1. Білімділігі: Санды өрнектер және әріпті өрнектер ережелерін тұжырымдау; Окушылардың алған теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру, ойда сақтау қаблетін дамыту.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудыңәдісі: теориялық және практикалық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру № 17 (2), № 21 5-бет
Жаңа сабақты меңгерту: Санды және әріпті өрнектің ережелерімен таныстыру. Айырмашылықтарын түсіндіру