kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?й шежіре- к?й дастан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?ркі тектес байыр?ы к?шпенділер жаса?ан ?згеше бітімді ?ркениетті? тікелей м?рагері, ?ткен ?асырды? басына дейін, негізінен, к?шпенділік ?мір салтын ?стан?ан, кейін тіршілік ы??айы ?згерсе де, рухани ?алыбын са?тап ?ал?ан ?аза? хал?ыны? е? с?лу, сырлы м?расы – д?ст?рлі музыкасы. Сан салалы, к?п жанрлы д?ст?рлі ?аза? музыкасыны? ке? тарал?ан ж?не аса биік профессионалды? ?реге жеткен тарма?ы – домбырада орындалатын к?йлер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«к?й шежіре- к?й дастан»

Армысыздар қадірменді ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі өткізгелі жатқан «Күй шежіре, күй дастан» атты танымдық лекция концертіне қош келдіңіздер!
Домбыра, мұнша шешен болдың неге;
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр толғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе

Түркі тектес байырғы көшпенділер жасаған өзгеше бітімді өркениеттің тікелей мұрагері, өткен ғасырдың басына дейін, негізінен, көшпенділік өмір салтын ұстанған, кейін тіршілік ыңғайы өзгерсе де, рухани қалыбын сақтап қалған қазақ халқының ең сұлу, сырлы мұрасы – дәстүрлі музыкасы. Сан салалы, көп жанрлы дәстүрлі қазақ музыкасының кең таралған және аса биік профессионалдық өреге жеткен тармағы – домбырада орындалатын күйлер.
Күйдің қай заманнан бері тартылып келе жатқандығының нақты дерегі жоқ. Бірқатар зерттеушілер күй бағзының бағзысында, әзелгі ғұн, түркі дәуірінде пайда болған деп пайымдайды. «Күй» сөзі түркі халықтарының біразында этномузыкалық термин ретінде пайдаланылады. Түпкі төркін мағынасы «хал, жағдай, көңіл ауаны» сияқты психо - эмоциялық ұғымды білдіреді. Күй – құрылымы жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, ойлы, сырлы, әуендік бітімі күрделі, музыкалық формасы кемел, жанрлық, заңдылық белгілері әбден тәптіштелген аспаптық пьеса.
Сахара аймақтарының тарихи, мәдени және жағрафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына байланысты, қазақтың домбырашылық, күйшілік өнерінде жеті түрлі орындаушылық дәстүр қалыптасты.
Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс өңірі күйшілік мектептері деп аталады.
Біз дәстүрлі күйшілік мектептердің ретін Шығыс өңірі күйшілік дәстүрінен бастауды жөн көріп отырмыз.

1. Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Өйткені Шығыс Қазақстан (Семей, Шыңғыстау, Шұбартау, Аягөз, Тарбағатай), Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, сонымен қатар, Моңғолияның Баян - Өлгий аймағы қазақтарының күй мұралары осы дәстүрге жатады. Бұл өңірдегі, негізінен, архаикалық үлгідегі аңыз - күйлерден тұратын күйшілік, домбырашылық өнердің тамыры тереңнен бастау алады. Әсіресе, теріс бұрауда (квинта) тартылатын «Шыңырау», «Тауқұдірет», «Ақсақ марал», «Ақсақ қыз», «Ақсақ аю», «Бұлғын - сусар», «Балжыңгер», «Сұрмерген» сияқты күйлер – аңыз - әңгімелерімен астасып жатқан көне жәдігерлер. Шығыс Қазақстан домбыра күйлерінің «Сары өзен», «Беласар», «Қорамжан», «Ащы күй» сынды тағы бір бөлігі – қазақ пен қалмақ шапқыншылығы дәуірінен көрініс беретін тарихи шығармалар. Ал «Салкүрең», «Телқоңыр», т. б. халық күйлері – өте ерте замандардан жеткен туындылар.
Шығыс күйшілік дәстүріндегі ең ірі тұлға – қазақ күй өнерінің, оның ішінде шертпе күй саласының дамып, көркеюіне көп үлес қосқан Байжігіт күйші. Байжігіт күйлерінің тақырыбы әр алуан. Оның «Көкбалақ», «Қайың сауған», «Шаңды жорық» сияқты күйлерінен жаугершілік заманның елесі көрініс берсе, «Ерке атан» күйі мұңды тарихымен есте қалады. Байжігіт күйлерін жаздырып, насихаттап жүрген бүгінгі орындаушысы – домбырашы Таласбек Әсемқұлов.
Енді ортаға Байжігіттің «Көксерке» күйімен 2 класс оқушысы Өтеген Әйгерімді шақырамыз.

2. Жетісу күйшілік дәстүрі
Бұл өңірдің де аспаптық музыкасы қаншалықты қызықты, әрі стильге бай болғанмен, осы күнге дейін түбегейлі зерттеу нысанасынан тыс қалып келеді. Еліміздің Жетісу өлкесінде ертедегі аңыз күйлермен қатар авторлары ұмыт болып, ел арасында сақталып қалған халық күйлері молынан кездеседі. Мысалы: «Аққу», «Аққудың зары», «Жеті атан – ерке атан», «Мұңлық – Зарлық», «Жетім қыз», «Жетім бала», «Жиренше шешен», «Тепеңкөк», «Шұбар киік», «Ақсақ қыз» сияқты көне күйлер ерте дәуірлерден сыр шертеді. Тамырын тереңнен тартатын Жетісу күйшілік өнерінде, бертін келе, үлкен екі мектептің қалыптасқандығын байқаймыз. Бұл мектептер дәулескер күйші - композиторлар – Байсерке Құлышұлы және Қожеке Назарұлы есімдерімен тығыз байланысты.
Байсерке күйшінің көп мұрасынан, өкінішке қарай, кезінде жинақталып, жазылып алынбағандықтан, көз жазып қалып отырмыз. Осы бір ұлан - ғайыр күйшілік мектептің жұқанасындай болып жинаққа Байсеркенің «Ұран күй», «Толқытатын күй» деп аталатын туындылары ғана енді.
Байсеркенің күйі «Ұран күй» орындайтын: Байдаулетова Мейрамкүл

3. Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі
Қазақтың күйшілік өнерінің айрықша салаларының бірі – Сыр бойында қалыптасқан. Сарыны бөлек, тартысы ерекше, Сыр бойының күйлерінде ұлттық саз өнерінің інжу - маржаны түзілген. Бастауы әріден келе жатқан бұл күйшілік дәстүрдің бүгінгі ұрпаққа жеткен үлгілерінде мазмұндық тереңдік, орындаушылық шеберлік, рухани даралық, көркемдік құндылықтар айқын байқалады. Бұл күйшілік дәстүр көрнекті күйшілер Үсентөре, Шал Мырза, Жалдыбай Елеукеұлы және Қазанғаптар өнерімен даму кезеңін өткізіп, Әлшекей, Құрақтың Досжаны, Жаңаберген, Теңізбай, Нартай, Көнек тағы басқа өнер саңлақтары арқылы қазіргі ұрпаққа жетіп отыр. Бұлардың ішінде өз алдына жеке күй орындаушылық мектебін қалыптастырған Қазанғаптың күйшілік тәлімі де Сыр бойының үрдістерінен бастау алғаны анық. Сыр өңірінде өмір сүрген күйші - композиторлардың ішінде үш дәулескер күйшінің есімін атауға болады. Олар: Мырза Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бекпенбетұлы, Досжан Құрақұлы. Сыр бойы күйшілік дәстүріндегі көрнекті тұлғалардың бірі Мырза Тоқтаболатұлының ғұмыр кешкен, музыкалық мұрасының молынан сақталған жері – Қызылорда облысының Қазалы өңірі. Бүгінгі күні Мырза күйшінің «Асанқайғы», «Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі», «Ташауыз» сияқты бітімі, құрылымы бөлек, композициялық жағынан оқшау тұрған жиырмадан астам күйлері белгілі болып отыр. Мырза күйлерінің басты ерекшелігі, көбінесе, транспозициялық формада құрылған. Күйдің өзі шағын 3 бөлімді шығарма іспеттес. Бұны «Жемнің ағыс күйі», «Ташауыз», «Бұғының күйі», т. б. күйлерден байқауға болады. Осындай құрылымдағы күйлер, көбіне, сағасыз болып келеді. Яғни, батыс күйлеріндегідей кіші, үлкен сағаларда үстіңгі ішектегі стереотип тартылмайды. Осы әдіс Сыр бойы күйлерінің көбіне тән.
Мырза күйлерін, сонымен қатар, Сыр бойында сақталған халық күйлерін, Құрманай Төремұрат, Жалдыбай күйшілер мұрасын шашау шығармай, ерекше нақышпен орындап, насихаттаушы – қазалылық дүлдүл домбырашы Нәби Жәлімбетов.
Қазанғаптың күйі «Торы жорға аттың бөгелек қағуы» орындайтын: 4 - класс оқушысы Матайбеков Самат.

4. Арқа күйшілік дәстүрі
Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып жатқан байтақ өңірдің атымен аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең көрнекті тұлғасы – Тәттімбет Қазанғапұлы. Шертпе күй саласында екі ішекті алма - кезек даралап қағу, бір ішекті бойлай шерту әдістерін көбірек қолданып, бұл тарапта жаңашыл бағыт, оқшау мектеп қалыптастырған Тәттімбет күйлерін терең ойға, философиялық толғамға толы шертпе күйлердің үздік үлгісі деуге болады. Небары 45 жас қана ғұмырында өшпестей мұра қалдырған, қазақтың күй өнерін жаңа саз, соны өрнектермен байытып, түрлі тақырыпты қамтитын 40 - тан аса күй шығарған Тәттімбеттің философиялық ой - толғамдарға құрылған «Қосбасар» (9 нұсқасы), «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Бес төре» (І, ІІ түрі), махаббат сырын шерткен «Сылқылдақ», «Көш жанаған», «Балбырауын», тарихи оқиғаларға арналған «Айдос», «Алшағыр», «Азамат қожа», «Бозайғыр», т. б. күйлерін үйреніп, кейінгіге жалғастырған – өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай болған.
Тәттімбет күйлерінің басым көпшілігі белгілі күйші, домбырашы Әбікен Хасенов арқылы жетті. Ұлы күйші мұрасын Аққыз Ахметова, Әпике Әбенова, Жақсылық Омашев, Уәли Бекенов, Мағауия Хамзин сияқты саңлақ өнерпаздар да кеңінен насихаттады.
Ұлттық музыка өнеріндегі Тәттімбет бастаған жаңа дәстүрді оған ілесе шыққан Тоқа, Әбди, Сембек, Қыздарбек сынды күйшілердің өзінше жалғастыруы да – заңды құбылыс.
Сахнаға Тәттімбеттің күйі «Қосбасар IV» нұсқасын орындауға Облыстық, Республикалық байқаулардың жүлдегері Кежденбек Перизатты шақырамыз.

5. Қаратау күйшілік дәстүрі
Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға – Сүгір Әлиұлы. Шертпе күй шебері, қазақтың аспаптық өнерінде өшпес із қалдырған Сүгір өзіне дейінгі Тәттімбет Тоқа, күйлерін жете меңгере отырып, түр, мазмұн, көркемдік жағынан байытып, дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз сазын домбыра күйімен қабыстыра білуі үлкен жаңашылдық болды, қобыздағы мұңды әуеннің Сүгір күйлерінде домбырамен астасуы күйшілік дәстүрге өзгеше рең берді. Ол өмір сүрген өңір – қарт Қаратау, көне Отырар, қасиетті Түркістан аймағы – тоғыз жолдың торабы, түрлі мәдениеттің тоғысқан жері. Сондықтан қазақ музыкасындағы озық жетістіктерді бойына жинаған Сүгір шығармаларында Арқа, Жетісу, Алтай - Тарбағатай, Батыс әуен - саздарының кездесуі кездейсоқ құбылыс емес. Оның күйлері мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекше. «Шалқыма», «Ілме», «Бес жорға» (5 тараудан тұрады), «Қаратау шертпесі», «Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), т. б. туындыларының қай - қайсысын алсақ та, кемеліне келген көркемдік, мүлтіксіз жаңашылдығымен, соны сипатымен оқшау тұрады.
Сүгірдің күйі «Қаратау шертпесі» орындайтын: Облыстық байқаулардың дипломанты Темір Жансая.

6. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі
Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі – Батыс Қазақстан аймағы. Батыс күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері Махамбет, Боғда, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Мәмен, Түркеш туындыларын қазақ өнерінің ғана емес, бүкіл түркі әлемі музыкасының жетістігі деп айтуға болады. Батыс күйшілік мектебінің қайнар көзінде күйші, әрі жырау, батыр бабамыз Махамбет тұр
«Жұмыр, Қылыш» Махамбет. Орындайтын: Облыстық, Республикалық байқаулардың жүлдегері Шөмекей Рүстем
ХVІІІ - ХІХ ғасырларда Бөкей ордасында аса күшті домбырашылық мектеп қалыптасты. Екі үлкен бағытта дамыған Бөкей күйшілік дәстүрі Құрманғазы, Дәулеткерей есімдерімен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің ең көрнекті тұлғасы, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы – әлемдік өредегі алып композитор. Құрманғазының аса күрделі шығармашылығы дыбыстық бояуларының қанықтығымен, алапат тегеурін, ырғақтық иірімдерінің алуандығымен ерекшеленеді.
Құрманғазының күйшілік тұлғасын, жан дүниесін толық танытатын, қуатты оттай бұрқыраған «Сарыарқа», «Төремұрат», «Кішкентай», «Серпер», «Терісқақпай», «Балбырауын» сияқты күйлерінің әрқайсысы – қайталанбас, кесек туындылар. Құрманғазының күйшілік дарыны сан қырлы. Оның «Адай», «Төремұрат», «Терісқақпай», «Серпер» сияқты күйлерінен асқақ батырлық рух сезілсе, «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол», «Айда, бұлбұл Айжан - ай», «Балқаймақ» сынды туындылары ой - толғам, сырлы сезім толғаныстарына құрылған.
Сахнаға Республикалық, Халықаралық байқаулардың жүлдегері Төлеш Арманды шақырамыз. Құрманғазының күйі «Терісқақпай».
Құрманғазы қалыптастырған күйшілік мектептің аса дарынды өкілі Дина Нұрпейісова – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр дәстүрін біріктірген, сондай - ақ, Құрманғазы мектебінің жігерлі екпінін, Дәулеткерей дәстүрінің фәлсәфасын, ақсүйектік нәзіктігін терең меңгерген күйші. Оның шығармашылығында Құрманғазы дәстүрінде басталған жанрлық және тақырыптық жаңашылдықтар жалғасын тапты.
Динаның күйі «Бұлбұл» орындайтын: Республикалық байқаулардың жеңімпазы Кежденбек Перизат.
Батыс күйшілік дәстүріндегі тағы да бір айтулы тұлға Дәулеткерей Шығайұлы – қазақ халқының күйшілік өнеріндегі айрықша тұлғалардың бірі. Қазақ күйлерінің бір парасының тартылу мәнеріне және әуендік құрылымына байланысты ел арасында «төре күйлері», «төре тартыс», «төре қағыс» деген ұғым қалыптасқан. Оқшау дәстүр – төре тартысқа жататын күйлер лирикалық әуезділігімен ерекшеленеді, психологиялық терең сезімге құрылып, адамның жан дүниесіне терең бойлайды. Бұл қағыстың тағы бір ерекшелігі, ауқымы, шеңбері қысқа алынғандықтан, биязы, жұмсақ болып келеді. Батыс өңірінде «қара қағыс» немесе «тентек қағыс» деп аталған Құрманғазы дәстүріне мүлде ұқсамайтын өзгеше, оқшау мектеп, дара дәстүр қалыптастырып, әуендік тұрғыда сазды, сұлу күйлер қалдырған Дәулеткерейді А. Жұбанов: «Төре күйлерінің атасы», – дейді.
Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Ысқырма» «Керілме», «Ақбала қыз», «Бұлбұл», «Көркем ханым» күйлері лирикалық әуені басым, сырлы сезімге толы болып келсе, «Топан», «Салық өлген», «Охота», «Шолтақ», «Жігер» қатарлы туындылары терең ойға, философиялық толғанысқа құрылған.
Дәулеткерейдің күйі «Көркем ханым» орындайтын: 5 - класс оқушысы Өмізақ Жанболат.

7. Маңғыстау күйшілік мектебі.
Маңғыстау өңірінде күйшілік өнер ерекше дамып, өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан күй өнері Абыл, Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, Қартбай, Байшағыр, Шамғұл, Мұрат сияқты біртуар есімдер арқылы өз жалғасын тауып, рухани қазына ретінде сақталып келеді. Бұл өңірдің күйлері жалпы төкпе дәстүріне жатқанымен, өзіндік нақышты, ерекше сазды, қайталанбас орындау мәнерімен өз алдына жеке тұрған, күйшілік өнердің өзгеше арналарының бірі. Ел арасында Маңғыстау күйлерін «Адай» күйлері деп те атайды.
Маңғыстауға аты шыққан күйші - сазгерлердің бірі – Құлшар. Құлшар өз жанынан 20 - дан астам күй шығарған. Құлшардың тыңдаушыларға аса сүйікті, елге кең тараған күйлері, оның кемпір және қызбен күй тартысында туған «Қыз қамаған», «Кербез керік», «Ат жортақ», «Сық - сақ», «Кебіс қалған»күйлері.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
к?й шежіре- к?й дастан

Автор: Ибадуллаева Фатима Утепбергеновна

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298394

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ғажайыптар әлемі"
    ["seo_title"] => string(18) "g_azhaiyptar_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "393911"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487595791"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Күй анасы - Дина"
    ["seo_title"] => string(14) "kui_anasy_dina"
    ["file_id"] => string(6) "404518"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490775222"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Алтын ж?рек анамыз" атты м?нерлеп о?у сайысы "
    ["seo_title"] => string(48) "altyn-zhuriek-anamyz-atty-m-nierliep-ok-u-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "192422"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427457837"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Тілім- ?лшеусіз ?азына, ?рісі ке?- ?лем "
    ["seo_title"] => string(40) "tilim-olshieusiz-k-azyna-orisi-kien-liem"
    ["file_id"] => string(6) "241348"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445237369"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""А?к?гершін", "А??у" к?йі"
    ["seo_title"] => string(21) "akkoghiershinakkukuii"
    ["file_id"] => string(6) "276118"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452681252"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства