| Тақырыбы: Санды өрнек | Мектеп: «А.Ибраев атындағы ЖОББМ»КММ |
| Күні: 05.12.19 | Мұғалімнің аты-жөні: Кигай Аманжол |
| 1-сынып: | Қатысқандардың саны: 8 | Қатыспағандардың саны:- |
| Оқу мақсаттары | 1.2.1.1. Санды өрнектерді (қосынды, айырма ) құрастыру, жазу, оқу және ажырату 1.5.2.4. Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану |
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: өрнектерді таниды, ажыратады, жазады. |
| Көпшілік оқушылар: санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады. |
| Кейбір оқушылар: қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады. |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: санды өрнектерді жазады, оқиды, математикалық тілде сөйлейді. Пəндік лексика жəне терминология. Санды өрнек, санды өрнектің мәні |
| Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талдау Арифметикалық амалдар дегеніміз не? Қалай қолданамыз? |
| Жазу Қосу және азайтудың компонеттерінің орнын сақтай отырып, өрнектер құру |
| Тірек білім | 20-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту туралы түсінігі бар. «+», «-» амалымен берілген өрнектерді шығарады, оқиды. |
| Жоспар |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар |
| 3 мин | -Сәлеметсіздер ме, балалар? Болу үшін дәрігер Болу үшін инженер Болу үшін ғарышкер Ең керегі математика! «Математикалық циркке» саяхат Жонглер – ауаға бірнеше затты лақтырып, оларды шебер қолдана алатын цирктегі әртіс. Жонглердің дөңгелектері арқылы топқа бөлу Топтың ережесін еске түсіру Көңіл-күйлеріміз қандай? | Топтың ережесін көрсететін смайликтер, түрлі түсті дөңгелектер |
| 7 мин | Ынталандыру. "Ой қозғау" Дөңгелекте жазылған сандардың ең үлкені және ең кішісімен азайту амалына өрнек құрастыр Қалған 2 санмен де азайту амалына өрнектер құрастыру 2 өрнектің мәні арқылы қосу амалына өрнек құрастыру Не байқадыңыздар? «Бас бармақ» әдісімен бағалау | Видеожазба (2мин 21с) Сандар жазылған дөңгелектер А4 форматтағы қағаз |
| 15 мин | Мақсат қою (проблемалық жағдай). «Цирктегі қойылым» суреттен санды өрнектерді тауып оқу; кері амалдар қолдану қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйене отырып, жаңа санды өрнектер құрастыру 1-топ: 5+10=15 2-топ: 5+3=8 «Шығарып көр» "Аспандағы жұлдыз" әдісі бойынша бағаланады (Жауаптары дұрыс болса жұлдызды алады) | Оқулықпен жұмыс Аңдардың суреттері Жұлдыздар (бағалау) |
| 2 мин | Сергіту сәті | Видеожазба |
| 6 мин | Өзіндік жұмыс 99-жұмыс парағы Шарларды санды өрнектердің мәндеріне сәйкес бояулармен боя | Дәптермен жұмыс |
| 5 мин | Сабақты бекіту «Санды өрнектер аренасы» ойыны Жұмыс топпен ұйымдастырылады Текшелерді лақтыру арқылы өрнектер құрастрып, аяқтың іздеріне жазу, қорапшадағы сыйлыққа 1-болып жету | Текшелер, аяқ іздерінің суреттері |
| 2 мин | Кері байланыс Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар стикерлерін көңілді шарға жапсырады, сенімсіздер көңілсіз шарға жапсырады | Шарлар Стикерлер |