С?здік ж?мыс: Жемістер, д?румендер, ысты? жерде ?сетін жемістер.
О?у іс-?рекетіні? кезе?дері:
Т?рбиешіні? іс-?рекеті
Балаларды? іс-?рекеті
Мотивациялы? ?оз?аушы кезе?
«Жылулы?» ше?бері
Балалар бір-біріні? ?олын ?стап жылуын беріп с?лемдеседі.
?ане, ?атар т?райы?,
?лкен ше?бер ??райы?.
Жылуыма жылу ?ос,
Енді мені? ?олым бос.
Балалар, ?ара?даршы мені? ?олымда?ы ?андай жеміс?
Б?л алма
Мына алманы бір-бірімізге беріп, ізгілік тілектерімізді айтайы?.
?ане, Аружан сен алманы ?семге беріп «Сен алмадай т?ттісі?!» деп айтшы
Содан кейін ?сем Абай?а «Сен алмадай ?демісі?!» деп жал?астыруы? керек.
(ше?бер бойымен тілектерімізді бір-бірімізге айтып береміз)
Балалар, ?азір к?з мезгілі. К?з мезгілінде ауа райы сал?ын болады, сендер жылы киініп ж?рулері? керек. К?зде жемістер піседі, сендер жемістерді жуып жеп,а?залары?ды д?румендермен толы?тырулары? керек.
?йымдастырушылы?-ізденушілік кезе?і
Балалар сендер ?андай жемістерді? атауын білесі?дер?
Жемістерді? суретін салып бол?ан со?,с?лгімен ?олдарымызды с?ртеміз.
?ажайып с?т:
Топ?а маймыл кіріп келеді.(Маймыл болып киінген т?рбиешіні? к?мекшісі кіріп келеді.)
Ой маймыл,?ош келді? бізге!
(Балалар маймыл?а та??алып, ?ызы?ып ?арап т?рады)
Балалар маймыл бізге ?она??а келіпті, біз маймылды? жа?сы к?ретін жемісіні? суретін салды? па?
И?,салды?. (бананны? суретін к?рсетеді)
Сергіту с?ті
Маймыл бізбен бірге сергіту жатты?уын орында?ысы келеді екен, біз р??сат береміз бе?
И?, р??сат береміз!
Сауса? санау ойыны «?уырмаш»
?уыр,куыр ?уырмаш,
Балалар?а бидай шаш.
Тауы?тар?а тары шаш,
Бас барма?,
Балалы ?йрек,
Ортан терек,
Ш?лдір ш?мек,
Кішкене б?бек.
Сен т?р-?ойы?а бар!
Сен т?р-жыл?ы?а бар!
Сен т?р-ешкі?е бар!
Сен т?р-сиыры?а бар!
Сен т?р-т?йе?е бар!
Ал сен кішкентай б?бек ала?дамай,?йде жат!
Дидактикалы? ойын «Жемістерді жина»
Балалар, мен жемістерді? атауын, пішінін, т?сін ажырата алмай отырмын. Сендер ма?ан к?мектесесі?дер ме?
И?,біз сізге к?мектесеміз!
Ендеше, осы ойынды ойнау ар?ылы біз, маймыл?а саба?та не ?йренгенімізді, тату т?тті екенімізді, ж?мысты барлы?ымыз бірге істейтіндігімізді к?рсетейік.
Есте са?тау ?абілетін дамыту.
Та?тада екі себет ілулі т?рады.Оны? біреуінде д??гелек пішінні? суреті, келесісінде ?рт?рлі пішіндерді? суретін жабыстырулы. Балалар пішіндерді айыра білу ар?ылы ж?не де аттарын д?рыс атай отырып, себеттерге жемістерді? суретін салады.
?ане, балалар мен сендерге жемістерті? суретін беремін, ма?ан мына себетке д??гелек пішінді жемісті? суретін, келесі себетке ?р т?рлі пішінді жемісті? суретін салы?даршы.
Жарайсы?дар ?андай а?ылды еді?дер!
Рефлекстік-т?зету кезе?і
Балалар, біз б?гін жемістерді? суретін салды?. Жемістерде д?румендер бар екенін білдік, т?стерін, аттарын ажырата білуге ?йрендік.Сендер суретті ?те к?ркем салды?дар.Сендерді? сал?а суреттері? маймыл?а ?на?анды?тан, маймыл к?рмеге ?оямын дейді, ?те шебер орындады?дар.
К?рме жасап балаларды? ж?мыстарын ?орытындылаймын.
К?тілетін н?тиже:
Білу керек: Жемістерді? д?руменге бай екенін
К?рсете білу: К?ргенін есіне са?тап, ?а?аз бетіне сала білу.
?йрену керек: Бояумен сурет салуды, жемістерді? т?сін, к?лемін, ажырата,атай білуді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Шы?армашылы? білім беру саласы сурет саба?ы "Сауса? ар?ылы жемістерді? суретін салу" »
Қарағанды облысы Шет ауданы
Батық орта мектебі
«Бақнұр» шағын орталығы
(Сурет салу)
Орындаған: тәрбиеші Тойчбай К.
2015 оқу жылы
Саусақ арқылы жемістердің суретін салу
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жемістер
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға жемістерді түсіне, көлеміне қарай ажыратып, аттарын дұрыс атай отырып, суретін салып, бояуға үйрету.
Дамытушылық: Балаларды дамытушы ойындар,сергіту жаттығулары арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай келе, сөйлеу, топтау, дағдыларын ойын арқылы дамыта отырып, сөздік қорларын молайту.Балалардың шығармашылық қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, еңбек сүйгіштікке, достарымен бірге жұмыс жасай отырып, татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Міндеті: Сурет салу,есте сақтау қабілетін, саусақ қимылын дамыту.
Әдіс-тәсіл: Суреттер арқылы көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Жемістердің суреттері, ойыншықтар, топ іші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне сай безендірілген.
Сөздік жұмыс: Жемістер, дәрумендер, ыстық жерде өсетін жемістер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең
«Жылулық» шеңбері
Балалар бір-бірінің қолын ұстап жылуын беріп сәлемдеседі.
Қане, қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Жылуыма жылу қос,
Енді менің қолым бос.
Балалар, қараңдаршыменің қолымдағы қандай жеміс?
Бұл алма
Мына алманы бір-бірімізге беріп, ізгілік тілектерімізді айтайық.
Қане, Аружан сен алманы Әсемге беріп «Сен алмадай тәттісің!» деп айтшы
Содан кейін Әсем Абайға «Сен алмадай әдемісің!» деп жалғастыруың керек...
(шеңбер бойымен тілектерімізді бір-бірімізге айтып береміз)
Балалар, қазір күз мезгілі. Күз мезгілінде ауа райы салқын болады, сендер жылы киініп жүрулерің керек. Күзде жемістер піседі, сендер жемістерді жуып жеп,ағзаларыңды дәрумендермен толықтыруларың керек.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі
Балалар сендер қандай жемістердің атауын білесіңдер?
Алма, алмұрт, банан, жүзім, ананас,шие...
Жемістердің қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
(Балалардың жауабы)
Жемістердің құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер көп екен, сондықтан жемістерді жеп жүру қажет.
Мына жемістердің түсі қандай?
(сурет бойынша сұраймын)
Алма-қызыл,алмұрт-жасыл, банан-сары,шие-қызыл т.б
Ал, балалар, ендеше бүгінгі сурет сабағында біз әр түрлі жемістердің суретін саламыз.
(балаларға су бояумен жұмыс жасау ережелерін түсіндіру)
Сурет сабағында қолданатын ақ парақты аламыз.
Ыдысқа құйылған суды және бояуды алдымызға парақтың шетіне қоямыз
Қандай жемістің суретін саламыз соған байланысты балаларға түстерді ажыратуға көмектесем (М: алманың суретіне қызыл түсті пайдаланамыз, бананға сары түсті, жүзімге көк түсті пайдаланамыз...)
Суреттерді саусағымызбен саламыз.
Жемістердің суретін салып болған соң,сүлгімен қолдарымызды сүртеміз.
Ғажайып сәт:
Топқа маймыл кіріп келеді.(Маймыл болып киінген тәрбиешінің көмекшісі кіріп келеді.)
Ой маймыл,қош келдің бізге!
(Балалар маймылға таңғалып, қызығып қарап тұрады)
Балалар маймыл бізге қонаққа келіпті, біз маймылдың жақсы көретін жемісінің суретін салдық па?
Иә,салдық. (бананның суретін көрсетеді)
Сергіту сәті
Маймыл бізбен бірге сергіту жаттығуын орындағысы келеді екен, біз рұқсат береміз бе?
Иә, рұқсат береміз!
Саусақ санау ойыны «Қуырмаш»
Қуыр,куыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш,
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шүлдір шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр-қойыңа бар!
Сен тұр-жылқыңа бар!
Сен тұр-ешкіңе бар!
Сен тұр-сиырыңа бар!
Сен тұр-түйеңе бар!
Ал сен кішкентай бөбек алаңдамай,үйде жат!
Дидактикалық ойын «Жемістерді жина»
Маймыл: Балалар, мен жемістердің атауын, пішінін, түсін ажырата алмай отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Иә,біз сізге көмектесеміз!
Ендеше, осы ойынды ойнау арқылы біз, маймылға сабақта не үйренгенімізді, тату тәтті екенімізді, жұмысты барлығымыз бірге істейтіндігімізді көрсетейік.
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Тақтада екі себет ілулі тұрады.Оның біреуінде дөңгелек пішіннің суреті, келесісінде әртүрлі пішіндердің суретін жабыстырулы. Балалар пішіндерді айыра білу арқылы және де аттарын дұрыс атай отырып, себеттерге жемістердің суретін салады.
Қане, балалар мен сендерге жемістертің суретін беремін, маған мына себетке дөңгелек пішінді жемістің суретін, келесі себетке әр түрлі пішінді жемістің суретін салыңдаршы...
Жарайсыңдар қандай ақылды едіңдер!
Рефлекстік-түзету кезеңі
Балалар, біз бүгін жемістердің суретін салдық. Жемістерде дәрумендер бар екенін білдік, түстерін, аттарын ажырата білуге үйрендік.Сендер суретті өте көркем салдыңдар.Сендердің салға суреттерің маймылға ұнағандықтан, маймыл көрмеге қоямын дейді, өте шебер орындадыңдар.
Көрме жасап балалардың жұмыстарын қорытындылаймын.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жемістердің дәруменге бай екенін
Көрсете білу: Көргенін есіне сақтап, қағаз бетіне сала білу.
Үйрену керек: Бояумен сурет салуды, жемістердің түсін, көлемін, ажырата,атай білуді.