kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ЛТТЫ? ТАРИХ –ОТАНС?ЙГІШТІК (ПАТРИОТТЫ?) СЕЗІМ ?АЛЫПТАСТЫРУДЫ? АЛ?ЫШАРТЫ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЯНДАМА ?ЛТТЫ? ТАРИХ –ОТАНС?ЙГІШТІК (ПАТРИОТТЫ?) СЕЗІМ ?АЛЫПТАСТЫРУДЫ? АЛ?ЫШАРТЫ. Тарих – жетістіктерімен ?ана емес, ауыр да ?атал саба?тарымен зердеде ?немі жатталып, жа??ырып отыру?а тиіс ?ткен ша?тар мен д?уірлер тізбегі. Тарихи сананы да ?алыптастыратын да тарихты? ?зі. Д?уірлерді? ?р?айсысында бол?ан тарихи о?и?алар ж?не сол о?и?аны? бел ортасында ж?рген тарихи т?л?аларды? ерлік жолдары мен ел билеушілерді? ?зіне о?ырманын т?нті еткен к?реген саясат-тары, халы? алдында?ы жан?ияр жанкешті та?дырлары о?ушыны? бойында елге, Отан?а, ту?ан жерге деген с?йіспеншілікті? ?андай болатынын ?йретеді. «Бізге ?ажетті – жаны да, ?аны да ?аза?ы, халы?ты? тілі мен дінін, тарихы мен салт-д?с-т?рін бойына сі?ірген, ту?ан жерін т?летуді, егемен еліні? е?сесін к?теруді аза-матты? парызым деп ??атын ?рпа? т?рбиелеу» - деп ай?ын жол к?рсеткен Елбасымыз Н.?.Назарбаев. . Тарихи білім – жалпы адамзатты? ??ндылы?тар?а, д?ниеж?зілік м?дениет жетістіктеріне ынта ?ой?ан, адамгершілік пен демократия м?раттарын жан-т?німен ?абылдайтын, ?о?амны?, ?зіні?, егеменді ?аза?стан Республикасыны? дамуына белсене ?атысатын, ?зін-?зі жетілдіріп отыру?а ?мтылатын, Т?уелсіз мемлекетті? ?уаты мен бейбітшілікті ны?айту?а деген жауапкершілік сезімі бар жас адамны? жеке басын ?алыптастыру?а айтарлы?тай ?лес ?осу?а міндетті. Тарих кісіні? к??ілін оятады, ж?ректі тербейді, б?рын?ы жанны? ?стіне жан кіргізіп жасартады. Тарих – халы?ты? зердесі, о?ырман одан ?уат алады, ол содан ?леуметтік шы?армашылы??а, жар?ын болаша??а бастайтын шабыт алады. ?з тарихын о?у ар?ылы ?лтыны? ?ткен зарлы к?ндерін, ?ай?ысы мен м??ын біліп, ?асіретін т?сініп, б?гінімен салыстыра отырып жан-ж?регі сыздама?ан, тарихынан та?ылым алма?ан ?рпа?тан ерте? не к?тпекпіз?! Елге керегі - отанс?йгіш ?рпа?. Жас ?рпа? - бізді? ?мірімізді тікелей жал?астырушы ?кілі ?ана емес, елімізді? тірегі, мыз?ымас болаша?ы. Елжандылы? рухта о?ыту ж?не т?рбиелеу – жастарды ерлікке, Отанс?йгіштікке, ар-намысты ?ор?ау?а, адамгершілікке баулиды. Осындай халы?шылды? идея, елжандылы? сезім жастарды? ж?регінен тере? орын алып, оларды белсенді іс-?рекетке т?рбиелейді. ?здері ту?ан, ?азір мекен етіп жат?ан жері т?нып т?р?ан тарих екенін білдіру, саналарына «Ту?ан жер» деген ??ымды тере?ірек сі?ірсек, келешекте оларды? арасынан елжанды патриоттарды? ?алыптасуына уа?ытылы ?лес ?ос?анымыз деп білемін. Тарихты о?ытуда?ы ма?сат – ?азіргі заманны? талабына сай н?тижеге ба?ыттал?ан білім берумен ?атар, баланы кісі ?ылып т?рбиелеу, т?л?аны? руханилы?ын ?алыптастыру, я?ни с?йлеу мен ойлау м?дениеті, ?лтты? ж?не діни т?рбие, адамгершілік пен отбасын сыйлау, отанс?йгіштік ж?не е?бек т?рбиесін іске асыру. ?азіргі кезе?дегі мектепте н?тижеге ба?ыттал?ан білім беруді? негізгі ба?ыттары аны?тал?ан. Олар: 1.Мектептегі о?у-т?рбие ?рдісін оптимизациялау( о?у мазм?ны мен дидактиканы жетілдіру, білім беру ?діс-т?сілдерін жетілдіру) 2.Жалпы?а бірдей білім беруді? мазм?нын ?ылыми т?р?ыдан ?йымдастыру. 3.О?ытуды? білімдік, т?рбиелік ?рдісін дамыту(о?у е?бегіні? сапалылы?ы, к?рделілігі, уа?ытты тиімді пайдалану). 4.О?ушыларды? шы?армашылы? белсенділігі ( ?зіндік ж?мысты? т?рлерін дамыту ар?ылы білім сапасын к?теру). 5.П?наралы? ж?не п?ндік ішкі байланыстарды ж?зеге асыру.(білімдік ж?не т?жірибелік іскерлік пен да?дыларды ж?йелеу). 6. О?ытуды?, білім беруді? ?дістемесін жетілдіру. ?рбір саба?ты? алдында білімді ме?герту, икемділікті ?алыптастыру, шы?армашылы?пен е?бек ету ма?саттары т?рады, д?рыс ?ойыл?ан саба?ты? ма?саттары ар?ылы т?л?а?а рухани т?рбие беріледі. Б?л - м??алім е?бегіні? н?тижелі к?рсеткіші. Жа?аша о?ытуда о?ушы м??алімні? т?сіндіргенін ме?геріп ?ана ?оймай м??аліммен тікелей пікірталас?а, ?арым-?атынастар?а к?шеді. О?ушы белсенді р?л ат?арушы ?ана емес, жетекші ба?ытты ?стайды. Ол ?лемді тану?а, белгісіздікті аны?тау?а ?зі жауап іздейді, о?ушыда шешімдер де ?рт?рлі болады. М??алім мен о?ушы арасында ты?ыз байланыс ?алыптасады, екеуі де бір-бірімен ода?та ж?мыс істейді. Осылайша н?тижелі білім мен жан-жа?ты рухани т?рбиені? ?діс-т?сілдері ж?зеге асырылады. Тарих дегеніміз – о?и?аларды?, есімдерді?, ??жаттар мен даталарды? ??р к?нтізбесі ?ана емес, тарих – халы?тарды? ?уанышы мен ?ай?ысыны?, жар?ын ?мірге талпынысыны?, м??гі жасампазды?ыны? жар?ын бейнесі. Олай болса, тарих м??алімі к?нделікті ?мірде о?ушылар?а ?аншама ?ызы?ты ма?л?маттар, танымды? д?ниелер сыйлап, тарих ?леміні? ??пия сырларына тере? бойлатады. О?ушы?а ?аншалы?ты білім беріп, т?рбиелегенін, ?андай де?гейде білімдік н?тижеге жеткенін мынадай білімді есептеу нысандары: 1.О?ушыны? ?з бетімен шы?армашылы?пен ж?мыс істеуін ?ада?алау; 2.?й тапсырмасын тексеру; 3. Ба?ылау ж?мыстары; 4. Та?ырыпты? есеп; 5. Де?гейлік тапсырмалар; 6. То?санды? ?орытындылау; 7. ?БТ к?рсеткіштері; 8. Олимпиада н?тижесі(т?рлі де?гейдегі) 9. ?рт?рлі де?гейдегі пікірсайыс?а ?атысу. сонымен ?атар жазушы, а?ын, ?алым, саясатшы, ?лтыны? тарихы мен д?ст?рін шексіз с?йген т?л?алар болды. М?селен, Ш.У?лиханов- ?аза?тан шы??ан т???ыш ?алым, география,тарих, ?дебиет ?ылымына ?шпес із ?алдыр?ан ?аза? зиялысы, инженер – теміржолшы М.Тынышбаев ?зін к?рнекті тарихшы, этнограф ретінде к?рсетсе, М.Дулатов - а?ын, публицист,жазушы, драматург, педагог, ?о?ам ?айраткері, А.Байт?рсынов – а?ын, публицист, аудармашы, т?ркітанушы, 1924жылы араб графикасы негізінде ?аза? алфавитін ??растырушы бола білді. Ал Б?кейханов болса, ?о?ам ?айраткері, публицист, ?алым болуымен бірге ?аза? фольклорын ж?не эпосын зерттеуге арнал?ан бір?атар е?бектерді? авторы еді. Сонымен бірге ол орыс ?дебиеті шы?армаларын ?аза? тіліне аударушы, ?аза?ты? ?ой шаруашылы?ы, жыл?ы шаруашылы?ы, ірі ?ара мал шаруашылы?ы туралы монографияны? авторы ретінде ?зін таныта білді. Осындай жетістіктер энциклопедиялы? жан-жа?тылы?ы, ?зіні? артына ?аза? тілі мен фольклорын зерттеуде ?лшеусіз із ?алдыр?ан, маманды?ы бойынша д?рігер Х.Досмухамедовке де т?н. О?ыту мен т?рбиелеуді? жа?а нысандары - іскер ойындар саба?ы, саба?-лекция, саба?- консультация, та?ырыпты? есеп саба?ы, семинар саба?ы, конференция, дебат-сайыс саба?тары т.б. Пайдаланыл?ан ?дебиеттер: [1] Байділдина С. Алаш зиялылары ?ылым-білім ха?ында.// ?аза?стан тарихы: ?дістемелік журнал. Республикалы? ?ылыми-?дістемелік ж?не педагогикалы? басылым / Бас ред. ?зімханова Т.Алматы, 03.2009. [2]Имашева ?.Н?тижеге ба?ыттал?ан білім – т?л?аны? руханилы?ын ба?ыттау?а негізделген білім к?зі.//?аза?стан тарихы: ?дістемелік журнал. Республикалы? ?ылыми-?дістемелік ж?не педагогикалы? басылым /Бас ред.?зімханова Т. Алматы,07.2010. [3] ?бді??лова Б. Тарихты о?ытуда к?ркем ?дебиетті? м?мкікдіктерін тиімді пайдалану жолдары.//?аза?стан тарихы: ?дістемелік журнал. Республикалы? ?ылыми-?дістемелік ж?не педагогикалы? басылым /Бас ред.?зімханова Т. Алматы, 12.2009. [4]Т?рымтаева Г. Инновациялы? педагогикалы? технологияларды ?олдану жолдары. // ?аза?стан тарихы: ?дістемелік журнал. Республикалы? ?ылыми-?дістемелік ж?не педагогикалы? басылым./Бас ред.?зімханова Т. Алматы,12.2009. [5] Саудабаев ?.2050 Стратегиясы – жасампазды?ты? жемісті жал?асы.//Егеменді ?аза?стан. 23.01.2013ж. [6]?айкенов Е. ?о?амды? п?ндер саба?тарында?ы патриотты? т?рбие. // ?аза?стан тарихы: ?дістемелік журнал. Республикалы? ?ылыми-?дістемелік ж?не педагогикалы? басылым / Бас ред.?зімханова Т. Алматы, 08.2007. [7]И?сатова Б. Отан мені? ж?регімде. //Егеменді ?аза?стан.24.01.2013.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ЛТТЫ? ТАРИХ –ОТАНС?ЙГІШТІК (ПАТРИОТТЫ?) СЕЗІМ ?АЛЫПТАСТЫРУДЫ? АЛ?ЫШАРТЫ. »

БАЯНДАМА


ҰЛТТЫҚ ТАРИХ –ОТАНСҮЙГІШТІК (ПАТРИОТТЫҚ) СЕЗІМ

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ.


Тарих – жетістіктерімен ғана емес, ауыр да қатал сабақтарымен зердеде үнемі жатталып, жаңғырып отыруға тиіс өткен шақтар мен дәуірлер тізбегі. Тарихи сананы да қалыптастыратын да тарихтың өзі. Дәуірлердің әрқайсысында болған тарихи оқиғалар және сол оқиғаның бел ортасында жүрген тарихи тұлғалардың ерлік жолдары мен ел билеушілердің өзіне оқырманын тәнті еткен көреген саясат-тары, халық алдындағы жанқияр жанкешті тағдырлары оқушының бойында елге, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің қандай болатынын үйретеді. «Бізге қажетті – жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәс-түрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді аза-маттық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

. Тарихи білім – жалпы адамзаттық құндылықтарға, дүниежүзілік мәдениет жетістіктеріне ынта қойған, адамгершілік пен демократия мұраттарын жан-тәнімен

қабылдайтын, қоғамның, өзінің, егеменді Қазақстан Республикасының дамуына белсене қатысатын, өзін-өзі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, Тәуелсіз мемлекеттің қуаты мен бейбітшілікті нығайтуға деген жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуға міндетті. Тарих кісінің көңілін оятады, жүректі тербейді, бұрынғы жанның үстіне жан кіргізіп жасартады. Тарих – халықтың зердесі, оқырман одан қуат алады, ол содан әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын шабыт алады. Өз тарихын оқу арқылы ұлтының өткен зарлы күндерін, қайғысы мен мұңын біліп, қасіретін түсініп, бүгінімен салыстыра отырып жан-жүрегі сыздамаған, тарихынан тағылым алмаған ұрпақтан ертең не күтпекпіз?! Елге керегі - отансүйгіш ұрпақ..

Жас ұрпақ - біздің өмірімізді тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Елжандылық рухта оқыту және тәрбиелеу – жастарды ерлікке, Отансүйгіштікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке баулиды. Осындай

халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс-әрекетке тәрбиелейді. Өздері туған, қазір мекен етіп жатқан

жері тұнып тұрған тарих екенін білдіру , саналарына «Туған жер» деген ұғымды

тереңірек сіңірсек, келешекте олардың арасынан елжанды патриоттардың қалыптасуына уақытылы үлес қосқанымыз деп білемін.

Тарихты оқытудағы мақсат – қазіргі заманның талабына сай нәтижеге бағытталған білім берумен қатар, баланы кісі қылып тәрбиелеу, тұлғаның руханилығын қалыптастыру, яғни сөйлеу мен ойлау мәдениеті, ұлттық және діни тәрбие, адамгершілік пен отбасын сыйлау, отансүйгіштік және еңбек тәрбиесін іске асыру. Қазіргі кезеңдегі мектепте нәтижеге бағытталған білім берудің негізгі бағыттары анықталған. Олар:

1.Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін оптимизациялау( оқу мазмұны мен дидактиканы жетілдіру, білім беру әдіс-тәсілдерін жетілдіру)

2.Жалпыға бірдей білім берудің мазмұнын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.

3.Оқытудың білімдік, тәрбиелік үрдісін дамыту(оқу еңбегінің сапалылығы, күрделілігі, уақытты тиімді пайдалану).

4.Оқушылардың шығармашылық белсенділігі ( өзіндік жұмыстың түрлерін дамыту

арқылы білім сапасын көтеру).

5.Пәнаралық және пәндік ішкі байланыстарды жүзеге асыру.(білімдік және тәжірибелік іскерлік пен дағдыларды жүйелеу).

6. Оқытудың, білім берудің әдістемесін жетілдіру.

Әрбір сабақтың алдында білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылықпен еңбек ету мақсаттары тұрады, дұрыс қойылған сабақтың мақсаттары арқылы тұлғаға рухани тәрбие беріледі. Бұл - мұғалім еңбегінің нәтижелі көрсеткіші.

Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай мұғаліммен тікелей пікірталасқа, қарым-қатынастарға көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, оқушыда шешімдер де әртүрлі болады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бір-бірімен одақта жұмыс істейді. Осылайша нәтижелі білім мен жан-жақты рухани тәрбиенің әдіс-тәсілдері жүзеге асырылады.

Тарих дегеніміз – оқиғалардың, есімдердің, құжаттар мен даталардың құр күнтізбесі ғана емес, тарих – халықтардың қуанышы мен қайғысының, жарқын өмірге талпынысының, мәңгі жасампаздығының жарқын бейнесі. Олай болса, тарих мұғалімі күнделікті өмірде оқушыларға қаншама қызықты мағлұматтар, танымдық дүниелер сыйлап, тарих әлемінің құпия сырларына терең бойлатады. Оқушыға қаншалықты білім беріп, тәрбиелегенін, қандай деңгейде білімдік нәтижеге жеткенін мынадай білімді есептеу нысандары:

1.Оқушының өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуін қадағалау;

2.Үй тапсырмасын тексеру;

3. Бақылау жұмыстары;

4. Тақырыптық есеп;

5. Деңгейлік тапсырмалар;

6. Тоқсандық қорытындылау;

7. ҰБТ көрсеткіштері;

8. Олимпиада нәтижесі(түрлі деңгейдегі)

9. Әртүрлі деңгейдегі пікірсайысқа қатысу.

Жаңа педагогикалық технологияларға жататын ынтымақтастық педагогикасы,

білім беруді ізгілендіру, мәселелік оқыту, тірек белгілер арқылы оқыту, түсіндіре басқарып, озат оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, модульдік және жобалап оқыту технологияларын тиімді қолдану арқылы нақты нәтижелі білімге қол жеткізуге болады. Мұғалім тарапынан оқушыларға:

1.Рефераттар мен баяндамалардың тақырыптарын таңдап алуға, шығармашылық-

пен жұмыс істеуге ақыл-кеңес беру;

2.Тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орташа және нашар оқитын оқушыларға өз бетімен, өзіндік жұмыстар істету;

3.Тарихи материалдың, текстің тезисін құру. Саяси терминдер, ұғымдармен жұмыс істеу;

4. Хронологиялар,мерзімдер, статистикалық мәліметтер, цифрларды «сөйлету»;

5. Конспект жасау;

6. Хандар, батырлар, тарихтан орын алған қоғам қайраткерлерінің өмірбаяндарын зерттеу, халыққа, қоғамға сіңірген еңбектерін сипаттау, өз көзқарасын білдірту арқылы нәтижелі білім беруге, танымдық күшін қалыптастыру және дамытумен қатар оқушының жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, рухани тәрбие іске асырылады.

Тарихты оқытудың бағдарламасына сәйкес өлке тарихы мен аймақтық материалдарды тиімді пайдалану, баланың пәнге қызығушылығы мен тарихи білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі. Сабақты тірек технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білімін нақтылауға, қайталау және тестік тапсырмалардың жауаптарын еске түсіруге, оқушылардың бір-бірінің жауаптарын толықтыруға негізделеді. Кластер кестесі, Венн диаграммасы, дискуссиялық өрнек, семантикалық карталармен тиімді жұмыс істету арқылы нәтижелі білімге қол жеткізуге болады. Әсіресе Кластер тірегін түрлендіріп, оқушылардың өзіндік жұмыстарын оқулықпен, қосымша материалдармен әр түрлі деңгейдегі жұмыстар ұйымдастыру мұғалімнің әдістемелік іс-шеберлігіне байланысты. Менің ойымша, мұғалім сабағында тек сабақты сапалы өтуді мақсат етпей, әрбір оқушыдан патриот қалыптастыруды басшылыққа алғаны жөн. Тарихи білім мен сабақтың сәтті жерінде оқушыларға мақтау айтып, демеу болып әр-түрлі эмоционалдық психологиялық тренингтер( ұрандату, қолдау-қолпаштау, шабытқа ерік беру, еркін ой алаңын ұйымдастыру т.б.) өткізіп оқушылардың сабақтан әсер алуына ықпал еткен де артық болмайды. Мұндай сабақтардан оқушылар білім мен бірге тағылым –тәрбие-сезімге бай тұлғаға айналып шығар еді. Зиялы қауымның өмірлерін өнеге етуді үнемі басты назарда ұстау керек.

Абай, Шәкәрім, Ыбырай сияқты ағартушылардың ұлттық ағарту ісін мұра етіп қабылдаған осы зиялы қауымның өзгелерден тағы бір ерекшелігі олардың жан-жақты шығармашылық қасиеттерінің болуында дер едік. Олардың барлығы дерлік өз кәсіби мамандығының айналасында шектеліп қана қойған жоқ, сонымен қатар жазушы, ақын, ғалым, саясатшы, ұлтының тарихы мен дәстүрін шексіз сүйген тұлғалар болды. Мәселен, Ш.Уәлиханов- қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, география,тарих, әдебиет ғылымына өшпес із қалдырған қазақ зиялысы, инженер – теміржолшы М.Тынышбаев өзін көрнекті тарихшы, этнограф ретінде көрсетсе, М.Дулатов - ақын, публицист,жазушы, драматург, педагог, қоғам қайраткері, А.Байтұрсынов – ақын, публицист, аудармашы, түркітанушы, 1924жылы араб графикасы негізінде қазақ алфавитін құрастырушы бола білді. Ал Бөкейханов болса, қоғам қайраткері, публицист, ғалым болуымен бірге қазақ фольклорын және эпосын зерттеуге арналған бірқатар еңбектердің авторы еді. Сонымен бірге ол орыс әдебиеті шығармаларын қазақ тіліне аударушы, қазақтың қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, ірі қара мал шаруашылығы туралы монографияның авторы ретінде өзін таныта білді. Осындай жетістіктер энциклопедиялық жан-жақтылығы, өзінің артына қазақ тілі мен фольклорын зерттеуде өлшеусіз із қалдырған, мамандығы бойынша дәрігер

Х.Досмухамедовке де тән.

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандары - іскер ойындар сабағы, сабақ-лекция, сабақ- консультация, тақырыптық есеп сабағы, семинар сабағы, конференция, дебат-сайыс сабақтары т.б. оқушылардың шығармашылықпен еңбек етуіне, өз бетімен білім көздерін іздеуге, бірін-бірі оқытып, тәрбиелеуге және осылар арқылы нәтижелі білімге кез келген пән мұғалімі баланың іскерлігі мен дағдыларын дамыту, бағыт беру арқылы қол жеткізіп оқушылардың да, пәннің де беделін көтерер еді.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Менің ойымша, бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқыту-

ды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімінің анағұрлым арта түсерінің куәсі болар едік. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін факультатив немесе міндетті пән ретінде оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Жалпы қазақ тарихымен қатар өзі тұратын жерінің

де төл тарихымен танысып өссе баланың бойында елжанжылық қасиеттің дамуына жол салар едік.

Ұлттық тарихтың беделін көтеруде оны көркем әдебиетпен байланыстыра оқытудың да маңызы зор. Тарих сабағында оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыруда, есте жақсы сақтауында, тарихи материалды әсерлі әрі түсінікті оқып үйретуде көркем әдебиетті, хрестоматия, тарихи дастандар, естеліктер, анықтамалықтар, фольклорлық, этнографиялық, мұрағаттық материалдардан үзінді, мұражайлар, көрмелердің мүмкіндіктерін пайдаланған тиімді. Бұл аталған қосымша материалдардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктері мен ортақ белгілерімен ажыратылады. Олардың біразы сол заманның куәгерлері немесе оқиға болған уақыттың бер жағында өмір сүріп бізге жеткен тарихи шығармалар.Көркем әдеби шығармаларда көпшілік жағдайда тарихи шындық бейнеленеді, оқушылардың көз алдына тарихи оқиға, ұлы тұлғалар бейнесінің әсерлі сипаттамасы елестейді. Мәселен, осындай материалды сабақта талдаған соң, орта ғасырдағы жәрмеңкеге бара жатқан шаруа, не қолөнерші туралы әңгіме құрастыр деген тапсырма беру оқушылардың тарихи кезең туралы нақты және толық ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар көркем әдебиет шығармаларын сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді, ондағы қандай оқиға шындық, ал қайсысы ойдан шығарылғанын талдап көзі жеткен соң, өз ойын дәлелдеуге ұмтылады. Көркем әдебиеттен есте жақсы сақталатын әсерлі, бейнелі эпизодтар, айқын суреттемелер, эпитеттер, қысқаша суреттемелер, өткір де даналы сөздер қолданған жөн. Мұндай жағдайда мұғалім әңгімесі баи түседі, тартымдылығы артады. Тарих сабақтарында қанатты сөздердің, мақал- мәтелдердің, бейнелеп суреттеудің орны ерекше. Мысалы, кейде тарихи оқиғаны баяндағанда мұғалім айқын, өткір сөздерді пайдаланып, белгілі бір фактінің мәнін терең ашып көрсетіп, оқушылардың санасында берік орнықтыруға мүмкіндік жасайды. Ол үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойған пайдалы:

  • «Мемлекет дегеніміз - мен» деген кімнің сөзі?

  • «Атамекен жері үшін, қасиетті елі үшін, болмай қалар кім батыр?»- деген

кімнің жалынды сөзі?

- «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» - деген сөзді айтқан жазушы кім?

Ұлттық тарихтың мәртебесін арттыру бағытында мұғалім сабақтарында жаңа педтехнологиялық әдістермен қатар ұлттық педагогиканы да басшылықта

ұстағаны жөн. Халқымыздың салт-дәстүрінің, мәдениетінің жинақталған қорын өскелең ұрпақтың бойына сіңіруде тарихи міндет, сондықтан да оның элементтерін сабақта дидактика, ойын, әдіс ретінде пайдалану пән мұғалімдерінің дағдысына айналу қажет. Майқы бабаның «Біздің халқымыз осыдан мың жыл бұрын да қазақ атанған. Атамыз – Алаш, керегеміз- ағаш қазақпыз» деген аталы сөзін қашанда бар ұрпақтың санасында сақтап, көкірегінде ұялататын, Тұмар ханша мен Күлтегіннің қылышына, Кет- Бұға мен Қорқыттың қобызына, Бөгенбай мен Қабанбай қорғаған, бүгінгі күнде Елбасымыз мерейін үстем етіп отырған ұлан-ғайыр сахараға мұрагер жастардың санасын дамытушы және білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз. Алаш арыстарының бірі А.Байтұрсыновтың сөзімен: «...Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, сол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақ.. Олай болса, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, мұғалім үнемі ізденісте, білімін жетілдіруде тынбай еңбектенуі керек. Осы бағытта республика аумағында ұйымдастырылып жатқан «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығының жұмысы ұстаздарға ауадай қажет кезінде жүзеге асып жатқан шаралардың бірі.

Елбасы Н.Назарбаевтың басшылық етуімен әлемді аузына қаратқан алпауыттармен тереземіз тең, керегеміз кең тірлік кешудеміз. Ұлтымыздың құндылығы мен ар-намысы сынға түсіп жатқан жаһандану заманында Елбасымыз бастаған сара жолмен жүріп, тарих сахнасында басты кейіпкер болып қалу - бүгінгі таңдағы абыройлы да, күрделі міндет. Осы міндетті жүзеге асыру бүгінгі жастардың - ертеңгі ел тұтқаларының қолында. Олай болса, Отансүйгіштік Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяның негізі болуы тиіс. Ал патриотизмнің нәтижесі мемлекеттің саяси құжаттарында, ел азаматтарының нақты іс-әрекеттерінде көрініс тапқаны абзал. Себебі, азамат, патриот болу үшін, батыр немесе асқан ерекше адам болу шарт емес. Тек өз Отаныңды жеткілікті дәрежеде сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуің қажет. Бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы сынға алған «мен қоғам ішіндемін» деген масылдық психологиядан, «қоғам, немесе, көпшілік солай болса мен қайтемін» деген әрекетсіздікке, бойкүйездікке бастайтын ойдан «Отан менің жүрегімде» деген ұстанымға көшу абзал.





Пайдаланылған әдебиеттер:

[1] Байділдина С. Алаш зиялылары ғылым-білім хақында.// Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылым / Бас ред. Әзімханова Т.Алматы, 03.2009.

[2]Имашева Ә.Нәтижеге бағытталған білім – тұлғаның руханилығын бағыттауға негізделген білім көзі.//Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылым /Бас ред.Әзімханова Т. Алматы,07.2010.

[3] Әбдіғұлова Б. Тарихты оқытуда көркем әдебиеттің мүмкікдіктерін тиімді пайдалану жолдары.//Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылым /Бас ред.Әзімханова Т. Алматы, 12.2009.

[4]Тұрымтаева Г. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдары.

// Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылым./Бас ред.Әзімханова Т. Алматы,12.2009.

[5] Саудабаев Қ.2050 Стратегиясы – жасампаздықтың жемісті жалғасы.//Егеменді Қазақстан. 23 .01.2013ж.

[6]Қайкенов Е. Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие. // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылым / Бас ред.Әзімханова Т. Алматы, 08.2007.

[7]Иқсатова Б. Отан менің жүрегімде. //Егеменді Қазақстан.24.01.2013.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ЛТТЫ? ТАРИХ –ОТАНС?ЙГІШТІК (ПАТРИОТТЫ?) СЕЗІМ ?АЛЫПТАСТЫРУДЫ? АЛ?ЫШАРТЫ.

Автор: Аманшаева Жулдыз Нурлыбайкызы

Дата: 04.03.2015

Номер свидетельства: 182132


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства