Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«8 наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік»
8-Наурыз мерекесіне
арналған ертеңгілік
Тәрбиешілер: А.Д.Смагулова
Д.Б.Ибраева
2020жыл
Балалар музыка әуенімен кіреді
Жүргізуші: Көктем келді далама
Жырын сыйлап баршаға.
Алғыстарды сыйлаймын,
Аяулы, абзал анаға.
Сәлеметсіздер ме,құрметті асыл жанды аналар! Сіздерді халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл толсын демекпіз.
Жүргізуші: Балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі?!
Айтпақшы, балалар, бүгін қандай мереке ? Білесіңдер ме?
Балалар: Иә, 8 наурыз!
Жүргізуші: Кімнің мерекесі?
Балалар: Аналар мерекесі!
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші: Олай болса, мерекелі де шуақты 8 науырыз – аналар мерекесінің құрметіне арналған ән-шашуымызды бастайық.
Құрметті апа, аналар! – дей келе аналарымызға сыйлығын сыйлайық.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Әлемдегі өзгермейтін үш нәрсе бар, ол – Ананың ақ сүті, Күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ендеше балапандарыныздың бүгінгі сіздерге арнаған жыр-әндері мәресіне келіп жетті. 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей жайнай берініздер!