kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жазық фигуралар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімді сабақ жоспары 1 сынып мұғалімдеріне арналған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жазық фигуралар»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика


Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі 3.Геометрия элементтері

Бөлімше:3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Ортақ тақырып:«Өзім туралы»


Мектеп: БҚО, Орал қаласы № 33 жалпы орта білім беретін мектебі



Мұғалімнің аты-жөні:

Искалиева Зергул Ергалиевна

Қатысқандар саны:22

Қатыспағандар саны:

Күні:

Сынып: 1



Сабақтың тақырыбы:

Жазық фигуралар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) тану арқылы қоршаған ортадан ұқсас фигураларды анықтайды және жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды ажыратады.

Көптеген оқушылар: жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) қоршаған ортадағы ұқсас заттармен сәйкестендіреді.

Кейбір оқушылар: жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстырып, кеңістік фигуралары арқылы тәжірибе жасайды.

Бағалау критерийлері


Білім алушы

  • Жазық фигураларды және кеңістік денелерін ажыратады

  • Қоршаған ортадан ұқсас фигураларды анықтайды


Тілдік мақсаттар


Сабақ барысында жазық геометриялық пішіндер, үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш, тік төртбұрыш ұғымдарын қолданады.

Пәнге тән лексика және терминология:

Жазық геометриялық пішіндер, екі өлшемді форма, үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш, тік төртбұрыш

Шаршы –квадрат- square

Үшбұрыш-треугольник - triangle

Тіктөртбұрыш – прямоугольник – rectangle

Дөңгелек- круг - circle

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл фигураларды неліктен бірге топтау қажет?

• Бұл пішіндердің қандай ортақ белгілері бар?

• Осы секілді пішіндерді сіз қайда қолданасыз?

Сіз себебін айта аласыз ба, неліктен…?

• … бұл - төртбұрыш, ал мынау – төртбұрыш емес?

Өздерің сынып бөлмесінен көре алатын жазық пішіндердің атауларын атаңыздар.


Құндылықтарды дарыту





Ынтымақтастық.Жұптық, топтық жұмысты орындау арқылы ұйымшылдық, жауапкершілік,ынтымақтастық дағдыларын дарыту.

Құрмет.Топтық, жұптық жұмыс кезінде бір-бірін құрметтеуге және пікірлерімен санасуға үйрету. Қоршаған ортадағы заттарға құрметпен қарау.


Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу. Жазық фигуралар мен кеңістік фигуралады ажыратуда өз ойларын дәлелдеп жеткізеді.

Көркем еңбек. Жазық геометриялық пішіндерді пайдаланып мазмұнды композициялар құрастырып ,жапсырмалауда жазық фигуралардың пропорциясын сақтап орындайды.


АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын

болса

көрсетіңіз)

АКТ-ды сабақтың ортасында 2- тапсырманы дұрыс,түсініп орындау үшін және тыңдалым дағдыларын дамыту үшін пайдаланамын. «Түрлі-түсті санау таяқшалары» Білімлэнд https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/1-synyp/zhazyq-geometriyalyq-figuralar, http://www.razvitierebenka.c om/2014/07/Didakticheskieigry-po-matematike.Cvetnyeschjotnye-palochki.html

Бастапқы білім

Геометриялық фигуралар,кеңістік фигуралар атауларын біледі.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы






















Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау.

Оқушылар таратпа суреттер беремін.

Топқа таңдаған суреттегі заттар қандай жазық фигураның пішіне ұқсас келсе, сол топқа барып отырады.

Шаршы 1-топ , дөңгелек 2-топ , үшбұрыш -3 топ .

) Әр топ орнына барып өздері таңдаған фигураны көрсетеді, атауларын үш тілде айтады.

Шаршы –квадрат- square

Үшбұрыш-треугольник - triangle

Дөңгелек- круг - circle

(Ұ) «Миға шабуыл» Суреттегі фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?

(Ұ) Ширату «Кім шапшаң?» ойыны. Сынып оқушылары белгі берілген кезде суреттегі геометриялық фигураларды қимылмен,дыбыс шығармай өзінің дене мүшелерін пайдаланып көрсетуі тиіс. Мысалы:үшбұрыштың суретін көрсеткенде барлығы топ болып,үшбұрышты көрсетеді, тіктөртбұрышты көрсеткенде тіктөртбұрышты көрсету .дөңгелекті көрсеткенде дөңгеленіп қол ұстасып тұрады. т.б.Осылай тез-тез қайталайды.

ҚБ мұғалімнің мадақтауы, қол соғу «Жарайсыңдар!», «Тамаша!» Барлығың тез,шапшаң,шатаспай көрсете алдыңыз.

(МК) Осы жерде сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Бүгінгі сабағымыз сонымен жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (текше, шар, цилиндр, конус, пирамида) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.





(доп, печенье, сәукеле т.б суреттер)





Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.

Сабақтың ортасы































































1. (Т)«Болжау» әдісі. Әр топ қобдишадан фигураны сипап сезу арқылы қандай фигура екенін анықтап,табады. Тапқан соң үш топқа 3 кеңістік фигурасын таратамын. (конус,текше, пирамида)

Тәжірибе жасау:

1. 3 топқа Конус , пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларын беріп, ақ қағазға табанын сызғызамын.

2. Шыққан фигураны қиып алу. Қандай фигура шықты?

3. Суретін салған фигурамен салыстыру

(МК.)Оқушылардан не байқағанын сұрау. Конустың тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын көру арқылы қорытынды жасатамын. Міне,сол себепті конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтамын.

Олардың айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасатамын.

Шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылаймын.

-Міне, сонымен конус, пирамида, текше, шар, цилиндр— кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткіздіремін.

Осылай жазық фигураларды кеңістік фигуралардан ажырата аламыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • Көлемді фигураларды қағазға бастыру арқылы жазық фигуралар алуға болатынына тәжірибе жасау арқылы көз жеткізеді.

  • Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш,- жазық фигуралар, ал конус, цилиндр, пирамида, текше – кеңістік фигуралар екендігін ажыратады.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» топтық бағалау

Топта тапсырманы толық орындаған оқушыларға 2 жұлдызды бөліп береді

Кейбір түсінбеген оқушыларға қателерді түзетуге, жауапты толықтыруға ұсыныс айтады.


(МК) «Білімлэнд» сайтынан «Жазық фигуралар» туралы бейнетүсіндіру көрсетемін. Бейнетүсіндіруді көргеннен кейін, жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды ажыратуға байланысты интерактивті тақтадан №1,№2,№3 тапсырма орындайды.


2 (С) «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі .Санау таяқшаларынан жазық пішіндерді құрастыруға тапсырма беремін:

1-топ жұптасып 7 таяқшадан 2 бірдей тік төртбұрыш құрастыру.

2-топ жұптасып 9 таяқшадан төрт бірдей үшбұрышты құрастыру.

3-топ жұптасып 10 таяқшадан 2 тік төртбұрыш құрастыру: үлкен және кіші (кіші тіктөртбұрыш үлкен тік төртбұрыштың ішінде екі таяқшадан құрастырылады).

Дескриптор: Білім алушы

- 7 таяқшадан 2 бірдей тік төртбұрыш құрастырады.

- 9 таяқшадан төрт бірдей үшбұрышты құрастырады.

- 10 таяқшадан 2 тік төртбұрыш құрастырады.

ҚБ. топтық бағалау.«Жарайсыңдар!», «Тамаша!» Барлығың да пішіндерді дұрыс құрастыра алғансыңдар.


(Т.С) «Құрастырып көр» Оқушыларға конвертке түрлі бірнеше жазық фигуралар салып таратамын. Жазық фигуралардан түрлі 3-4 мазмұнды композициялар құрастыруды тапсырамын.

Дескриптор: Білім алушы

-жазық фигуралардан 3-4 мазмұнды композициялар құрастырады.


3. (Ө)Дәптермен жұмыс.

Фигураларды топтастыр.

Дескриптор: Білім алушы

  • Көлемді фигураларды қызыл түспен қоршап сызады.

  • Жазық фигураларды жасыл түспен қоршап сызады.

ҚБ. Смайлик арқылы көршілері бірін-бағалайды Өзара бағалау


4.(Ұ)Сергіту сәті

«Пішіндер әні» бейнебаяны интерактивті тақтадан көрініп тұрады.



5. (Ж)

Жазық фигураларды - қызыл, ал кеңістік денелерін көк түспен боя. Фигураларды ата.



Дескриптор: Білім алушы

  • Жазық фигураларды және кеңістік денелерін ажыратады

  • Қоршаған ортадан ұқсас фигураларды анықтайды

Жұптық бағалау.


6.(Ө) ҚБ.

Кеңістік денелерінің атауын оқы. Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сыз.


Шар

Текше




\\\

Цилиндр



Дескриптор: Білім алушы

  • цилиндр пішіндес заттарды анықтап, сәйкестендіреді;

  • куб пішіндес заттарды анықтап, сәйкестендіреді;

  • шар пішіндес заттарды анықтап, сәйкестендіреді.

Кеңістіктегі пішіндердің үлгілері

Тәжірибе жасау үшін А4 қатты қағазы, қарын-даштар, қайшы және көлемді фигуралар (конус, пирамида, текше)модельдері






Мұғалімге арналғаннұсқаулық, математика

1 сынып









Жазық жигуралар суреттері









https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/1-synyp/zhazyq-geometriyalyq-figuralar




Санау таяқшалары Түрлі-түсті санау таяқшалары http://www.razvitierebenka.c om/2014/07/Didakticheskieigry-po-matematike.Cvetnyeschjotnye-palochki.html









Дәптер 1-бөлім,54 бет






Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?time_continue=6&v=C336t_dqsgs


















Суреттер интернет көздерінен алынды.





Сабақтың соңы





-Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

-Сабақта қандай тапсырмаларды орындау қиын болды?



Кері байланыс:


Қызыл түс- мен бүгінгі сабақта жазық фигураларға ұқсас заттарды табуда қателестім.

Сары түс – мен жазық фигураларды қоршаған орта заттарымен сәйкестендіруде қателіктер жібердім.

Жасыл түс- мен жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды ажыратуға, сәйкестендіруге қатысты тапсырмаларды дұрыс орындай алдым.
































Сурет интернет көздерінен алынды


Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Әрбір оқушының жеке қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында саралау әдістерін қолданамын.

  1. «Диалог және қолдау» әдісі арқылы саралау.

«Болжау» әдісі топта тәжірибе жасау арқылы оқушылардың басым көпшілігі кеңістік және жазық фигуралардың түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар тәжірибе жасап көрсетіп, көз жеткізіп, пайда болған фигура жайында ойларын қорытындылайды, фигураларды айналадағы қоршаған заттармен байланыстырады.

Кейбір түсінбеген оқушыларға қателерді түзетуге, жауапты толықтыруға ұсыныс беремін, қастарына жақындап қолдау көрсетемін.

2.Өзіндік жұмыс барысында Кеңістік денелерінің атауын оқы. Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сыз тапсырмасын орындауда түсінбей отырған оқушыларға қолдау көрсетемін.


2. «Тапсырма» әдісі арқылы саралау.

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша санау таяқшаларынан жазық пішіндерді құрастыруға тапсырма берген кезде тез әрі қате орындаған және жай әрі қате орындаған оқушылардың қасына барып қолдау көрсетемін.

Қарқын

Топтық жұмыс. ««Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі санау таяқшаларынан жазық фигуралар құрастырған кезде тапсырманы толық, тез орындаған оқушыларға

«Құрастырып көр» тапсырмасын ұсынамын. Оқушыларға конвертке түрлі бірнеше жазық фигуралар салып таратамын. Жазық фигуралардан түрлі 3-4 мазмұнды композициялар құрастыруды тапсырамын.
















Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?








ҚБ 1: «Тамаша!», «Жарайсыңдар!» деген сөздермен кері байланыс жүргіземін.

ҚБ 2: «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» топтық бағалау

Топта тапсырманы толық орындаған оқушыларға 2 жұлдызды бөліп береді.

Кейбір түсінбеген оқушыларға қателерді түзетуге, жауапты толықтыруға ұсыныс айтады. Қ.Б.3:Жұптық бағалау, топтық бағалау, өзара бағалау

ҚБ4-: дескриптор арқылы бағалау.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Қауіпсіздік ережелері: Қайшымен, желіммен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін еске түсіртемін.

Интерактивті тақта арқылы мәліметтер көрсеткенде проектордың 3 минуттан артық қосылып тұрмауын қадағалаймын.

Ширату, сергіту сәттерін өткізгенде оқушылардың ара қашықтарын ескеремін.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жазық фигуралар

Автор: Искалиева Зергул Ергалиевна

Дата: 13.05.2019

Номер свидетельства: 510093

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Математика 1сынып "Жазық фигуралар""
    ["seo_title"] => string(36) "matiematika_1synyp_zhazyk_fighuralar"
    ["file_id"] => string(6) "363897"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480432120"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Жазық фигуралардың модельдері (1)"
    ["seo_title"] => string(31) "zhazyk_figuralardyn_modelderi_1"
    ["file_id"] => string(6) "514551"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560363299"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жазы? фигураны? ауданын аны?тал?ан интегралды? к?мегімен есептеу."
    ["seo_title"] => string(68) "zhazykfighuranynaudanynanyktalganintieghraldynkomieghimieniesieptieu"
    ["file_id"] => string(6) "326175"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463120959"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Геометриялы? фигуралар. Периметр. Аудан. "
    ["seo_title"] => string(45) "gieomietriialyk-fighuralar-pierimietr-audan-1"
    ["file_id"] => string(6) "161086"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422180435"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Геометриялы?  фигуралар. Периметр.Аудан."
    ["seo_title"] => string(45) "gieomietriialyk-fighuralar-pierimietr-audan-3"
    ["file_id"] => string(6) "253786"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447667076"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства