kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жылдық сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшаның ересек тобына арналған жаңа жылдық сценарий

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жылдық сценарий»

«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК

Музыкалық жетекшісі Қаратаева Айдана Қуандыққызы

Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»



Балалар залға музыкамен кіреді.

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Құрметті, ата-аналар, балалар, Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан жылқы жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін. «Келді міне, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алып маңайын.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Балалардың тақпағы

(барлығы отырады)

Жүргізуші: Балалар, мен қардың сылдырын естіп тұрмын (залға әндетіп Ақшақар кіреді) шырша түбіндегі қоянды көреді.

Ақшақар: Ақ қоян-ау, ақ қоян неге жылап отырсын?

Қоян: Бәрі-бәрі жақсы-ау, бірақ біздің әсем шыршамызды Қар ханшайымы өз сарайына апарып, мұздайып қатырып тастады, біз әсем шыршасыз жаңа жыл мерекесін қалай тойламақпыз. (Бәрі аң таң болып тұрғанда қу түлкі келеді).

Түлкі: Неге жиналып қалғансыңдар?

Қоян: Қар ханшайымы біздің әсем шыршамызды өз сарайына апарып , мұзғып қатырып тастапты. Әсем шыршасыз жаңа жыл мерекесін қалай тойлаймыз?

Түлкі: Менімен бірге жүріндер. Мен түлкімін-түлкімін, тұнып тұрған күлкімін.

(шыршаны бір айналып шығады)

Бәрі бірге: Сәлеметсізбе, Қар ханшайымы!

Ханшайым: Менің сарайымда неғып жүрсіңдер?

Түлкі: Әсем шыршасыз біз жаңа жыл мерекесін қалай тойлатпақпыз? Шыршамызды қайтарып беруіңізді сұраймыз.

Ханшайым: Олай болса, менің көңілімді көтеріңдер.

Жүргізуші: Балалар, әсем шыршамызды қайтарып алу үшін Қар ханшайымына арнап би билеп берейік.

Би: «Шамандар»

Қар ханшайымы: Көңілімді көтеріп тастадыңдар, рахмет сендерге, балалар, әсем де көрікті шыршаларыңызды қайтарып берейін.

Балалар: Алақай!

Жүргізуші: Балалар, біздің мерекемізге тағы бір қонағымыз асығып, келе жатқан сияқты, бұл кім болды екен? (Залға арыстан кіреді)

Арыстан: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге хат алып келдім.

Жүргізуші: Хат кімнен екен?

Арыстан: Ойланып көріңдер. Бізге жаңа жылда кім көп сыйлық береді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Арыстан: Өздерің қандай тапқыр балаларсыңдар?

Жүргізуші: (Хатты оқиды) Балалар, Аяз ата сендерді құттықтапты, бізде қазір сендердің мерекелеріңізге барамыз! Сендер мерекелеріңді бастай беріңдер депті.

Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келгенше, арыстанға арнап, тақпақ айтып берейік!

Тақпақтар

Түлкі: Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық.

(Музыкамен Ескі жыл кіреді)

Ескі жыл: Бүгіннен ертең ғаламат, алдыңғы сапта боларсың.

Келер жыл саған аманат,

Қош сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,

Ескі жылдай ата бар.

Оны ортаға алып біз,

Қоштаса билеп қалайық

Би: «Қояндар мен Ақшақарлар вальсі»

Түлкі, қояндар бірге: Алақай, алақай, жаңа жыл келді, қарсы алайық. (Осы кезде жаңа жыл кіреді)

Жүргізуші: Жаңа жыл жаңа күннен басталады,

Ашылып келешектің төс қаламы.

Билігін ескі жылдың қолынан алып,

Жаңа жыл одан әрі басқарылады.

Жаңа жыл: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Рахмет, балалар, мені бөтенсітпей, шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет. Өнерлі, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер, 365 күн бірге боламыз. Айтпақшы, Аяз ата мен Ақшақар келген жоқ па? Осылай қарай кетіп еді.

Жүргізуші: Жоқ, бізге Аяз-ата келген жоқ. Ал біз, жаңа жылымызды ортаға алып, ән шырқайық. Аяз ата дауысымызды естіп, тез келсін. Түлкі, қоян, арыстан сендерге де рахмет, қане біздің балалармен бірге көңіл көтеріңдер

Ән: «Шырша жыры» (отырады)

Аққала: Келем, келем, ұшып келем!

Атамызға көмектесем,

Үшкір ине-жасыл ине,

Шыршаны жағуға мен келем. (Балаларды көріп қалады)

Ой, балалар, мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба?

Жүргізуші: Жоқ, Аққала, сен кешіккен жоқсың, уақытында келдің. Балалар, келген қонақпен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Аққала: Сәлеметсіңдер ме? Балалар, сендер сыйлық, ойыншық, кәмпиттерді тосып жүрген шығарсыңдар? Мені осында Аяз ата шыршаны жағуға жіберді, сендер өздерің шыршаны жаға алмайсыңдар!

Жүргізуші: Аққала, біз балалармен шыршаны жаға аламыз, сиқырлы сөздерді де білеміз.

Аққала: Сиқырлы сөздерді де білесіңдер ме? Қане, айтып көріндерші: 1,2,3- шыршамыз жарқыра.

Жүргізуші: Бұл қалай болғаны? Шыршамыз неге жанбай тұр?

Аққала: (Сиқырлы даусымен) Биылғы жыл мерекеде,

Орманда жаңа заң шықты.

Шыршамыздың маңдарын

Сиқырлы кілтпен жағыпты.

Жай емес, ол сиқырлы,

Алтынменен қапталған.

Жағайық еппен шыршаның

Әдемі шамын қаптаған.

- Ал, енді менімен бірге сиқырлы сөзді қайталаңдар! 1,2,3- шыршаны жағамыз! (Аққала қолындаған кілтімен шыршаны айналып өткенде, шырша жанады, кілтті шыршаның астына қояды)

Аққала: Міне, енді басқа жағдай, мерекені де бастауға болады.

Ертегі: «Машенька и рукавички»

Ән: «Маленькая елочка»

(Осы кезде залға Мыстан кемпір қызыл телпектің костюмін киіп өлең айтып кіреді).

Жүргізуші: Сәлеметсізбе! Сен кімсің, қайда барасың?

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме?

Балалар: Сәлеметсізбе?

Қызыл телпек: Мен Қызыл телпекпін, апамның үйіне жаңа жылмен құттықтауға бара жатырмын. Міне, ыстық шелпегім де бар (дорбасын көрсетеді)

Аққала: (балаларға) Маған дорба таныс, мен бұл дорбаны бір жерден көргенмін.

Жүргізуші: Қане, Қызыл телпекті мерекеге шақырайық па?

Балалар: Иә!

Жүргізуші: Кел, Қызыл телпек бізбен бірге ойна, биле!

Аққала: Ой, балалар, мен жүгіріп барып аяз ата келе жатыр ма екен көріп келейін. Ол келіп қалған сияқты. Қызыл телпек, сен балаларды көңілдендір, сиқырлы кілтті күзет (жан-жағына қарап) Мынау біреуге ұқсайтын сияқты: (Залдан шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, қызыл телпекті бізбен бірге ойнауға шақырайықшы!

Балалар: Шақырайық! (Шеңберге тұрады)

Қызыл телпек: (Шыршаның астына дорбасын қояды да, кілтті алып алады)

- Ойнағыларың келе ме? Қазір ойнайсыңдар! (Жаман күліп, балаларды айналып жүреді).

Қатырамын, сиқырлаймын, бастарыңа желді ұшырамын.

Тұрасыңдар, қозғалмайсыңдар! Күлуді де қоясыңдар!

Ойнауды да, ән айтуды да, билеуді де ұмытасыңдар!

Чуфра-муфра, карабас!

Шыршаларың өмірлік өшіп қалсын!

(Шырша өшіп қалады, балалар қатып шеңберде тұра береді)

- Ал, сендердің сиқырлы кілттеріңді тікенекке айналдырамын! (Алысқа лақтырып, өзінің дорбасын алып) – сау болыңдар, балалар! Көңілденіңдер, егер қолдарыңнан келсе! Ха-ха-ха! – деп күліп кете береді.

Жүргізуші: Қызыл телпек, қайда барасың? Сен не істеп қойдың? (Осы кезде залға Аққала кіреді).

Аққала: Көңілденіп жүрсіңдер ме? Жарайсыңдар! Мен бір түрлі түсінбей тұрмын. Сендер көңілдіге ұқсамайсыңдар. Қызыл телпек қайда? Шыршаға не болған? (сасып қалып) Кілт қайда?

Жүргізуші: Аққала менде түсінбедім не болғанын, жылайды, енді не істейміз, балаларды қалай құтқарамыз?

Аққала: (Балаларды айналып, қолдарын көтеріп, аяқтарын қозғайды, ал балалар ұйықтап тұрады)

Аққала: (Ойланып) Балалар әкесі мен анасын тыңдайды ғой?

Жүргізуші: Ата-аналар, көмектесіңдер! Балаларыңызды оятыңыздар! Аттарымен қатты айтыңыздар! (Ата-аналар балаларын шақырады, олар ұйықтап жатады). Енді не істейміз?

Аққала: Мен таптым! Ата-аналар сіздер балаларыңыз ұйықтаған кезде не істейсіздер? (Ата-аналар бесік жырын айтамыз,-дейді)

Аққала: Дұрыс айтасыздар! Ал, енді біз балаларды оятатын бір жаңа жыл әнін айтамыз. Дайынсыздар ма?

Ән: «Орманда туып жас шырша» (ата-аналармен бірге)

Жүргізуші: Аққала, сен қандай жақсысын! Балалар, бәріміз бірге қосылып Аққалаға, ата-аналарымызға рахмет айтайықшы!

Балалар: Рахмет! (Орындарына барып отырады)

Жүргізуші: Аққала, Біздің шырша өшіп қалды, Қызыл телпек кілтті лақтырып жіберді.

Аққала: Ағаш бұтағын алып, оның сыртынан әдемі сиқырлы орамалды жабады). Балалар қазір мен сиқырлап көрейін, ал сендер менің артымнан қайталаңдар! (Аққала сиқырлы сөздерді айтады, балалар сөздерді қайталайды).

- Қармен қармен,

- Аппақ, аппақ,

- Ақ күмістей, ақ күмістей,

- Бұрышына дейін шыттың, күмістен біз шашамыз,

- Сиқырлаймыз, сиқырлаймыз.

- Кілтке, кілтке

- Айналдырамыз, айналдырамыз!

(Аққала шытты ашып қараса ештеңе өзгермейді)

Аққала: Қолымнан келмей тұр.

Жүргізуші: Балалар, кез-келгеніміз зұлымдықты бимен, ойынмен және әнмен аламыз! Олай болса қане, көңілденейік!

Өлең айтып, би билеп,

Көңілденіп жүреміз!

Қане ұлдар, қане, қыздар,

Би билейміз бәріміз!

Би: «Аққала»



(Биден кейін залға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді. Олар өте көңілсіз. Аяз ата мен Ақшақар балаларды жаңа жылдарымен құттықтайды)

Жүргізуші: Аяз ата, сіз неге көңілсізсіз?

Аяз ата: Маған ұят болды, балалар. Сендердің сыйлықтарыңды сақтай алмадым. Іздеп, іздеп таппадым, ол қапты жел алыс жаққа ұшырып әкетті.

Жүргізуші: Аяз ата, сіз ренжімеңіз, бізге ең маңыздысы жаңа жылды көру, сенімен бірге шыршаны айналып жүру. Аяз ата, қараңызшы, қандай әдемі, көңілді балалар. Олар сізге ән дайындады, қане, орындыққа отырып, тыңдаңыз!

Ән: «Шыршамыз» (отырамыз)

Аяз ата: Жақсы ән екен, балалар! Балалар, жарайсыңдар, менің көңілімді таптыңдар! Қазір мен сендерге сыйлық берейін. Ойбай, мен ұмытшақпын. Сыйлық жоқ қой....

Жүргізуші: Аяз ата, сабыр етіңіз! Қараңызшы, балалар сіздерге не дайындады.

Ән: «Санта» (ағылшын тілінде)

Тақпақтар.

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Бірақ сендердің мерекелеріңе бірдеңе жетпейтін сияқты.

Ақшақар: Аяз ата, шырша жанбай тұр ғой!

Аққала: Аяз ата, кілтке қараңызшы! Қызыл телпек оны сиқырлап тастаған. (Төмпешікте жатқан орамалды көрсетеді)

Аяз ата: Қызыл телпек дейсің бе? Менің орманымда Қызыл телпек сиқырмен айналыспайды. Қане, көрейік. (Төмпешікке жақын келіп,сиқырлап, кілтті алып шығады)

Аққала: Бәрекелді, бәрі орындалады. Кілт сиқырланды. Бізге күлкі мен көңіл көмектесті.

Аяз ата: Қане, балалар, сиқырлы сөздерді айтыңдар, тезірек шырша жансын.

Аққала: Балалар, тезірек ортаға келіңдер. Сиқырлы сөздеріңді ұмытқан жоқсындар ма?

(Балалар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Аққаланың айтқан сөздерін қайталайды- 1, 2, 3 – шыршамыз жан! Шырша жанады)

Ақшақар: Қайтадан шыршаны айналып ән айтамыз, көңіл көтереміз.

Ән: « Жаңа жыл»

(Балалар орындарына барып отырады)

(Залға Қызыл телпек әндетіп кіреді)

Қызыл телпек: Сендер жалыққан жоқсыңдар ма? Тағы да көңіл көтереміз бе?

Аққала: Әженнің қалы қалай? Шелпегін қатып қалған шығар.

Қызыл телпек: Қайдағы шелпектер? Бұл сыйлықтар ғой. Ойбу, айтып қойдым ғой!

Аққала: Ойыма түсті ғой, Аяз ата қараңызшы, бұл қап сіздікі емес пе?

Аяз ата: Менікі, менікі!

Аққала: Мұнда шелпек емес, сыйлықтар ғой.

(Мыстан кемпір қапты лақтырып, телпегін жоғалтады)

Аяз ата: Мыстан кемпір, сен тағы да тәртіпсіздік жасап жүрсің ғой.

Мыстан кемпір: Әлі көресіңдер! Бүгінгі күн сендердікі. Менің батпағымда да үлкен мереке болады! (жүгіріп шығып кетеді)

Ақшақар: (Қапқа қарап) Аяз ата, жақсы болды ғой, сыйлықтарымыз табылды ғой! Енді балалардың көңілін көтерейік, ойын ойнайық!

Ойын: «Шыршаны безендіру» (ата-аналармен)

(Есіктің артынан жылаған дауыс естіледі)

Ақшақар: Мұндай көңілді күні кім жылап тұр?

Аққала: (есікке келіп) Иә, бұл Мыстан кемпір ғой, жалғыз қалдым деп жылап тұр.

Аяз ата: Балалар, Мыстан кемпірді кешірейік пе?

Балалар: Жарайды!

Аққала: Онда, бізді көңілдендірсің!

Ойын: «Көңілді қарлар»

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл елімізге!»

Аяз ата: Мыстан кемпір, бізді күлдірдің ғой, біз сені кешіреміз. Біз ән айттық, ойын ойнадық, көңілдік көтердік! Ал енді барлықтарыңа сыйлықтар беретін уақыт болды.

Балалар: Алақай!

(Барлық мерекеге қатысқан кейіпкерлер балаларға сыйлықтар береді)

Аяз ата: Міне, жаңа жылға арналған мерекемізде аяқталды. Барлықтарына көңіл күйлерің жақсы болуын тілеймін.

Ақшақар: Балалар, барлықтарыңа денсаулық тілеймін, ешқандай қиыншылық көрмей өсе беріңдер! Ал, енді біз Аяз атамен бірге, бір жылдан кейін кездесеміз.

Барлық мерекеге қатысқан кейіпкерлер балалармен қоштасып, шығып кетеді. Тәрбиеші балаларды, ата-аналарды жаңа-жылдарымен құттықтайды

Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,

Ол кеткен соң, ойға батамыз.

Аппақ қар боп, қалықтаймыз аспанда,

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.



Жаңа жыл келді міне жерімізге,

Әкеліп құт -береке елімізге,

Қиындық жолатпасын бәрімізге!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа жылдық сценарий

Автор: Қаратаева Айдана Қуандыққызы

Дата: 14.11.2016

Номер свидетельства: 358816

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) ""Жыл 12 ай" ертегісі желісі бойынша жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(66) "zhyl_12_ai_iertieghisi_zhielisi_boiynsha_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "448542"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515436306"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Алтын балық" ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(71) "altyn_balyk_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "447592"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1514901046"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Ертегілер елінде" жа?а жылды? сценарий "
    ["seo_title"] => string(48) "iertieghilier-ielindie-zhan-a-zhyldyk-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "207793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430653036"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертегі. Сыныптан тыс жұмыс. 2 сынып"
    ["seo_title"] => string(53) "zhan_a_zhyldyk_iertieghi_synyptan_tys_zhu_mys_2_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "446081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513975028"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства