kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тапқыр болсаң,талас жоқ!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың математикадан логикалық ойлау қабілетін дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тапқыр болсаң,талас жоқ!»

Тараз қаласы №33 М.Әуезов атындағы орта мектебінің жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі Жуншеева Жанар Сериковна.






Сыныптан тыс шара "Тапқыр болсаң, талас жоқ!"

Мақсаты:Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, ой – өрісін кеңейту, шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру. Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелігі:Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өту түрі:Топтық сайыс.

Әдіс-тәсілі: Сұрақтар,есептер.

Сабақтыңтипі: Дәстүрлі емес, білім сайысы сабағы.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың сөздері жазылған плакат, слайд,сандар жазылған плакат, алма ағашы.

Жоспары:

1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу реті. 2мин. 10ұпай.Слайд 1-3
2. Тапқырлық сайысы (логикалық.). 5мин. Әр сұраққа 5ұпай.Слайд4-6
3. Сыр сандық құпиясы.8мин. Әр сұраққа 2 ұпай.Слайд7-10
4.«Пингвиндер» сайысы . 5мин.Әр сұраққа 1 ұпай.Слайд11
5. Біліктілік сайысы. 8мин. Әр сұраққа 5 ұпай.Слайд12-13
6. Жанкүйерлер сайысы.1минут. 5ұпайСлайд14-16
7. Топ басшылар сайысы (жаңылтпаштар айту). 10ұпай.3мин.Слайд18-19
8. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер). 1ұпай. 3мин.Слайд20-21
9. «Қас-қағым сәт» сайысы. Әр сұраққа 1 ұпай. 3мин.Слайд22-23
10. Ойыншыларға сазды сәлем.4мин.
11. Қорыту. 3мин.Слайд 24-25

Ойыншылар 2 топқа бөлінеді.

7 «А» сынып оқушысы Амангелді Меруерттің орындауында ән: «Өмір өзен»


Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды, - деп Абай атамыз айтқандай 8–9 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» атты математикалық сайысымызды бастаймыз.

4(Ақпараттық тақтада слайдпен ұлағатты сөздер жазылып, көрсетіледі)

Жүргізуші:Бүгінгі сайысымызға 8 «А»сыныбынан Ордалы Мейірбек, Есмаханов Ислам,Сейдулла Еркеназ,Бигелдиев Бекасыл,Мұстафин Бахтияр,Дарханқызы Дамира қатысады.

9 «А» сыныбынан Тлепбай Бақытжан,Дарханұлы Балғын,Керімбекова Нұрай,Әбиірбек Қуаныш, Құрманәлі Анель,Тажитаева Анель қатысады.

(Ақпараттық тақтада слайдпен топтарға анықтама беріледі)

Жүргізуші:Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақтағандарың жөн.

Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз
Алғырлар мен тапқырлар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

  • Математика пән мұғалімдері:

Ойынға қатысушы команда мүшелеріне сәттілік тілейміз. (музыка ойнайды)

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңыздар.

Сонымен: (Кезеңдер интерактивті тақтада слайдпен көрсетіледі)

1-жүргізуші:

Математика сырлары, қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді,- дей отырып кезекті таныстыруға береміз.Бұл кезең 10 ұпаймен есептелінеді (Әр топ кезекпен өздерін таныстырады). «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарына құрмет — қошемет көрсетіп қояйық.

«Алғырлар» тобының сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Танысып қояйық, математиканың
«Алғырлар» тобы біз боламыз,


«Алғырлар»тобының ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

«Тапқырлар» тобының сәлемдесуі:

Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Тапқырлар» тобының ұраны:

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста,

Тапқырлықпен аламыз!

1-жүргізуші:Әділқазы алқасынан бірінші кезеңнің қорытындысын сұраймыз.Бұл кезең 10 ұпаймен есептелінеді

2-жүргізуші: Мықты болсаң, алдағыны басып оз,

Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт,- деп «Тапқырлық» сайысына кезек береміз.
(логикалық есептер шығару) Әрбір сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.

1-топқа:

1.Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде: жиырманың жартысы, соның ішінде бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін,- деді. Балықшы неше балық ұстаған? (10 балық)

2.Шығыс ғалымы, дәрігер, ақын сазгер, астроном, механик – ол кім?

(Әл-Фараби)

3.Қарапайым геометриялық ұғымдар (нүкте, түзу)

4.2 және 3 деген сандардың арасына қандай таңба қойғанда шыққан сан екіден үлкен, бірақ үштен кіші болады? (үтір)

2-топқа:

1.1-ден 1000-ға дейінгі сандарды белгілеу үшін неше цифр керек (10 цифр)

2.Бұрышты қақ бөлетін кесінді (биссектриса)

3.Ішінде саны бар мақал айту (білімді мыңды жығар)

4.Шахризада саны деп қай санды айтады (1001)

2-жүргізуші:

Әділқазы алқасынан «Тапқырлық» сайысының қорытындысын

сұраймыз.Бұл кезеңдегі әрбір сұрақ 5 ұпаймен бағаланады

1-жүргізуші:

Келесі кезекте«Сыр сандық құпиясы»
(Бұл қ
ұпиялы жәшікте математикамен байланысты кез келген зат жатады. Сипаттамасы бойынша оны тауып, атын айту керек. Бұл сайыс әр сұраққа 5 ұпаймен есептелінеді)

1. «Алғырлар» тобына . Мен оқимын, тыңдаңыздар:

Құпиялы жәшіктегі заттың сипаттамасы:Ежелгі Грецияда бұл затты қолдана білу дамудың жоғарғы сатысы болып есептелді, ал оның көмегімен есептерді шығара білу оның қоғамдағы орнының және ақылының жоғары екенін көрсетті. Осы зат туралы жұмбақ та шығарылған:

«Шекер жейтін аққұтан,

Бір қазыққа байланды.

Аузына тістеп шекерін,

Оң қазықты айналды» (циркуль)

1.«Тапқырлар» тобына. Құпиялы жәшіктегі заттың сипаттамасы:Бұл зат заман талабы. Оны кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп, аналарына сатып алғызады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданады. Бұл не?(қалталы телефон)

2.«Алғырлар» тобына.Құпиялы жәшіктегі заттың сипаттамасы:

Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, тағы басқа сала-ларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге

болады. Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не?» (шеңбер)

2.«Тапқырлар» тобына. Құпиялы жәшіктегі заттың сипаттамасы:

Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі – берлі тасып әлек.

«Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ

Сөйлеп тұрған ішіненБұл не? (кітап)

Әділқазы алқасынан «Сыр сандық құпиясы» сайысының қорытындысын сұраймыз.

Бұл кезеңдегі әрбір сұрақ 2ұпаймен бағаланады.

Келесі кезекте «Пингвиндер» сайысы (Екі топқа үш-үштен есептер жазылған плакаттар ілінеді. Әр сайыскер аяғына допты қыстырып алып, түсірмей есептерді шығарады да допты келесі ойыншыға береді. Әр топтан 3 адам, қай топ жылдам аяқтайды, сол жеңеді. Әр есепке -1ұпай беріледі)

Тапқырлар тобына:

3,8+1,5+2,5 =7,8

50+11−84 =−23

6,9−2,6−2,3 =2

Алғырлар тобына:

  1. 3,2+0,8+5,7 =9,7

  2. 27+53−94 =−14

  3. 4,8−2,6−1,2 =1

Әділқазы алқасынан «Пингвиндер» сайысының қорытындысын

сұраймыз.Бұл кезеңдегі әрбір сұрақ 1ұпаймен бағаланады.

1-жүргізуші:

Айыра біл жақсы менен жаманды,

Айыра біл қарындаш пен қаламды.

Айыра біл соқпағында өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы,- деп кезекті «Біліктілік» сайысына береміз.

«Біліктілер» сайысы кезеңіндегі әрбір сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Ойлануға 5 минут уақыт беріледі.


Алғырлар тобына:2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?

      Жауабы: 33 адам және 43 адам.

Тапқырлар тобына: Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қазбен кезігеді. Көп қаздың бастаушысы: «Ассалаумағалекум жалғыз қаз»,- дейді. Сонда жалғыз қаз: «Салаумалейкум, сіздер нешеусіздер»,- дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының жартысын және оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Енді өзің есептеп шығар,- депті. Қаз нешеу? (36 қаз)

2-жүргізуші:

Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Қатардан артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен-текке жоймайық, -дей келе топтар тапсырмаларын орындағанша біз сайысымызды жанкүйерлермен жалғастырайық.

Енді әр топтың бір жанкүйерін ортаға шақырамыз.
Уақыттарың санаулы (1минут). Тез орындап әр топ өз тобына 5 ұпай алып береді.

1-жүргізуші: Енді ортаға келесі жанкүйерлерді шақырып, ойынымызды жалғастырамыз.
Қазір сіздерге сөздер оқылады, сол сөздердің есте сақтағандарыңызды қағазға түсіресіздер. Кім көп сөз жазса сол өз тобына 5 ұпай әпереді .

1-тапсырма. Сөздер:бұрыш, сызғыш, транспортир, коэффициент, азайтқыш, сәуле, алпыс, радиус, шеңбер, қосынды, теорема, бөлшек, пропорция, қатынас, анықтама, аксиома, көбейтінді, циркуль, кесінді, түзу, икс, синус, диагональ, периметр, көлем.

2-тапсырма. Суретте неше үшбұрыш бар?Кім тапса сол өз тобына 5 ұпай әпереді .



10 үшбұрыш 11 үшбұрыш

Әділқазы алқасынан «Біліктілер » сайысының қорытындысын

сұраймыз.Бұл кезеңдегі әрбір сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.

2-жүргізуші:

Мәңгі – бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын,-деп келесі кезекті «Топ басшылар» сайысына береміз:

Жаңылтпаштар айту.

1-топ:Рационал сан, иррационал сан, иррационал сан, рационал сан.
Біріккен сан болған соң нақты сан деп аталған сан.

2-топ:Шеңбер, шеңбер доп емес,доп сияқты доп емес.
Доп деп, доп деп шеңберді ойлама шеңбер ол емес.

Әділқазы алқасынан «Топ басшылар» сайысының қорытындысын

сұраймыз.Бұл кезең 10 ұпаймен бағаланады.

1-жүргізуші: Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр....» сайысы (әр топ шапшаң жауап берулері керек, әр сұраққа 1 ұпайдан).3мин.

Тапқырлар тобына: 1. Жеті жұрттың тілін біл, ........(жеті түрлі білім біл)
2. Білекті бірді жығады, ......(білімді мыңды жығады).
3. Екі жақсы қас болмас, .....(екі жаман дос болмас).

Алғырлар тобына: 1. Отызында орда бұзбаған, ......(қырқында қамал алмайды).
2. Екі кісі ығысса, ....(бір кісілік орын табылар).
3. Көп күлген, ........(бір жылар).

2-жүргізуші:

Ойланайық азырақ,

Уақытымызды үнемдеп.
Кім шығады, кәнеки,

Жауабын мен білем деп – келесі сайысымыз

«Қас қағым сәт» (бұл сайыста әртоптың бір ойыншысы ортаға шығады). Топқа 1 минут уақыт беріледі, сұрақтар бойынша әр оқушы ұпай жинайды. Әр сұраққа -1ұпай)

Алғырлар тобына:

1. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс (сызғыш)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді (0)
4. Қиылыспайтын екі түзу (параллель түзулер)
5. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)
6. Түзудің екі нүктесінің арақашықтығы (кесінді)
7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)
8. Шеңбердің ортасы арқылы өтетін кесінді (диаметр)
9. Ең кіші жай сан (2).

Тапқырлар тобына:

1. Координаталық түзуді кім енгізген (Рене Декарт)
2. Кері сандардың көбейтіндісі (1)
3. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы )
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрысбөлшек)
5. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең (180⁰)
6. 5-ке қарама-қарсы сан (-5)
7. Алманың жартысы неге ұқсас (екіншіжартысына)
8. Ең үлкен теріс бүтін сан (-1)
9. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут (15 минут).

Әділқазы алқасынан «Қас қағым сәт» сайысының қорытындысын

сұраймыз.Бұл кезеңде әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

Сайыс қорытындыланғанша әр топ өз өнерлерін ортаға салады

(1 сазды өнер)

1-жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Жүргізуші: Сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендеше әділқазыларға сөз кезегін береміз.

(Әділқазы алқасы қорытындылайды. Сайысқа қатысқан оқушылар мен топтар марапатталады.)

Жүргізуші: «Ақыл дастан, өнер жастан» шығады деп халқымыз бекер айтпаған. Өз білімдерін көрсетіп, білім додасына түскен 8-9 сынып оқушыларына алғыс білдіреміз. Жарқын күнде жүздескенше. Сау болыңыздар!



Сабаққа қорытынды

Бүгінгі «Тапқыр болсаң,талас жоқ!» сыныптан тыс сабағымның мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, ой -өрісін кеңейту, шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыруға және топпен жұмыс жасай білуге,өзін- өзі бағалай білуге үйрету және тәрбиелеу.Сыныптан тыс сабақ барысында осы қойылған мақсаттарға жеттім.Сонымен қатар әр оқушының алуан түрлі тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып жеке құзыреттілігін қалыптастырдым. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырдым.

Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудыкөрсету.Сыныптан тыс сабақ 10 кезеңнен тұрды.Әрбір кезең бойынша оқушылар белсенділік көрсетіп, сабаққа қызыға қатысты.Оқушылар логикалық есептер шығарып, ой-өрісін кеңейтті, математикалық мақал-мәтелдер айтып жарысты, топ басшылары жаңылтпаш айтып шапшаңдық, зеректік көрсетті.

«Ақыл дастан, өнер жастан» шығады деп халқымыз бекер айтпаған. Өз білімдерін көрсетіп, білім додасына түскен 8-9 сынып оқушылары арасында өткен осы математикалық сайысқа оқушылар белсенділікпен қатысып,өнерлерін, білімдерін ,тапқырлықтарын көрсетті.


























33 М.Әуезов мектебі,8«А»-9«А» сынып оқушылары,

25.01.2017ж. Қалалық семинар

«Тапқыр болсаң, талас жоқ!» математикалық сайыс.


«Сыр сандық» сайысы


«Біліктілік» сайысы



Әділқазы алқасының сайысты қорытындылауы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тапқыр болсаң,талас жоқ!

Автор: Жуншеева Жанар Сериковна

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453305

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Тап?ыр болса?, талас жо?! Интеллектуалды сайыс. Бастауыш сынып."
    ["seo_title"] => string(64) "tapk-yr-bolsan-talas-zhok-intielliektualdy-saiys-bastauysh-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "275674"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452608743"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Тап?ыр болса?, талас жо?» атты    математикалы? сайыс  саба?ы."
    ["seo_title"] => string(50) "tapkyrbolsantalaszhokattymatiematikalyksaiyssabagy"
    ["file_id"] => string(6) "278139"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453040217"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Физикалы? кеш "Тап?ыр болса?-талас жо?" "
    ["seo_title"] => string(41) "fizikalyk-kiesh-tapk-yr-bolsan-talas-zhok"
    ["file_id"] => string(6) "214380"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432289232"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Тап?ыр болса? талас жок "
    ["seo_title"] => string(25) "tapk-yr-bolsan-talas-zhok"
    ["file_id"] => string(6) "181739"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425391354"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ойлан, ізден, тап."
    ["seo_title"] => string(16) "oilan-izdien-tap"
    ["file_id"] => string(6) "322928"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461695203"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства