Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы- Құрманғызы атындағы ұлттық мемлекеттік консерваториясы
Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру.
Білімділік мәні: Халық музыкасының туындап сақталуы, дәстүрлі музыка өнерінің (Әншілік, күйшілік, аспапты музыканың) бізге дейін жету себебі.
Дамытушылық тұрғыда: Дәстүрлі музыка өнерінің үлгілерімен танысып, қаблеттерін қалыптастыру және аспаптың сүйемелдеуімен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік : Ұлттық тәрбиеге, рухани мәдениеттілікке жоғары эстетикалық талғам қалыптастыра отырып, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Құрманғазы консерваториясы»
6 сынып музыка
Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы- Құрманғызы атындағы ұлттық мемлекеттік консерваториясы
Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру.
Білімділік мәні: Халық музыкасының туындап сақталуы, дәстүрлі музыка өнерінің (Әншілік, күйшілік, аспапты музыканың) бізге дейін жету себебі.
Дамытушылық тұрғыда: Дәстүрлі музыка өнерінің үлгілерімен танысып, қаблеттерін қалыптастыру және аспаптың сүйемелдеуімен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік : Ұлттық тәрбиеге, рухани мәдениеттілікке жоғары эстетикалық талғам қалыптастыра отырып, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту,топтастыру , өзін- өзі бағалау, шығармашылық жұмыс.
Күтілетін нәтиже: Өнер ордасы жайлы толық мағлұматқа қанық болып, әнді үйрену.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Әуенмен амандасу.
Психологиялық тренинг:
Мұғалім: Көңіл күйлерің қалай?
Мұғалім: Ән сабағында ән айтқан ұнай ма?
Балалар: Иә! Мектептің әдемі ғой әр сабағы
Қызық – ау әсіресе ән сабағы.
Апайға ән үйреткен риза болып
Үйді – үйге өлең айтып тарасамыз.
Суретті карточкалар арқылы топқа бөліну, және топ басшыларын сайлау. (Домбырашылар тобы, қобызшылар тобы, пианистер тобы, баяншылар тобы)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Жан әкем» әні жатқа берілген.Үйде әнді нақышына келтіріп жаттаған соң, асқар таудай әкелеріңе айтып беру тапсырмасы болатын. Кім әнді айтып берді, қандай баға берді, яғни лебіз естідіңдер?
«Жан әкем» әні хормен қайталанады.
Өнерлі бала екендеріңе әкелерің тәнті болған екен. Жарайсыңдар!
1.Өнерлі жастарды қандай мамандар дайындайды?
2.Кәсіби өнерлі жастарды қандай оқу орындарында оқытылады?
3.Кәсіби өнер ордалардың мақсаты не?
4. Ұлы күйшінің атымен аталатын өнер ордасын білесің?
ІІІ. Жаңа тақырып.
Ендеше өздерің пікірлеріңмен қосыла отырып, Құрманғазы атындағы атындағы мемлекеттік консерваториясы жайлы әңгіме өрбітейік.
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы – Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.
1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды.
Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.
Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды.
Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді.
Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.[1]
Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.
Слайд : Ғимараттың сыртқы көрінісі:
Үлкен концерт залы.
Иван Васильевич Круглыхин -Консерваторияның ең алғашқы ректоры
Ахмет Куанұлы Жубанов- композитор, музыка зерттеушісі,этнограф, дирижер
Куддус Ходжамьярұлы Кужамьяров - консерваторияны 1957 -1967 жылдары басқарған.
Еркегали Рахмадиұлы Рахмадиев - 1967-1975 жылдары аралығында басшылық еткен. Композитор. Өнер қайраткері.
Ғазиза Ахметқызы Жубанова- 1975 -1987 жылдары ректор қызметін атқарған. Композитор. Симфония жанрының шебері..
Дюйсен Курабайұлы Касеинов - Ректор қызметін 1987 жылдан 1997 жылға дейін атқарып, қазіргі ретор Ж.Әубәкіроваға тапсырды
Ж.Әубәкірова – пианист, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Талантты өнер қайраткері.қазақстанның халық әртісі. 2014жылы қараша айында консерваторияның 70жылдық мерейтойы атап өтілді. Осы оқу орнының басшысын Елбасымыз өзінің кезекті кездесуіне шақырып, ыстық лебіздерін білдіріп, ұстаздық қызметте жүрген көптеген мамандарға құрмет ордендерін табыстады.
Музыка тыңдау:
Музыкалық викторина; «Сағындым Алматымды» әнді аспаппен орындау.
Әнді айтып беру.
Авторы мен сазгеріне тоқталсақ, сөзін жазған С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.Сейітқұл Оспановтың «Құлдар көтерілісі» повесі Желтоқсан қозғалысы туралы алғашқылардың қатарында жазылған шығарма.
2002 жылы «Сопының ғұмыры» жинағы жарық көрді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай әдеби шығармаларға арнап өткізілген республикалық конкурста «Екі дүниенің ғұмыры» повесі жүлделі екінші орын алды. Сейітқұлдың шығармаларын оқып отырғанда, оның жалпы тіршіліктің түйткілдерін, адамдардың психологиясын жазушы ретінде жақсы түсініп, игергенін аңғаруға болады. Әсіресе, әңгімелеріндегі ситуация табу шеберлігі, өмірдің өзінен ойып алынған бір үзік суреттер арқылы санаға салмақ түсіретін авторлық идеясы кім-кімді де бейтарап қалдырмайды. Жекелеген әңгімелері неміс, болгар, молдаван, ұйғыр тілдеріне аударылды.
Қоразбаев Алтынбек 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған. Алтынбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Алтынбектің тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады.Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.
Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған. 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндерінің авторы. Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа 1993ж Қазақстан Республикасының, 1994ж Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді.
Әнді хормен орындау.
Топпен айту.
ІV. Шығармашылық жұмыс.(кестемен жұмыс )
V. Бағалау. Топ басшыларының бағалауы.
VI. Үйге тапсырма: «Сағындым Алматымды» әнді жаттау.