Просмотр содержимого документа
«8-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік»
Фанфар беріледі. Ортаға жүргізуші шығады.
Балалар кіреді. Орындарына тұрады.
Жүргізуші: - Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен, қымбатты әйелдер, 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Жүргізуші: - Бұл күнді тойлап жатыр барша халық, Әйелдер күні бүгін халықаралық! Жарыққа бізді әкелген аналарды, Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Балалар бірге қосылып:
Бәрімізге анасың, Біз үшін күн боп жанасың. Құтты болсын мейрамың, Құттықтаймын анашым!
Ән «Құттықтаймын, мама!»
Жүргізуші: - Балалар, әнді жақсы айьады екеннсіңдер. Ал, енді орындарына отырындар. Мен сендерге қазір ертегі айтып беремін.
Орманның ортасында үйшік тұр екен. Үйшіктің екі терезесі, есігі,пеші бар екен. Балалар, ол үйде кім тұрады екен? Қане, бәріміз қолды шапалақтатып, аяқты тоқылдатайық, үйден біреу шығатын шығар.
Осы кезде үйден ата мен әже жылап шықты.
Ж-ші: - Саламатсыздар ма, ата мен әже! Сіздер неге жылап жатырсыздар? Не болып қалды?
Ата: - Біз үйшікте әжелерін екеуміз жап-жақсы түрып едік.Біздің Ряба деген тауығымыз бар еді.
Әже: - Ол үйден серуенге шығып кетіп - адасып қалды.Біз сол үшін жылап отырмыз.
Ж-ші: - Жыламаңыздар! Біз сіздерге тауықты табуға көмектесеміз.
Ата: – Сендер кішкентайсыңдар ғой , қалай көмектесесіңдер?
Ж-ші: - Жоқ,ата, біз өсіп қалдық, біраз нәрсені біліп қалдық.
Осы кезде залға қарлығаш кіреді.
Ж-ші: - Қараңдаршы, қарлығаш ұшып келіпті. Ол көп жерде ұшады. Мүмкін ол тауықты көрген шығар? – Қарлығаш, айтшы , сен тауықты көрмедің ба?
Қарлығаш: - Сендер алдымен маған ән айтып беріңдер, сосын айтамын.
Ән «Қарлығаш».
Қарлығаш: - Әндеріне рақмет. Ал тауық туралы сендер мысықтан сұраңдар. (ұшып кетеді).
Ж-ші: - Ол біз ғой. Сен жүрген жерінде тауықты көрмедің бе?
Мысық: - Сендер маған би билеп беріңдер, сосын айтамын.
«Мысықтар» биі.
Мысық: - Рақмет сендерге, көңілімді көтердіңдер . Ал, тауық туралы иттен сұраңдар. Мен күні бойы ұйықтап, ешкімді көрмеймін.
Ж-ші: - Итті қайдан табамыз? Мүмкін біз ойын ойнайды - ол өзі де жүгіріп келер.
Ойын «Көбелектер»
Ит: - Гав-гав, кім екен шулап жатқан, а-а, балалар ойнап жатыр екен ғой.
Ж-ші: - Сәлем, ит, біз Ряба деген тауықты іздеп жатыр едік.Сен оны көрген жоқсың ба?
Ит: - Иә, мен тауықты көрдім. Ол орманға кетті. Бірақ орман алыс, атқа мініп барыңдар.
«Тұлпарым» биі. Би билеп болған соң, балалар орманға кіреді. Орманда шыршаның астында қоян отырады.
Ж-ші: - Саламатсың ба, қоян! Сен тауықты көрмедің ба?
Қоян: - Сендер менімен ойын ойнаңдар, сосын айтам. Ойын .
Қоян: - Рақмет сендерге , балалар! Жақсы ойнадық. Тауықты гүлдердің арасынан іздендер. Ол сонда кетті. Сау болыңдар!
Балалар орындарына отырады.
«Гүлдер» биі. Би билеп болған соң, гүл-қыздар отырып қалады. Тауық араларынан гүл теріп жүреді.
Тауық: - Ко-ко-ко, мен адасып қалдым. Енді не істеймін?
Ж-ші: - Сәлемет пе, тауық! Біз сені іздеп жүрміз ғой. Атаң мен әжең сені жоғалтып алды. Сен неге сонша алыс кетіп қалдың?
Тауық: - Әжеге гүл теріп әкелейін деп едім. Бүгін мейрам ғой.
Ж-ші: - Біз мейрам туралы ұмытып кетіппіз ғой, сені іздеп жүріп. Мына жерде гүлдер көп екен. Біз саған гүл терісейік.
Ойын «Гүл теру».
Ж-ші: - Ал, тауық, енді үйге қайтайық. Ата мен әже күтіп қалған шығар?
Тауық үйге барады. Алдынан ата мен әже шығады.
Тауық: - Әже мейрамымен!- деп гүлді береді.
Ж-ші: - Әже, біздің балалар сізге және өздерінің әжелеріне арнап тақпақ, ән жаттап келіпті. Олардың тілектерін тыңдайық.
Әже туралы тақпақтар.
Ән «Сағындым, әже, өзіңді».
Сағындым әже өзіңді,
Мейірімді көзіңді.
Ертегіңді сағындым,
“Құлыным” деген сөзіңді.
Сағындым әже,сағындым,
Мейіріңе табындым.
Демалысқа шығамыз,
Аяғында мамырдың.
Сағындым әже,сағындым.
Ж-ші: - Ата, әже, біз сіздерге тауықты тауып бердік, енді біз балабақшамызға барайық. Сау болыңыздар!- Ал, балалар, енді біз аналарымызды, құттықтайық.
Ана туралы тақпақтар. Ән «Ана күні».
Жүргізуші: - Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, о аналар!
Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!
Міне, құрметті абзал жанды аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!