Қазағымның қастерлісі -Домбыра. Қазақ халқының киелі аспабы атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра. Ешқандай өнердің шыңы деген мерекелік іс-шаралар домбырасыз өткен емес. Музыка мәдениетіндегі қазақтың күй өнері туған жеріміздің тарихын, табиғатын, халқымыздың әлеуеттік тұрмыс тіршілігін баяндап, бізне жеткізіп отырған ұлы құрал.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазағымның қастерлісі -Домбыра»
Қазағымның қазынасы –Домбыра
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес шілденің бірінші жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні деп белгіленіп отыр. Осыған орай Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы қазақтың қасиетті домбырасы туралы дайындаған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде–бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады. Домбыра қазақтың 7 ұлттық қазынасының бірі десек те болады. 2007 жылы отандық ғалымдар мемлекет пен халықтың рухани дамуына, соның ішінде қалыптасуына ықпал еткен 7 ерекше мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге домбыра, Тамғалы шатқалында тасқа салынған суреттер, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Маңғыстаудағы жерасты мешіттер, қазақтың киіз үйі, «Бәйтерек» монументі, Есікте табылған «Алтын адам» кірді. 2010 жылы домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар. 80-ші жылдардың соңында ғалымдар Алматы облысындағы Майтөбе шоқысында тастардан тапқан суреттерде би билеп жүрген адамдар мен домбыраға қатты ұқсайтын музыкалық аспап бейнеленген. Неолит дәуіріне жатқызылған бұл бірегей олжа Алматыда Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде сақтаулы тұр.
Халық арасында домбыра туралы тараған аңыз-әңгімелер көп. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жазылғандай, ұлттық жаңғыру – бұл ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. «Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», – делінген мақалада. Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған. Бұл ретте күйлердің екіге бөлінетінін айта кеткеніміз жөн. Тактикасы мен орындау техникасына қарай шертпе және төкпе күйлер болады. Батыс Қазақстанда қалыптасқан Төкпе драмалық оқиғаларды, жауынгерлік, күшті бейнелерді жеткізеді. Шығыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанға тән Шертпе күйлер әлдеқайда еркін болады, олар өзіндік импровизациямен ерекшеленеді, адамның терең сезімдерін жеткізіп, әйелдің нәзік бейнесін сипаттайды. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізген ұлы домбырашылардың бірі Құрманғазы. Оның «Сарыарқа» мен «Адай» секілді мәңгі өлмес туындыларын қазіргі кезде де баршаға белгілі. Керемет музыкант әрі композитор жазған 60-қа жуық күй осы күнге дейін сақталған.
Таланты мен домбырада ойнау шеберлігінің арқасында оның танымал шәкірті Дина Нұрпейісованың да есімі қазақ музыкасының жылнамасына алтын әріптермен жазылған. Дина домбырада ойнауды әкесінен үйренген, 9 жасында кішкентай домбырашы бүкіл елге танымал болады. Жас шебердің өнеріне Құрманғазы да өз бағасын берген екен. Кейін ұстазына айналған ол Динаның күйші ретінде қалыптасуына үлкен ықпалын тигізген.
Дина Нұрпейісованың белгілі шығармалары «Бұлбұл», «Әсем қоңыр», «1916 жыл» және т.б.. Соңғы концертін Дина 91 жасында қойған. Музыкалық мәдениетте өшпес ізін қалдырған тағы да бір домбырашы Қазанғап
Ол да жастайынан музыкаға қызығушылық танытқан. Кейбір мәліметтерге сәйкес ол 120-дан аса күйдің авторы болып саналады. Күйші өз шығармаларында қоғамда орын алатын өзгерістер, адами қасиеттер, жануарлар әлемі тақырыптарын қозғаған, 1917 жылғы революция оқиғаларын сипаттаған («Окоптар», «Қызыл киіз үй», «Менің дәуірім» және т.б. күйлер). Қазақ музыкасының тарихындағы жаңа кезең ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы болды. Ахмет Жұбанов баланың дарындылығын байқап, оны музыкалық училищеге апарады. Оның бірінші ұстазы атанып, өнер жолына түсіреді. Нұрғиса Тілендиев 500-ге жуық еңбек жазған, оның ішінде опера, балет, ән-күйлер, романстар, увертюралар және т.б. бар. Ал ең танымалдары «Аққу», «Арман», «Махамбет» күйлері, Куддус Кужамьяровпен бірге жазған «Алтын таулар» операсы. Мұнымен қоса, ұлы композитор қазақ балеті мен операсының ұалыптасуына да көп септігін тигізген. Қазақ халқының ерекше музыкасын сақтауға және дамытуға елеулі үлес қосқан жандардың бірі композитор, дирижер, күйші, домбырашы Қаршыға Ахмедьяров. Әмбебап музыкант ретінде белгілі болған ол қазақ мәдениетінің байлығын барша әлемге паш еткен. Жоғары оқу орындарына арналған көптеген кітаптар мен оқу құралдарының авторы «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш» күйлерін жазған. Домбыра музыкасы бүгін де белсенді дамып келеді. Қазіргі заманда танымал күйшілердің бірі Секен Тұрысбек. Ол жазған 21 ән мен 14 күйді білмейтін музыкант жоқ шығар. Автордың шығармалары Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ таяу және қиыр шетелдердің үлкен концерттік алаңдарында орындалып жүр. Ең танымал күйлері «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Өкініш», «Ару ана». Қазіргі заманның домбырашылары туралы айта келе, композитор-күйші Әбдімомын Желдібаевті де ұмытпағанымыз жөн.
Ол 70-тен аса ән мен күйдің авторы, атап айтқанда, «Ерке сылқым», «Арман құс», «Абай арманы».
Шығармашылықтары халық музыкасының дамуына бүгінгі заманда да баға жетпес үлес қосып жатқан ұлы музыканттардың тізімі Төлеген Момбековсыз толық болмайды. Төлеген Момбеков күйші, ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Композитордың бірінші ұстазы – атасы, атақты күйші Бопыш Қожамжаров. Ол Тәттімбет пен Сүгірдің күйлерін жаңаша орындады. Домбыраға деген қызығушылық әрі музыкалық аспаптың танымалдылығы ешқашан да тоқтаған емес. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастар көп. Бұл қуантарлық жайт. Бұл дәстүрді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің қолымыздан келеді.