Ережелерді қайталайық: Бөлімдері бірдей бөлшекті қосу немесе азайту үшін: бөлімдері қалдырылып, алымдары қосылады немесе азайтылады. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу немесе азайту үшін: бөлімдерін ортақ бөлімге келтіріп,алымдары қосылады немесе азайтылады. Аралас сандарды қосу немесе азайту үшін:бұрыс бөлшекке айналдырып жай бөлшектерді қосу немесе азайту ережелерін қолданамыз. Егер бөлшек 1-ден кіші болса , онда санның бөлігі осы саннан кіші болады. Мысалы : 1.1/2 санының 3/5 бөлігін табайық. Есептер шығару 2.Машина 145 км жол жүрді.Бұл оның барлық жүруге тиісті жолының 5/9-індей . Машинаның барлық жүруге тиісті жолы неше километр? Шешуі: Оқулықпен жұмыс №667, №668 есеп Өз бетімен жұмыс. №1 есеп. Қапта 50кг қант бар. Оны дорбалардың әрқайсысына 2 килограммнан өлшеп салу керек. Осындай неше дорба шығады?
Күтілетін нәтиже: Есепті шығару үшін барлық қанттың массасын бір дорбадағы қанттың массасына бөлу керек. Сонда 50: 2 = 25 шығады. Ендеше, 25 дорба болады.
№2 есеп. Жәшікте 30кг кәмпит бар. Оны дорбалардың әрқайсысына 3/4 килограммнан бөліп салу керек. Осындай неше дорба шығады?
Күтілетін нәтиже: Бөлу амалын орындау керек: 30: 3/4=(30*4): 3=40 Жауабы: 40 дорба кәмпит.
№ 3 есеп. Мұғалім жетелеуімен. Сыныпта 18 қыз бала бар. Бұл барлық оқушы санының 3/5 - ін құрайды. Сыныпта неше оқушы бар?
Күтілетін нәтиже: Сонда оқушылардың жалпы санының 3/5 - ін табуға болады, яғни 18: 3 = 6 Оқушылардың жалпы саны 6 х5=30 оқушы. Қысқаша. 18÷ 3/5 = (18*5): 3=30 Соңғы мысалда біз бөлігі бойынша санның өзін таптық. Жалпы алғанда, бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек. |