kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8-наурыз мерекесіне арнал?ан Ерте?гілік " Айналайын а? мамам!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                     8 наурыз мерекесіне арнал?ан сценарий

Кешті? барысы:Асылбек Е?сеповты? «Детство» к?йі ?осылып т?рады. Сахнаны?  сыртынан  М??а?али  Ма?атаевты?  «Ана»  атты ?ле?і о?ылады.

Ана
Сен ба?ыттысы?,
Жылама?ын!
Жай т?сіп жат?анда да ??ламады?
Т??ірі?нен мен едім ?ой с?ра?аны?
Сонды?тан жылама?ын, жылама?ын!

Бармын ?ой
Тірімін ?ой,
?асы?дамын.
?лмеймін, мен ?зі?дей асылданмын.
Таусылып, ?з-?зі?нен шашылма?ын,
Байыр?ы береке?ді ?ашырма?ын.

Мен сені? ?аны?пын ?ой к?з жасы?а
?зім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам са?ан бірін арнап
«Ана» деп жаздым ыл?и с?з басына.

Т??ірім кеше к?рсін кесірімді
Аспан?а жазсам сені? есімі?ді!
Ана,
Сен ба?ыттысы?, тербете бер
??ба талдан иілген бесігімді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8-наурыз мерекесіне арнал?ан Ерте?гілік " Айналайын а? мамам!"»

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий


Кештің барысы:Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.


Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…


(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып ұл балалар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына жүргізуші келіп тұрады).


Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі



Музыка ырғағымен залға қыздар кіреді. ( ұлдар шапалақтайды)

Жүргізуші: Өмірде ана-бұлақ,ана пана.

Өмірді өркендетер, ана ғана,

Ана!Ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де,үлкен де оны ардақтаған,

Өзінің аяулысы Отанды да,

«Ана »деп біздің халық текке айтпаған.

-деп біз бүгін аяулы жандар,ардақты қыздар,ақ жаулықты апаларға арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.


Жүргізуші:  Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар! – дей келе құттықтау сөз кезегі «Балдырған »мектеп -балабақшасының директоры Ақпентаева Райхан Зейнуллақызына беріледі.

Жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.


1-оқушы:Теңдесі жоқ дананың Т.Маша

Арқа сүйер пананың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым.

2-оқушы:Бәрімізге анасың Алдияр

Біз үшін күн боп жанасыз

Құттыболсын мейрамың

Құтықтаймыз анашым

3-оқушы: Аналарды сүйеміз И.Даяна

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз


4-оқушы: Сенен өскен балалар Наташа

Батырлармен даналар

Құтықтаймын мейраммен

Құрметті аналар


5-оқушы: Үн қатасың бал тілмен, Б.Аружан

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен

6-оқушы: Бізді өсіріп баптаған, Дмитрий

Жақсы болсақ шаттанған

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.
Жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... балалардың орындауындағы « Айналайын ақ мамам » әнін қабыл алыңыздар.


7 –оқушы: Біз доспыз гүлдермен Сафина

Теке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз



8 –оқушы :Жақсылық тілеген Вова

Анашым данасың

Осынау дүниеде

Біз үшін данасың

9 –оқушы:Еркелесем күлімдейтін Я.Мария

Ұрысқаны білімбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күні дейтін.

10 –оқушы:Ана біздің күніміз Вероника

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

11- бала:Арманым едің аңсаған Нұрай

Әкелем бақыт мен саған

Ұрпағың болып жалғасқан

Қуаншы ана сен маған


12 –бала: Тек өмірде сен ғана С Аружан

Ерешесің сен ғана

Бұл өмірде теқ қана

Өзіңе арнап ән салам

13 –бала: Көрсетемін күлі елді Қ.Даяна

Жарық етемін күндерді

Өсіріп сені сыйлаймын

Жұрт көреге гүлдерді.

Залға қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек: Мен қызыл телпекпін

Орманға қазір барамын

Гүдерді теріп аламын

Қызыл телпек шеңбер бойымен жүріп,гүл таба алмай жүреді.

Қызыл телпек: Гүлдер көрінбейді

Анам енді не дейді.

Жүргізуші :Қызыл телпек 8-наурыз мерекесін тамашалауға қал.Қандай өнерің бар?

Қызыл телпек :Билегенді ұнатамын.

Жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. « Мотрешки » биі

Залға әуенмен Ару-көктем келеді.( құшағында бір құшақ гүлі бар,басына гүлден тәж тағып вальс ырғағымен Көктем келді.)

Көктем: Маған жаңа мында не болып жатқанын құстар келіп сыбырлап кетті.Ал мына залдағы көңіл күй қандай тамаша!

Жүргізуші: Біздің балалар қазір көктемге және аналарына арнап өлеңдер оқып береді.

14 –оқушы:Ақ жүректе сақтаған Нұрсултан

Жарқын жүзді бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші,келші ақ мамам.


15 –бала: Бүгін наурыздың сегізі. Влада

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

16 –бала; Өскенде мен ол енді Бауыржан

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді

17 –бала: Жүре берсең қасымда Нұрислам

Айбат анам ай анам

Ботам деген сөзіңнен

Мен мәз болып оянам.

18 –бала: Жарқын жүзді жан анам Софья

Сендей болса бар адам,

Сендей бола бар кісі

Шексіз перзент алғысы.

19-бала: Әлпештеген аялаған, Алина

Ақ сүт берген анашым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын

20-бала : Аяулы анашым, Екатерина

Сегізінші наурыз мерекеңмен!!


Көктем; Қандай тамаша өлеңдер!

Мына құшағым толы гүлдерді Қызыл телпеке ала келдім.Анасына апарып берсін.Балалар гүлдермен ойын ойнайық « Гүл жинау»Қызыл телпектің корзинасына жинап берейік.

Жүргізуші: Рахмет саған Ару-көктем.Енді біздің қызыл телпектің анасына апаратын сыйлығы бар.

Көктем:Жүздерің бұлбұл жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңдер.(музыка ойнап көктем кетеді)

Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  балаларымыздың орындауында «Аяулы анашым » өлеңін ұсынамыз.

Ойын: «Аналарымызға мерекелік үстел дайында ».( балалар мен аналар)

Көрініс « Менің анамнан нан иісі шығады. » ( Софа мен Маша )


Жүргізуші: 

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті « жас футболшылар »биін ұсынамыз.

Жүргізуші: 

Қазір ойын ойнаймыз,

Аналарды құттықтаймыз

Бұл ойынды біз ойнап,

Аналарға сыйлаймыз.

Ойын : «Кім жылдам?» ( Дайын іздер арқылы кім анасына дейін тез жетеді)

Жүргізуші: Бүгінгі мейрамға біздің сүйікті әжелеріміз келді.

Әжем менің әлі де ,

Ұқсамайды кәріге,

Шай қайнатып береді.

Қажет болса бәріне –деп «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыз.

Шағын қойылым « Мы стираем »

Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

« Ақ мамам» әнін қабыл алыңыз. ( Мария,Алдияр,Бауыржан және хор)

Жүргізуші: Бүгін аналарымыз бен әжелерімізге арнап біздің балалар

«Теремок » ертегісін дайындап сахналайды.
жүргізуші: .  Даяна ,Софа және Даянаның орындауында « Көкте келді »әнін қабыл алыңыз
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
8-наурыз мерекесіне арнал?ан Ерте?гілік " Айналайын а? мамам!"

Автор: Козбагарова Айдана Балтан?ызы

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306802


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства