Дөңгелек дегеніміз не? Дөңгелектің радиусы,диаметрі дегеніміз не? Белсендіру. Тақтада (полотнода, парталарда) түрлі түсті және пішіні әртүрлі геометриялық фигуралар орналасқан. Оқушылар фигураларды таңдау арқылы топтарға бірігеді.Геометриялық фигуралардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атап өту. Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Шеңбер деген сөз сізге таныс па? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру Жаңаны ашу. -Шеңбер деген не?(Шеңбер – дөңгелектің шегарасы) –Дөңгелек деген не? (Дөңгелек – нүктеден бірдей арақашықтықта тұрған нүктелер сызатын фигура). О нүктесі – дөңгелектің центрі (шеңбердің). Радиус – шеңбердің центрі мен шегарасының арасын қосатын кесінді. Диаметр – орталық нүктені кесіп өтіп, екі шегараны қосатын сызық. Топпен жұмыс Әр топ шеңбер сызылған парақтан алады. Тапсырма: радиустарын өлшеңіздер және оны өсу реті бойынша жазыңыздар, содан кейін диаметрін өлшеп, төменге жазып қою керек. – Диаметр радиустан қанша үлкен? Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Циркульдің көмегімен радиусы 2 см, 1 см, 3 см болатын шеңбер сызу керек – Радиус диаметрден қаншалықты кіші? Қандай шешім шығаруға болады? Өздік жұмыс. Екі шеңбер сызу керек: бірінші радиус 3 см-ге, екіншісі – 6 см-ге тең. Шыққан шеңберлер туралы не айтуға болады? |