Мақсаты: Балалардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі өнерлі оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шар, слайд, гүл, нақыл сөздер
Байқаудың шарты:
-дауыс үндестігі
-сахналық жүрісі, киімі
-орындау шеберлігі
Жүргізуші: Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 27 жыл! Құтты болсын егемендік! Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ. Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Көп ұлттардың бір кісідей мандай терін төккен жер! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Сіздердің назарларыңызға лицей оқушылары арасында өткелі отырған «Патриоттық әндер» байқауына қош келдіңіздер! Бүгінгі байқауымызды ашық деп жариялаймыз! Елдің ерлігі, ердің ерлігі ол
-Әнұран,
Сезім биігі, төзім шыңы ол
-Әнұран,
Әннің асылы, ұранның басымы ол
-Әнұран.
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.) Жүргізуші: Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту», «Қазақстан» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады. Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!
Жүргізуші: Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!
Сәкен Дәрібаевтың әні «Қазақстан бақыты» Орындайтын 5"а" сынып оқушылары
Жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім
Келесі кезекте 5 «ә» сынып оқушыларына берелік орындайтын әндері: «Тәуелсіз ел ұланы»
Жүргізуші: Біз -бейбіт ел ұланы,
Өнер білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады
-дей келе 5"б" сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. орындайтын әні: «Әнұраным Қазақстан»
Жүргізуші: Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басқан ел!
Ән: "Егемен ел Қазақстан" орындайтын 6"а" сынып оқушылары
Мақсаты: Балалардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі өнерлі оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шар, слайд, гүл, нақыл сөздер
Байқаудың шарты:
-дауыс үндестігі
-сахналық жүрісі, киімі
-орындау шеберлігі
Жүргізуші: Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 27 жыл! Құтты болсын егемендік! Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ. Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Көп ұлттардың бір кісідей мандай терін төккен жер! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Сіздердің назарларыңызға лицей оқушылары арасында өткелі отырған «Патриоттық әндер» байқауына қош келдіңіздер! Бүгінгі байқауымызды ашық деп жариялаймыз! Елдің ерлігі, ердің ерлігі ол
-Әнұран,
Сезім биігі, төзім шыңы ол
-Әнұран,
Әннің асылы, ұранның басымы ол
-Әнұран.
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.) Жүргізуші: Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту» , «Қазақстан» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады. Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!
Жүргізуші: Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!
Сәкен Дәрібаевтың әні «Қазақстан бақыты» Орындайтын 5"а" сынып оқушылары
Жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім
Келесі кезекте 5 «ә» сынып оқушыларына берелік орындайтын әндері: «Тәуелсіз ел ұланы»
Жүргізуші: Біз -бейбіт ел ұланы,
Өнер білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады
-дей келе 5"б" сынып оқушыларын ортаға шақырамыз . орындайтын әні: «Әнұраным Қазақстан»
Жүргізуші: Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басқан ел!
Ән: "Егемен ел Қазақстан" орындайтын 6"а" сынып оқушылары
келесі кезекте "Мен қазақпын" әнімен ортада 7"б" сыныбы
Жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Жаса, жаса Қазақстаным» атты патриоттық әндер сайысы өз мәресіне де келіп жетті. Ортаға әділ- қазылар алқасын шақырамыз.
Жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!