kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физикалы? кеш "Тап?ыр болса?-талас жо?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

К.Н?рбаев атында?ы А?суат орта мектібіні? физика п?ніні? м??алімі  Сапарова  Алия Сагындыковна

Физикалы? Кеш

Тап?ыр болса?- талас жо?

Саба?ты? ма?саты:

а) білімділік:                  о?ушылырды? ал?ан білімдерін, есте са?тау

                                         ?абілеттерін   бай?ау;

б) дамытушылы?:       о?ушылырды? ойлау ж?йесін дамыту, білімге деген

                                         ??штарлы?ын арттыру;

в) т?рбиелілік:              о?ушылырды тез ойлау?а, топпен ж?мыс істеуге

                                         т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:             сайыс саба?

?ткізілу кезе?дері:

1-кезе?    Кім жылдам?

2-кезе?    Сен білесі? бе?

3-кезе?    Ол кім? Б?л не?

4-кезе?    Физикалы? тілде с?йлейік

5-кезе?    Есептеп к?р ерінбей

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физикалы? кеш "Тап?ыр болса?-талас жо?" »


К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі














Тапқыр болсаң-


талас жоқ










Физика пәні мұғалімі: Ә.Сапарова









Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң-талас жоқ


Сабақтың мақсаты:


а) білімділік: оқушылырдың алған білімдерін, есте сақтау

қабілеттерін байқау;

б) дамытушылық: оқушылырдың ойлау жүйесін дамыту, білімге деген

құштарлығын арттыру;

в) тәрбиелілік: оқушылырды тез ойлауға, топпен жұмыс істеуге

тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: сайыс сабақ


Өткізілу кезеңдері:

1-кезең Кім жылдам?

2-кезең Сен білесің бе?

3-кезең Ол кім? Бұл не?

4-кезең Физикалық тілде сөйлейік

5-кезең Есептеп көр ерінбей


Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар. «Тапқыр болсаң-талас жоқ» деп аталатын сайыс сабағына хош келіпсіздер. Бұл сайыста сіздердің осы күнге дейін физика пәнінен жинақтаған білім қорларыңыз тағы бір мәрте пысықталмақ.

Бүгінгі кеш- қызықты кеш

Көрермендер, халайық

Ой түйсікті қозғап қазір

Биік қанат қағайық

Физика салтанаты

Осы жерде құрулы

Белсенділік көрсетейік

Бар ықылас бұрулы

дей отырып, бүгінгі кешіміздің сайыскерлерін таңдап алайық.

Үш сыныптан үш баладан тұратын «Архимед шәкірттері», «Кулон шәкірттері», «Ньютон шәкірттері» атты командандалар таңдап алынады.


Архимед шәкірттері:

  • Табиғи жарық көзі ( Күн)

  • Күштің өлшем бірлігі (Н)

  • Температураны өлшейтін құрал (термометр)


Кулон шәкірттері:

  • Жұмыстың өлшем бірлігі (Дж)

  • «Физика» атауы нені білдіреді? (Табиғат)

  • Динамометр нені өлшейді?





Ньютон шәкірттері:

  • Массаның өлшем бірлігі (кг)

  • Электр шамының қылы неден жасалған? (вольфрам)

  • Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)

1-кезең. «Кім жылдам?»

Бірінші кезеңіміз «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл кезеңде бір минут ішінде әр команда капитанына 10 сұрақтан қойылатын болады. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы әр команда өздерінің алғашқы ұпайларын жинайды. 1 сұрақ 10 ұпаймен бағаланады. Әрбір кезеңнен соң ұпайлары жарияланып отырады.



«Архимед шәкірттері» командасына қойылатын сұрақтар:

1.Электр зарядының өлшем бірлігі? (Кл)

2. Диэлектриктер дегеніміз не? (Электр тогын өткізбейтіндер)

3. Атомның құрамына қандай зарядталаған бөлшектер кіреді? ( оң зарядты ядро мен теріс зарядты электрон)

4.Электр өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі не? (Н/ Кл)

5.Элетрсыйымдылықтың өлшем бірлігі (Ф)

6.Электр өрісі дегеніміз не? (Зарядталған денелердің айналасында болатын өріс)

7.Электронның электр заряды қалай аталады?( элементар заряд)

8. Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым. (Э.Резерфорд)

9. Аттас зарядтар тебіле ме, тартыла ма?(тебіледі)

10.Электр тұрақтысы неге тең?(ε0=8.85*10-12Кл2/ Н*м2)


«Кулон шәкірттері» командасына қойылатын сұрақтар:

1.Электр тогы дегеніміз не?(Еркін электр зарядын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы)

2.Ток күшінің өлшем бірлігі? (А)

3. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген ғалым (А.Ампер)

4. Электр кернеуінің өлшем бірлігі (В)

5.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы (Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кереуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал)

6. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)

7. Ең алғаш қыздыру шамын ойлап тапқан өнертапқыш ( Лодыгин)

8.Өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде бірдей болатын шама (Ток күші)

9. Ток күшін өлшейтін құрал (Амперметр)

10.Электр кернеуін өлшейтін құрал (вольтметр)

«Ньютон шәкірттері» командасына қойылатын сұрақтар:

1.Заттың үш күйі (қатты, сұйық, газ)

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)

3.Меншікті балқу жылуының өлшем бірлігі (Дж/кг*0С)

4. Судың қайнау температурасы (100 0С)

5. Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)

6.Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?

7.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі (Дж)

8.Аморфты денелердің кристалдардан негізгі айырмашылығы неде?(олардың тұрақты балқу температурасы болмайды)

9.Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болтын бу (қаныққан бу)

10.Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгере ме? (өзгермейді)

2-кезең. «Сен білесің бе?»

Екінші кезең «Сен білесің бе?» деп аталады. Бул турымызда сіздер қазір күнделікті өмірде, тұрмыста жиі кездесетін құбылыстарға физикалық тұрғыдан қарап, дұрыс анықтама берулеріңіз керек. Сұраққа қолдарыңыздағы текшені алғаш болып көтерген команда ойыншылары жауап береді, ал жауап дұрыс болмаса келесі боп көтерген команда жауап беру мүмкіншілігіне ие болады. Дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.


  • Шәйнек қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек?

(Қақпағын жабу арқылы жылу алмасуды сақтаймыз. Бұл жылуды сақтау үшін қажет)

  • Неліктен жазда ақ түсті киім, ал суықта қара түсті киңм киген ыңғайлы?

(Ақ түс жарықты тез шағылдырып, күн сәулесін өткізбейді, ал қара түсті киім керісінше , жарықты өзіне жұтады)

  • Шайды металдан жасалған шәйнекке демдеген дұрыс па, әлде шыныдан жасалған шәйнекке демдеген дұрыс па?

(Шыны шәйнек жайлап қызады да, ссл сияқты жайлап суйды, яғни жылуды ұзақ сақтайды. Сондықтан шыны шәйнекке демдеген дұрыс)

  • Қарсы бөлмеден шыққан шайдың иісі мұрынымды жарып, менің де шай ішкім келіп кетті. Бұл жерден қандай физикалық құбылысты байқауға болады? (Диффузия)

  • Қардан жасалған Аяз атаға қалың тон кигізіп қойдым, бірақ ол еріп кете ме деп қорқамын. Баланың қорқуына негіз бар ма? (Жоқ. Себебі тон жылу бермейді)

  • Желді күні кір неге тез кебеді? (Булану тез жүреді)

3-кезең. «Ол кім? Бұл не?»

Үшінші кезең «Ол кім? Бұл не?» деп аталады? Бұл кезеңде сендер көрсетілген ғалымдардың атын және жасырылған жұмбақтың жауабын дұрыс табуларыңыз керек. Дұрыс жауап 30 ұпай

Бұл адамдар ардақтаған халықты

Физикада даңды шыққан алыптар

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер

Алыптарды әрқашан да танып қал

Атақты француз ғалымы Андре Мари Ампер


Дүниежүзiлiк ғылымға қосқан үлкен еңбегi үшiн ток күшiнiң өлшем бiрлiгiн осы ғалымның атымен атады.


Өзі затты құрайды,

теңесуге таразыны сұрайды. (масса)


Ағылшын физигi Роберт Гук


1660 ж. қатты денелер үшiн серпiмдiлiк заңын ашты.


Қозғалысқа келтіріп,

жылдамдығын береді.

Өлшемдерін арасақ,

Ньютонға ол келеді. (Күш)



Ньютон Исаак


Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi осы ғалымның атымен аталған.


Пайдаланған мені жұрт,

отын менен жарыққа.

Қызмет етем әрқашан,

түсіне білген халыққа. (Электр тогы)


4-кезең. «Физикалық тілде сөйлейік»

Төртінші кезең «Физикалық тілде сөйлейік» деп аталады. Бұл кезеңде берілген сөздердің қай тілде екендігін, сөз мағынасын ашу керек. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.


Термодинамика- грекше therme- «жылу» және dynamis- «күш» дегенді

білдіреді.

Вакуум- латынша vacuum-«бостық» дегенді білдіреді.

Янтарь- electron-«электрон» деген грек сөзі

Электроскоп- elektro және sropeo-«электрді көремін» дегенді білдіретін

грек сөзі.

Плазма- гректің plasma-«жабысқан» деген сөзінен шыққан.

Корпускулалық- латынша -corpusculum-«кішкене дене» дегенді білдіреді.

5-кезең. «Есептеп көр ерінбей»

Бесінші кезең «Есептеп көр ерінбей» деп аталады. Бұл кезеңде сендер өткен тақырыптар бойынша есеп шығарасыңдар. Дұрыс жауап 30 ұпай.


Ұзындығы 24,2 м, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 константан сымының кедергісін есептеңдер.(Костантанның меншікті кедергісі 50*10-8 Ом*м)


Кедергілері 50 Ом электр шамына кедергісі 12 Ом резистор тізбектей жалғанған. Олардың қорытқы кедергісін анықтаңдар.


Кернеуі 12В, ұзындығы 200 м, қимасы 0,5мм2 мыс сымнан өтетін ток күшін есептеңдер.(Мыстың меншікті кедергісі 1,7*10-8 Ом*м)


Біздің сайыскерлеріміз есеп шығарып болғанша төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіздер. Дұрыс жауап берген көрерменге сыйлығымыз бар.

  • Су отты неге сөндіреді? (Су құйған кезде отқа ауа жетпей қалады, ал ауасыз жерде от жанбайды.

  • Судан щығып келе жатқан қазға қарап таң қалдым. Оның қанаттары неге құрғақ? Бұл сұраққа қалай жауап беруге болады? (Себебі оның қанаттары өз майымен айланып тұрады, ал майлы ат суланбайды)

  • Темірді қызғанда соқ деген сөзді физикалық тұрғыдан қалай түсінесіңдер? (Балқығанда темірді майыстыру оңай)


Сайыскерлердің жауабынан кейін сайыс нәтижесі шығарылып, жеңіске жеткен команда, ең белсенді қатысқан сайыскеріміз анықталады.

Осымен бүгінгі біздің сайысымыз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Физикалы? кеш "Тап?ыр болса?-талас жо?"

Автор: Сапарова Алия Сагындыковна

Дата: 22.05.2015

Номер свидетельства: 214380


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства