kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тендеуди шешу

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: Математика                                                

Сыныбы: 2 сынып

Саба?ты? та?ырыбы: Те?деуді шешу

Саба?ты? ма?саты: 1. О?ушылар?а те?деуді д?рыс шешуді ?йрету.

                                                 2. Логикалы? ой-?рісін дамыту.

                                                3. ??ыптылы??а,шапша?дылы??а  т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: Д?ст?рлі саба?

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

Саба?ты? ?діс- т?сілі: С?здік ?дісі, к?рнекілік ?дісі.

Саба?ты? к?рнекілігі:  О?у ??ралдары, кестелер, суреттер

                                                  Саба?ты? барысы

I. ?йымдастыру кезе?і:

а) о?ушылармен с?лемдесу   ?) дайынды?ын ?ада?алау  б) психологиялы? дайынды?

 II. ?й тапсырмасын тексеру кезе?і:

113 - беттегі № 6,7есептерді тексеру.

III.  Жа?а саба??а дайынды? кезе?і:

1) Ауызша есептеулер.

2) С?ра?тар?а жауап алу.

 - ?ткен саба?та ?андай есептермен танысты??

Ма?сат ?ою

Б?гінгі саба?ты?  ма?саты –  те?деу шешу. 

IV. Жа?а саба?:

 1. О?улы?пен ж?мыс.

№1 Те?дікті жаз.

6 ж?не 2 саныны? айырмасы 4-ке те?. Азайтуды ?осумен тексер. ?орытынды жаса.  

6-2=4     4+2=6

№2 Те?деу ?алай ??рыл?аны? т?сіндіру.

                          х-40=9             

Ендеше,            х =40+9                           

Б?дан,               х= 49                   

Тексеру,           49-40= 9                      

Салыстыру.     9=9      Тура санды те?дік шы?ты.

№3

Сатылды-30 кг                                                Сатылды-30 кг

?алды-?, 7кг арты?             болды - ?           ?алды- 7кг                болды - ?    

Шешуі: (30+7)+30=67                                    Шешуі: 30+7=37

Жауабы: ?алды  37кг, болды  67кг                Жауабы:болды 37 кг

2.Сергіту с?ті .

V. Саба?ты бекіту:

№4  ?рнекті жазып м?нін табады.

38+(40+20)=98      

а +(30+10)    м?нда?ы   а=56;        56+(30+10)=96     

45+(20+а)    м?нда?ы   а=30;         45+(20+30)=95

№5

6+6=12     12-6=6

9+9=18     18-9=9

№6

Мысалдарды та?та?а шы?арады.

VI. Саба?ты ?орыту: С?ра? – жауап ар?ылы

VII.О?ушыларды ба?алау: Белсенді ?атыс?ан о?ушыларды ба?алау

VIII.  ?йге тапсырма беру: 114 бет  №3(б),115 бет № 7

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тендеуди шешу »

1,2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа.

Сабақтың мақсаты: балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік-аласа, кең-тар, үлкен-кіші, ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру;

Ә) Пәнді оқытудың мақсаты – міндеттерін ұғындыру.

ІІ. Жаңа сабақ мазмұны:

ІІІ. А) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, ондағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).

Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын).

Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т.с.с.

ә) Оқулықпен жұмыс.

1.Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінен биігірек, болмаса аласа т.б.

2.Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен тротуардың ені, ұзындығы қарастырылды. Көше кең. Тротуар тар.

3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі үлкен, екіншісі – кіші. Үлкеннің бойы – кішісінен биік, інісінің бойы аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісініңі ағасына тар болатынын сұрақ-жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы – үлкен доппен, інісі – кіші доппен ойнайды. Үлкен доп-футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажеттігі айтылады

Доптар бір-бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ, киімдердің ұзын-қысқалығы, кең-тарлығы, үлкен-кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаштардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.

б) Ойындар.

Бұл сабақта «Өз үйіңді тап», «Үй тұрғызайық», «Сипаттамасы бойынша тап» деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.

в) Дәптермен жұмыс.

Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптерде берілген тапсырмалар орындалады. Онда торкөзді санап отырып, шыршаларды салып, биктерін салыстыру қажет. Үйлердің қабырғасының еніне қарап кең-тарлығын анықтап, үзік сызықты бастыра жүргізді. Сол сияқты басқа берілген тапсырмалар осы үлгіні басшылыққа алады. Жаңа ұғымды меңгертуде дидактикалық материалды, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдаланып, балалардың танымдық қабілеттерін дамытады.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта бала өзін қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік – тынысынан биік-аласа, үлкен-кіші, кең-тар, ұзын-қысқа ұғымдарын танып-біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.






























3,4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке.

Сабақтың мақсаты: Балаларды жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ – жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету:

Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Математикалық жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.

Ә) Сабаққа қажет құрал-жабдықтарды дайындау.

ІІ. Жаңа сабақ мазмұны:

а) Жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстыратынын хабарлайды.

Ағаштың пайдасы, оның қолданылу аясы жайлы әңгімелейді. Ағаш діңдерін салыстырып, жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырады.

ә) Оқулықпен жұмыс.

Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке екенін ажыратады. Енді сол ағаш кесінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кесінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі – жалпақ, екіншісі жіңішке екендігін анықтайды. Жіңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақтау мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызғыштың жалпақтығы салыстырылады. Тапқышбек тапсырмасындағы балалардың киімдері үстел бетінің жалпақтығы, аяғының жуандығы салыстырылады.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өзі салған заттардың қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын көз мөлшермен, әрі торкөзбен есептеп салыстыруды жетілдіреді.

Ойындар

«Өз пәтеріңе жайғас», «Өз үйіңді тап», «Қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дұрыс, орынды қолданып, торкөзбен жұмыс жасауға үйренеді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.












































5,6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жоғары. Төмен. Оңжақта. Солжақта. Алдында. Артында. Жанында. Астында. Үстінде. Соңында. Арасында. Ішінде. Бірінші. Екінші. Жылдам. баяу.

Сабақтың мақсаты: Балларды кеңістік ұғымымен таныстыру, заттардың өзара орналасуын орнын ажырата білуге үйрету. Балалардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыр, танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оң, сол, жоғары, төмен ұғымдарына байланысты өлең-тақпақтар арқылы бой сергіту жаттығуын ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

а) сабақты мектептің не балабақшаның спорт алаңына саяхат жасаудан бастаған жөн. Ондағы балалардың іс-әрекеті, орны жайлы әңгіме жүргізуге болады.

Сондай-ақ, сыныптағы заттардың орналасуы, оларды бір-бірімен салыстырғандағы орны сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулық дәптердегі суретте балалардың іс-әрекеті мен орындары, доптардың орнына қарап сұрақ-жауап жүргізіліп жоғары, төмен, жанында, алдында, артында, оң жағында, сол жағында ұғымдарымен таныстырылады.

ІІ-суреттегі тұғырға қарап жүгіріп келе жатқан балаларды ретімен атау; бірінші, екінші, үшінші. Балалардың қимылдарына қарай жылдам, баяу екендігі айтылады.

ІІІ-суреттегі ұл бала мен қыз баланың іс-әрекетіне қарай бетінде, үстінде, астында ұғымдарымен танысады.

«Шалқан» ертегісінің мазмұны ашылып, ондағы атасы, апасы, немересі, күшік, мысық, тышқанның орнын ажыратып, арасында, ортасында, соңында ұғымдары түсінуді тереңдетеді.

Дәптермен жұмыс.

1.Торкөзді салып, бояу.

2.Торкөздің оң жағындағысын – қызыл, сол жағындағысын көк түспен бояу.

3. Торкөздің жоғарғы жағындағысын – жасыл, төменгі жағындағысын сары түспен бояу.

4. Торкөздің оң, сол, жоғарғы, төменгі жағындағыларын әрбір бала өзіне ұнаған бояуды пайдаланып бояйды.

5. Дөңгелектерді де өзіңе ұнаған бояумен боя.

6. Берілген геометриялық фигураларды ретімен салу.

Ойындар

Жоғарыдағы ұғымдарды меңгерту мақсатында «Орнын тап», «Қол соғу», қалай жүріп, нені тапқың келеді? Ойындарын пайдалануға болады.

Қорытынды

Балалар, бұл сабақта заттардың кеңістікте өзара орналасуы мен орнын ажыратып, ұғымдарды дұрыс пайдаланып, торкөзбен нақты танысып, ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.











































7,8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру.

Сабақтың мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көп-аз, артық-кем, сонша ұғымдарымен таныстыру. Саны бір-бірінен артық-кем заттарды теңестіруге үйрету. Теңестірудің екі жолын практикалық жолмен меңгерту. Сонша, қанша болса, сонша ұғымдарын игерту.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Қажетті материалдарды дайындау.

б) «Санамақ» жаттау.

ІІ. Жаңа материалдардың мазмұны.

а) Сыныптағы парталарды, заттарды, т.б. санау.

ә) Заттардың санының көп-аздығын, тең екендігін анықтау.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулық дәптердегі сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру. Неше сәбіз? (алты), неге бұрыш? (төрт). Сәбіз көп пе, әлде бұрыш көп пе? (сәбіз көп, бұрыш сәбізге қарағанда аз).

Қайсысы артық? Қайсысы кем? (сәбіз артық, Бұрыштың саны кем).

Сәбіздің бұрыштан қаншасы артық? (екеуі). Бұрыштың сәбізден нешеуі кем? (екеуі).

Помидор мен қиярдың санын салыстыр. Помидор –алтау, қияр да алтау. Помидор қанша болса, қияр сонша, екеуінің саны бірдей немесе тең.

Сәбіз бен бұрыштың санын қалай теңестіруге болады? Деген сұраққа балалардың ізденіс жұмысын ұйымдастыру керек. Сәбіздің бұрыштан екеуі артық, бұрыштың санын сәбізге теңестіру үшін екі сәбізді алу керектігін балалардың өздеріне тапқызған дұрыс.

Сәбіз бен бұрыштың санын теңестіргенде неше сәбіз болса, сонша бұрыш болады деген ұғымды балалардың түсініп білгені жөн.

Көкөністердің әрқайсысының санын тауып, оны санына қарай тиісті қораптарға салдыру жұмысын жүргіземіз. Мысалы: Төрт помидор оларды төртінші қорапқа салуға болады, т.с.с.

Дәптермен жұмыс.

  1. Геометриялық фигуралардың санын салыстырып, тиісті түспен бояу.

  2. Геометриялық фигуралардың санын теңестіру.

  3. Ыдыстардың әрқайсысының өз қақпағын тауып, сызық арқылы қосу.

  4. үшінші қатардағы сұрақ белгісінің орнына әр қатардағы ыдыстардың сиымдылығы бірдей болса, қандай ыдыс тұратындығын табу.

Екі торсықтың сиымдылығы бір торсық пен 4 кесеге тең болса, сұрақ белгісінің орнына 1 торсықтың суретін салу керектігін балалардың өздеріне тапқызу керек.

Сабақты «Көп-аз, бір», «Қай қолымда көп» ойындармен қорытындылауға болады.

Қорытынды

Сабақта заттарды санына қарай салыстыру арқылы олардың бір-бірінен артық-кемін, қайсысының көп-аздығын, оларды теңестіру жолдарын, сонша ұғымының тең деген ұғыммен пара-пар екендігін үйренеді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.








































9,10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 1 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: Бір саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бірді алу. Бір цифрын жазуға үйрету.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І. Ұйымдастыру кезеңі.

Санға байланысты өлең-тақпақтар оқу.

ІІ. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сан ұғымына шамаларды салыстыру арқылы келу – дамыта отырып оқытудың бірден-бір жолы. Сондықтан бір санын көптен бөліп алу, көптің ішінде ерекше белгісі бар, өзгеше затты бөліп алуға, салыстыруға үйрету қажет.

Оқулықпен жұмыс.

Балалардың зейіні жеміске аударылады. Сұрақ-жауап арқылы көптің ішінен бірді бөліп алу көзделеді.

Сурет бойынша қанша алма? (көп). Оның ішінде өзгешесі бар ма? (Бар. Бір алма жапырағымен үзілген). Алмұрт қанша? (көп). Алмұрт түсінде қандай өзгеріс бар? (Көп алмұрт, оның біреуі көк алмұрт). Сол сияқты көп жапырақ, оның біреуі көк жапырақ; көп алхоры, оның біреуі көк алхоры.

Сонымен бір алма, бір алмұрт, бір алхоры, бір жапырақ көптің ішінен өзіне тән ерекшелігіне қарай бөлініп алынады. Бір деген сөзді бала өзі айтуы керек.

Геометриялық фигураларды бір үшбұрыш, бір шаршы, бір дөңгелек, бір текше деп санап шығады.

Ұғымды бекіту үшін «Күз сыйы» деген сюжет бойынша әңгіме жүргізіледі. Мысалы: Арман бақшадағы көп асқабақтан біреуін үзіп алды. Сондай-ақ, бір қияр, бір помидор, бір сәбіз, т.б. деп ұғымды қайталап тиянақтайды.

Дәптермен жұмыс.

Оқулық дәптердегі практикалық тапсырмада көрсетілген үлгідей орындауларына болады. Көкөністердің әр түрінен бір-бірден алып, қорапқа салу керек.

Бір цифры неге ұқсайды? Деген сұрақ қойылады. Жауап: таяқшаға, бағанға.

1.Бір цифрын жазуға жаттықтыру үшін алдымен ауада жазу.

2.1 цифрын жазудың алгоритмімен таныстыру.

3. Дәптердегі үлгі бойынша таяқша салу (бір жолға).

4. 1 цифрын жазу.

5.Торкөздегі 1 цифрының санына тиісті бір заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті цифрды қою.

Бұл сабақта Бұлжылтпаспен, оның жұмыс атқару негізі мен алғаш танысады. Бір санын өткенде Бұлжылтпас бір қадам басады. Ол тапсырма орындағанда бір-ақ торкөзге жылжитыны, торкөздің алдындағы кедергіні атап өте алмайтындығы түсіндіріледі. Құмырсқаның илеуі қайда, қанша қадам жасағанда торкөзді санап отырып жететіндігіне түсініп, жауап беруі керек.

Ойындар

Бұл сабақта «Көп-аз, бір», «Қай қолымда зат көп» ойындарын, дидактикалық материалдың сериясын пайдаланып, ойындар ойнатуға болады.

Сабақта 1 санының пайда болуы, 1 цифрымен танысып жаттығулар толықтырылып, өзіндік жұмыстар арқылы ұғымдарды бекітеміз.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.































11,12-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 2 саны мен цифры. Қосу, азайту амалдары.

Сабақтың мақсаты: Балаларды 2 санының пайда болуы, 2-нің алдындағы санды шығарып алуға үйрету. 2 саны мен азайту амалдарымен таныстыру. 2 цифрын жазуға үйрету.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) 1 санының пайда болуы.

ә) 1 цифры

ІІІ. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сабақты «Жыл құстары» тақырыбына байланысты әңгімеден бастаған жөн. 2 санынан бұрын «қосу» амалымен танысады. Бұтада бір торғай отыр еді, оған біреуі ұшып келіп қосылды. Сонда неше торғай болды. (екі). Бірге бірді қосқанда екі болады.

Екі араның біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? (Біреуі). Екіден бірді алғанда бір қалады. Сөйтіп «азайту» амалымен танысады. Бірден кейінгі сан-екі, екінің алдындағы сан – бір. Екі санының пайда болуы текшелер арқылы көрсетілген. Бір көк текшеге бір қызыл текшені қоссақ, екі текше болады. Екі шардың біреуі жарылып еді, біреуі қалды.

Екі таяқшадан не құрастыруға болады? – деген сұраққа жауап ретінде практикалық жұмыс жүргізіледі. Балалар екі таяқшаны пайдаланып, өз беттерінше құрастырумен айналысады.

«Аулада» атты тақырыпқа берілген сурет бойынша балалар әңгімелеп жаттығады. Екі құс ұшып жүр. Тауықтың екі балапаны бар. Екі үйрек жүзіп жүр т.б. сөйлемдер құрап, өздерінің ойларын математикалық жүйеде әңгімелейді.

Өзіндік жұмысты орындауда үлгіде көрсетілгендей әр қорапқа екі балапаннан салу керек.

2 цифры неге ұқсайды? (Аққудың мойнына).

2 цифры. Оны жазу алгоритмімен таныстырылады. 2 цифрының баспа түріндегі элементтерін үзік сызықты бастыра жүргізіп жазуды 2 цифры үлгідегідей бір жолға жазылады. Дамытушылыққа берілген тапсырмада 2 санының қасына екі заттың суреті салынып, суреттің саны жанындағы бос орынға жазылады.

Бұлжытпастың тапсырмасы бойынша құрбақа, инелікке жеткенше қанша қадам аттайтынын табады.

Бұл сабақта 2 санымен, цифрымен, қосу және азайту (+,-) амалдарының таңбаларымен таныстыру көзделеді.








Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.














































13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 2 санының құрамы, - + - = таңбаларымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.







І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) 2 санының пайда болуы.

ә) 2 цифры.

ІІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

Оқулықпен жұмыс.

Сабақта «Үй құстары» тақырыбына байланысты әңгімеден бастаған жөн.

Сурет бойынша есеп құрастыру. Бір тауыққа бір тауық келіп қосылды. Қанша болды? (Екі).

Екі жұмыртқаның біреуін алсақ, қанша қалады? (Біреуі).

Сол сияқты үйрек пен қаздың суретін пайдаланып есептер құрастырамыз.

Доп, үшбұрыш, шаршыларды бір-біріне қосу арқылы теңестіріледі. 1=1. 2=2.

Балапандардың санын салыстырамыз. Ортасына тең таңбасы қойылып, Қарындаштың тапсырмасы бойынша 1,2 цифрларын жазу, теңестіру жұмыстары орындалады.

Дәптермен жұмыс.

Қарындаштың тапсырмасы +,-,= таңбаларын бастыра жүргізу.

Геометриялық фигуралармен амалдың үлгідегідей нәтижесін сурет арқылы көрсету.

1,2 цифрын балалардың қолын жаттықтырып жаздырып, өзіндік жұмыстарды орындауда құстардың геометриялық фигуралар арқылы салынған бейнесінен бірдей екі құсты тауып, дөңгелектеп қоршау.

Қарындаштың тапсырмасы бойынша дөңгелектерді екі екіден көк, жасыл, қызыл түспен бояту керек.

Ойындар

Сабақта «Жұбын тап», «Дүкен», «Сен де сонша көрсет». Ойындарын пайдалануға болады. Сабақта 2 санының құрамы. Тең ұғымы +,-,=, таңбаларымен таныстыру көзделеді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау





















Жұмбақ шешу.




14-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 0 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 0 саны мен цифрымен таныстыру. 0 санының пайда болуы, орны туралы мәлімет беру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы


























Ізденуші- ұйымдастырушы.







І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

Бұл сабақ «Жайлауда» деген тақырыпта құрылған. Балалардың зейінін бірінші суретке аудару. Киіз үйге мән беру, енді ІІ суретпен салыстыру. Не өзгерді? (Үй жоқ), Сол сияқты 3 және 4-суреттер салыстырылады. Не өзгерді? Екі қозы қыр асып кетті, яғни жоқ.

Олай болса, 1-1=0, 2-2=0.

0 саны жоқ, бос деген мағынаны береді. 0 ұғымын қалыптастыру үшін, асықтармен есеп құрастырып жаттықтыруға болады.

Суретте не өзгерді? Бұтақтың екі жапырағының біреуі ұшып түсті.

2-1=1. қалған бір жапырақ жерге түсті.

1-1=0. бұтақ жапырақсыз қалды.

Сондай-ақ, келесі тапсырмада 0-дің пайда болуы қайталанады.

0 саны 1-ден кем, яғни 1-дің алдында болады.

Өзіндік жұмысты геометриялық фигуралардың астына бос орынға тиісті санды қойып орындайды.

0 санының таңбасымен таныстыру. 0 саны неге ұқсайды? (Жұмыртқаға, допқа, т.б.)

0-ді үлгідегідей, бастыра жазып үйренеді.

Қарындаш пен Бұлжытпастың тапсырмаларын орындау. «Қандай таңба» ойыны арқылы 0 саны мен цифрын бекітеміз.

Бұл сабақта 0 саны таңбасы пайда болуы таныстырылады.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау












Жұмбақ шешу.









15,16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 3 саны. 3 цифрымен таныстыру. 3 санының пайда болуы. Жеке оның құрамымен таныстыру. 3 көлемінде қосу, азайту амалдарын орындау. Есеп құрастыру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.





І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалдың мазмұны

Сабақты «Үй жануарлары» тақырыбына сәйкес әңгімеден бастаған жөн. Үштің пайда болуы сурет бойынша түсіндіріледі. Екі түйеге бір түйе келіп қосылғанда қанша болады? (Үш). Үш қойдың біреуі өріске кетті. Нешеуі қалды? (Екеуі).

Қамшылардың түріне қарай есеп құрастырады. (2+1). Үш кесенің біреуі құлап кетті. Нешеуі қалды? (Екеуі). Балалар шұбат, ірімшік санын анықтап алып есептер құрап жаттығады.

Үш таяқшадан құрастыру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндіктерін байқаймыз.

Үш санының пайда болуына байланысты алған ұғымдарын бекітіп, математикалық жүйеде әңгіме құрастырады.

Тура, кері санап, 3 санын тиянақтайды.

Дәптермен жұмыс

  1. 3 цифрын жазу.

  2. Берілген тапсырмалардың нәтижесін табу.

  3. Геометриялық фигураларды ретімен жалғастырып салу.

  4. Бос орындарға әр баған мен жатық жолдарға тиісті геометриялық фигураларды тауып салу.

Тапқышбектің тапсырмасында «Не артық?» деген сұраққа жауап іздеу. Жауап: үйрек. Қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады? (Төрт түлік, төлдер, үй жануарлары).

Сабақта «Ұқсастығын тап», «Қашқан сандар», «Бірде бір» ойындарын пайдаланамыз.

Сабақта 3 санының пайда болуы, құрамы, 3 цифрымен таныстыру, төрт түлікке деген сүйіспеншіліктері қалыптастырылып, әңгіме, ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел т,б, беріледі.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


















Жұмбақ шешу.




17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 4 санының пайда болуы, құрамы, 4 цифрымен таныстыру. 4 цифрын жаза білуге үйрету. 4 саны құрамына есеп құрастыруға дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы





























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

Сабақ «Тірі табиғат мүйісі» тақырыбына арналған әңгімеден басталады. 4 санының пайда болуы аквариумдағы балық арқылы, 4-тің алдындағы сан ұғымы тордағы қояндармен түсіндіріледі.

Сәбіздің суреті, оларға амалдар (+,-,=) қолдану арқылы, 4 санының пайда болуымен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанады.

Төрт таяқша арқылы әр түрлі құрастыру жұмысы жүргізіледі. 4-санының құрамын ажырату. Сан қатары: 1,2,3,4. тура және кері санау.

Дәптермен жұмыс.

4 цифрымен таныстыру 4 саны неге ұқсайды? (Төңкерілген орындыққа). Үзік сызықтарды бастырып 4 цифрын жаздыру. 4-тің пайда болуы мен оның алдындағы санға байланысты есеп шығару. 4 саны құрамын дөңгелектермен толықтыру. 4 санына ойша есептер құрастыру.

Қарындаштың тапсырмасын орындауда тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу. Төрт түлік, төрт кітап, дүниенің 4 бұрышы, жылдың 4 мезгілі, т.б. мағлұматтар беру.

Сабақта «Поезд құрастыр», «Доп лақтыру», «Қалт етпей қағып ал», т.б. ойындар жүргізіледі.

4 санын түсіндіруде баланың табиғатқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін оятып, өзін қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеп, адамгершілік, имандылық негіздерін қалыптастырамыз.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау














Жұмбақ шешу.














18-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 5 саны. 5 цифрымен таныстыру. 5 санының пайда болуы, оның құрамына, есеп құрастыру.

Есептеу

Сабақтың барысы:



Билингвистикалық компаненттері*


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы















Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сабақ «Орманда» атты тақырыпта өрбітіледі. 5 санының пайда болуы, 5-тің алдындағы сан түлкі мен тиіннің әрекеті бойынша анықталады. Жаңғақтар мен саңырауқұлақтар арқылы 5 санының құрамын біліп, бос орындарға балалар тиісті санды қояды. Таяқшалар арқылы әр түрлі пішіндер құрастырады.

5 санының құрамын ажырату.

Сан қатары: 1,2,3,4,5. кері санау.

5 цифры, оның баспа түріндегі таңбасымен таныстыру.

5 цифрын жазу, есептер құрастыру.

Сабаққа «Дүкен», «Дабыл қағу», «Кім алғыр» ойындарын ұсынамыз.

Бұл сабақта Оқулық дәптерді пайдаланып, берілген суреттерге әңгіме, ертегі, есептер құрастырып 5 санын бекітеміз.


Амандасу



Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау






Жұмбақ шешу.


















Бекітемін: Р.Искакова

Күні: 24 қазан

Сабақтың тақырыбы: Заттар тобын салыстыру.

Сабақтың мақсаты: Заттарды салыстыруға үйрету, заттардың үлкен және кіші санын анықтау, салыстыра алу және «қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация-лық

қозғаушы




Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) Заттардың санын салыстыру.

ә) Артық, кем, ұзын, қысқа, тең ұғымдарын қайталау.

ІІІ. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сабақты «Ертегілер әлемінде» деген тақырыпта әңгімелеп, ертегілерді еске түсіру. «Қасқыр мен қоян», «Бауырсақ», «Бес ешкі». «Қасқыр мен түлкі», «Крокодил мен қалқанқұлақ», «Ешкі мен қасқыр» т.б. Осы ертегілердегі жан-жануарлардың дене мүшелерін, мінез-құлқын салыстыру.

Ойыншықтардың санын салыстыру. ,

Өзіндік жұмыста геометриялық фигуралардың санын анықтап, тиісті таңбаны қою.

Оқулық дәптердегі кестеде көрсетілген үлгіге қарап жеміс, көкөністердің санына сәйкес нүктелер салып, нүкте санын цифрмен таңбалау.

1-тапсырмада жапсыру арқылы заттарды, адамдардың санын анықтайды.

Мұғалім нешеу?

Ер бала нешеу?

Қыз бала нешеу?

Парта нешеу?

Орындық нешеу?

2-тапсырмада қанша екендігіне қарай дөңгелектерді бояйды.

3-тапсырмада тіркемедегі пирамидалары тең машиналарды бірдей түспен бояу керек.

4-тапсырмада төмендегі белгісіне қарай қай затты көрсеткенін анықтайды. Сарғыш, дөңгелек, үлкен, үш дана – ол не?

Күлгін, дөңгелек, кішкентай, бес дана – ол не?

Амандасу


Оқу құралдарын түгендеу



Қайталау




Жұмбақ шешу.











Жапсырмадағы нүктелерді санына қарай реттеп қояды.



Дөңгелектерді бояйды.


Машиналарды бояйды.


Апельсин.


Қара өрік.

Күтілетін нәтиже: Заттардың тобын салыстыра біледі, заттарды санай алады, салыстырады, үлкен және кіші заттарды анықтайды.






21-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау, білім байыту сабағы.

Сабақтың мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы





























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) 2-ден 5-ке дейінгі сандардың құрамы.

ә) 1-5 дейінгі сандардың қатары.

ІІІ. Өтілген материалдарды бекіту жұмыстары.

а) Оқулық дәптердегі үйдің, ондағы жануарлардың орналасуына қарай олардың әр қайсысының қай қабат, қай пәтерде тұратынын анықтау.

ә) жануарлардың қайсысы қайсысымен көрші немесе бір қабатта тұратынын түсіндіру.

б) Домино тасына қарап бестің құрамын ажыратып, бос орынға нүктелеп тиісті санды қою.

в) 1-ден 5-ке дейінгі сандардың теріс жазылғандарын дөңгелектеп қоршау.

г) Үйшіктің қандай геометриялық фигуралардан құрастырылғанын ажыратып, бос орындарға олардың санын қою.

ғ) Бағыттаушы сызықтың бағытына қарай бос торкөздерге оның бағытын көрсете отырып жалғастыру.

д) Сандардың алдыңғы және өзінен кейінгі көрші санын табу.

е) Көбелектің салынбаған жартысын тауып, екінші жартысын бояу.

Бұл сабақ балалардың білімдерін бекітуге мүмкіндіктер беріп, бала мен табиғат арасындағы өмір құбылыстарын таныстырып, бақылатып, олардың ақыл-ой қабілетін дамытады. Балалардың еңбекке, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау














Жұмбақ шешу.








22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 6 саны, оның цифрымен таныстыру. 6 санының пайда болуы. Оның құрамы. Қосу азайту таңбаларын қолданып, 6 көлемінде есептер құрастыру. .

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
































Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалдардың мазмұны.

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру. Ойындар арқылы шоттың 5 тасына тағы 1 тас қосу, 5 саусаққа бір саусақ қосқанда 6 саны шығатынын, оның құрамында алты бірлік болатынын түсіндіру, цифрын баспа түрде таңбалай білуге үйрету.

Оқулықпен жұмыс.

Есепшоттың тастарын санау, сағат пен уақытты бағдарлау. Суретте тізілген үшбұрыштың нешеуі боялған және қандай?

Ақтиіннің неше жаңғағы бар? Енді біреуін қосып еді нешеу болды?

6 6 торғайдың біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? Торкөзді пайдаланып, есеп шығару арқылы анықтау. Жаттығу жұмыстарын балалардың өздеріне таныстыру. Парталас балалармен ақылдасып, сөйлесе отырып, есеп шығаруға бағыттау.

Келесі тапсырма құрастыру жұмысы.

6 6 таяқшаны пайдаланып, үлгі бойынша құрастыру. Балалардың өз шығармашылығына ерік беру. Оқулық дәптерде берілген тапсырмаларды балалар өздері орындайды. Тәрбиеші-педагог бағыт береді.

Тапсырмалар орындалғаннан кейін, балалар 6 саны, оның цифры, құрамымен танысып, көптеген мағлұмат алып, естеріне сақтап, есеп шығаруда еркін қолдана алады. Бұлжытпас 5 санын артқа тастап, 6 санына келіп тоқтайды.

Балалар 1-ден 6-ға дейін оңға қарай тура және оңнан солға қарай кері санайды.

Дәптермен жұмыс:

6 саны неге ұқсайды? Оның таңбасын жазу, жазуға үйрету.

Өзіндік жұмысты орындап, жаңа өтілген сабақты пысықтау.

«Алдыңғы көршісін тап», «Кім жылдам?», «Не естідің?» ойындарын пайдаланып, алты санына байланысты дидактикалық материалдар сериясын қолданамыз.








Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау

























Жұмбақ шешу.











































23,24-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 7 санының пайда болуы, 7 цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы





























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) 6-ға дейін тура, кері санау.

ә) 6 санының құрамы.

ІІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

а) Сабақ «Төлдерге қамқорлық» тақырыбына түсінік беруден басталады. 7 санының пайда болуы суреттегі қозылардың санына қарай анықталады. 7-нің алдындағы санды шығару өтілген сабақтардың негізінде жүргізіледі. Бала 7 қозыны екі қораға қалай бөледі? – деген сұраққа жауап алынады. (6+1,5+2,4+3). Ал 6 бұзауды қалай бөлеміз? (5+1,4+2,3+3).

Сан қатары: 1,2,3,4,5,6,7, тура, кері санау.

ә) 7 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастыру.

б) 7 санының құрамын ажырату.

Дәптермен жұмыс.

1)7 цифрымен таныстыру. 7 цифры неге ұқсайды? (Шалғыға).

2)7 цифрын жазу алгоритмімен таныстыру.

3) «Жеті лақ» ертегісінің мазмұнын айту, 7 цифрын жазу.

4) 7 санының құрамын ажыратып, тапсырманы өз бетінше орындату.

5) Геометриялық фигуралардың орыны қалай ауыстырылғанын бағыттаушы сызық үлгідегідей көрсету.

6) Көбелектің суретінің жартысын салып, аяқтап оны бояу.

Яғни 7 санына байланысты: 7 күн, 7 қат аспан, 7 түс, 7 шелпек, 7 ата ұғымдарын түсіндіру.

Нешеу? Деген сұраққа жауапты 1-ден 7-ге дейінгі сандарды қолданып жауап беруге болатынын айту. Бұл сабақта балалар қазақ халқының күнделікті тәлім-тәрбие жұмысында көздесетін т.б. ұғымдарды түсініп, халықтың өмірі, оның әдет-ғұрпы жөнінде ойлау жүйесі, дүние танымы кеңейеді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау














Жұмбақ шешу.


25-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 8 санымен, оның цифрымен таныстыру. Өткен сабақтағы 7 санына 1-ді қосып 8 санын алуға болатынын түсіндіру. «+», «-» таңбаларын пайдаланып сегізгі дейінгі көлемде жазбаша, ойша есептер құрастыру. Тура және кері санау. 8 санын қос қошқар мүйіз өрнектерін балаларға көрсете отырып, естерінде сақтау жұмысын жүргізу.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы





























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

Өткен сабақтарды қайталап, қандай цифрлармен танысқандарын, олардың әрқайсысының неге ұқсайтынын, неше бірліктен құралатынын еске түсіріп, жаңа өтілетін санды үйретеміз. Өткен сабақтардағы есепшот тастарын пайдаланып, уақытты бағдарлау геометриялық фигура үшбұрыштар тізбегінде неше үшбұрыш боялғанын анықтап 8 санын игереміз.

Суреттегі өрнек таңбаларымен таныстырып, олардың мағынасына мән беріледі. Оқулық дәптердегі өрнек таңбалар арқылы балалар есептерді шығарып, торкөздерге жазады.

Жаттығу жұмысы кезінде солдан оңға қарай, тура және оңнан солға кері санайды.

Сегіз таяқшаны пайдаланып түрлі заттар құрастырады, қандай геометриялық фигураларды, денелер, силуэттер пайда болғанын айтады. Бұл таяқшалардың сиқырлығын түсіндіреді.

Сандарды бір-біріне қосып, 8 санының құрамын анықтап торкөзге жазады.

Балалардың 8 санымен, оның цифрымен танысқанын, берілген тапсырманы тиянақты орындаудағы деңгейлеріне риза болған Бұлжытпас, көтеріңкі көңілмен, 7 санын артқа тастап, 8 санының үстіне келіп тоқтайды.

Дәптермен жұмыс

8 санын бастырып жазуды үйрету. Оқулық дәптердегі өзіндік жұмыстар тапсырмасын орындап, есептер құрастырып оны шешуді. Өзіндік жұмысты дұрыс игерген бала келесі тапсырманы орындайды. Сол жақ бұтада дөңгелек, ал оң жақ бұтада буылтық шарлар бейнеленген. Яғни сол жақтағы бұтақтарға дөңгелек шарлар салынып, оң жақ бұтақтарға буылтық шарлар салынады. Көрсетілген түспен бояйды. Балалар бір түсті шарлар нешеу екенін анықтап, түс-түстеріне тоқталады.

«Шешуін кім табады?», «Көршісін тап», «Қай сан жоқ?» ойындарын ойнатып, дидактикалық материалдар сериясын пайдаланады.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау














Жұмбақ шешу.


































26,27-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 9 саны, оның цифрымен таныстыру, 9 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. Ою-өрнектерді пайдаланып, екі санды қосу арқылы 9 санына жету. 9 санынан бастап бір-бірден шегеріп отырып, кері қарай 0-ге дейін, 0-ден 9-ға дейін ауызша, жазбаша тура санай білуге үйрету. 6 санын төңкерген кезінде 9 саны пайда болатын, өрнектерде осы санның орны ауысып кетсе, амалдар дұрыс шықпайтынын түсіндіріп, баллардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы





























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

Түрлі ойындар, қызықты тапсырмалар беріп 9 санына дейін өтілген сандарды қайталау. 1,2,3,4,5,8 цифрын жазып, 5-ке 3-ті қосса қанша болады. 5-тен 3-ті алса қанша қалады? Ал 8 санына 1-ді қосып едік қандай жаңа сан пайда болады? Қане, кім табар екен? – деген қызықты сұрақтармен алға жетелеп балалардың белсенді қызығушылығын қалыптастырамыз.

Жаңа ұғымды есепшоттың тастарын санап, уақытты бағдарлап, геометриялық фигура үшбұрыштар тізбегінде неше үшбұрыш боялған, түстері қандай, суреттегі 8 гүлге 1 гүлді қосса қандай сан шығады? Деген түсінік береміз.

Жаттығу жұмыстарын орындап, есептер құрастырады, тура және кері санайды.

Таяқшаларды пайдаланып, құрастыру тапсырмасын орындаймыз. Таяқшалар саны міндетті түрде 9 болуы керек.

Суреттегі 1,2,3 дөңгелектерді бір-біріне қосып, соған сәйкес есептер құрастыру, шешуін табамыз.

Бұлжытпас балалардың біліміне, адамгершілік қарым-қатнастарына, еңбегіне, риза болып, 8 санын артқа тастап, жаңа 9 санына барып тоқтайды.

Дәптермен жұмыс

9 санының таңбасын, яғни цифрын жазып үйрету. Нүктелерді бастыру арқылы жаңа санды жазып, балалардың ізденісіне жол беріледі. Гометриялық үшбұрышқа есептер құрастырылып, ою-өрнектердің түстерін ажыратады.

Қоян сәбізге жету үшін неше қадам алға жүру керек? Алдында кедергі тұр, қалай жүріп өтеді? Деген жан-жақты дамыту сұрақтарымен баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндіктерін ашамыз.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау














Жұмбақ шешу.


































28,29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 10 саны.

Сабақтың мақсаты: 10 санының пайда болуы, таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын ажырату.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы





























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) 9 санының құрамы.

ә) 9-бір таңбалы сандардың ең үлкені.

ІІІ. Жаңа материалдың мазмұны.

Бұл сабақты «Спорттық ойындар» тақырыбымен байланыстырып, балаларға дене мәдениеті жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылатын қызықты әңгімеден бастаған жөн.

Сапта неше бала тұр? (Тоғыз бала). Оған бір бала келіп қосылды, сонда қанша болды? (Он). Он саны екі цифр арқылы (1 және 0) былай (10 жазылады. 10-екі таңбалы сан.

Балалардың зейіні 2-суретке аударылады. Спортшылардың нөмірі, реті аталады. (Бірінші, екінші, ... алтыншы). Келесі спортшының нөмірі нешінші? (жетінші). Келесінікі ше? (Сегізінші, тоғызыншы, оныншы).

Біз сыныпқа 6 көк, 4 қызыл шелек сатып алдық. Барлығы неше шелек болды? Балаларды шабыттандырып, есептің қызықты әрі пайдалы болуын көздеп тәрбиеші-педагог балалармен бірге есептер шығарады. Екінші есепте балалардың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын кеңейту көзделеді.

1-ден 10-ға дейін тура және кері санату.

10 таяқшадан суреттегі үлгіге қарап әр түрлі геометриялық фигуралар құрастырады. Бұл тапсырмаларды баланы «дәл осындай» деп шектемей өзін еркін сезінумен, шығармашылық ізденіске еркіндік беріледі.

Бұлжытпастың тапсырмасында қозы өзінің енесіне жету үшін неше қадам жасайды? Кедергіні аттап өте алмайтындығынан айналып өтетіндігі ескеріледі.

1)10санын жаздыру.

2) 10 санының құрамын балалар өздері тауып, бос орындарға тиісті сандарды қойып есеп шығару тапсырылады. Енді оған кері амал орындалады, шыққан нәтиже 10 санымен салыстырылады.

3) Геометриялық фигура үшбұрыштардың түсіне қарап, 10 санының құрамын ажырату.

4) 10-ның құрамын ойша толықтыру.

5) 10-ға дейін тура және кері санап, бос орындарға тиісті санды қою.

6) Шаршылардың санын 10-ға толықтырып тиісті түспен бояу.

Бұл сабақта 10 санының пайда болуы, оның құрамы, таңбалануы көзделеді, балалардың ойлау білу және өзіндік пікір айту қабілеттері дамытылады.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау














Жұмбақ шешу.


































30-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 10 көлемінде сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстыру дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы


























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.

а) Ауызша есептеу дағдысын қалыптастыруға берілген жаттығулармен жұмыс жүргізу.

ә) 10 санының құрамы.

б) 10 көлемінде сандарды салыстыру.

ІІІ. Жаттығу жұмыстары.

1)Суреттегі үлгіге талдау жасай отырып, қалтқыда отырған қуыршақтардың теңсіздіктерін балалардың өздері табады.

2)Қалтқыдағы шаршыларды түсіне, орналасуына қарай сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырып, тиісті таңбаны қою.

3)Сол үлгідегідей балапандардың санын салыстырып соған сәйкес өрнек құру.

4)Қалтқының екінші бас жағына астындағы таңбаға байланысты санын сәйкестендіріп, геометриялық фигуралардың суретін салу.

5) Бір-бірімен қиылысқан екі дөңгелекте берілген санды өрнектердің мәнін тауып, нәтижелерін салыстыру. Екі дөңгелектегі өрнектің мәндері бір-біріне тең болатындай нәтижелерін тауып екеуінің қиылысына жаздыру.

Бұл сабақта 10 көлеміндегі сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырудың әр түрлі жағдайын қарастырып, баланың сабаққа қатысуы, тапсырманы орындауы, ынтасы артатын қызықты тапсырмалар берілді.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау













Жұмбақ шешу.









31,32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сан құрамы.

Сабақтың мақсаты: Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасату. Құрамын анықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы


























Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мазмұны

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

ІІІ. Жаңа материалдардың мазмұны.

«Көршісін тап», «Қай сан жоқ?», «Жарыс», «Кім шапшаң?» сияқты ойындар ойнатып, өтілген сабақтардағы сандарды еске түсіріп балалардың белсенді қызығушылығын дамытып, берілген білімді меңгерту.

Оқулық дәптердегі тапсырмаларды орындау. Толықтыруға берілген тапсырмада ортада жазылған санның берілген санға қандай санды қосқанда шығатынын анықтап, торкөзге жазу. Жұмыс барысында Тапқышбек, қадағалап тұрғанын балаларға ескерту. Суреттегі дөңгелектерді түстеріне қарай сұрыптап, есептер құрастыру. Олардың нәтижелерін шығарып, торкөздерді толтыру. Балалар өз еркімен жұмыс атқарады. Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау. Келесі тапсырма үйдің қабырғасында көрсетілген. Өрнектің мәні үйдің шатырында берілген. Мәні шатырда көрсетілген санмен сәйкес келмеген санды, өрнекті суреттегідей дөңгелектеп қою керек. Келесі тапсырма суреттің қатесін табу.

Бұлжытпас, раушан гүлін шелектегі суға салу үшін кедергілерден қалай жүріп өтеді? Неше қадам жол жүреді? Тәрбиеші-педагог балаларды шабыттандыратын, ықыласын оятатын тапсырмалар беріп, сабақты өрбітіп, түрлендіруіне әбден болады.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау













Жұмбақ шешу.


33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп құрастыр, оны шығар.

Сабақтың мақсаты: Суретті пайдаланып есептер құрастыру. Оның нәтижесін табудағы ең басты мақсат – баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу, көзімен көргенін есінде ұстап, тіл, сөз арқылы ойын айтып, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
















Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Сабақтың мазмұны.


Баланы сурет бойынша сөйлету. Суреттерден торғайларды көріп тұрмын. Торғайлар өте кқп. Олар бұтақта отыр. Мен торғайлар туралы тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш білемін, есеп құрастырамын:

Сол жақтағы бұтақта 4 торғай отыр еді, оң жақтағы бұтаққа тағы да екі торғай ұшып келіп қонды. Ендеше 4 торғай +2 торғай = 6 торғай. Басқа тапсырмаларда осылай орындалады.

Қол жаттықтыру жұмысында бала қасындағы парталас досымен әңгімелесіп, жәй дауыспен естірте сөйлеп берілген жұмыстарды орындауға болады.

Тәрбиеші-педагог үлестірмелі материалдарды таратып, балалардың математикалық, тілдік деңгейін тереңдетеді.




Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау



Жұмбақ шешу.

















34,35-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауыр. Жеңіл. Сусымалы заттар. Сұйық заттар.

Сабақтың мақсаты: Балаларды таразымен жалпы таразы түрлерімен таныстырып, пайдалана білуге тәрбиелеу. Заттардың ауыр, жеңілдігі олардың аз-көптігі, үлкен-кішілігіне байланысты емес жағдайлар кездесетінін тәжірибе жүзінде көрсету. Заттың салмағын көз мөлшермен, қолмен салмақтап көріп, білуге болатынын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
















Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Сабақтың мазмұны.

Сабақты «Көкөніс дүкенінде» тақырыбымен байланыстырып бастаған жөн. Таразымен таныстыру, масса-заттың өзі тұрған орнына түсірген қысымы екендігін түсіндіру.

Сабақты практикалық жұмыспен өткізген тиімді. Суретте көрсетілген көкөністерді шындығында таразыға тартып, балалар ауыр – жеңіл ұғымын нақты түсінеді. Заттардың саны бірдей болғанмен, бір зат өзінің бірнеше заттан ауыр болатынын саналы ұғындыру. «Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл?» сұрақтары арқылы әртүрлі көкөністерді таразыға салып анықтау.

Саны бірдей, массалары әр түрлі; саны әр түрлі, массалары бірдей т.б. жағдайлар ескеріледі. Теңестіру үшін екі түрлі жағдай қарастырылады, жеңіл жағына қосу. Ауыр жағын алу. Әткеншек тербелу үшін не істеу керек? Онда не өзгереді? – деген сұрақтарға жауап алу.

Тапқышбектің тапсырмасында судағы қармақ екі жағдайда салыстырылады. Қармаққа балық ілікті, яғни салмақ басты. Ал ештеңе ілікпесе бір қалыпты сақтайды, - деп балалар ойларын өздері тұжырымдайды.

Енді қол жаттықтыру жұмысы орындалады. Балалардың ойлау қабілетін тереңдететін сезімталдық қасиеттерін дамытатын қызықты тапсырмалар беріледі.

Сусымалы заттар туралы түсінік беру. Сусымалы заттарды бір-бірінен ажыратып, өлшей білуге тәрбиелеу, сусымалы заттардың ерекшелігі – төккенде, бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып салғанда төбе, үйінді сияқты болып қалатынын дәлелдеп түсіндіру. Сусымалы заттарды шартты өлшеуіштің көмегімен өлшей білуге дағдыландыру.

Қандай сусымалы заттарды білесіңдер? (Құм, топырақ, ұн, бидай, күріш, тары, жарма, құмшекер т.б.). Сусымалы заттарды ыдысқа төгіп көрейік. Не пайда болды? (Қанттың, ұнның, күріштің, тұздың үйінділері пайда болды). «Нан дастарханға қалай келді?» тақырыбында әңгіме өткізу үшін оқулықтағы суреттерді пайдаланамыз. Медициналық уақыт өлшеуішпен таныстыру. Таразыны пайдаланып, сусымалы заттарды өлшеу. «Балалар ойыны» тақырыбына әңгіме. Ойлануға берілген тапсырмада геометриялық фигуралардың орнын ауыстыру арқылы бір күйден екінші күйге қалай келгендігін өздеріне түсіндірту. Сабақта балалар сусымалы заттардың қасиеттерімен, пайдасы жөнінде танысады, салыстырады, практикалық жұмыстармен ұштастырады.

Сұйық заттың физикалық қасиеттерімен таныстыру. Температураға байланысты бір күйден екінші күйге ауысуы. Көлемнің өзгеруі, бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып құйғанда бетінің тегіс болатыны, т.с.с. өзгерістерін түсіндіру.

Су, сусын, сүт, айран, шырын, қымыз, шұбат, сұйық май, жанар май, тосап, шәй, сұйық дәрі, сұйық тамақ, т.б. сұйық зат түрлері екендігін сұрақтар қою арқылы балаларға үйрету.

Сұйық зат құятын, өлшейтін ыдыстар – бөшке, түрлі шыны банкілер, шелек, күбі торсық, тостаған, цистерна, т.б. Сұйық заттарды шартты өлшеуішпен үй жағдайында өлшей білуге дағдыландыру. Сұйық заттар құятын ыдыстар сиымдылығы басқа кішілеу ыдыс арқылы анықтау.

Масалы: 1 литрлік банкіде 5 стақан сүт бар, 20 литрлік бөшкеде 2 шелек жанар май бар, бір шелекке 10 литр сұйық зат сияды т.б.

Заттардың орнын ауыстырғаннан саны, салмағы, көлемі өзгермейтінін түсіндіру мақсатында өзіндік жұмыс беріледі. «Дүкенде» сюжетті – рольді ойын ойнатып балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, ойын нақтылап, дүниетанымын кеңейтеміз.




Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау



Жұмбақ шешу.















Бекітемін: Р.Искакова

Күні: 10 қазан

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика

Сабақтың тақырыбы: Фигуралар. Нүкте. Сызық. Түзу. Кесінді.

Сабақтың мақсаты: Балалардың нүкте, сызық, түзу, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру. Нүкте қою, сол нүктемен бірнеше түзу жүргізіп, нүктелерді қатар-қатар жиілетіп қойып, түрлі сызықтар салғызып, кесіндінің пайда болуын түсіндіру. Геометриялық фигуралардың әрқайсысының қабырғалары кесінділерден тұратынын ұғындыру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация-лық

қозғаушы




Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі

Нүкте. Сызық. Түзу.

Сабақ жазықтық ұғымын түсіндіруден басталады. Партаның беті, еден, алдарындағы қағаздың беті, т.б. жазықтық екенін түсіндірді.

Практикалық жұмысты орындатады. Не пайда болды? (нүкте). Енді сол нүктеге жанастырып бірнеше нүктелер салыңдар. Не пайда болды? (Көп нүкте. сызық).

Сызықтың түрлері: түзу, қисық, сынық.

Жіпті алып партаның бетіне тастайды. Қандай сызық пайда болды? (Қисық сызық). Жіпті екі ұшынан ұстап көреді. Не пайда болды? (Түзу сызық). Сызғышпен таныстырып, қағаз бетіне бір нүкте белгілеп, сол нүкте арқылы түзу сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырым жасалады. Суреттегі түзулер, сымдар жайлы әңгімеленеді.

Қарындаш тапсырмасында берілген нүктелермен түзулер жүргізу тапсырылады. Сабақта нүкте, сызық, сызық түрлері, түзу, бір нүктеден түзу жүргізу туралы мағлұмат беріледі.

Бір үйден екінші үйге жету ең қысқа жолға түсу. Жолдардың қандай екенін айту.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін тақырыпқа сәйкес ерікті жұмыс түрлері тапсырылады.

Екі нүкте арқылы түзу жүргізу.

Балалардың алдына бір-бір парақ беріліп, оның бетіне екі нүкте белгілетіп, сол екі нүктені бастыра түзу жүргізеді. Осы екі түзуді бастыра тағы басқа түзу жүргізіледі. Екі түзу бір-бірімен беттескенде екі нүктеден бір ғана түзу пайда болады, - деп тұжырымдайды.

Тапсырмада екі нүктені бастыра жүргізілген түзулерді үстінен бастырып тағы түзу жүргізуге болатынын екі нүкте арқылы бір түзу жүргіздік деген тұжырым нақтыланады. Бір нүкте арқылы жүргізілген түзулердің үстінен тағы түзулер жүргізіп, бір нүкте арқылы сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырымды тағы бір рет қайталайды. Оқулықта берілген суреттерге сәйкес есеп құрастырылады. Қарындаш тапсырмасы берілген нүктелерді бастыра түзу жүргізу тапсырылады.

Кесіндінің пайда болуын практикалық жолмен меңгертеміз. Алынған жіптің кесіндісі арқылы оның ұзыдығының белгілі бір өлшемі бар екендігін түсіндіреміз.

Оқулықта көрсетілген шаршының қабырғалары өзара бірдей 4 кесіндіден; үшбұрыштың қабырғалары да 6 кесіндіден тұратындығын балаларға үйрету. Үшбұрыш, шаршы, тұмарша, ботакөздердің әрқайсысының қабырғалары неше кесіндіден тұратындығы анықталады. Кесінді туралы ұғыммен, дәлдікке үйрету көзделеді.

Амандасу


Оқу құралдарын түгендеу


Практикалық жұмыста қолдарына қалам алып, алдарындағы қағаздың бетіне ұшын тірейді. Қаламды көтереді.


Қайталау



Жұмбақ шешу.















Мысалы: 5+2=7, 5-2=3, т.с.с.




Ұзын жіпті алып, екі балаға керіп ұстатып, сол түзу жіптен кесінде кесіп алады.

Білу керек: Фигуралардың түрлерімен танысады, нүкте, түзу, кесінді туралы тұжырым жасай алады, оларды сызғыштың көмегімен өлшеуді үйренеді.

38,39-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Тік бұрыш. Тік төртбұрыш.

Сабақтың мақсаты: Балалардың бұрыш туралы білімін қалыптастыру. Бұрыштың түрлерімен, құрылымымен, сүйір, доғал, тік бұрыштардың пайда болу жолдарымен таныстыру. Тік төртбұрыш туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
















Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.

Бұрыш

Мұғалім сыныптағы заттардың бұрыштарын көрсетіп, «Мынау не?» деген сұрақтар арқылы балалардың түсініктерін байқайды.

Оқулық дәптермен жұмыс жүргізіледі. Бұрыштар үнемі қиып көрсетілмейді. Түзудің бойынан бік нүкте белгілеп, сол жерден сындыру, қағазды бүктеу арқылы жасалатынын түсіндіреді. Бұрыштың төбесі және екі қабырғасы болады.

Геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап неше бұрышы бар екендігін анықтайды.

Тапқышбек тапсырмасында баспалдақтың бұрышының шамасы оның биіктігіне байланысты. Баспалдақ неғұрлым биік болса, бұрышы да соғұрлым үлкен, керісінше баспалдақ аласа болса, бұрышы соғұрлым кіші болатыны түсіндіреді.

Балалар Қарындаш тапсырмасын тиянақты орындап, бұрышты бояйды.

Тік бұрыш

Бұрыш ұғымын түсінген бала айналасындағы көрген заттардың бұрыштарын салыстыра бастайды. Олардың әр түрлі екендігін байқап, суреттегі үйдің терезе, есіктерінің бұрыштарын табады.

Қағазды теңдей төрт бүктеп, бұрыш шығарады. Бұл – тік бұрыш. Тәрбиеші тік бұрышты бұрыштық сызғышпен өлшейік, - деп сызғыш пен қалай өлшейтінін көрсетеді. Оқулық дәптердегі суреттен бұрыштардың ішінен тік бұрышты табу керек.

Сондай-ақ, сынық мүйіз оюының бұрыштары тік болады. Геометриялық фигуралардың тік бұрыштарын табу.

Қарындаш тапсырмасын орындап, тік бұрыштан басқа да бұрыштардың болатынын балалардың өздері табады.

Бұрыштық сызғыш көмегімен пішіндердің бұрышын өлшеу жұмысы жүргізіледі. Төртбұрыштың төрт бұрышын өлшейді, төртеуі де тік екендігін көреді. Келесі геометриялық фигураның бұрыштары өлшенеді. Бұл геометриялық фигуралардың барлық бұрышы тік. Төрт бұрышы тік болатын төртбұрышты «тік төртбұрыш», - деп атаймыз. Тапсырмадағы геометриялық фигуралардың бұрыштарын өлшеу, салыстыру арқылы тік төртбұрыштарды тауып, шаршының да тік төртбұрыш екендігін балалар өздері тұжырымдайды.

Тік төртбұрыштың қабырғаларын шаршымен салыстырады. Шаршының барлық бұрыштары тік, қабырғаларының ұзындығы бірдей. Ал тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болатынын балалардың өздері анықтайды.

Тапқышбек тапсырмасындағы тік төртбұрыштарды балалар дұрыс атап, Қарындаш тапсырмасы бойынша тік төртбұрыштың көшірмесін салады.




Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау



Жұмбақ шешу.




























40,41-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш. Шаршы. Текше. Дөңгелек. Заттың ұзындығы, ені, биіктігі. Цилиндр.

Сабақтың мақсаты: Үшбұрыш, шаршы, текше, дөңгелек ұғымдарын тереңдету. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.

Денелердің өлшемдері туралы ұғым беру. Сол өлшемдер арқылы дененің көлмін анықтауға болатынын түсіндіру, тәжірибе жүзінде көрсету, дәлелдеу түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
















Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мазмұны.

Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы.

Бұл геометриялық фигуралар балаларға бұрыннан таныс. Мұнда олардың айнала дүниеде қолданысы салыстырмалы түрде түсіндіріледі.

Әңгіме «Көшеде жүру ережесі» туралы болады. Көше қиылыстарында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп тұратын бағдаршам. Олардың үш көзі бар. Көздері неге ұқсас? Әр көзінің өз сыры түсіндіріледі. Жол бойында «Жол белгілері» дөңгелектің ішінде көрсетілген. Әр белгінің мәні ашылады. Сондай-ақ, балалардың өздері ойнайтын қарапайым доптар, спорттық ойындарға арналған волейбол, футбол, баскетбол доптары, шарлар, олардың түрлері т.б.

Сонымен, жызықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі болады.

Бірінші шеңбер сызамыз. Сол шеңбердің ішкі бөлігін қиып аламыз.

Екінші суреттегі дөңгелек. Балалар трафаретті пайдаланып шеңбер сызып, оның ішкі бөлігін бояйды. Үйлердің суретінен үшбұрыштарды табады. «Жол белгілері», олардың мәнін ұғындыру. Берілген үйшіктерге ұқсас жапсырма жұмыстарын жүргізу. Үшбұрыштардың қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш – тұйықталған сынық сызық. Ол: сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар болып бөлінеді.

Тапсырмада берілген құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Үйшіктерден шаршыны тапқызу. Текшенің әрбір қабырғасы өзара 4 кесіндіден тұрады. Текшенің беттері шаршылардан тұрады. Текшенің неше беті бар екенін өздері табады. Текшені жазғанда практикалық жұмыс кезінде көз жеткізуге болады. Жазылған текшені қайта жинастыруға тапсырма беріледі. Сонымен, дөңгелек – тұйықталған қисық сызықпен шектелетін фигура. Шаршы – тұйықталған төрт бірдей сынық сызықпен шектелетін фигура. Текше - өзара тең алты текшеден тұратын дене.

Заттың ұзындығы, ені, биіктігі, яғни денелердің өлшемдері туралы түсінік беруді. Қораптардың көлемі салыстырылады. Қайсысы үлкен? Неге үлкен? Өйткені ол қораптың ұзындығы ұзын, ені кең, биіктігі биік, сондықтан үлкен.

Қайсысы кіші? Неге кіші? Өйткені, ол қораптың ұзындығы қысқа, ені тар, биіктігі аласа, сондықтан кіші.

Сол сияқты цилиндрдің көлемі де салыстырылады. Алғашқы екеуінің қайсысы үлкен? Неге үлкен?

Салыстыр: биіктігі бірдей, ені енді, кең. Екінші мен үшіншісін салыстыру. Қайсысы үлкен немесе кең? Неге? Биіктігі биік, ені кең. Сол сияқты екі үстелдің ұзындығы мен ені, биіктігі салыстырылады. Мұнда да өздері сондай тұжырымға келеді. Қай үстел үлкен? Қайсысы биік?

Шартты өлшеуіштің көмегімен бөлме еденнің ұзындығы мен ені өлшенеді. Ұзындығы -4 өлшем, ені -2 өлшем.

Бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымын «Біздің сынып» деген тақырыпта әңгімеленді. Заттарды санына, түсіне, пішініне қарай салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмысты сұрақ-жауап әдісі арқылы былай жүргізуге болады: парталардың пішіні қандай? (Бірдей). Түсі ше? (Бірдей). Әр қатардағы саны ше? (Бірдей, әр түрлі). Сол сияқты терезелер, шкафтар, т.б. салыстырылады. Сыныптағы заттарды мұғалім санына, пішініне, түсіне қарай салыстырып, балаларда бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымдарын қалыптастырады. Оқулық дәптерде берілген геометриялық фигураларды салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Геометриялық фигура үшбұрыштардың түсі қандай? (Үшбұрыштардың түсі бірдей, саны әр түрлі).

Геометриялық фигура дөңгелек, үшбұрыштарды салыстырады (саны, түсі, пішіні әр түрлі).

Практикалық жұмыс. Бұл жұмысты орындауда балаларға бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымдарды меңгертіп, салыстыру арқылы өз ойын айтуға, тұжырым жасауға үйрету көзделеді. Жұмыс тақтада және әр баланың алдындағы ұяшықпен орындалады. Мұнда салыстырудың мынадай сегіз түрлі жағдайы қарастырылады.

1. 1) саны бірдей 1) саны әр түрлі

2) түсі бірдей 2) түсі бірдей

3) пішіні бірдей 3) пішіні бірдей

2. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі бірдей 2) түсі әр түрлі

3) пішіні әр түрлі 3) пішіні әр түрлі

3. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі әр түрлі 2) түсі бірдей

3) пішіні әр түрлі 3) пішіні әр түрлі

4. 1) саны ір түрлі 1) саны бірдей

2) түсі әр түрлі 2) түсі әр түрлі

3) пішіні бірдей 3) пішіні әр түрлі

Тәрбиеші-педагог көрсетілген 8 жағдайды салыстыру жұмысын мүмкіндігінше жүргізеді. Мұнда әр баланың қабылдау, ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріледі.

Практикалық жұмыс, сабақты қорытындылау.

Әрбір геометриялық фигураға тоқталу, қасиеттерін атау, айырмашылықтарын ажырату, қайсысында неше бұрыш бар? Неше қабырғасы бар? Қай геометриялық фигура өз орнында тұрған жоқ. Адасқан геометриялық фигураны табу. Бос орынға тиісті көпбұрыштарды салу үшін алдымен бар геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап ал. Бұрыштар санының өсу ретіне қарай табасың. Торкөздегі нүктеге қарындаштың ұшын қойып, қарындашпен сызып шығады. Қандай геометриялық фигура шықты? Қандай қасиеттерін білесің? Көлемін қалай анықтайсың?

Суреттегі үлгі бойынша сызу жұмыстарын жалғастыру. Қандай және неше геометриялық фигура пайда болғанын анықтау.

Нүктеден бастап оң жақтағы бағыт бойынша жүріп отыру. Ненің суреті пайда болды? Неше торкөзді қамтып тұр? Бұрыштарын көрсет. Жатық жол мен баған жол түйісіндегі торкөзді боя.





Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау



Жұмбақ шешу.

42,43-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Теңге.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру.

Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету.

«Теңге» ұғымын қалыптастыру.

Теңгедегі бабалар өмірінен мағлұмат беру.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
















Ізденуші- ұйымдастырушы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.

Теңге – ұлттық ақшаның атауы.

Оның түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1,2,3,5,10 және т.б. болып ірілене беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі.

Ірі теңгелердегі ұлы адамдар бейнесі Абылай, Әл-Фараби туралы қысқаша мағлұмат беру.

Абылай қазақтың ханы, ақылды, батыр болған. Ол үш жүздің басын біріктірген. Шын аты-Әбілмансұр. Ол Түркістанда құл Қожахмет Иассауи мавзолейінде жерленген.

Әбу Насыр Әл-фараби Отырар қаласында дүниеге келген. Жастайынан оқу-білім, ғылым іздеген ақылды да зерен еді. Ол ғылым іздеп Мысыр, Шам елдеріне кетеді, ақыры өз мақсатына жетеді. Ол дүниедегі екінші данышпан, ғұлама ғалым, ғылымның бірнеше саласын қатар меңгерген данышпан, ғұлама ғалым, ғылымның бірнеше саласын қатар меңгерген. Әл-фараби Сирияның Дамаск, көрші елдерде: қырғызда-сом, өзбекте-сум, орыста-рубль, немісте –марка, қытайда –юань, америкада –доллар т.б.

Олардың құны әрқалай, бір-бірінен жоғары-төмен болып келеді. Содан соң, оқулықтағы көрсетілген теңге түрлерімен 1,3,5,10 теңгеліктермен балаларды таныстыруға болады. Олардың ара қатынасы: 3 теңге үш бір теңгеліктен, 5 теңге бес бір теңгеліктен, 10 теңге он бір теңгеліктен тұратындығы, т.о.с туралы мағлұмат беріледі.

3,5,10 теңгеліктердің құрамын анықтату.

3=1+1+1

5=3+1+1

10=5+5

10=5+3+1+1

10=3+3+3+1

Балалардың күнделікті қолданатын құралдарының бағасымен таныстыру. Теңгелерге амалдар қолдану арқылы есептеу дағдыларын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Оқулықтағы суреттер мен белгілерге қарап есеп құрастыру, оны шығару былай жүргізіледі: мысалы, бір стакан шай 5 теңге, бір күлше де 5 теңге тұрса, барлығы қанша тұратынын табу тапсырылады. Ол сияқты бір күлше 5 теңге екені белгілі болып, сол күлше мен 1 стакан шай 10 теңге тұрса, шай қанша тұрады?

Ол үшін 10-5=5 (тг), шай 5 теңге тұрады.

Бұл есептерді «Дүкен» ойынын ұйымдастыру арқылы шығаруға да болады. Сабақты «Дүкен» ойыны арқылы қорытындылауға болады.

Сабақта теңге ұғымымен теңге түрлерімен, олардың арақатынасымен таныстыру, теңгелердің қолданыс орнын біліп бағалау, үнемдік тәрбие беру көзделеді.




Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау



Жұмбақ шешу.

































Бекітемін: Р.Искакова

Күні: 17 қазан

Сабақтың тақырыбы: Уақыт арқылы бағдарлау.

Сабақтың мақсаты: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай білуін қалыптастыру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы






Ізденуші- ұйымдастырушы.




















Рефлексивті-коррекциялық

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақтың мазмұны.

Уақыт. Тәулік. Ай, апта, күндердің аттары.

Бұл сабақ «Күн режимі» тақырыбына рналған әңгімеден басталады. Баланың бір тәулік бойына жасайтын іс-әрекеті әңгімеленеді. Іс-әрекет алгоритмін түзу, уақытпен санасу, оны үнемдеу, ұқыпты пайдаланудың пайдасы, уақыт өлшеуіші – тәулік туралы мағлұматтар беріледі. Күн режимін әңгімелеуде: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары пайдаланылады.

Тапқышбек тапсырмасында ағаштардың көлеңкесіне қарай қай мезгіл екендігі ажыратылады. Сабақта уақыт өлшеуіші – тәулікпен, бір тәулік ішіндегі: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдарымен, бір тәуліктегі баланың іс-әрекетінің ретімен таныстыру. Тәулік, сағат, апта, ай, жыл жайлы мағлұматтар беріліп, дүние танымын кеңейті, уақытты ұқыпты, үнемдеп пайдалануға үйрету көзделеді.

Уақыт өлшеуіштері: «Күз, қыс, көктем, жаз. Не өзгереді?» сұрағына жауап беру. Ай аттарын үйрету. Әр жыл мезгілінде үш ай болатыны айтылады. Жыл мезгілдерінің ұлттық дүниетаныммен байланысы, адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ – көктем, ортаңғы саусақ – жаз, аты жоқ саусақ – күз, шынашақ – қыс. Әр саусақтың үш буыны – үш ай. Аптада жеті күн бар, апта күндерімен таныстыру. Ұлттық дүниетанымға сүйенсек, жаратылыс сенбіден басталып, жексенбі – бірінші сенбі, дүйсенбі-екінші, т.с.с. кете береді.

Сабақтарда уақыт өлшеуіштерін есте сақтау үшін «Бүгін қай күн?» деген сұрақ күнделікті қойылып, оған жауап айтылып отырады.

Амандасу




Оқу құралдарын түгендеу



Қайталау



Жұмбақ шешу




Уақыт өлшеуіштерін қайталап айтып, естеріне сақтауға тырысады.

Күтілетін нәтиже: Жыл мезгілдері, апта күндері, ай аттарын біледі.

Білуі тиіс: Апта күндері туралы тақпақ жаттайды, ай аттарын біледі, жыл мезгілдерінің ретімен танысады.

45,46-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 2 бөлікке бөлу. 4 бөлікке бөлу.

Сабақтың мақсаты: Көзбен мөлшерлей бөлу дағдысын қалыптастыру. Ептілікке, шыдамдылыққа үйретіп, бастаған ісін аяқтауға үйрету.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы





























Ізденуші- ұйымдастырушы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.

2 бөлікке бөлу.

Сабақты практикалық жұмыстан бастаған жөн. Жеміс-жидек, көкөністерді теңдей 2-ге бөлу жұмыстарын жүргізу. Ортасынан қақ бөлгенде бүтін заттың 2-ге бөлінетінін түсіндіру. Мына алманы екеуің бөліп жеңдер – деп, екеуара бір алмадан үлестіріп беруге болады. Бүтіннің ортасынан қақ бөлгенде ол екіге теңдей бөлінеді, бүтіннің жртысы болады. Сол сияқты, қарбыз, қауын, алмұрт, помидор т.б. ортасынан 2 бөлікке тең бөлу жұмыстарын жүргізіп, балалардың көзін жеткізу керек.

Геометриялық фигуралар шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, тік төртбұрыштарды ортасынан теңдей бөлу, жартысынан бояу жұмыстары беріледі.

Қарындаш тапсырмасында берілген геометриялық фигуралардың тең екі бөлікке бөлу тапсырылады.

Мына геометриялық фигуралардың қайсысы тең бөлінген, қайсысы тең бөлінбегенін анықтау.

ІІ және ІҮ геометриялық фигуралар тең бөлінбеген.

Сонымен, бүтін затты теңдей екі бөлікке бөлуді, оның әр бөлігі бүтіннің жартысы болатынын, екі жартыны біріктірсе, бүтін болатынын саналы меңгерті қажет.

4-бөлікке бөлу.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін бояу. Төрттен бір бөлігі – ширек деп аталады.

Қарындаш тапсырмасында бірдей төрт текшені, төрт түрлі жағдайда, теңдей төрт бөлікке қарастырылады.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөлу жұмыстары шаршыны бөлгендей жүргізіледі. Берілген геометриялық фигуралардың қайсысы теңдей төрт бөлікке бөлінгенін, қайсысы теңдей бөлінбегенін анықтату.

Қарындаш тапсырмасында геометриялық фигураларды бояу тапсырылады.

Бүтінді теңдей төрт бөлікке бөлу үшін алдымен теңдей екіге бөлу керек, оның әр бөлігін тағы да теңдей екіге бөлі керектігін саналы игерту, игерген ұғымдарын қалыптастыру керек.





Амандасу





Оқу құралдарыy түгендеу







Қайталау










Жұмбақ шешу.










































Математика

Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

  1. 8 санының пайда болуы, 8 цифрымен таныстыру, 8 санының құрамын анықтау.

  2. Тура және кері санау, «+» пен «-» таңбаларын пайдаланып, сегізге дейінгі көлемде жазбаша, ойша есептер құрастыру.

  3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін анықтау, қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: сандар, суреттер, ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жұптық, топтық жұмыстар.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы






























Ізденуші- ұйымдастырушы.














1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Мұғалім:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар, маған қарап күлімдейміз

Орнымызға отырамыз, сабаққа дайынбыз ба?

-Балалар, қазір қай мезгілі?

-Қай ай?

-Аптаның қай күні?

-Апта күндерін ата.

-Бір аптада неше күн бар?

-Жақында қандай мереке болады?

Ал енді біз тапсырманы орындауымыз керек.

1 тапсырма: «Мынау қандай сан?»

Санау 1,2,3,4,5,6,7

7,6,5,4,3,2,1 (2-3 балаға санату)

2 тапсырма: Суретті перфокартамен жұмыс.

Тақтада жеті гүл тұр еді. Соған тағы бір гүл қостым. Барлығы неше гүл болды?

7+1=8 Бұл сан сендерге таныс па?

Біз бүгін сегіз саны және цифрымен танысамыз.

Сегіз саны сегіз бірліктен құралады. Ал енді біз сегізге дейін санап көрейік. (Тура-кері санауға жаттықтыру)

1,2,3,4,5,6,7,8; 8,7,6,5,4,3,2,1.

Халықтық педагогикамен байланыстыру.(«Санамақ өлеңін 8-ге дейін толықтырайықшы»)

«Санамақ» деген тақпақты жатқа хормен айту.

3 тапсырма: «Жоғалған сандарды жина» ойыны.

1 2*4*6 7*

*2 3*5 6*8

(Тиісті сандарды орнына қою)

4 тапсырма: «Көршілерін тап» ойыны.

*2* *5*

*3* *6*

*4* *7*

Әр партаға бір перфокарта таратылады. (Жұппен орыдауды тапсырамын.)

Сергіту сәті.

5 тапсырма:

Деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс.

(Сыныптағы ойыншықтартарды пайдалану ұсынылады.)

  1. Есеп шығар.

6+2 7+1

5+3 5+2

2.Салыстыр.

6*8 7*8

5*4 8*8

6 тапсырма: Кітаппен жұмыс.

1. Дәптермен жұмыс.

2. Ауада жазу.

3. Дәптерге 8 санын жазу.

Қорытынды: Балалар бүгін қандай санмен таныстық?

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау. Флешкалар тарату.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.





























Математика

Сабақтың тақырыбы: 6 саны

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды білімділікке, ойлауға, санауға үйрету. Сөздік қорын көбейте түсу.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын ауызша есептеу дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Еңбек етуге, ұлттық салт-дәстүрімізді қадірлей білуге, эстетикалық тәрбиеге назар аудару, дұрыс жүріп тұруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын-санау, ауызша есептеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы










































І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Шаттық шеңбері

ә) Амандасу, бір-біріне жақсы тілек айту.

ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіру.

Санамақ айтқызу:

Балалар, бір үйде біз бесеуміз. Санамақ айтқызу арқылы балалардың сөйлеу мәнерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыруды көздеймін. Сөйлеу кезінде үн ырғағын, дауыс екпінін дұрыс сақтап, сөзді анық айтуға үйрету жүзеге асырылады.

Сергіту жұмысы:

Алтын, сары, қызыл, көк (балалар қолдарын біртіндеп санайды) Алуан-алуан жапырақ (қолдарын жоғары көтеріп дөңгелек жасайды)

Күзгі бақта күлімдеп (балалардың жүзінде күлкі)

Көз тартады атырап. (қолдарын маңдайларына сүйеп, көздерін көлегейлеп, алысқа қарайды). Ой алақай тамаша (орындарынан тұрып секіріп, алақандарын соғады) шашу шашты жапырақ. (Балалар шашу шашады)

Бақтың іші алаша.

Оқушыларға карточкалар үлестіріліп беріледі. Оқушылар 1-5 сандар бойынша рет-ретімен сапқа түзеп тұрады. Алдында қандай (1,2,3,4,5) сандар екенін айтып, оң және сол жағындағы сандарды өз реттерін тауып түзу тақта алдына келіп тұрады. Әр санға байланысты жаттаған санамақтарын айтады.

Бір дегенімі – білім.

Білім жарық күнім.

Екі дегенім – еңбек

Еңбек бәрін – жеңбек

Үш дегенім – үміт

Үміттті жоқ жігіт.

Төрт дегенім талап

Талмайтұғын қанат

Бес дегенім – бірлік

Бірліксіз жоқ тірлік

Шығармашылық жұмыс (Суретті карточкалардағы геометриялық фигураларды атау, санау)

  1. Өткенді қайталау, 5 саны

Берілген таблицадан 5 саны шығу үшін 1-ге нешені, 2-ге нешені, 3-ке нешені қосқанда 5 санын шығатынын тексеру. Оқушылар таблицаны мұқият қарай отырып, 1-ге 4-ті, 2-ге 3-ті, 4-ке 1-ді қосқанда 5 саны шығады деп шешіп береді.

ІҮ. Ойын ойнату: «Вагондардың орнын тап»

Балалардан кім жылдам ауысқан вагондардың орынын тапса, жылдам тапқан оқушы бүгінгі сабағымыздың «Білгір оқушысы» болып есептеледі. Суретте неше вагон кескінделген. Осы 5 санына байланысты тақпағыңды айт.

Басталады саусағым басбармақтан -1-ші

Болып үйрек келеді санағанда -2-ші

Ортан терек, биігі, тұрып қалған -3-ші

Шылдыр шүмек келеді кезегім деп-4-ші

Кішкентай бөбек таласпай болған екен-5-ші

Әр үстелге жемістерді беріп, мұғалім айтқан сандарға сәйкес затты көрсетуге жұмыс жасайды.

Жаңа сабақ: 6 саны туралы тақпақтар, таблицалар. Біз бүгін 6 санын біліп танысамыз.

Бестен кейін алтыны

«Білу оңай» десті

6 көлеміндегі сандарды ретімен санауға, қатардағы орнын анықтауға жұмыстар орындалады.

Алты көлеміндегі әрбір кез келген сан өзінің алдындағы саннан артық, өзінен кейінгі саннан 1 санға кем екендігін түсіндіру – «Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлерді атап, сүйікті саны 6 екенін санату.

Тіл дамыту үшін,

Алты саны – ұлық па,

Ұқсас өзі құлыпқа.

Оқушыларға 6 санының жазылу жолын ауа арқылы жазғызу.

Санағыштардан 6 санын құрастыруды тапсыру.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

Ү. «Сан ретін тап» ойыны.

Санның ретін есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Нәтижесінде құрастырған сандар қатарынан мәні бар мақал оқуға болады. 1,2,3,4,5,6 көп біл аз сөйле. Қорыта келгенде сәби көңіл көтеру жағымды көңіл күй қалыптастыру саусақтардың атауларын үйрете отырып, оларды 6-ға дейін санауды үйрету.

Қолдың екеу, саусақтардың көп екенін, баланың өзінің есімі сияқты саусақтардың да әрқайсысының аты бар екеніне көңіл аударту. «Қуыр-қуыр, қуырмаш» әнін барлығына қосылып орындау. Математикалық ұғымдарға байланысты сөз қорларын жаңа сөздермен жұмбақтармен, санамақтармен толықтырып отыруды жөн санаймын.

Жұмбақтар шешу

Туысқан бес кісі,

Бірінен-бірі кіші.

Бәрінің аты бар,

Ең кішісі шеткісі.

(бес саусақ)

Қорытынды: Оқушылардан сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты пысықтау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, жұлдызша, жалауша, үшбұрыш беріп бағалау.




















































































































Жұмбақ шешу.





Математика

Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: 8 санымен таныстыру, 1-ден 7-ге дейінгі сандарды тура және кері санап, еске түсіру, пысықтау. Әрбір санның алдыңғы, кейінгі санды дұрыс атай білуге үйрету, қанша? Неше? деген сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.

  2. Дамытушылық: Балалардың логикалық ойын қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сандар, түсті суреттер, түрлі иллюстрациялар, кесінді, текшелер.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

-1-ден 7-ге дейінгі сандарды тура, кері санату.

0,1,2,3,4,5,6,7,8

8,7,6,5,4,3,2,1,0


Шығармашылық жұмыс: Топтық тапсырма беру.

І. Топ «Алғырлар» І. 1 + = 7

ІІ. Топ «Білгірлер» ІІ. 2 + = 7

ІІІ. Топ «Күштілер» ІІІ. 5 + = 7


Жаңа сабақ: 8 саны мен цифры.

Жаңа материалмен жұмыс:

1. Суретте неше алма бар?

-7 алма. Санап көрелік.

-Енді 1 алманы қосамыз, 8 алма болды.

-1,2,3,4,5,6,7,8.

8 саны мен 7 санның көршісі. 8 саны шықты.

7+1=8 8-1=7

1 дегенім – білім

2 дегенім – елім

3 дегенім – үкі

4 дегенім – тақия

5 дегенім – бесік

6 дегенім – асық

7 дегенім – жейде

8 дегенім – серке

Той бастаған ерке.



Оқулықпен жұмыс

1.Тапсырма

Кесіндінің ұзындығын 10 см етіп алып, үш топқа бөлемін

1 топ – 6 см, ІІ топ – 7 см, ІІІ топ – 8 см бөлігін қиып алуын талап етемін.


2. 8 7 8 5 8 3

8 6 8 4 8 2


3.Тапсырма.

«Қандай сандар жоқ?» топпен жұмыс.

І топ: 0 3 5 7

ІІ топ: 8 5 3 1

ІІІ топ: 0 3 6 8


Сергіту сәті: Тынығып дем аламыз,

Шешімін жылдам табамыз.

Жұмылып бір отбасындай

Көңілді біздер баламыз

Математикалық жұмбақ есептер:

І топ: Алма ағашта бес алма

Қандай тәтті жесе алма

Біреуін мен жеп қойсам,

Қалады сонда неше алма? 5-1=4

ІІ топ: Жеті алманың екеуін

Досым сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі?

Өз қолымда қалады? 7-2=5

ІІІ топ: Табақта бес өрік,

Қолымда бір өрік.

Қосқанда барлығы

Болады неше өрік? 5+1=6

Оқулықпен жұмыс:

1. Тапсырма. «Кім зерек?» ойынын жүргіземін. 3 жолақша беріп, өздері шығаруын талап етемін.

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:

4+3*5 5*7-4 3+2*1+5

5*4+3 7-4*5 1+5*3+2


Соңынан мадақтап отырамын.

Бағалау.

Сабақты қорыту.







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.

















Математика

Сабақтың тақырыбы: 13 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 13 саны мен цифрын таныстырып, 13 санының пайда болуымен, құрамын анықтай білуге дағдыландыру, логикалық ойлай қабілеттерін дамыту, ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу болды.

Типі: жаңа білімді меңгерту.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: цифрлар, геометриялық пішіндер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы































Ізденуші- ұйымдастырушы.














Мұғалім: Балалар, қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Мұғалім: Балалар, қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Мұғалім: Балалар, қане көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Тамаша, жақсы.

Мұғалім: Олай болса, бір-бірімізге алақан арқылы жылылық танытып, жақсы лебіз білдірейік.

Балалар:

  • Біз қандаймыз, қандаймыз.

  • Күлімдеген күндейміз.

  • Бәріміз күндей жарқырайық!

  • Бәріміз тату болайық!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Күніміз жарық болсын!

  • Деніміз сау болсын!

  • Нанымыз көп болсын!

  • Көк туымыз биік болсын!

Енді сабағымызды бастаймыз.

Қызықты сәт: Осы кезде есік қағып, хатшы хат әкелді, кімнен екен ашып көрейік.

Білгішбектен келген екен. Қане, хат мазмұнын оқиын, сендер тыңдаңдар. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне оқу жылы да аяқталуға жақындап келеді. Енді көктем келіп, жадырап ойнайсыңдар. Мен сендердің білімдеріңді тексерейін деп хатпен бірге тапсырма да жолдап отырмын, өзім сендерге жете алмай жүрмін. Осы тапсырманы қалай орындағандарыңды апайларыңнан білемін.

Сәлеммен Білгішбек»

-Балалар, орындайсыңдар ма? (Иә)

-Қане тапсырмамен танысып көрелік.

1-тапсырма. Жылдың төрт мезгілін ата?

Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір қай ай? Бүгін аптаның нешінші күні? (2-3 баладан сұралады)

2-тапсырма. Білгішбек те сендер сияқты дайындық сыныбында оқиды. Ол мына қарындаштардың санын сұрайды? Мұнда барлығы қанша қарындаш бар? (санау, сурет бойынша)

1-12-ге дейін тура және кері санау. (2-3 бала ауызша санайды)

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Білгішбектің тапсырмасын орындаңдар.

жаңа сабақ.

Мұғалім: Балалар, биыл қандай жыл?

Балалар: Ұлу жылы

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, ұлу жылы.

Бізге пойызбен Ұлу жылы келеді. Ол нешінші вагонда екен?

Балалар: 13-ші.

Мұғалім: Олай болса бүгінгі сабағымызда 13 саны мен цифрымен танысамыз. 3 саны екі цифр арқылы (1 және 3) жазылады. 13 саны екі таңбалы сан. 13 санының құрамы 13 бірліктен тұрады. Сонымен қатар 1 ондықтан және 3 бірліктен құрылған. 12 вагонға бір вагон қосылып еді, сонда қанша болды? (13)

13 санын ауада жазып көрсету.

Дәптермен жұмыс. Нүктелерді бастыру арқылы дәптерге жазу.

«Теңге алу» ойыны. Математикаға байланысты қандай өлең шумақтарын білесіңдер? (балалардан сұрау)

Санамақтар айту.

Бір дегенім – бір таяқ

Екі дегенім – екі таяқ

Үш дегенім – үшкір тас.

Төрт дегенім – төртбұрыш

Бес дегенім – бесік

Шықтық содан өсіп.

Ойын. «көршісін тап»



9





10






8




Алдыңғы және соңғы сандарын табу.

Жұмбақ есептер

Мен және сен, біз екеуміз

Біз барлығы нешеуміз? (2)

Пісіп тұрған төрт алмұрт,\қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратқан

Қанша қалды алмұрттан? (2)

Екі дос екі сағат бойы доп ойнады.

Әрқайсысы доппен қанша уақыт ойнады? (2 сағат)

«Бес» алған Асанға – бес алма

«Төрт» алған Досанға – төрт алма

«Үш» алған Хасанға – үш алма

«Екі» алған Бошанға – неше алма? (2 алма)

Ойын. «Неге ұқсайды?»

Геометриялық пішіндерді ата

Үшбұрыш

Шатыр, сәукеле, шырша.

Орындық, орамал

Шаршы

Төртбұрыш

Кітап, есік, терезе

Дөңгелек

Күн, доп, қарбыз

Ребустар шешу.

6Н * Т10 * К3 * С10А

Қорытынды. Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатысып, өз алғырлықтарыңды көрсеттіңдер. Сендерге 5 деген баға және 5 бұрышты жұлдызды сыйлаймын. Сабаққа жақсы қатысып, әр уақытта жұлдыздар сияқты жарқырап жүріңдер!







Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.
























Математика

Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 5 санымен таныстыру, 5 санына сәйкес ойындар, түсіндірме жүргізу, ұжымдасып, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету, мейірімділікке баулу, бір-біріне көмекке даяр тұруға баулу, ауызша, жазбаша санап, жаза білуге дағдыландыру, метаметикалық тілін дамыту көзделді.

Түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың педагогикалық технологиясы: іскерлік ойын технологиясы.

Әдіс-тәсілдері: репродуктивті әдіс (түсіндіру, ой қозғау, өз бетінше жұмыс, шығармашылық жұмыс).

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, цифрлар, ойындар, алма, тәрелке, үлестірмелі парақ, сюжетті суреттер, ертегі кейіпкерлері.

Сабақтың барысы:

Билингвистикалық компаненттері*

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

































Ізденуші- ұйымдастырушы.














І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

  • Бүркітке не жарасады?

  • Самғаған (қолдарын жайып көрсетеді).

  • Шегірткеге не жарасады?

  • Секірген (орнында тұрып секіру).

  • Ақ тауыққа не жарасады?

  • Шоқыған (партаны тақылдату).

  • Ақылдыға не жарасады?

  • Оқыған (кітапты оқуды көрсету).

  • Жақсы, ендеше бүгін жақсы оқып, жақсы құрметке ие болайық!

  • Тақтадағы шарларды санайық?

  • 1,2,3,4,5.

  • Жалау нешеу? (5)

  • Сағат тілі нешеде тұр? (5-те)

  • Ендеше барлығы нешеден екен? (5-тен)

  • 5 санына тағы қандай мысалдар келтіре аласыңдар? (Саусағым бесеу, сабақтан бес аламын, сағат тілі 5, 5 жұлдыз, 5-сынып)

  • Ендеше, балалар, бүгін біз 5 саны мен цифрын өтеміз.

Қайсыңның туысың 5 қанатты үйде тұрады? (Суретке қарап)

  • Тұрған машина қанша? (4)

  • Жүріп келе жатқан ше? (1)

  • Барлығы нешеу? (бесеу)

  • Мына суреттен қай ертегі естеріңе түседі? (Шалқан ертегісі)

  • Осыларды санап жіберіңдерші?

  • Атасы, апасы, қызы, күшігі, мысығы, барлығы нешеу екен? (5)

  • Ендеше осы кейіпкерлердің бәрі бізде қонақта екен, олар бізге тапсырма береді, біз кезек-кезек орындайық.

Оқулықпен жұмыс

Атаның тапсырмасы: Сурет бойынша оқулықтағы жаңа ұғымдарды үйренеміз (Есепшотты ұстап тұрып).

  • Есепшоттың қызыл тасын сана? (4)

  • Көк тасы ше? (1)

  • Барлығы? (5)

  • Оны қалай таптың? (4+1=5)

  • Боялған қызыл үшбұрыш қанша? (5)

  • Боялмағаны неше? (5)

  • Балалар мынау 5 цифры.

  • Алдыңғы қатарда түлкі нешеу? (4)

  • Артында ше? (1)

  • Енді оқимыз? (4+1=5)

  • Барлық ақ тиін нешеу? (5)

  • Біреуі қайтті? (5-1=4)

  • Жаңғақты сана? (4)

  • Қасындағысы? (1)

-




+ = (тақтаға жазып көрсету)


  • Барлық саңырауқұлақ нешеу?

  • Біреуін үзіп алдым?

5

1

4


- =

  • Кане ойнайық. Неге саңырауқұлақ пен жаңғақ суреттері берілген?

  • Өйткені, ақтиін саңырауқұлақ пен жаңғақты жақсы көреді.

  • Үстіңгі бұтақтағы алма нешеу? (3)

  • Астында нешеу? (2) 3+2=5

  • 5 саңырау құлақтың 2-ін не әкетті? (кірпі) 5-2=3

  • Ата бізге риза. Рақмет балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Енді апаның тапсырмасы «Кім шапшаң екенін байқайық».

  • Алдарыңдағы таяқшаларды әр түрлі пішіндер құрап үйренейік. (2 оқушы 1 пішін құрайды), (апа тексеріп шығады).

  • Балалар, бүгін Бұлжытпас бір қадам алға басып, 5-торкөзге келіпті.

  • Сан қатарын оқимыз? (0,1,2,3,4,5,).

  • Кері санау. (5,4,3,2,1,0).

  • Рақмет балалар, апаның тапсырмасын жақсы орындадыңдар!

Қыздың тапсырмасы:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

  • Қыздың тапсырмасын орындамас бұрын, ауада жазып үйренейік. (тәрбиеші ауада жазып көрсетеді)

Дәптермен жұмыс. Сергіту жаттығуын өткізу.

Ал, санайық санамақ,

Саусақтарға қарап-ақ,

Кәне-кәне санайық,

1,2,3,4,5-еу,

Сонда саусағым нешеу?

Ертегі кейіпкерлері шығады:

Шал: Басталады саусағым бас бармақтан – бірінші;

Кемпір: Балан үйрек келеді санағанда – екінші;

Қыз: Ортан терек биігі тұрып қалған – үшінші;

Күшік: Шылдыр шүмек келеді кезегім деп – төртінші;

Мысық: Кішкентай бөбек таласпай болған екен – бесінші.

Күшік тапсырмасы: Тапқышбектің тапсырмасын кім тез орындайды екен, кәне, іске сәт!

  • 4+1=5 (4 ақ үшбұрыш +1 жасыл үшбұрыш).

  • 3 ақ дөңгелек, 2 сары дөңгелек, ендеше:

3+2=5 5-1=4 5-2=3

Алманы 2 тәрелкеге қалай бөліп салар едің?

2+3=5 1+4=5

3+2=5 4+1=5

Мысықтың тапсырмасы: Тақтадағы суретке сәйкес цифрды қой (4 бала шығып орындайды).

Кестеден 5 санын сыз.

Үлестірмелі парақшамен жұмыс.

Санға сәйкес фигураларды боя.

Бос торкөзге цифрды жаз.

  • Балалар, мысықтың тапсырмасын өте дұрыс орындадық, енді суретке қарайықшы. Шалқан неге жұлынбады? (өйткені көмекке тышқан келмеді).

  • Тышқан қайда кетті деп ойлайсыңдар? (мысық жеп қойды)

Оқушы:

Пеш түбінде 5 мысық, 5 күзетші, 5 пысық,

Тышқан аулап жемесе, бола қоймас еш қызық.

  • Келесі сабаққа тышқан қонаққа келсе, көмектесіп, шалқанды жұлып аламыз деп ойлаймыз.

Сабақты қорыту.

  • Кәне, оң қолымызды көтерейікші, саусағымыз нешеу? (5 еу)

  • Кәне қолымызды 4 рет шапалақтаймыз.

  • Енді тағы 1 рет шапалақтаймыз.

  • Барлығы неше рет? (5)

  • Тақтадағы заттарды немен санадық? (санмен)

  • Санды немен белгіледік? (цифрмен)

  • Бүгін қай санмен таныстық? (5)

  • Қандай цифр жазып үйрендік? (5)

Бағалау. Балаларға қызыл бес жұлдыз, көк төртбұрыш, сары үшбұрыштарды үлестіріп, мадақтау.








Амандасу




Оқу құралдарыy түгендеу



Қайталау


























Жұмбақ шешу.









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тендеуди шешу

Автор: Алдонгарова Жулдызай Токташевна

Дата: 26.11.2014

Номер свидетельства: 135994

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "3  сынып   Ба?ылау  ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(20) "3synypbakylauzhumysy"
    ["file_id"] => string(6) "330424"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1464254007"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Бақылау жұмысы"
    ["seo_title"] => string(17) "bak_ylau_zhu_mysy"
    ["file_id"] => string(6) "381274"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484828956"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "келтірілген квадрат те?деу та?ырыбына саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(59) "kieltirilghien-kvadrat-tien-dieu-tak-yrybyna-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "281270"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453486410"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Квадрат те?деу т?бірлеріні? формулалары. Дискриминант "
    ["seo_title"] => string(56) "kvadrat-tien-dieu-tubirlierinin-formulalary-diskriminant"
    ["file_id"] => string(6) "216489"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433008981"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""конспект урока математика""
    ["seo_title"] => string(27) "konspiekt_uroka_matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "368824"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481553101"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства