Мерзімі: 02.02.2015 ж |
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың туындылары. |
Сабақтың мақсаты: Тригонометриялық функциялардың туындылары туралы түсінік алу,тригонометриялық функциялардың туындыларын табуға үйрену. |
Күтілетін нәтиже: Тригонометриялық функциялардың туындылары туралы түсінік алады,тригонометриялық функциялардың туындыларын табуды үйренеді. |
Сабақтың әдісі: «Шаттық шеңбері», «Сәйкестендір», «Мағынаны тану» , «Кім жылдам», «Тест жұмысы», «Көңіл күй смайликтері» |
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Ресурстар, көрнекі құралдар |
3 мин | Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі: А) Сергіту сәті «Шаттық шеңбері». Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне тілек айтқызамын. В) «Синус», « косинус» деп кезектеп айту арқылы екі топқа бөлемін. | Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. В) «Синус», « косинус» деп кезектеп айту арқылы екі топқа бөлінеді. | Тәттілер, интербелсенді тақта |
10 мин | Өткен материалды пысықтау: Үй жұмысын тексеру; Оқушыларға тақтадағы жауаптар арқылы үй жұмысын тексеруді ұсынамын; «Сейкестендір» оқушыларға берілген тапсырма бойынша сәйкестікті табуды ұсынамын; | Оқушылар үй тапсырмасын тексереді; Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша дұрыс сәйкестікті табады « Веер» әдісі бойынша тотар жұмысы тексеріліп, қол соғу арқылы бағаланады. | А4 парақтары, түрлі-түсті маркер |
20 мин | Негізгі бөлім «Мағынаны тану» жаңа тақырыпты оқушыларға топпен оқуды тапсырамын, қысқаша тақтада мәлімет беремін. «Кім жылдам» әдісі арқылы оқулықтағы есептерді шығартамын | Оқушылар топпен тақырыпты оқиды, ұстаздың көмегімен, құрдастарының көмегімен мағынасын таниды. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды | Оқулық, жұмыс дәптері |
7 мин | Қорытынды. « Тест жұмысы» Оқушылар қысқаша тестпен жұмыс жасатамын. | Оқушылар тест жұмысын орындайды. | Тест тапсырмалары |
3 мин | Бағалау. Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын қол соғу арқылы бағалайды. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. Үйге тапсырма: №226,№227 |
2 мин | Рефлекция. Кері байланыс: «Көңіл қүй смайликтері» | Өткен тақырып бойынша өз пікірлерін жазады. | Стикерлер |
Пән мұғалімі : Хайдарбекова Р.Х.