kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

TIMSS халықаралық зерттеуі туралы жалпы түсінік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды TIMSS халықаралық зерттеуі туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«TIMSS халықаралық зерттеуі туралы жалпы түсінік»


Факультатив тақырыбы: «Математикалық функционалдық сауаттылық»

Сыныбы: 6

Күні:

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: TIMSS халықаралық зерттеуі туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды TIMSS халықаралық зерттеуі туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі – сауалнамалар жүргізу және тестілер алу. Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты және 8-сыныпты бітірген оқушылар қатысады.

Бұл зерттеу Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Ассоциациясымен (IEA) жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей  жетекші ұйымдар кіреді:

  • Білім саласындағы тестілеу қызметі (ETS – США);

  • Канада статистика орталығы (Statistics Canada);

  • Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Асссоциациясының ақпараттарды өңдеу орталығы (DPC IEA – Data Processing Center IEA, Германия);

  • Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Асссоциациясының хатшылығы (IEA, Нидерланды);

  • Халықаралық басқарушы орталығы – Бостон колледжі (ISC – International Study Center, Boston College, США).

Халықаралық зерттеулерде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт  және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді. Атап айтсақ, 4-сыныпқа арналған тапсырмалар сандар (50%), геометриялық фигуралар мен өлшеулер (35%), мәліметтерді беру (15%) бөлімдері бойынша; 8-сыныпқа – сандар (30%), алгебра (30%), геометрия (20%), мәліметтер мен болжамдар (20%) бөлімдері бойынша дайындалады.




Факультатив тақырыбы: «Математикалық функционалдық сауаттылық»

Сыныбы: 6

Күні:

2-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: TIMSS халықаралық зерттеуінің тарихы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды TIMSS халықаралық зерттеуінің тарихымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Халықаралық TIMSS зерттеуі 1995 жылы басталып, төрт жылдық кезеңмен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізіледі. Қазақстанда бұл зерттеуді алғаш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» өткізеді.

Тапсырмалардың мазмұндық бөліктерді ашып қарастырар болсақ, олар мынадай тақырыптарды қамтиды:

4-сынып. Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; сандық көрсеткіштер және теңдеу; тізбек мен тәуелділік.

Геометриялық фигуралар мен өлшемдер: нүкте, кесінді және бұрыш; фигуралардың жазықтықта және кеңістікте белгіленуі.

Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді үйлестіру және оқып-түсіну; мәліметтерді үйлестіру және беру.

8-сынып. Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; қатынас, пайыз және пропорция.

Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеу/теңсіздік және функция.

Геометрия: геометриялық өлшемдер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы және қозғалысы.

Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді талдау; мәліметтерді үйлестіру және беру; ықтималдылықтар.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі осы аталған мазмұнды бөлімдерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады.

Халықаралық TIMSS зерттеуінде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: білім деңгейi, қолдану деңгейі, тұжырымдау деңгейi.

Білім деңгейі бойыншаоқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу; есептеу; график пен кестеден мәліметті алу; құралдарды қолдану; классификациялау, математикалық объектілерді тану қабілеттері бағаланады.

Қолдану деңгейі бойынша нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты көрсету; модельдеу; тізбек тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады.

Ойлау деңгейі бойынша объектілердің арасындағы тәуелділікке анализ жасау; қорытындылау, әр түрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады.

Бұл зерттеулер қатысушы елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.



Факультатив тақырыбы: «Математикалық функционалдық сауаттылық»

Сыныбы: 6

Күні:

3-5-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды TIMSS халықаралық зерттеуінде кездесетін мәтінді есептерді шығаруға дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

1-тапсырма

Таңертең сағат 8-де ауа температурасы 14°С көрсетті. Кейін температура әр сағат сайын 3°С артты және caғaт 12-де температурасы 25°С жетті. Таңертең caғaт 10-да ауа температурасы қандай болды?

а)14°С; ә)16°С; б) 18°С; с) 20°С.


2-тапсырма

Суретте бейнеленген адамның бойы 2 м-ге тең. Ағаштың биіктігін табыңдар.

а) 4 м; ә) 6 м; б) 8 м; с) 10 м.


3- тапсырма

Арман, Руслан және Айгерім мектептен үйге бірге қайтады. Оларға Айгерімнің үйіне жету үшін 20 мин керек. Кейін Русланның үйіне жету үшін Арман мен Русланға 15 мин қажет. Ал, Арманның өз үйіне жету үшін 10 мин керек. Арман үйіне 16 сағ-та келу үшін олар мектептен қаншада шығуы қажет?



4- тапсырма

Мәжіліс залында 9 қатар бар. Әр қатарда 15 орындықтан қойылған. Барлығы қанша орындық бар екені қандай өрнектің көмегімен есептеуге болады?

а) 15 : 9; ә) 15 - 9; б) 15 * 9; с) 15 + 9.

5-тапсырма








Суретте 12 бәліш берілген. Барлық бәліштің 1/4 бөлігін дөңгелектеп қоршаңыз.


6- тапсырма

Былтырғы жылы Алғабас мектебінде 92 ер бала және 83 қыз бала болған. Биылғы жылы мектепте барлығы 210 оқушы, оның ішінде 97 ер бала. Былтырғы жылға қарағанда биылғы жылы қыз баланың қаншасы артық?

Жауабы: _________________


7- тапсырма

Арман мысығының салмағы қанша екенін білгісі келеді. Алдымен ол өзі өлшенгенде таразы 57 кг көрсетті. Содан кейін мысығын қолына алып, таразыға тұрғанда, таразының 62 кг көрсеткенін көрді.

Мысықтың салмағы қанша?

Жауабы килограмм


8- тапсырма

10 баладан тұратын топқа 76 кәмпит берді. Барлық кәмпитті балаларға тең бөліп беру үшін неше кәмпит қосу керек?

Жауабы: _______________






Факультатив тақырыбы: «Математикалық функционалдық сауаттылық»

Сыныбы: 6

Күні:

7-8-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Жол. Жылдамдық. Уақыт.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды TIMSS халықаралық зерттеуінде кездесетін жол, жылдамдық, уақытқа есептер шығаруға дағдыландыру.



Сабақтың барысы:


1- тапсырма

Стадионның жүгіру жолында 2 спортшы жүгірді. Қайрат 2 км, ал Асан сондай уакытта 3 км жүгірді. Қайрат 6 км жүгірді, сонда Асан қанша километр жүгірді.

2-тапсырма. «ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ»

1-сұрақ: Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?



А) 0,5 км; В) 1,5 км; С) 2,3 км; D) 2,6 км.

2-сұрақ: Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болады?

А) Сөре сызығында; В) Шамамен 0,8км белгісінде; С) Шамамен 1,3 км белгісінде; D) Шамамен тас жолдың ортасында.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
TIMSS халықаралық зерттеуі туралы жалпы түсінік

Автор: Батыргалиева Батима Хабешовна

Дата: 01.11.2017

Номер свидетельства: 435980

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру жолдары" атты баяндама"
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynypokushylarynynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruzholdaryattybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "278301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453051896"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Календарные планы по географии для 6,7,9 классов"
    ["seo_title"] => string(46) "kaliendarnyieplanypoghieoghrafiidlia679klassov"
    ["file_id"] => string(6) "283306"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453816986"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Баяндама: « Функционалды? сауаттылы?ты ж?зеге асыру жолдары» "
    ["seo_title"] => string(64) "baiandama-funktsionaldyk-sauattylyk-ty-zhuzieghie-asyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "166230"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422936122"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама: «  Функционалды? сауаттылы? дегеніміз не?   »"
    ["seo_title"] => string(48) "baiandamafunktsionaldyksauattylykdieghienimiznie"
    ["file_id"] => string(6) "291969"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455204916"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама: « О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын  ж?зеге асыру жолдары»"
    ["seo_title"] => string(70) "baiandamaokushylardynfunktsionaldyksauattylygynzhuzieghieasyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "291972"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455205277"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства