Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текшенің қыры мен көлемі туралы түсінікті қалыптастыра отырып, текшенің көлемін есептеп табу ережесін меңгерту, оқу жағдаяттарын шешуде математикалық заңдылықтар мен терминдерді қолдану; Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, өз ісінің нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін, эстетикалық тәрбие беру;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текшенің қыры мен көлемі туралы түсінікті қалыптастыра отырып, текшенің көлемін есептеп табу ережесін меңгерту, оқу жағдаяттарын шешуде математикалық заңдылықтар мен терминдерді қолдану;
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, өз ісінің нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін, эстетикалық тәрбие беру;
Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, сабаққа қызығушылығын арттыру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, ақпараттық оқыту технологиясы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: проблемалық әдіс, түсіндірмелі - иллюстративті әдіс, сәйкестендіру, көрнекілік, сұрақ - жауап, ой қозғау, өзіндік жұмыс, салыстыру, талдау, рейтингтік бағалау әдісі, өзін - өзі бағалау
1. А. Е. Әбілқасымова, Т. Қ. Оспанов, Ә. С. Кенеш, Ж. Қ. Астамбаева. Математика. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 3 - сыныбына арналған оқулық (байқау нұсқасы). Алматы «Атамұра» 2005 жыл, 104 - 105 беттер.
2. Ә. Ақпаева, Л. Буровова Математика. 3 - сынып. ІІ бөлім. «Алматыкітап» 2010 жыл.
3. Т. Қ. Оспанов. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. «Атамұра» Алматы, 2005
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1) Ұйымдастыру (1 мин)
а) оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу
ә) оқушылардың құралдарын тексеріп, сабаққа назар аударту
б) психологиялық дайындық: «Күн шуағы»:
Қол ұстасып бәріміз
Жылылықты сезейік
Шуақ шашқан күндей боп
Күлімсіреп жүрейік
Нәтижесі: оқушылар көңіл - күйі жоғарылап, сабаққа дайын болады.
Қорытынды: мұнда артық фигура – текше, себебі ол көлемді фигура, қалғандары жазық фигура. (Геометриялық фигуралар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі).
Нәтижесі: оқушылар геометриялық фигураларды салыстыра отырып, оларға ортақ қасиеттерді және айырмашылықтарын талдай отырып, олардың ішінен текшені бөліп алады. Сол арқылы олардың логикалық ойлау деңгейі жоғарылайды, фигураларды қасиеттеріне қарай тани және ажырата алатын болады.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер (Кеңістік пен жазықтық фигураларының айырмашылығы мен ұқсастығын, қасиеттерін айтады): Шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша – бұлар жазықтық фигуралары, олардың аудандары болады. Ал текше мен тік бұрышты параллелепипед – кеңістік фигуралары, олардың көлемдері болады.
2 - топ: Талдаушылар: Бастауыш сыныпта геометриялық фигураларды оқытудың басты нәтижесі – фигураларды тану және ажырату болып табылады. Осындай тапсырманы орындау жоғары сынып геометриясының элементтерін үйретуге дайындық болып табылады. Жазықтық және кеңістік фигураларын ажырата алу үшін қоршаған ортадан көбірек мысалдар келтіріп, заттық көрнекіліктерді пайдалану қажет.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Осы геометриялық фигураларды түрлі - түсті етіп беру олардың қасиеттерін ажыратауға септігін тигізе ме?
ә) Пысықтау жұмысы: «Текше туралы не білеміз?» (сұрақ - жауап, талдау), (2, 5 мин)
Сұрақ - жауап:
1. Текшенің неше жағы бар? - 6 жағы бар
2. Текшенің неше қыры бар? - 12 қыры бар
3. Текшенің неше төбесі бар? - 8 төбесі бар
4. Текшенің әрбір жағы қандай фигура? – Шаршы
5. Текшенің әрбір қыры неден құралған? – Кесінді
6. Текшенің әрбір төбесі неден құралған? - Нүкте
7. Текше тәріздес фигураларға қандай мысалдар келтіруге болады? – қорап, бөлме
Нәтижесі: оқушылар текшенің қасиеттері мен элементтерін еске түсіріп, пысықтайды.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер: Текшенің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Оның әрбір жағы шаршы, әрбір қыры кесінді, әрбір төбесі нүкте.
2 - топ: Талдаушылар: Оқушылар осы тапсырманы орындай отырып, текшенің қандай геометриялық фигуралардан (шаршы, кесінді, нүкте) тұратынын білетін болады. Осыны пысықтай түсу үшін электронды - анимациялы құралдарды қолданса, оқушылардың танып - білуге деген қызығушылығын оятады.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Текше ұғымы қай сыныпта, қай тарауда ең алғаш таныстырылады?
Біздің отырған сынып бөлмесінің ішінен менің қолымдағы текше қанша орын алып тұруы мүмкін? Мына тұрған қорап бөлмемізден қанша орын алып тұр екен? Яғни олардың көлемінің қанша екендігін қалай білуге болады? Оны білу үшін жаңа тақырыпқа назар аударайық.
Нәтижесі: оқушылардың жаңаны танып - білуге деген ынтасы оянады. Проблеманың шешімін табуға назар аударады, ойлау мен іс - әрекет үйлестіріледі.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер: Текшенің көлемін табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып көбейтіп, көбейтіндінің мәнін табу керек.
2 - топ: Талдаушылар: Осы проблемалық сұрақ арқылы оқушылар проблеманы шешу үшін математикалық заңдылық пен ереженің қажеттігін ұғынады. Жаңа білімді меңгеруге құлшыныс оянып, қызығушылығы артады.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Проблемалық сұрақты сабақтың қай кезеңінде қолданған дұрыс?
ІІ. Жаңа мағынаны тану кезеңі
а) Жаңа тақырыпты түсіндіру (7 мин)
(Интерактивті тақта арқылы түсіндіріледі).
- Суреттегі құрастырманы текше тәріздес деп айтуға бола ма? Неліктен?
- Оның қыры неше сантиметр?
Текшенің көлемін табу ережесі енгізіледі: Текшенің көлемін табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып көбейтіп, көбейтіндінің мәнін табу керек.
Нәтижесі: Оқушылар бүгінгі сабақтың ең негізгі өзегі болып тұрған ережемен танысады, ойға қабылдайды.
ә) Жаңа тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс (4 мин)
Оқушыларға әрқайсысына қырларының ұзындықтары әр түрлі текшелер қолдарына беріледі. Олар сызғыш арқылы текшенің қырын өлшеп, оның көлемін есептеп табады, дәптерге жазады.
Нәтижесі: оқушылар алған теориялық білімді (текшенің көлемін табу ережесін) іс жүзінде қолданып үйренеді, қорытынды шығара алады. Сол арқылы оларда проблеманың шешімін табу құзіреттілігі қалыптасады.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер: Берілген текшелердің қырларының ұзындықтарын сызғышпен өлшеп, мәнін жазады. Қырларының ұзындығы бойынша әрбір текшенің көлемін есептеп табады, нәтижесін айтады.
2 - топ: Талдаушылар: Осындай тәжірибелік жұмыс арқылы оқушы математикалық ережені іс жүзінде қолдануға болатынына көз жеткізеді. Осы арқылы текшенің көлемін табу ережесін жаттанды түрде ғана білмейді, ереже олардың есінде қалатын болады.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі дегенді қалай түсінуге болады?
Сергіту сәті (1 мин):
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
1) Оқулықпен жұмыс (4 мин):
Қыры 3 см текшенің бір жағының ауданы неше квадрат сантиметр болады? Оның барлық жақтарының аудандарының қосындысы ше? Осы текшенің көлемі неше куб сантиметр?
Шешуі: 3. 3 = 9 (см2) – текшенің бір жағының ауданы
9. 6 = 54 (см2) – барлық жақтарының аудандарының қосындысы
3. 3. 3 = 27 (см3) – текшенің көлемі
Нәтижесі: текшенің көлемін және шаршының ауданын таба алады. Берілген ақпаратты талдау және тиісінше қолдану арқылы оқушыларда тақырып бойынша ақпараттық құзіреттілік қалыптастырылады.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер: Текшенің әрбір жағы шаршы болып табылады. Сондықтан, бір жағының ауданын табу үшін шаршының ауданын табу ережесі қолданылады. Шаршының ауданын табу үшін оның қабырғасын көбейткіш ретінде екі рет алып көбейту керек. Сонда бір жағының ауданы 9 см2. Барлығы 6 жағы бар болғандықтан барлық жақтарының аудандарының қосындысы 54 см2. Ал көлемі 27 см3.
2 - топ: Талдаушылар: Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар шаршы туралы білетіндерін қолданады, еске түсіреді.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Ақпараттық құзіреттілік дегенді қалай түсіндіре аласыз?
2) «Сәйкестікті тап»(4 мин):
Текшенің берілген қырларының ұзындықтарын оның бір жағының ауданымен және текшенің көлемімен сәйкестендір:
Бір жағының ауданы Қыры Көлемі
Нәтижесі: оқушыларда қырының ұзындығы бойынша текшенің бір жағының ауданы мен көлемін ауызша есептеп табу дағдылары қалыптасады. Осы жұмыс арқылы жаңа тақырыптан алған білімдері бекітіледі. Берілген мәліметтер мен ақпараттарды дұрыс қолдана отырып, оқушыларда ақпараттық құзіреттілік қалыптастырылады.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер: Берілген қырының ұзындығы бойынша оның бір жағының ауданы мен көлемін есептеп тауып, тиісінше сәйкестендіреді.
2 - топ: Талдаушылар: Бұл тапсырманы орындауда оқушы жылдам ойлауға, салыстыруға, ойша есептеуге үйренеді. Аз ғана уақыттың ішінде бірнеше есептеулер орындайды.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Оқушы басқалардан жылдам орындау үшін есептеуге онша мән бермей, тез жобамен ғана сәйкестендіріп орындап шыға салуы мүмкін. Оны қалай болдырмауға болады?
3) Өткен тақырыптармен байланыс (3 мин):
Теңдеулерді шеш: 14 – х = 9 613 – х = 287 45: x = 9
Шешуі: 14 – х = 9 613 – х = 287 45: x = 9
х = 14 – 9 х = 613 – 287 х = 45: 9
х = 5 х = 326 х = 5
14 – 5 = 9 613 – 326 = 287 45: 5 = 9
Нәтижесі: теңдеулерді жазбаша шеше отырып, белгісіз компонеттерді табу ережелері пысықталады.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер: Белгісіз компонентті табу ережелерін айта отырып, теңдеулерді шешеді.
2 - топ: Талдаушылар: Теңдеулерді шешу арқылы оқушы бұрынғы білетіндерін еске түсіреді, өткенмен байланыс жасалады, арифметикалық амалдар компоненттерінің арасындағы байланысты қолданады.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Оқушыны теңдеуді шешуде үнсіз жазбай, қандай ережені қолданып шығарып жатқандығын айта отырып, сөйлей отырып шешуге қалай қалыптастыруға болады?
Жаңа сабақты бекіту:
Шығармашылық ойлауды арттыруға бағытталған тапсырма (3 мин):
Суреттегі қандай түсті білеушелерді қыры 2 см текшелерден құрастыруға болады? (Суреттер интерактивті тақта арқылы беріледі).
Нәтижесі: суреттерге қарай отырып, ойша есептеуге үйренеді. Оқушыларда талдау, жинақтау, салыстыру тәрізді ойлау операциялары жүзеге асырылады.
Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі.
1 - топ: Теоретиктер: Тапсырманы орындайды, тапсырманың сұрағына жауап береді.
2 - топ: Талдаушылар: Оқушы осы тапсырманы орындай отырып, талдау, жинақтау, салыстыру секілді ойлау іс - әрекеттерін жүзеге асырады. Берілген білеушелерді ойша бөліктерге жіктейді, бөліктерден құрастырады.
3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Осы тапсырманы сурет арқылы емес, заттық көрнекілік арқылы түсіндіру, орындау қаншалықты тиімдірек болады?
Оқушыларды бағалау жұмысы (11 мин): Өзіндік жұмыс (рейтингтік бағалау әдісі, өзін - өзі бағалау әдісі)
Тапсырмалар:
1. Қыры 4 см текшенің көлемі неге тең?
2. Қыры а см текшенің көлемі неге тең болады?
3. Көлемі 1 см3 текшенің қыры неше сантиметр?
4. Көлемі 1000 см3 текшенің қыры неше сантиметр?
5. Бір жағының ауданы 36 см2 текшенің қыры неше см?
6. Бір жағының ауданы 64 см2 текшенің қыры неше см?
7. Текшенің неше қыры бар?
8. Текшенің неше жағы бар?
9. Текшенің неше төбесі бар?
10. Қыры 3 см текшенің көлемі қыры 2 см текшенің көлемінен қаншаға артық?
11. 465 санында неше жүздік бар?
12. 100 бен 48 сандарының қосындысының мәнін 2 - ге бөл.
13. Ұзындығы 6 см, ені 4 см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
14. Қабырғасы 7 см болатын шаршының ауданы неге тең?
15. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз.
Мұғалім тапсырманы оқиды, оқушылар реті бойынша тапсырманың жауабын ғана жазып отырады. Орындап болған соң, интерактивті тақтада дұрыс жауаптар тізбесі беріледі, оқушы өз жауаптарын тексеріп, дұрыс жауаптар санын айтады. Әр дұрыс жауап үшін бір ұпай беріледі.
Дұрыс жауаптар:
1. 64 см3
2. а см3
3. 1 см
4. 10 см
5. 6 см
6. 8 см
7. 12 қыры бар
8. 6 жағы бар
9. 8 төбесі бар
10. 19 см артық
11. 4 жүздік
12. 74
13. 24 см2
14. 49 см2
15. 999
14 - 15 ұпай - «5»
8 - 13 ұпай - «4»
4 - 7 ұпай – «3»
0 - 3 ұпай – «2»
Нәтижесі: бүгінгі тақырыпты қамтитын және өткен тақырыптармен байланысты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар білімі тиянақталады. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасап үйренеді. Әр оқушы өзін - өзі бағалай алады, жинаған ұпайы арқылы өз деңгейін анықтайды. Барлық оқушы түгел бағаланады.
Сабақты қорытындылау (рефлексия) (1 мин):
• бүгінгі тақырыптан нені меңгергендерін пысықтау
• оқушылардың жеткен жетістіктері мен толықтырулар қажет ететін тұстарын атап өту
• оқушылардың көңіл - күйлеріне мән беру
• бүгінгі сабақтан алған әсерлері жөнінде қысқаша ой бөлісу
Үйге тапсырма беру (1 мин):
1) Теориялық бағытта: текшенің көлемін табу ережесін жаттау