"Жыл 12 ай" ертегісі желісі бойынша ұйымдастырылатын жаңа жылдық сценарий
Сыныптар: 5В, 5Г.
ФАНФАРЫ
ФОН 001: Сағаттың дыбысы (жаңа-жылдың келе жатқанын білдіретін әуен).
002 танец звездочек
Жұлдыз:
Жұлдызың боп жарқырасам көгіңде
12 ай өтіп кетті бүгінде
Бүгін біздің соңғы түн жарқырайтын
Осы кешке арналсын шын көңілдер
Балалар 1 жылдағы 12 айда алмасып келіп, 2017 жылда аяқталмақшы. Біз осы уақыт аралығында 365 рет жарқырап жанып, әдемі, сырлы түндер сыйлаппыз. Енді қалайша қоштаспақшымыз?
003 танец солнца
Күн:
Бар әлемді нұрландырдым жылуыммен
Жібітемін қыстың ызғар суығын мен
Жұлдыз сен неге сонша мұңаясың
12 ай алмаспайма мына бізбен
Шуақтарым менің, маңайымды жылытқан рауандарым менің біз әр күн сайын жұлдыз болып түн батырып, күн болып таң атырып келеміз. Біз болмасақ алдағы келе жатқан 2018 жыл қалайша келесі жылға жете алады. Сондықтан да біздің мақсатымыз Тауық жылымен жылы қоштасып, Жаңа ит жылын қуанышпен қарсы алу. Солай емес пе?
004 Басталу
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын. Ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Бармысыздар,замандас, бауырлар,шабытты шәкірттер!
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де көрмегенде арманда
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын!
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың,
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын!
1-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа-жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үмітіміз бар.
2-жүргізуші: Олай болса,көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер!