Просмотр содержимого документа
«Армысы?, музыка ?лемі!»
Сабақтың тақырыбы:
“Көңілді әндер”
Сабақтың мақсаты:
Түрлі жанрда айтылған әндерді орындай білу;
Композиторлар музыкасымен танысу, әнді таза айтуға үйрету.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақ әдіс тәсілі:Тусіндіру, көрсету.
Сабақ көрнекілігі:Музыкалық аспаптар; баян.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері.
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі.
-Музыка дегеніміз не?
-Ерте, ерте, ертеде домбыра болыпты.Домбыра сөйлегенде одан күмбірлеген дыбыстар шығады екен.Ол дыбыстарӘуен-деп аталыпты. Әуендер әр-түрлі шығады екен. Бірде көңілді, бірде мұңды. Орындап жүрген әндердің бәрә сөз бен әуеннен тұрады. Әрбір сөз әріптен құралса, әуендер музыкалық дыбыстан тұрады. Әуеннен дыбыс, ән шығады.
-Әнді бізге кік жазады?
Ақын өз жанынан өлең шығаратын адам,
Ал, композитор ән шығаратын адам.
Ал, әнді музыкамен тыңдаймыз және
орындаймыз.
Біз күнде әр-түрлідыбыстар естиміз.
Мысалы: құстардың сайрағанын, судың сылдырап аққанын, желдің уілін т.б бұлар шулы дыбыстар.Шулыдыбыстан әуен шықпайды,
Шулы дыбыстарды ата?
Ән қайдан туады ?
Суретші табиғаттың сұлулығын бояу түстері арқылы береді, ал ақын болса
Өткір сөздері арқылы жырлайды, ал музыкант әсем де,әуездер әндер арқылы жеткізеді.Музыка адамның көңіл күйін білдіреді.
Дауыс жаттығуы: Та-та-та Қоян бізбен бір сапта.
Та-та-та Қоян бізбен бір сапта.
Музыка – ән – әуен- ырғақ.
Мысал: көңілді ән: “ Әнші балапан”
Мұңды ән: “Бақа”
Көңілді әндер адамға күш қуат береді, шабытқа толы сезім сыйлайды,
ал, мұңды әнде көңіәлі жабырқайды, мұңайады.
Сергіту сәті:
Жаңа ән үйрену.
Әні: К.Қуатбаев
Сөзі: С.Жиенбаев.
“ Балдырғандар әні”
Ән көңілді, ойнақы орындалады. Музыкада жәй немесе тез жылдам орындалатын әндер бар. Оны музыкалық жылдамдық деп атайды.