kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

                         Наурыз  мерекесіне  арнал?ан  ерте?гілік

Ма?саты: ?лысты? ?лы  к?ні  Наурыз  мерекесіні?  ерекшелігін, ата-баба  д?ст?рін, б?йымдарын таныстыру, ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рін  ке?інен д?ріптеу.

Т?рбиеші: Жер  ?лемді  жайнатып, ?нші ??старды сайратып, Наурыз тойын  тойлатып, ?лысты?  ?лы  к?ні келді, а?айын!        Той  ??тты  болсын!

                   Ке? даланы?  ежелгі

                   ?аза?  дейтін  хал?ымыз

                   ?зге ?лттай  бізді? де

                   Бар  д?ст?р мен салтымыз.

Орта??ы топты? мерекелік «Ата баба д?ст?рі – ?рпа??а ?неге» атты  ата-аналармен  бірлескен  ша?ын  ерте?гілігіне  ?ош  келді?іздер!

                            (Мерекелік  ?уен сазы  жіберіледі).

                                    К?рініс :  «Наурыз ашар»

(Ортада а? дастархан  жайылып, ?аза?ты? ?лтты? та?амдары   ?ойылады.   )

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік »

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, ата-баба дәстүрін, бұйымдарын таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен дәріптеу.

Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, ағайын! Той құтты болсын!

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ортаңғы топтың мерекелік «Ата баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» атты ата-аналармен бірлескен шағын ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

(Мерекелік әуен сазы жіберіледі).

Көрініс : «Наурыз ашар»

(Ортада ақ дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылады. )

Ата-ана Сайра : Армысың Наурыз,

Қуаныш боп кір,төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый-құрмет.

(Кеселерге ақ құйылып, қыздар таратады.)

Ата-ана Розагүл: Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық!

(Ән әуені орындалып, балаларға тәттілер таратылады.)

Армат: Ассалаумағалейкүм!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Мерлан: Уағалейкүмассалам!

Ұлыс оң болсын!

Пәле-жала жерге енсін!

Ән: «Дастархан»

Тәрбиеші: Балалар, келіңдер ұлы мерекеге арнап, аналарымызбен бірге әсем киіз үй тігіп жіберейік.

Ойын: «Киіз үй».

Дөңгелене тұрамыз

Керегені құрамыз.

Бір шаңырақ астында

Балалармен тұрамыз.

(Бағыты: Бірінші балалар,екінші аналар тобы шаңырақты көтереді.)




Көрініс : «Бесікке салу»

Тәрбиеші: Қазақ халқында сәбиді бесікке салып, үлкен ырым жасаған. Осы үлкен қуанышты назарларыңызға ұсынады.

Әжей: Бөпе мазасызданбай, тазалықта тыныш ұйықтап, күшті болып өсуі үшін бесіктің пайдасы мол. Көпшігінің астына бала әдемі болу үшін тарақ, айна, таза болу үшін сабын,батыр болу үшін қамшы қоямын.

Әжей: Алас,Алас,пәледен алас

Көзі жаманның көзінен,тілі жаманның тілінен алас! (Бесікті аластату)

Балалар, бесіктің астын қараңдар, Тышты ма, тышты ма? (кәмпиттерді түбегінен алады.)

(Бесіктің түбек, шүмек, тартпа бау, жапқыштарымен таныстырып өтеді,бесікке бала салынып, бесік жыры айтылады.)

Балалар ата-аналарымен әнмен шырқайды:

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат,бөпем,

Жілік шағып берейін

Майлыаяқтың құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Тәрбиеші: Ей,балалар,балалар,

Енді бері қараңдар

Наурызды тойлайық

Қызық ойын ойнайық!

Ойын : «Тыштырма».

Бағыты: Иленген дайын қамырдан екі қыз анасымен екі ыдысқа тыштырмалар жасап беру.



Көрініс : «Тұсау кесу»

Тәрбиеші: Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі- тұсау кесу.Ата-әжелеріміз бұл дәстүрге қатты көңіл бөлген,өйткені баланың аяқ алысы осы тұсау кесуге байланысты деп ырымдайды.

Ана: Ал,халайық! менің баламның тұсауын кесіп, жоралғысын алатын қайсың бар ?

Әжей Алтын: Баланың тұсауын үш затпен кескен:

1.Жасыл шөппен кескен-көктей көгерсін деп,

2.Ала жіппен кескен- Біреудің ала жібін аттамасын деп

3.Малдың тоқ ішегімен кескен- Ел тоқ болсын деген ырыммен.

Тұсау кесуші Салима: Қаз,қаз балам,қаз балам

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Болашақта балаңның жолы ақ болсын, аяқ алысы нық болсын деп тілеймін.

(Әкелінген баланың сол арада тұсауы кесіледі.)

Жетектеуші Томирис: Қаз,қаз бөпем қаз бөпем

Қадам басып,мәз болайық

Жетектеуші Нұртілеу: Қадамыңды қарайық

Басқаныңды санайық.

Тәрбиеші: Бәрекелді, осы мереке қуанышын әдемі шабандоз ұл-қыздарымызбен «Қыз қуу» ұлттық ойынымен жалғассын.

Тәрбиеші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Наурызда ұл мен қыз боп, айтысатын

Құрметті ақындарды қарсы алайық.

(Зал ортасына қазақ киімін киген,домбырасын ұстаған ақын қыз бен ұл балалар шығады.)Жансая ақын: Айтыс, айтыс болады

Шықса ақын теңімен

Шешен болсаң көрейін

Айтысып көр менімен.

Мақсат ақын:Халықтық мейрам тойында

Кім айтысар менімен

Айтыс айтыс болады,

Айтысқанда теңімен.

Жансая ақын: Бәтеңкенің бауында

Байлай алмай жүруші ең,

Үйрендің бе, жейдеңді

Теріс қарай киюші – ең.

Мақсат ақын:Құрбым, кімге күлесің ?

Өзің нені білесің?

Онға дейін қиналып

Санай да алмай жүресің.

Екеуі бірге: Уа,халайық,халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Тәрбиеші: Хош келдің,Наурызым ардақты

Халқым саған,бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып

Жырға толып,әнге бөлеп аймақты.

«Угай-ай» әнімен бүгінгі тамаша салт-дәстүрге бағытталған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.





Тақырыбы: «Жаз жайлауына саяхат»

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Балаларды төрт түлік малды ажырату,оның төлдерін атай білуге,малдың адамға пайдасы жөнінде айта отырып, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді дамыту,тіл байлығын дамыту.

Көрнекіліктері: Үй жануарлары мен төлдері суреттері,бет перделері, төрт түліктің өнімдері.

Сөздік жұмыс: сиыр,қой,түйе,жылқы

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық

-қозғаушы



Қане, балалар күнге ұқсап шеңбер жасап, тұрайық! Күн- анамыз бізге нұрын шашып тұр, бір-бірімізге игі тілек сөздерді арнап, алақан жылуы арқылы сезінуге тырысайық.



Балалар қол ұстасады. Бір-біріне аман болайық ,деніміз сау болсын, балабақшамыз жайнасын деген тілек лебіздерін айтады.








Іздену- ұйымдастырушы

-Айтқан тілектерің қабыл болсын, балалар! Біз енді жаз жайлауына қыдырып, қонаққа барайықшы! Онда жету үшін сендер төрт түлік малды жақсы білулерің керек.

-Алдымен жұмбақтар жасырғым келеді.

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Аяғында тақасы бар, мойнында жағасы бар.

Мінсе көлік бар, сауса, қымыз болар.

Екі айнасы бар,екі найзасы бар Төрт сылдырмағы бар,бір шыбыртқысы бар.


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

-Дұрыс таптыңдар балалар,енді «Ненің төлі тап» дидактикалық ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: балаларды үй жануарлары төлдерінің дауысын ажырата білу, ойынға қызығушылығын арттыру.

-Міне,біздің үй жануарларымызда өздерінің төлдерін тауып,қуанып қалды.Енді олардың не істейтінін

тіл жаттығуы арқылы біліп алайық.

Ой-ой-ой-қорада тұр қой

Ай-ай-ай-жайылып жүр тай

Ақ-ақ-ақ- ойнақтайды лақ

Зы-зы-зы-секеңдейді қозы.

-Балалар, малдардың қалай дыбыстайтынын біз тауып көрейік.

Түйе ............. (боздайды)

Қой .............(маңырайды)

Сиыр ..........(мөңірейді)

Жылқы ....... (кісінейді).

Сергіту сәті:

Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.




Жасырылған барлық жұмбақтардың шешуін түйе екенін айтады, жұмбақтардың

шешулерін қызыға табады.

Түйе шұбат береді,оның адамға берер пайдасы көп.







Балалар жұмбақ шешімі

жылқы деп табады.

Ол қымыз береді,еті-қазы-қарта жал-жаясы өте дәмді.








Төрт түліктің бірі-бұл жұмбақтың жауабы сиыр деп жауап қайтарады.Сиырсүтін, етін, терісін адам өз кәдесіне жаратады. Балалар қой деп жұмбақтың жауабын шешеді. Қойдың етін жейміз, жүнінен қыста киетін шұлық,қолғап тоқып киеміз.

Ойын шартымен танысқан балалар адасып қалған төлдердің дауыстарын нақышына келтіріп, өз аналарына қайтарады.


Балалар тіл жаттығуларын бірге қайталайды.





Балалар үй жануарлардың дыбыстарын табады.


Балалар сергіту сәтін құлыншақ бейнесінде орындайды.

Рефлексивті – коррекциялаушы

-Бүгін нені білдік?

-Төрт түлік малды атап бере аласыңдар ма?

-Қандай ойын,тіл жаттығуын орындадыңдар?


Сұрақтарға жауап қайтарады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: сұраққа толық жауап беру,тіл ұстарту жаттығуын айту,жұмбақ табу;

Қандай түсініктерді игерді: төрт түлік мал атауларын айту,ажырату;

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Малдың төлін ажырата айту,дыбысын салу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік

Автор: Мырза?алиева Г?л?айын ?теген?ызы

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 197733


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства