Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1944 жылы Алматы консерваториясы ашылды. Сол жылдары орыс мәдениетінің өнер қайраткерлері- Галина Уланова, Юрий Завадский, Наталья Сац және Вера Марецкая Алматы қаласына қоныс аударған болатын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1944 жылы Алматы консерваториясы ашылды. Сол жылдары орыс мәдениетінің өнер қайраткерлері- Галина Уланова, Юрий Завадский, Наталья Сац және Вера Марецкая Алматы қаласына қоныс аударған болатын. Олар Мәскеудегі Кеңес Одағының басшыларына Алматы қаласында консерватория ашу жөнінде хат жолдайды. Сол хаттан кейін еліміздің қиын кезеңіне қарамастан, одақ басшылығы Қазақстанда музыкалық жоғары оқу орнын ашуға шешім қабылдайды. 1944 жылдың 24 шілдесінде Алматы мемлекеттік консерваториясын ашу жөнінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысы қабылданды. Консерватория “Музхоркомбинат” деп аталатын
республикалық балалар музыка мектебінің
негізінде ашылған. Ал музыка мектебінің
сол кездегі директоры И.В.Круглыхин
консерваторияның ректоры болып
тағайындалды. Консерватория ғимараты
Сталин даңғылының бойында (қазіргі
Абылай хан даңғылы) орналасқан .
Құрманғазы атындағы
Қазақтың ұлттық консерваториясы
Үлкен концерт залы
Сол ғимараттың 8 бөлмесі консерваторияға бөлініп берілді. Жұмысты бастау үшін басшылықтың тапсырмасымен жеке адамдардан музыкалық аспаптар сатып алынады. Олар: 1 концерттік рояль, 3 кабинетке арналған рояль, 3 пианино, 3 скрипка, 3 виолончель, 1 контрабас, 1 гобой, 2 кларнет, 3 валторна, 1 литавра. Ол кезде балалар мектебінде нота жазбалары мен оқулықтар жоқ болған. Бірақ соғыс жүріп жатқанына қарамастан, Мәскеу мен Ленинград консерваториясы 3330 нота жазбалары мен оқулықтарды сыйға тартты. Қоныс аударған орыстың мәдениет және өнер қайраткерлері осы консерваторияның ұстаздары болып жұмысқа орналасты. Және де осы оқу орнына студенттерді қабылдау қиынға соққан болатын. Себебі, одақ басшылығы 150 адамды ғана алуға қаржы бөлді. Бірінші курсқа қабылданғандардың арасында интернатта тұратын, ата- анасыз қалған
жастар да болатын. Олармен бірге
КСРО халық әртісі Күләш Байсейітова,
КазКСР-інің халық әртісі Қанабек Байсейітов,
белгілі композиторлар Мұқан Төлебаев пен
Бақытжан Байқадамов. Осылайша Алматыда
алғаш рет ашылған консерватория өз жұмысын
бастап, қазіргі таңда Орта Азияда музыкалық
білім беретін ең ірі жоғары оқу ордасына
айналып отыр.
Кларнет
Виолончель
Пионино
Рояль
Скрипка
Валторна
Музыка тыңдайық !
Тілес Қажығалиев. “Қыз қуу” Орындайтын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттер оркестрі
Біліп ал!
Тілес Қажығалиев (1949-1996)- композитор. Алматы қаласында дүниеге келген. Атақты дирижер Шамғон Қажығалиевтің баласы Ғазиза Жұбанованың шәкірті. Т.Қажығалиевтің оркестрге арналған шығармалары көптеген шет мемлекеттерде орындалып келеді. Композитордың “Қыз қуу” атты шығармасын британдық дирижер Мариус Стравинский жетекшілік ететін Лондонның филармониялық оркестрі орындап жүр. Композитордың альт пен оркестрге
арналған “Отан туралы” ораториясы,
фортепиано, үрлемелі және ішекті
аспаптарға арналған концерттік
симфониясы, әндер мен романстар,
спектакльдер, көркем және деректі
фильмдерге арналған музыкалық
шығармалары бар.
Ән орындайық!
“Ақ көгершін” әнін ары қарай үйрену.
Сабақты қорытындылау.
1.Алматы консерваториясының ашылуына кімдер ықпал жасады?
2.Консерваторияны ұйымдастыру барысында қандай қиындықтар болды?