kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Математика әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланатынына сенімдімен, сабақ басталғаннан аяқталғанға дейін болады, басқаша сабақ өтпейді ғой. Тек әдісті  мұғалімнің орынды пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады. Мұнда сұрақтар деңгейіне қарай ажыратылады.   СТО-да  да бір-бірінен сұраққа жауап алады емеспе?

Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сойлесуі, сұрақ қойып жауап беруі осы салада пайда болады!

Білім беруде  ақпараттық  – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: оқушының өз бетімен жұмысы, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену, оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Математика әлемі»



Сабақтың тақырыбы: Математика әлемі
Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, апта кундерін ретімен жаңылмай айтуға, әр түрлі пішіндермен жұмыс істеуге, қарама - қарсы сөздерді таба білуге, пішіндерден танграмм, пифагор, колумбо жұмыртқасын құрастыруды үйрету.
2. Дамытушылық: Сандар жайлы түсініктерін дамыту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, ойнату, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу, бақылау, жапсыру, мадақтау.
Керекті құралдар: 1 - 10 дейін сандар, төрт түлік төлімен, төрт түлік пірлері, хат, хат тасушы ата, «Танграмм», құрастыратын пішіндер, түрлі түсті қағаз, желім, кубик, доп, ДЬЕНЕШ БЛОГЫ т. б.
Балалар: 13 бала музыка әуенімен кіреді.

Шаттық шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!

Тәрбиеші: - Балалар көңіл күйлерін қалай? Жылдың қай мезгілі? Қыстың қай айы?, бір жылда неше ай бар? Осы 12 айдың ішіндегі ең күндері аз ай, қай ай?, бір айда неше апта бар?, бір аптада неше күн бар?

Тосын сәт: (апта күндері әуенмен залға кіреді)
Апта күндері: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Біз апта күндеріміз. Мен – Дүйсенбі, мен – Сейсенбі, мен – Сәрсенбі, мен – Бейсенбі, мен – Жұма, мен – Сенбі, мен – Жексенбі деп өздерін таныстырады.

Тәрбиеші: - Апта күндері бізге қонаққа келген екен, ендеше бір аптада өздерінің жасаған жұмыстары туралы тақпақ айтып берсін.
Дүйсенбіде - бауға бардым.
Сейсенбіде – суға бардым.
Сәрсенбіде - картоп қаптап.
Бейсенбіде – бақша баптап.
Жұма күні тақпақ жаттап.
Сенбіде мен саған бардым.
Жексенбіде бір дем алдым.

Тәрбиеші: - Бұл кім екен, есік қағып тұрған?
Хат тасушы: - Сәлеметсіңдер ме балалар?! Мені ЕСЕП ата «Балықтар»тобының балаларына хат апарып бер деп жіберді. Соны әкелдім. Тағыда хатты апаратын жерлерім бар. Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Хатты оқып береді. - Бізге ЕСЕП ата төрт түлік туралы жұмбақтар жіберіпті.
Жұмбақ
1 – Кішкене ғана бойын бар
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
2 - Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар, бір желпуіші бар. (сиыр)
3 – Апан - апан, жыртық шапан (түйе)
4 – Басында екі таяғы бар,
Адам деуге болмайды
Бірақ сақалы бар. (ешкі)

Тәрбиеші: - Балалар төрт түліктің төлдері туралы кім өлең айтады?
Төлдер туралы тақпақтар:
1. Қошақаны қойдың, қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің, қай өрістен тойдың?
2. Секең – секең, ей лақ, жүрмін саған кейіп – ақ,
Тыным тапсаң болмай ма?
Секірмей – ақ бей уақ.
3. Ботақаны нардың, жарға неге бардың,
Тілерсегің дірілдеп секіре алмай қалдың.
4. Құлыншағым - құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады...

Тапсырмалар:
Қой: «Қарама – қарсы сөздерді ата» (доппен ойнату)
Сиыр: «Кубизм» (төрт түлік мал туралы әңгімелеу)
Түйе: «ДЬЕНЕШ БЛОГЫ» (үш түсті сақина арқылы пішіндерді қою)
Жылқы: «Танграм», «Пифагор», «Коломбо жұмыртқасы»

Сергіту сәті: 1, 2, 3 ал кәнеки ұш.
4, 5, 6, 7 мынау ауыл шеті.
8, 9, 10 ал кәнеки қон.

Тәрбиеші: - Балалар, біз төрт түліктің пірлерін атап берейік.
Қой атасы – Шопаната
Ешкі атасы – Сексеката
Сиыр атасы – Зенгібаба
Түйе атасы – Ойсылқара
Жылқы атасы – Қамбар ата
Шопаната: «Пішіндерден сурет құрастыр»
Зеңгі баба: «Жаңа ғана шалғында жеті бұзау жүр еді, кетіп қалды екеуі, қалды енді нешеуі?» (5 цифрын көрсету)
Ойсылқара: «Менде қанша бота?». Алтыдан көп, сегізден аз. (жеті цифрын көрсету)
Қамбарата: «Құлыншақтарды салыстыр» (аз – көп таңбасын қою)
Сексеката: «Сынарың тап» (сурет бойынша төлдерін табу)
Тәрбиеші: - ЕСЕП атаның келесі тапсырмасы төрт түлік малды жұлмалау арқылы жапсыру. (сиыр, түйе, ешкі, жылқы)

Қорытынды: - Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Не істедік? – Қалай ойлайсыңдар ең көп жауап берген, белсенді қатысқан балалар кімдер?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Математика әлемі

Автор: Алькей Каукар

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404608

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(63) "sabaktyn_takyryby_matematika_lemine_saiakhat_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "494932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547293054"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Саба?ты? та?ырыбы: Математика ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-tyn-tak-yryby-matiematika-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "207008"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430318543"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Саба?ты? та?ырыбы: Математика  еліне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(50) "sabak-tyn-tak-yryby-matiematika-ielinie-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "202853"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429344779"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Сабақтың тақырыбы :Әбілхан Қастеев"
    ["seo_title"] => string(38) "sabak_tyn_tak_yryby_bilkhan_k_astieiev"
    ["file_id"] => string(6) "372731"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482492797"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "Ашы? саба?ты? та?ырыбы: "Санны? логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-те?дік" "
    ["seo_title"] => string(83) "ashyk-sabak-tyn-tak-yryby-sannyn-logharifmi-nieghizghi-logharifmdik-tiepie-tien-dik"
    ["file_id"] => string(6) "172179"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423762928"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства