Түзу, кесінді, сынық сызықты түсіндіру, олардың ерекшеліктерін көрсету және жазықтықта бейнелей білуге үйрету. Түзу бір сызықтың бойында орналасқан көптеген нүктеден тұрады. Түзудің басы мен аяғы болмайды. Бір нүкте арқылы шексіз көп түзулер жүргізуге болады. Екі нүкте арқылы тек бір ғана түзу жүргізуге болады. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігін кесінді деп атайды. Ал нүктелерді кесіндінің ұштары дейді. Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, оны құрайтын кесіндінің алғашқысының соңы екіншісінің басы, екіншінің соңы үшіншінің басы және т.с.с. жалғас қан кесінділерден тұрады. Сынық сызықты құрайтын әрбір кесінді сынық сызықтың буыны болып табылады. Әр буынның соңы сынық сызықтың төбесі болып табылады. Түзу, кесінді, сынық сызықты салуда сызғыш қолданылады. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сыныптың немеседәліздің бос жерінде ойын ойнауды ұсыныңыз. “Нүктелер” ойыны. Көз алдарыңа елестетіңдер. Сендер нүктесіңдер. Бір-бірлеріңе жақын тұрыңдар. — Қандай фигура шықты? (Сызық.) — Сендер қандай сызықтарды білесіңдер? (Тұйықталған қисық және тұйықталмаған қисық.) Шетте тұрған оқушыларға жіпті ұстатып, оны тартып тұруды сұраңыз. — Оларда қандай сызық шықты? (Түзу.) — Егер, біздің жібіміз бітпесе, сызықты әрі қарай жалғастыра беруге бола ма? Оқушыларға түзудің басы мен аяғы болмайтыны туралы тұжырым жасатыңыз. Оларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз. Түзу сызықтарды сана. Оқушыларға өз беттерінше түзулерді санап, қанша түзу санаса, қол дарындағы сонша саусақты көрсетуді ұсыныңыз. Олардың қандай түспен бейнеленгенін сұраңыз. Қосымша мынадай сұрақтар қойыңыз: — суретте қандай сызықтар бейнеленген? — Олар қалай аталады? | барлық кесінділерді тауып, оларды атауды ұсы ныңыз. Қай кесіндінің ұзын екенін сұраңыз. Қосымша сұрақтар қойыңыз: — АС кесіндісі қандай кесінділерден тұрады? — Ең қысқа кесінді қайсы? Жауабы: үш кесінді: АВ, АС, ВС. Ең ұзыны: АС. Оқушыларға жіңішке таяқшаны көрсетіңіз. Олар дан таяқшаны кесінді деп санауға бола ма?” — деп сұраңыз. (Иә, оның екі ұшы бар). Одан кейін таяқшаны сындыруды ұсыныңыз. Сосын не істегендерін сұра ңыз. (Таяқшаны сындырдық.) Оқушыларға мате матикада бұл фигураны сынық сызық деп атайтынын айтыңыз. Оқушыларға өз бетінше жұмыс жасау үшін жез немесе алюминий сымдарының бөліктерін қолдануды ұсыныңыз. Алдын ала әрбір оқушыға жез немесе алюминий сымдарының бөліктерін дайындап қойыңыз. Нұсқаулық бойынша жұмыс жасауды ұсыныңыз. Сымды екі жерден бүгіңдер де, шыққан гео метриялық фигураны атаңдар. Осы сынық сызық бөліктерін санаңдар. Олар қалай аталады? Сынық сызықтың ұштарының санын санаңдар. Сынық сызықтың екі ұшын бір-біріне қосыңдар. Қандай сынық сызық пайда болды? Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыры ңыз. Сынық сызықтың буынының бір ұшы екіншісінің басы болатынына оқушылардың назарын аударыңыз. Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жасалатынжұмыс ұсыныңыз. Тапсырманы жұпта талқылаған соң тақтаға шығып жұмысты сыныптағы оқушыларға айтып беруге шақырыңыз. Қосымша тапсырмалар беріңіз: 1) қай сынық сызықтың буыны басқаларға қарағанда артық; қайсынікі басқаларға қарағанда кем? 2) қай сынық сызықтардың буындарының саны бірдей? Орындап көр. Оқушыларға топта талқылаудыұсыныңыз. Содан соң әр топтан суреттердің біреуін талдауын сұраңыз. Олардан суреттен қандай сызықтарды көргенін сұраңыз. |
Оқушыларды тірек сөздерді және “түзу, кесінді, кесіндінің ұзындығы, тұйықталған сынық, тұйық талмаған сынық, сынықтар буыны, сынықтардың ұштары” сөз тіркестерін оқулықтағы суреттермен жұмыс істегенде және белсенді жұмыс түрін жүргізгенде қолдануға жаттықтырыңыз. | Түзулер. Оқушылардан т үзудің ұштары болатынын болмайтынын сұраңыз. Берілген нүктелерде шектелмей, әрі қарай созылған түзулерді көрсететін үлгіні ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Сызғышпен жұмыс істеуге дағдыланбаған оқушыларға көмек көрсетіңіз. Оқушылардан оларда неше түзу пайда болғанын сұраңыз. Осы нүктелер арқылы тағы түзулер сызуға бола ма? Неге? Кесінділер. а) Оқушыларға түзу бойында ретімен үш нүкте салуды және оларды әріптермен белгілеуді ұсыныңыз. Кесінділерді өз бетінше сана. Кейбір оқу шылардан тақтадағы кесінділерді көрсетуді және олардың атауын сұраңыз. (Үш кесінді.) ә) Тапсырманы рет-ретімен біртіндеп орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың сызғышты дұрыс қоюын қадағалаңыз. Содан соң жұпта өзара тексеруді ұсыныңыз. Сынық сызықты жинақта. Оқушыларға алдын ала сынық сызықтың алғашқы буынының ұшы екінші буынының басы болатынын ескертіңіз, ал тұйық талған сынық сызықтың екі ұшы бір -бірімен сәйкес келетінін айтыңыз. Тапсырманы өз бетінше орын дауды ұсыныңыз. Сызғышпен жұмыс істеуге қиналатын оқушыларға көмек көрсетіңіз. Сызықтар. Бұл тапсырма тез жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша ретінде берілген. Сондай-ақ бұл тапсырманы үй жұмысы ретінде ұсынуға болады. |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында: түзу, кесінді, қисық, сынық сызықты ажырата біледі; тұйықталған және тұйықталмаған сынықтарды ажырата алады; түзу, кесінді және сынық сызықтарды сала алады. Оқушыларға мына сөйлемдерді аяқтауды ұсы ныңыз: — екі нүкте арқылы тек қана ________ түзу жүргізу ге болады; — кесінді — бұл екі жағынан ________ түзудің бір бөлігі; — сынық сызықтардың құрамы — бұл ___________ . Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өзін-өзі бағалауды ұйымдастырыңыз. |