Сабақ жоспары "Биоақпараттандыру және синергетика " білім беру технологиясын тиімді қолдануға негізделген. Технологияны жүйелі пайдалану білім сапасының артуына ықпал етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Рационал сандарды азайту"»
«Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясы мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды. Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушыны уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту
Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды азайту ережесін беріп, рационал сандарға амалдар қолдану біліктілігін қалыптастыру.
Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықтарын арттыру және ынталандыру.
Міндет: технологиялық картаның регламентін орындау;
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету. Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты алғашқы бекіту және оқып білу сабағы
Әдіс-тәсілдер: Тексеру сұрақтарын қою, жаңа білімді құрылымдау, әдіс-әрекеттерді талдау, ұғыну, алғашқы түсінікті бекітуді ұйымдастыру. Қабылданған ақпараттардың күрделілік шегі және дағдысы бойынша олқылықтарды анықтау.
Көрнекілігі:Интербелсенді тақта, «Егер - онда» блок-сызбасы, тапсырмалар жазылған парақтар.
1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Карта бойынша жұмыс жүргізу реті түсіндіріледі. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. 1 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру» Сыныппен диалог құра отырып, алдыңғы өтілген сабақпен байланыстыра жаңа сабақ түсіндіріледі. (Интербелсенді тақтада слайдтар арқылы) Сұрақтар: 1.Таңбалар ережесі 2. Теріс сандар қалай қосылады? 3. Таңбалары әр түрлі сандар қалай қосылады?
ОӘЖА сызбасы бойынша жаңа сабақты түсіндіру. ОӘЖА сызбасы әр партада болады.
Жаңа тақырыпты алғашқы бекіту және оқып білу сабағы болғандықтан негізгі міндет жаңа тақырыпты сапалы меңгеруге жету екендігін оқушыларға жеткізу қажет. БжС технологиясы сабақ барысында тәртіп болуын және уақыттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Сабақта көңіл аудармай отырған оқушылар болмайды. Мұғалім ұяшық бойынша сұрақ қояды, оқушының аты-жөні айтылмайды. Оқушыға жауап беруге 3 секундтан артық уақыт берілмейді.
Рационал сандарға амалдар қолдану
Қосу
Азайту
Таңбалары әр түрлі екі сан
Екі теріс сан
Азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу
Модульдерін қосу
Үлкен модульден кіші модульді азайту
а-в = а+(-в)
Шыққан санның алдына модулі үлкен санның таңбасын қою
Шыққан санның алдына «-» таңбасын қою
(-а) +(-в) = -(а+в)
-а+в = в-а
а+(-в) = а-в
Азайту екі қосылғыштың қосындысы және қосылғыштардың біреуі бойынша екінші қосылғышты (белгісіз) табу амалы. в+х=а, х- белгісіз қосылғыш. х=а-в немесе х=а+(-в) қарама-қарсы сандар Рационал сандарды азайтуда азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосып, азайтуды қосу амалымен есептеуге болады екен.Рационал сандарды азайту амалы азайғыш азайтқыштан кіші (кем) болғанда да орындалады. Бір саннан екінші санды азайту үшін , азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек. а-в=а+(-в) Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әртүрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.
Түсіндіру уақыты У1 (У1=х тақтаға жазу).
Қабылдауды ұйымдастыру: Тақтаның оң жақ бұрышына сабақта меңгеруге тиісті сапа нормасы жазылады. Сыныпта 11 оқушы, 63℅= 6 оқушы (5-тік бағалар саны)
БжС технологиясы бойынша тапсырмалар күрделілігіне қарай 3 деңгеймен беріледі: ТКШ- төменгі күрделілік шегі
АКШ-аралық күрделілік шегі
ЖКШ- жоғары күрделілік шегі
Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ Жұмыстың аяқталуы 5+30. 5+30 - бұлбірінші болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. (Сынып ішін аралап жүріп, бірінші түсіндіруден соң сыныптың оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтаймын, ОӘЖА қай бөлігінде баланың қате жібергенін білу маңызды.)
Ұғынуды ұйымдастыру: Ой толғау.
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалуын кезеңмен тексеру. Дұрыс жауаптары көрсетіліп.әр бір деңгейде орындалу сапасы жеке анықталады. Кезең бойынша оқушыларға материалды меңгеру пайызы хабарланады. (Бағалау матрицасына әр оқушыға сәйкес +- таңбалары енгізіледі.)
2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»
Тақырыптың түсініксіз болған тұстарын сұрай отырып, және оқушылардың көп қателіктер жіберген жерлерінен бастап ОӘЖА сызбасы бойынша қайта түсіндіремін және оқушылардың бұрын өтіліп кеткен тақырыптардан түсінбеген жерлерін анықтаймын. (жылдамдық, зейін, есептеу,тақырып бойынша меңгерілмеген білімдерді анықтау) Түсіндіру уақыты бірінші түсіндіру уақытынан 2 есе кем болады.
Түсіндіру уақыты У2 (У2=х тақтаға жазу).
а)Ұғынуды ұйымдастыру Сергіту сәті - интербелсенді тақтада. ә)Тапсырманы орындау.Тапсырма 2 кесте бойынша алынады. «Егерде - онда»1. (Меңгерілу деңгейіне қарай тапсырмалардың реті өзгеріп отырады.) Оқушылар дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады, екі бірдей шапалақ ұрады және тапсырманы орындауға кіріседі. Үш тапсырма: «Егер-онда1» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталуы 5+30.
Ұғынуды ұйымдастыру Рефлексия.
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі. Тапсырмалардың сапалы орындалуын кезеңмен тексеру. Кезең бойынша оқушыларға материалды меңгеру пайызы хабарланады. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады (жылдамдық, есеп, зейін, тақырып), және оқушылар түсінігі сұралады, толық талдау жасалынады. (Бағалау матрицасына әр оқушыға сәйкес +- таңбалары енгізіледі.)
Үшінші түсіндіру. Сыныптың тақырыпты түсіну деңгейін анықтай отырып, және байқау негізінде оқушылардың көп қателіктер жіберген кезеңінен бастап ОӘЖА сызбасы бойынша қайта түсіндіремін.
1. Түсіндіру уақыты У3 (У3=х тақтаға жазу). Түсіндіру уақыты бірінші түсіндіру уақытынан 2 есе кем болады.
Қабылдауды ұйымдастыру
Тапсырманы орындау. Тапсырма 2 кесте бойынша алынады. «Егерде - онда». Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі.
Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталуы 5+30.
Ұғынуды ұйымдастыру.
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалуын кезеңмен тексеру, тағыда кестеге орындалу сапасы енгізіледі: (жылдамдық, есеп, зейін, тақырып бойынша жіберілген қателіктер) және оқушылар сұрағына жауап беріп, толық талдау жасалынады. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. (Бағалау матрицасына әр оқушыға сәйкес +- таңбалары енгізіледі.) Ой толғау. Сынып оқушыларының ОӘЖА сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады.Сабақ мақсатының орындалу пайызы таныстырылады.
Үй тапсырмасы: 6-сынып математика оқулығы, №197-203.
Бағалау: Орындалған дұрыс тапсырмаларға «+» таңбасы қойылып, матрица толтырылып отырады, сол нәтиже бойынша оқушы бағаланады .
2 кесте. «Егер-онда»1 үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы.