- Сәлеметсіздер ме,оқушылар! - Көңіл-күйлерің қалай? - Сабақ басталғанда оқушылар музыка сабағына әннің ырғағымен кіреді. - Балалар, біз қандай сабаққа келдік? -Иә, балалар. Сондықтан музыка сабағында музыкалық амандасудан сабағымызды бастаймыз. Сәлемет пе, балалар, Сәлеметсіз, мұғалім. Ән сабағына бүгін, Келіп тұрмыз бәріміз. Қолымызды қояық, Орнымызға қонайық. - Жарайсыңдар! -Балалалар, сендер қандай музыкамен кірдіңдер? -Қандай әсер алдыңдар? -Көңіл-күйлерін қалай болды әнді тындағанда? -Музыка көңілді ма? Көңілсіз ба? -Жарайсыңдар, балалар! - Енді, барлығымыз орнымызға жайғасып отырайық. - Қазір мен сендерге бір бейнебаян көрсетемін, сендер мұқият қарап отырыңдар! - Кейін, бейнебаян не жайында екенін сұраймын. (Театр жайында бейнебаян көрсетіледі.) - Ал, міне бейнебаянды көріп болдыңдар, осы бейнебаян не жайында болды? - Дұрыс айтасыңдар! - Яғни, қойылым жайында болды? - Бұл, жай ғана қойылым емес! - Қалай ойлайсыңдар, қандай қойылым? -Иә, дұрыс айтасыңдар! - Бұл, театрлық қойылым болып табылады. - Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Өнер ордасы- театр» деп аталады. - Театр дегеніміз не? - дұрыс айтасыңдар! - Театр дегеніміз- грек тілінен аударғанда ойын-сауық және мәдени шараларды өткізетін орын.Теартда көптеген қойылымдар, хор ансамбільдері әзірленеді. Теартдың төрт түрі бар. Олар: опера театры, балет театры, драмалық театр және де қуыршақ театры. Театрдағы ең басты адам- режиссёр.Ол спектакльдің қойылымын жасайды.Суретшілер режиссерге сахнаның демокрациясын жасауға көмектеседі. Хор - әншілер мен оркестір музыканттарының шығармаларымен әзірленеді. Балет - балет әртістері би қойылымдарын жасайды. - Осыларды естеріңнен шығармаңдар! - Енді,орнымыздан тұрып бір серігіп алайық. Электронды сергіту өткізіледі. - Жарайсыңдар! -Сабағымызды әрі қарай жалғастырсақ. -Балалар, бүгін біз жаңа ән орындаймыз. Әнді орындамастан бұрын дауыс жаттығуларын жасаймыз. Ли-ли-ли-ли,ли-ли-ли-ли,ли-ли-ли-ли,ли-ли-ли-ли. Ма мэ ми мо му, ма мэ ми мо му, ма мэ ми мо му. Да дэ ди до ду, да дэ ди до ду, да дэ ди до ду. До рэ ми фа соль ля си до До си ля соль фа ми рэ до. -Жақсы, балалар! - Балалар қазір біз «музыкалық шығарма» ойынын ойнаймыз. Мен сендерге музыканы қосамын сендер оның қандай аспапта ойналғанын табуларың тиіс. - Дұрыс айтасыңдар, бұл музықалық шығарма домбырады ойналды. -Өте жақсы. -Балалар енді біз қазір жаңа ән үйренеміз -Үйренгілерін келе ме? Әніміздің аты «Домбырам сазы» Сөздерді тарату Әнді тыңдату Әннің мазмұның түсіндіріп өту Әннің сипаттамасы Мәнерлеп оқу Қайта тыңдату Ән айту «Домбыра сазы» Өлеңі:Х. Талғаров. Әні: И. Нүсіпбаев. 1.Елдің жырын жырлаған, Қайғысын да толғаған. Домбырасыз ешқашан Жүрекке ем қонбаған. Қайырмасы: Домбырасыз сән қайда, Домбырасыз ән қайда! Ән мен күй бар өмірде От та лаулап жанбай ма!... 2.Құрманғазы, Тәттімбет Домбырамен сайраған. Жүрегіне от жақсын деп, Елге күйін арнаған. Қайырмасы: Домбырасыз сән қайда, Домбырасыз ән қайда! Ән мен күй бар өмірде От та лаулап жанбай ма!... - Оқушылар,бүгін сабақта біз не істедік? -Қандай ән үйрендік? -Сабақ сендерге ұнады ма? -Балалар,үйден «Домбыра сазы» өлеңін жаттап келіңдер. - Теарт туралы қосымша мәлемет іздеп келу.. -Бүгін сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға мен сыйлық беремін. -Сабаққа жақсы қатысқандарыңа рахмет. -Сау болыңдар, балалар. |