Просмотр содержимого документа
«"Қазақ халық әнінің әуенділігі"»
Бекітемін:--------------------------------- Бекжанова Н
Тақырыбы: Ақпыз,қара,сарымыз,ағайынбыз бәріміз.
(Рухани жаңғыру )
Мақсаты: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан халықтары Ассамблеясының тарихы туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге,достыққа деген патриоттық сезімдерін ояту. Көрнекілігі: буклеттер, достық жайлы мақал - мәтел, өлең жолдары, нақыл сөздер. Сахна төріне тәрбие сағатының аты ілінеді, жан - жағы түрлі - түсті шарлар мен гүлдермен безендірілген. Техникалық құрал - жабдықтар: үнтаспа,слайд, безендірілген сынып, ұлттық костюмдер киінген оқушылар. Негізгі бөлім: Әнұран орындау
Мұғалім сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 2«Ә» сынып оқушыларының «Ақпыз,қара,сарымыз,ағайынбыз бәріміз» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын басталды деп жариялаймын! Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныс-тануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен. Ата - бабамыз сақтап келген ауыз-бірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір. шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы. Шет елдердегі соғыс жағдайын көріп отырсыздар. Біздегідей бейбіт өмір оларда жоқ. Күнде қорқыныш пен уайым - қайғымен, ауру сырқаумен, аштықпен өліп жатқан жағдайлары бар. Құдай оның бетін аулақ қылсын! Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп тілейік.
Слайдтар көрсету. Қазақстан халықтар Ассамблеясының тарихы туралы бейнефильмдер.
Ендеше тамаша жыр жолдарын тыңдаймыз. 1 - оқушы Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Достық тату өмірге
Дүние жүзі сенеді.
Соғыс өртін өшіре
Бейбітшілік жеңеді.
2 - оқушы Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.
3-оқушы
Отанды
Жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
4-оқушы
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басынан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз.
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
«Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайтын хор Мұғалім сөзі:
- Міне, саған керек болса! Картаға қараңдаршы, бізде не жоқ, бәрі бар! (тақтада Қазақстан картасы) Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар: алтын да, көмір де, газ да, мұнай да, темір де....... Табиғатымыз қандай ғажап десеңші! Қазақстан бойынша саяхат жасасаң орман, тоғайды, ит тұмсығы батпайтын қалың ну мен жазық даланы, құмды, шөлді, өзен, көл, теңізді де, тауды да көресің. Емін – еркін демалып, қызықтап, тамашалайтын орындары да көп! Керемет! Кең байтақ елімізде тату - тәтті тұрып жатқанымыз қандай жақсы! Ең бастысы да осы емес пе! Биыл Халықтар достығы Ассамблеясының мерей тойы қарсаныңда өткі-зілгелі отырған үлкен шаралар бар..
Білімдерін тексеру:
Мақал-мәтелдер сайысы топпен
Балалар, достық,бірлік,ынтымақ жайлы қандай мақал-мәтелдер білеміз, кәне еске түсірейікші!
Әр топқа көп білген мақал-мәтелдері үшін ұпай беріледі. Жұмбақтар,мақалдың алғашқы жолдарын айтам шешуін айтып,дұрыс тапқан топ көп ұпай жинайды. 4-оқушы:
Бір шаңырақта табысқан Дос, бауыр көп туысқан Отан - ортақ үйіміз, Көңілді ән мен күйіміз.
Ән: «Достар» орындайтын сынып оқушылары хормен
«Ортақ мекен - жер шары» өлең жолдарын мәнерлеп оқушылар оқиды.
Би: «Өзбек биі» қыздар тобы
Топтық жұмыс:
І топ: «Отан» туралы 5 жолды өлең.
ІІ топ: «Бейбітшілік» туралы сурет салу.
ІІІ топ: «Достық» туралы шығарма жазу.
Оқушылар:
Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша - бау. Болсын жер мен су ортақ, Болсын бізге ну ортақ. Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз ,
Мұғалім: дей келе, балалр бүгін біздер Қазақстанды тұрып ынтымақты өмір сүріп жатқанг өзге ұлт өкілдеріңе деген сыйластық,достық қатынастар туралы мәні, де мағынасы да терең ашық тәрбие сағатын жабық деп жариялаймын! Ендеше Қазақстан халқы Ассамблеясы жасай берсін,халықтар арасында мәңгі бірлік,достық болсын, «Мәңгілік ел-Қазақстан» гүлдене берсін!