Просмотр содержимого документа
«Рационал сандарды азайту?а есептер »
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту. Мақсаты: А) Білімділік: Рационал сандарды азайта білуге үйрету;Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру. Ә) Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру; Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. Сабақ түрі. Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы. Көрнекілігі: интерактивті тақта Сабақтың жоспары: 1. Үй тапсырмасын тексеру 2. «Топтастыру стратегиясы» 2. Жаңа тақырыпты түсіндіру; 3. Оқулықпен жұмыс 4. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны 5. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар) 6. “Шешуші сәт” тест 7. Қорытындылау ; Бағалау. 8. Үйге тапсырма; Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, сабаққа ынтасын аудару. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап алу ІІІ. «Топтастыру стратегиясы» 4.Жаңа сабақ 1.Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек: 2.Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек: Мысал: Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең? 5 Оқулықпен жұмыс №493, №494 495 6.Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны 1Есептей отырып, белгісіз құс атауын табыңдар 2.Тынық мұхитының аралында үлкен тасбақалар өмір сүреді. Олардың үлкендігі соншалық, тіпті балалар олардың қауырсындарына отырып сырғанай алады. Бұл тасбақалардың аты келесі мысалдарда жасырынған. 5. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар) • Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша? • Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? • Төрт қойдың неше аяғы бар? • Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? 6. “Шешуші сәт” тест 1Амалдарды орында: -29 + 50 = А) 79 Б) 21 В) -21 -4,3 + 7,5 = А) 11,8 Б) -3,2 В) 3,2 -1,8 – (-9,5) = А) 7,7 Б) 10,3 В) -8,7 2 Теңдеуді шешіңдер 3,8 + х = - 2,7 А) -6,5 Б) -1,1 3.Есептеңдер: • - 11,9 + (-6,7 +11,9) А) 6,7 Б) 5,6 В) -6,7 • - 9,1 – (7,6 – 9,1) А) 7,6 Б) -6,7 В) -7,6 7. Қорытындылау 1. Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек: 2. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек: 8 Бағалау. 9 . Үйге тапсырма; “Рационал сандарды азайту” тақырыбын оқу № 493 (3) , 494(3)