Просмотр содержимого документа
«Үшбұрыштар теңдігінің III белгісі»
Геометрия
7-б сынып
Сабақ №22
Сабақ тақырыбы:
Үшбұрыштар теңдігінің ІІІ белгісі
Жалпы мақсат:
Үшбұрыштың теңдігімен таныстыру және теңдік белгілерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Сілтеме:
1. Геометрия оқыту әдістемесі
2.7-сыныпқа арналған геометрия оқулығы, Алматы «Атамұра», 2012
3. плакат
Күтілетін нәтижелері:
Үшбұрыштың теңдігінің ІІІ белгісін білетін болады; есеп шығаруда үшбұрыштар теңдігін қолдана алатын болады.
Негізгі идеялар:
Үшбұрыштың теңдігінің белгілеріне есептерді шығара алады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. 7-сыныпқа арналған Геометрия оқулығы
2. үлестірмелер, плакаттар, стикерлер,
Оқыту әдістері:
1. Диалог
2. Проблемалық сұрақтар қою.
3.Түсіндіру
Дерек көздері:
Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Ғаламтор мәліметтері
Тапсырмалар:
Сұрақ-жауап, Есептер шығару.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (5 мин)
Оқушыларды «Медиана», «Биссектриса», «Медиана» деп үш топқа бөлу
Үшбұрыш элементтері бойынша топқа бөлінеді.Үшбұрыштың биіктігі,медианасы және биссектрисасын салу және ережелерін айтып шығу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
Тақтада үшбұрыш белгілері бар плакат ілінеді. Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырып сұралады.
Берілген сұрақтарға жауап іздейді бірін бірі толықтырады.
ІІІ. Жаңа тақырып
(10 мин)
Плакаттағы суретке қарап үшбұрыштың теңдігінің үшінші белгісін тұжырымдауды ұсыну. Сұрақтар қою арқылы тақырыпқа қарай бағыттап отыру. Сызбасын келтіру
Оқушылар берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Жұмыс дәптерлеріне тұжырымдалған белгіні жазды.
ІV. Бекіту.
(ой қозғау –сұрақтар)
Практикалық тапсырмалар
(15 мин)
«EXPO-17», Қытайдағы және Франциядағы экспо материалдарына шолу. Қандай геометриялық фигуралармен байланысты? Үшбұрыштың қандай түрлері қолданылған?
Үшбұрыш анықтамасы
Үшбұрыштың түрлері
Үшбұрыш элементтері
Үлгірімі төмен оқушылар үшін үлестірме беру(, үшбұрыш суреттерін салу, салған
үшбұрыштың периметрін анықтау, медианасын салу)-
№111, 112, 119, 127
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Үшбұрыш анықтамасын айтады
Үшбұрыштың түрлерін салып көрсетеді, үшбұрыш элементтерін анықтамасымен айтып шығады
Жеке тапсырма орындаушылар (үшбұрыш суретін салады, периметрін анықтайды, медианасын салып көрсетеді)
Белгілерді пайдалана біледі
есептер шығарады.
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин)
№113, №121 есептер, ҮТО-ға ПТ-1
Теорема-1,2,5 оқу
Үй тапсырмасын белгілеп тиянақтап алады
VI. Бағалау (5 мин)
Формативті бағалау
Өзін-өзі бағалайды
VII. Рефлексия
(3 мин )
Тақырыптың негізгі идеясын ашу
Екі жұлдыз бір тілек
1) .Мағынаны тану. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі.
а)теорема-1.(үшінші белгі).Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
(теореманы тұжырымдау және оны шешу әдістерін ұсынуына,ізденіске бағдарлау.) Дәлелдеуі: кері жору әдісімен.
∆АВС≠∆А1В1С1 болсын.∟А≠∟А1, ∟В≠∟В1,∟С≠∟С1 болуы керек. Бұлай болмаса,үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі бойынша ∆АВС=∆А1В1С1 болар еді.Айталық, ∆А1В1С1=∆АВС болсын.62-сурет бойынша.С1Д=ДС2. ∆А1С1С2.=∆В1С1С2. С1С2-ортақ болатын тең бүйірлі үшбұрыштар. А1С1=АС=А1С2 ,
ә) ПТ-4. Тапсырманы орындата отырып, бүгінгі білімдерін пайдалана отырып, практикалық негізде,өз ойын анықтай білуге үйрету.берілген үшбұрыштардың теңдігін анықтау және биссектрисасын, медиана , биіктіктерін жүргізу.
2) Есептер шығару. (Үлгірімі төмен оқушыларға)
1.АВС және MNG үшбұрыштары тең. Егер AB=10 см. NG=8 см. MG=15 см болса, АC, BC,MN қабырғалары неге тең ?
2. ∆АВС =∆А1В1С1. Егер АВС үшбұрышының қабырғалары 4 см,
10 см және 12 см болса,онда бойынша ∆А1В1С1 үшбұрышының периметрі неге тең ?
Қосымша есеп: (тапсырмаларды орындағандарға)
3. А,В,С және Д нүктелері бір түзудің бойында жатады. Егер АВЕ1 және АВЕ2 үшбұрыштары тең болса, онда СДЕ1 және СДЕ2 үшбұрыштары тең екендігін дәлелдеңдер.