді қажет етпейді. Мүсірәлінің «Қу жетім», Мәменнің «Қайғылы қара» күйлері өзінің атымен терең мазмұнына түсінік береді. «Бабалар мұрасы» кітабы ел арасында сирек орындалатын ұлы күйшілердің шығармаларымен танысамын деушілерге зор септігін тигізеді деп есептеймін.