Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3 С | Мектеп: №10 |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қосмұратова Гүлшат Әлібекқызы |
Сынып: 5 | Қатысқандар : | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.4.1.1 жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру 5. 5. 3.8 Жиындармен жұмыс істеуде , €, Ø символдарын қолдану |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
|
Оқушылардың басым көпшілігі: |
|
Кейбір оқушылар: |
|
Бағалау критерийі | Жиын ұғымын және оның элементтерін, бос жиынды анықтайды |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану |
Тілдік мақсаттар | Жиын, жиын элементтері деген не екенін айтады Күнделікті өмірден мысалдар келтіреді |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Жиын, элементтер |
|
Құндылықтарға баулу | Зайырлы қоғам және жоғары руханият |
Пәнаралық байланыс | Биология, тарих |
Алдыңғы оқу | Натурал сандар |
Сабақ барысы | |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы | 3 минут 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару Оқушыларды топқа бөлу І - «Жұп сандар» тобы ІІ - «Тақ сандар» тобы ІІІ - «Жай бөлшектер» тобы IV - «Аралас сандар» тобы V - «Ондық бөлшектер» тобы Ширату жаттығуы Дәптер, қалам, алма, жолбарыс, автомобиль, ұшақ, алмұрт, күнделік, қоян, катер, қарындаш, кенгуру сөздері берілген. Берілген сөздерді мағынасы бойынша топтарға бөл. Әр топқа атау бер. Әр топтың қанша сөзден тұратынын анықта. Берілген сөздерді әріптер санына қарай топтарға бөл. Әр топқа атау бер. Әр топта қанша элемент барын анықта. Берілген сөздерді тағы қандай топтарға бөлуге болады? Неге? Жиын, жиын элементтері ұғымы қалыптасады | Оқулық. 5 сынып. А.Әбілқасымова |
Сабақтың ортасы 32 минут | 15минут 5 минут | Суреттерде көрсетілген топтар (жиындар) қалай аталады? Әр топқа атау бер. Осы жиындардың әрқайсысында қанша элемент бар? Оқушылар берілген тапсырманы жұпта талқылап, топқа ұсынады. Топтың бір мүшесі қалған оқушыларға түсіндіреді. «Сэндвич» әдісі арқылы бағалау Көрсетілген суреттер арқылы жиын терминінің түрлі нысандарға қолданылатынына көз жеткізеді. Жеке жұмыс тапсырма 1)А- өзара жай сандар жиыны. Берілген сандар А жиынының элементі бола ма: а) 5; b) 13 с) 24 2) Тұжырымдардың ақиқаттығын анықта: Тұжырым | ақиқат | жалған | Жиындар латын алфавитінің бас әрпімен белгіленеді | | | Кез келген жиынның кем дегенде бір элементі болады | | | Жиынның барлық элементтерін латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеуге болады | | | Бірде бір элементі болмайтын жиын бос жиын деп аталады | | | Жиынның элементтері латынның кіші әріптерімен белгіленеді | | | 1) Санның берілген жиынға тиістілігін анықтайды 2) Ақиқат тұжырымдарды көрсетеді 2 - тапсырма 1. Егер А тіктөртбұрыштар жиыны, а шаршы болса, онда 1) а € А; 2) а €А. 2. Егер А көпбұрыштар жиыны, а үшбұрыш болса, онда 1) а € А; 2) а €А. 3. Егер А төртбұрыштар жиыны, а кесінді болса, онда 1) а € А; 2) а €А. 4. Ø белгісі қандай жиынды білдіреді? 1) шектелген; 2) шексіз; 3) бос жиын 5. Натурал сандар жиыны қандай жиын? 1) шектелген; 2) шексіз; 3) бос жиын | Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы және жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар «Математика» 5 сынып Математика 5 сынып Әдістемелік нұсқаулық |
| 12минут | 3-тапсырма Оқулықпен жұмыс. Жұптық жұмыс №780 1.Жиынның элементтерін ата: жұп цифрлар жиыны; 2) тақ цифрлар жиыны 2. Жиынның бірнеше элементтерін ата: 1) жай сандар жиыны; 2) құрама сандар жиыны; 3) жай сан да, құрама сан да болмайтын сандар жиыны; 4) 10 санына еселік сандар жиыны; 5) 37 санының бөлгіштерінен тұратын жиын Жай және құрама сандар, еселік пен бөлгіш ұғымдарының анықтамаларын қолданады №783 Дұрыс жауаптың нөмірін көрсет. 1. 3 санына еселік болатын жиынның элементі 1) 111 111 111; 2) 11 111 111; 3)1 111 111; 4) 11 111; 5) 1111 2. 9 санына еселік болатын жиынның элементі: 1) 11 111 111 111; 2) 1 111 111 111; 3) 111 111 111; 4) 11 111 111; 5) 1 111 111 3. 4 санына бөлгенде қалдықта қалатын сандар жиынының элементі: 1) 3, 2, 1, 0; 2) 2, 1, 0; 3) 1, 0; 4) 1 3 пен 9 сандарына бөлінгіштік белгілері қолданады. Қалдықтың бөлгіштен кіші болатын қасиеті қолданылады. Жұптық жұмыс №785 0; 5; 9; 15; 20 сандарының қайсысы 15 санынан артық емес және 5 санына бөлгенде 0 саны қалдықта қалатын сандар жиынының элементтері болады? Бөлгіштің қалдықтан кіші болатын қасиеті қолданылады. «Бағдаршам» арқылы бағалау | Оқулық. 5 сынып. А.Әбілқасымова |
Сабақтың соңы | 5 минут
| Кері байланыс. «Егер 5 минутыңыз болса...» әдісі Үйге тапсырма: №784, №786 Жиын ұғымына өмірде кездесетін басқа да мысалдар дайындап келу.
| |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. 2.Барлық оқушыларға топтық тапсырма берілу арқылы жиын, жиын элементтері, бос жиын, тиісті, тиісті емес ұғымдары қалыптасады. Сынып оқушыларының басым бөлігі берілген тапсырмалар мен есептер шығару нәтижесінде өмірмен байланыстырып мысалдар келтіреді. Нәтижесінде қабілеті жоғары оқушылар қорытынды жасау,суреттер арқылы өз зерттеулерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту. | 1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, «Сэндвич», «Бағдаршам» әдістері бойынша жетістіктерін айқындау. 2. Кері байланыс 3. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану | Ширату жаттығулары |
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |