kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тап?ыр болса?, талас жо?» атты математикалы? сайыс саба?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

    «?ызы?ты математика» та?дау курсы бойынша    «Тап?ыр болса?, талас жо?» атты    математикалы? сайыс  саба?ы.    7 а,б сыныптары.

Ма?саты:  О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін жетілдіру, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру.

                       Жоспары:       1.  Топтарды? ?зін таныстыруы, амандасу реті.                                                                        
                        2.  Тап?ырлы? сайысы   (логикалы? есептер).                                                                                         
                        3. Біліктілік сайысы  (есептерді те?деу ??ру ар?ылы шы?ару).                                                                  
                        4. Жанк?йерлер сайысы (топ жанк?йерлеріні? тапсырмалары).                                                        
                        5. Капитандар сайысы (жа?ылтпаштар айту).                                                                                              
                        6. Ойымды жал?астыр  (ма?ал-м?телдер).                                                                                           
                        7. «?ас-?а?ым с?т» сайысы  (топ?а берілген с?ра?тар).                                                                            
                        8. Ойыншылар?а сазды с?лем.                                                                                               (Ойыншылар 3 топ?а б?лінеді, ?р топ ?здеріне ат табады, ?здерін таныстыру?а ?зірленеді.)                                                                                                                    7 минут.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тап?ыр болса?, талас жо?» атты математикалы? сайыс саба?ы.»

«Қызықты математика» таңдау курсы бойынша «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты математикалық сайыс сабағы. 7 а,б сыныптары.

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Жоспары: 1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу реті.
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер).
3. Біліктілік сайысы (есептерді теңдеу құру арқылы шығару).
4. Жанкүйерлер сайысы (топ жанкүйерлерінің тапсырмалары).
5. Капитандар сайысы (жаңылтпаштар айту).
6. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер).
7. «Қас-қағым сәт» сайысы (топқа берілген сұрақтар).
8. Ойыншыларға сазды сәлем. (Ойыншылар 3 топқа бөлінеді, әр топ өздеріне ат табады, өздерін таныстыруға әзірленеді.) 7 минут.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі оқушылар! Баршаңызда «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Басталық ақыл-ойдың дара кешін, Халайық, сендер бізге жақын келші. Математика ғылымына ұмтылғандар, Сен егер кім екенін білгің келсе.

1-жүргізуші: Математика сырлары, қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді,- дей отырып кезекті таныстыруға береміз. (Әр топ кезекпен өздерін таныстырады).

2-жүргізуші: Мықты болсаң, алдағыны басып оз, Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама көк мұзда, Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт,- деп «Тапқырлық» сайысына кезек береміз.
(логикалық есептер шығару)

1-топ: 1.Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде: жиырманың жартысы, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін,- деді. Балықшы неше балық ұстаған (10 балық) 2.Шығыс ғалымы, дәрігер, ақын сазгер, астроном, механик – ол кім (Әл-Фараби) 3.Қарапайым геометриялық ұғымдар (нүкте, түзу)

2-топ: 1.Ардақ, Кәрім және Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаған болса, барлығы неше партия ойнады
(3 партия) 2.Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеті (табанындағы бұрыштары тең болады) 3.Ішінде саны бар мақал айту (білімді мыңды жығар)

3-топ: 1. 1-ден 1000-ға дейінгі сандарды белгілеу үшін неше цифр керек (10 цифр) 2.Бұрышты қақ бөлетін кесінді (биссектриса) 3. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы (Ажар)

1-жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды, Айыра біл қарындаш пен қаламды. Айыра біл соқпағында өмірдің, Айыра білтапсырмаңды алдағы,- деп кезекті «Біліктілік» сайысына береміз. 1-топ: Диофант өмірі. Жолаушы! Бұл жерде Диофант жерленген. Сандар да сыр шерте алады, о кеермет, оның ғұмыры қаншалықты ұзақ болған: Ғұмырының алтыдан бірін тамаша балалық шақта өткізген.Ғұмырының тағы да он екіден бір бөлігі өткен шақта иегін түк басқан. Диофант ғұмырының жетіден бірін нәрестесіз некеде өткізген. Бес жыл өткенде: тұңғыш тамаша ұлы туып бақытқа кенелген.Тағдыр баласына жер бетіндегі тамаша да, жарқын өмірден тек әкесінің жасының жартысын ғана қиған. Азалы қарт ұлынан айрылған соң төрт жыл қайғы шегіп, фәни жалғанмен қоштасқан. Айтшы, Диофант қанша жасқа келіп қайтыс болған (84жас)

2-топ: Ауыр жүк артылған ат пен қашыр қатар келе жатты. Ат өзінің шамадан тыс ауыр жүгін айтып зарланған. Оған қашыр: «Неге сен зарланасың,- деп үн қатқан. Егер мен сенен бір қап алатын болсам, менін жүгім сенікінен екі есе ауыр болады ғой. Ал егер де сен менің арқамнан бір қап алсаң, сенің жүгің менікімен тең болар еді». Айтыңдаршы, ат қанша қап және қашыр қанша қап жүк әкеле жатты (ат 5, қашар 7 қап)

3-топ: Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қазбен кезігеді. Көп қаздың бастаушысы: «Ассалаумағалекум жалғыз қаз»,- дейді. Сонда жалғыз қаз: «Салаумалейкум, сіздер нешеусіздер»,- дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының жартысын және оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Енді өзің есептеп шығар,- депті. Қаз нешеу (36 қаз)

2-жүргізуші: Ойнайық, ойлайық та ойнайық! Қатардан артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада Уақытты тектен-текке жоймайық, -дей келе топтар тапсырмаларын орындағанша біз сайысымызды жанкүйерлермен жалғастырайық. Енді әр топтың бір жанкүйерін ортаға шақырамыз.
1. –Берілген тапсырмада сіздер тез арада тізбектес сандарды көрсетіп шығуларыңыз керек, уақыттарың санаулы (45 секунд). Тез орындап әр топ өз тобына 5 ұпай алып береді.

1-жүргізуші: Енді ортаға келесі жанкүйерлерді шақырып, ойынымызды жалғастырамыз.
Қазір сіздерге сөздер оқылады, сол сөздердің есте сақтағандарыңызды қағазға түсіресіздер. Кім көп сөз жазса сол өз тобына 5 ұпай әпереді . Сөздер: бұрыш, сызғыш, транспортир, коэфициент, азайтқыш, сәуле, алпыс, радиус, шеңбер, қосынды, теорема, бөлшек, пропорция,
қатынас, анықтама, аксиома, көбейтінді, циркуль, кесінді, түзу, икс,
синус, диагональ, периметр, көлем.

2-жүргізуші: Мәңгі – бақи есте қалар, Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар, Сұрақтары қиын болсын,-деп келесі кезекті «Капитандар» сайысына береміз. Жаңылтпаштар: 1-топ: Рационал сан, иррационал сан, иррационал сан, рационал сан.
Біріккен сан болған соң нақты сан деп аталған сан.

2-топ: Шеңбер, шеңбер доп емес,доп сияқты доп емес.
Доп деп, доп деп шеңберді ойлама шеңбер ол емес.

3-топ: Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш, тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш.
Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш, сәйкес бұрыш, құрған бұрыш,
Жазыңқы бұрыш, құрған бұрыш.

1-жүргізуші: Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр....» сайысы (әр топ шапшаң жауап берулері керек).

1-топ: 1. Жеті жұрттың тілін біл, ........(жеті түрлі білім біл)
2. Білекті бірді жығады, ......(білімді мыңды жығады).
3. Екі жақсы қас болмас, .....(екі жаман дос болмас).

2-топ: 1. Жүз сомың болғанша, ........(жүз досың болсын).
2. Отыз тістен шыққан сөз, .....(отыз рулы елге тарайды).
3. Білгенің бір тоғыз,.....(білмегенің 99).

3-топ: 1. Отызында орда бұзбаған, ......(қырқында қамал алмайды).
2. Екі кісі ығысса, ....(бір кісілік орын табылар).
3. Көп күлген, ........(бір жылар).

2-жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп.
Кім шығады, кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайысымыз «Қас қағым сәт» (бұл сайыста әр топтың бір ойыншысы ортаға шығады).

1-топ: 1. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс (сызғыш)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді (0)
4. Қиылыспайтын екі түзу (параллель түзулер)
5. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)
6. Түзудің екі нүктесінің арақашықтығы (кесінді)
7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)
8. Шеңбердің ортасы арқылы өтетін кесінді (диаметр)
9. Ең кіші жай сан (2).

1-жүргізуші: 1. Координаталық түзуді кім енгізген (Рене Декард)
2. Кері сандардың көбейтіндісі (1)
3. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы )
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
5. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең (180⁰)
6. 5-ке қарама-қарсы сан (-5)
7. Алманың жартысы неге ұқсас (екінші жартысына)
8. Ең үлкен теріс бүтін сан (-1)
9. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут (15 минут).

2-жүргізуші: 1. Кординаталық жазықтықта неше ширек бар (4)
2. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін кесінді (биссектриса)
3. Қабырғасы 8 см болатын шаршының ауданы нешеге тең (64 см²)
4. 0-ден үлкен сандар (оң сандар)
5. Кез келген сан қандай санға бөлінеді (1)
6. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар)
7. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
8. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар (қарама-қарсы сандар)
9. Жылдың неше айында 28 күн бар (барлық айда). Сайыс қорытындыланғанша әр топ өз өнерлерін ортаға салады (1 сазды өнер) 1-жүргізуші: Осы менен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Тағы да үйренеміз аман болсақ,
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Тап?ыр болса?, талас жо?» атты математикалы? сайыс саба?ы.

Автор: Утешев Серик Утешевич

Дата: 17.01.2016

Номер свидетельства: 278139


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства